PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Мәскеу соты өз сайтында Инстаграмның логотипін жариялаған Денис Солдатов есімді жігітті 15 күнге соттады. Ол тыйым салынған желінің белгісін қолданғаны үшін кінәлі деп табылған.
🤣154🤡13🤷‍♂7💊5❤4🤪3
“Азовтың” қолбасшысы Денис Прокопенко бригада генералы шеніне ие болды.
🔥202👍79👏16❤5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Путин: “Теледидардан, БАҚ-тан ғылымның, ғалымның күші жайлы, рөлі жайлы көп айтылу керек. Олардың жетістіктері жайлы айтылуы тиіс. Теледидардан кім ұрлады, кімнен ұрлады, қанша ұрлады, қашан ұрлады деген тақырыптарды көріп, ығырымыз шықты. Әбден шаршатты. Ғылым жайлы айтыңдар”, - дейді.
🤣241🖕21❤12🤡10💯5🤬4🤪4💊3
БАҚ: Кубаның жағалау күзеті ел аумағына кірген қайыққа оқ жаудырды. АҚШ-тың Флорида аймағында тіркелген қайық Куба жағалауына жақын келген. Жағалау күзеті қайыққа жақындаған сәтте, қайықтағылар оқ ата бастаған. Куба шекарашылары қарсы оқ атып, 4 адамды мерт қылып, 6 адамды жарақаттаған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
😱69👍28❤6🤔5🤣2🤨2
Ресей Константиновка маңындағы су қоймасына соққы жасады. Су аймаққа жайылып, аталған бағыттағы Украина әскерінің логистикасы қиындауда.
🤬187😡33👍4❤1😭1
Құрметті арна оқырмандары!

Пікір бөлімінде өзара сыйластық сақтауды сұраймын! Жеке басқа өтпей, тақырып аясында пікір алмасыңыздар. Аргумент таусылған сәтте өзгені былапыт сөзбен сыбап, қарғап-сілей кету нағыз ақымақ, көргенсіз адамның әрекеті екенін есте сақтаңыз!

Ондаған адамды бұғаттап тастасам да, қайта-қайта жаңа парақшалармен кіріп, сол әрекетті жалғастыруда. Адамның әр сөзі – оның үйінде алған тәрбиесін, мәдениетін көрсетеді. Соны ұмытпаңыз!
👍504👏67💯59❤12🤝7🔥3
Bloomberg: АҚШ, Украина, Ресей арасындағы үшжақты келіссөз 4-5 наурызда өтпек. Кездесу орны не АҚШ-та, не Женевада болады.
👍107🗿15🤔10🔥8❤2👎2👏2🍾1
Ресей түнде Украина аумағын жаппай зымыран, дрондармен атқылады. Харьковте тұрғын үй кешені, газ құбыры, орталық саябаққа дрондар түскен. Жараланғандар бар. Запорож аймағында екі сауда кешені мен тұрғын үй отқа оранды. Ал Киевтің үш ауданында жарық сөніп қалған. Бірнеше үйге дрон соғылған. Кривой Рогта көпқабатты үй отқа оранды. Ресей негізінен жылу, жарық жүйелерін атқылаған.
🤬156😡23❤5😐3👍2
БАҚ: Украинаның OSINT зерттеушілері интерактивті карта жасап, оған ресейлік қару-жарақ өндіретін 6088 кешенді енгізген. Сонымен бірге бұл кешендерде жұмыс істейтін 1,2 млн адамды анықтаған. Олардың телефондарын, паспорт нөмірлерін, электронды адресін білген. 16 санаттан тұратын арнайы ақпараттар базасын жасаған. 6088 кешеннің 2290-на санкция салынған, қалғаны санкцияға ілінбеген. Енді қалған кешендерді санкцияға іліктіру үшін белсенділер, Украина билігі әрекет етпек.
👍224🔥25❤8👏6😁1🍾1
Қазақстан Ресейден ет, сүт өнімдерін кіргізуге уақытша тыйым салды. Ресейдегі Алтай аймағы, Кавказ, Томбы, Новосібір, Қалмақия және басқа аймақтардың өнімдерін кіргізуге тыйым салынып отыр. Бұл аймақтарда төрт түлік арасында ауру тарап жатыр дейді.
👍288💯37🔥11👏7❤3😱3🍾1
PARANOIA.KZ
Қазақстан Ресейден ет, сүт өнімдерін кіргізуге уақытша тыйым салды. Ресейдегі Алтай аймағы, Кавказ, Томбы, Новосібір, Қалмақия және басқа аймақтардың өнімдерін кіргізуге тыйым салынып отыр. Бұл аймақтарда төрт түлік арасында ауру тарап жатыр дейді.
Россельхознадзор Қазақстанның ресейлік ет, сүт өнімдерін кіргізуге уақытша тыйым салуын заңсыз деп атауда. Олар біздің тарапқа хат жазып, қабылданған шараның заңсыз екенін айтыпты.

Өздері шекарада тексерісті күшейтіп, түрлі өнімдерімізді өткізбеуді жиілетті. Осы арқылы ЕАЭС дегенді өз қолдарымен құнсыздандырып жатыр. Онысы біз үшін тіпті жақсы...
👍289🤡42🔥12❤6🍾3🖕1