PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Financial Times: Иран АҚШ-тың әскери операциясын болдырмау үшін, Трампқа бизнес ұсыныс жасамақ. Ядролық келісімнен бөлек, Иран билігі Трампқа газ және мұнай қорын, сирек кездесетін минералдар кешенін ұсынбақ. Сонымен бірге, АҚШ компанияларын жарылқау үшін, АҚШ-тан азаматтық мақсаттағы ұшақтарды да сатып алатынын айтпақ. Бұл ұсыныстар бұған дейін де келіссөз барысында, жабық форматта айтылған. Алайда енді Тегеран ұсыныс ауқымын кеңейтуге мүдделі.
🤣112🤔25👍19😱18🤡7❤4🤪4🖕1
Fars: Женевада Иран мен АҚШ арасындағы үшінші келіссөз басталды. Иран делегациясын СІМ басшысы Аббас Аракчи бастап келген. Ал АҚШ тарапынан Уиткофф пен Кушнер қатысуда.
🤝56😁15🤷‍♀13🤔9🤨3❤2🤪1
Forwarded from Mezgil.kz
Старлинк сөнді. Майдан даласында жағдай қалай өзгерді? Ресей әскері қандай амал қолдануда?

Украинаның Mustang лақап атымен танымал барлаушысы былай дейді: «Біз артиллериялық және минометтік соққының азайғанын байқадық. Дрондармен шабуыл жасау да еселеп азайды, ал соққылары барлаудың қиындауынан ауытқып жатты», - дейді.

Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7752
👍140❤17🤔5👏3🍾1
Әдетте экономикалық, әскери келісімдер көп жағдайда бізде жариялана бермейді. «Ол келісімде не жазылды» деп қоғам кейін үкіметтен талап етіп жатқанын желіде талай көрдік. Мысалы біздегі көптеген экономикалық келісімдер 90-шы жылдары жасалды. Инвесторлардың бірі мұнай саласына, бірі газ саласына, енді бірі тау-кен саласына келді. Одан кейін де түрлі инвестор келіп, келісім жасалды. Ол келісімдердің мерзімі 10-15 жыл, ал кейде тіпті 20-25 жылға созылады. Бірақ сол келісімдердің көбінің мәтіні ашық жарияланған емес. Тараптар қандай шарттар бойынша келісім жасасқаны ашық айтылмай келеді. Бұл қоғамның билікке деген сенімсіздігін арттыратын жайттың бірі.

Келісім мәтіндері ашық жариялануы тиіс. Әсіресе ол экономикалық салаға қатысты болса. Кім қандай пайда табады, қанша үлес алады, инвестор не істейді, не істемейді, бәрі ашық айтылып, көрінгені абзал. Сонда қоғам тарапынан артық сұрақ та, күмән де болмайды. Бұл сайып келгенде сенім капиталына қатысты сұрақ қой.

Қазір бәрі конституцияның жаңа жобасын талқылап жатыр. Сол жобада «Барлық заңдар мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар жарияланады» деген тармақ бар. Бұл дұрыс. Егер бұл жоба қолдау тапса, онда осыдан кейін ратификацияланатын келісімдер жарияланатын болады.

Қазір бізде мұнай-газ саласындағы көптеген келісімнің мерзімі аяқталайын деп тұр. Олар осыдан ондаған жылдар бұрын жасалған келісімдер еді. Енді жаңа келісімдер жасалынуы тиіс. Ал ол келісімдердің мәтіні халыққа ашық көрсетілуі шарт. Өйткені басты заң (қолдау тапса) соны міндеттейді. Бұлғақ тартып, келісімді министрліктер жариялаудан қашқақтай алмайтын болады. Әдетте халықаралық шарттарға экономикалық келісімдер де кіргізіледі. оның ішінде: Сауда туралы келісімдер, инвестицияларды қорғау туралы келісімдер, кедендік одақтар туралы шарттар, еркін сауда аймақтары туралы келісімдер, қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімдер және басқа.

Әскери-техникалық саладағы келісімдер (қандай қару алды, қандай өндіріс ашпақ, көлемі қандай) дегендер құпия қалатын болар. Әскери сала құпиялылықты қажет етеді. Бірақ басқа халықаралық келісімдер, экономика, саяси, мәдени, медициналық, ядролық қауіпсіздік және басқа ашық көрсетілуі шарт.
👍103❤13🤡6💯4🔥3🤣1
АҚШ-та F-35 ұшағын тізгіндеген бұрынғы ұшқыштың Қытайдың ұшқыштарын оқытқаны айтылуда. Ол МемДептің рұқсатынсыз қытайлық ұшқыштарды үйреткен. Есімі Джеральд Эдди Браун. Ол 2023-2026 жылдары Қытайдың ұшқыштарын оқытып, дайындағаны анықталды. Бүгін осы іске қатысты алғашқы сот отырысы өтпек. Бұл ақпаратты АҚШ медиасы қызу талқылауда. Ұшқыш "сатқындық" деген айыппен, ұзақ жылға сотталуы мүмкін.
😱94👍55❤8🤔4🤬2😡2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украин және Батыс арналары роботты ату жүйесінің Донбасста екі ресейлік сарбазға оқ жаудырған видеосын жариялауда.
🔥141👍59❤5👏4🍾3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Польша астанасы Варшавада билік соғысқа дайындалуда. Қала билігі соғыс жағдайында метроны қауіпсіз орын етпек. Қаланың мэрі Рафал Тшасковский метродағы азық-түлік, дәрі-дәрмек қоймаларын көрсетті. Podziemna Tarcza (Жерасты қалқаны) жобасы іске асуда. Метрода кемі 100 мың адам зымыран, бомба және дрон соққысынан қорғана алады дейді мамандар.
👍167😱13🔥10❤7
Ким Чен Ын әскери шеру жасады. Қызы екеуі басшылық етті.
😁86🤡28🤪13💋7❤5👍4🤣3
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
ЖАПАРОВ: КЕТСЕ КЕТЕ БЕРСІН!

Қырғыз президенті Садыр Жапаров досы Қамшыбек Ташиевтің елден кетуіне қатысты бүйдейді:

- Бұл бір трагедия емес. Тіпті дұрыс та болды. Өмір тоқтап қалмайды. Егер ол кетсе, менің артымда 7 млн досым тұр. Мен үшін мемлекет пен халық бірінші орында. Елдің тыныштығын кім бұзса, соны жазалаймыз. Оған ақылымыз да, күшіміз де жетеді, - дейді.
🤣163😁16🤔12👍7❤6🤬6🤷‍♂5🖕3😍1
Амалбек Тшановтың немере інісі есірткі тасымалын ұйымдастырды деген күдікпен тұтқындалыпты дейді ақпарат көздері. Мәселе былай болған екен.

Кеденшілер Таиландтан келген пошталық сәлемдемеден күмәнді сұйықтықты байқайды. Тексеріс барысында оның каннабис майы екені анықталған.

Күдіктінің есімі Жамалбек Бақдәулет деседі. Оған халықаралық есірткі тасымалымен айналысты деген айып тағылып отырған көрінеді. Ауыр айып. Қазір Жамалбек Бақдәулет тұтқындалып, қамауға алынған. Күдікті Жамалбек Бақдәулет Қазақстан тәуелсіздік алған жылдары мемлекеттік қызмет атқарған қайраткерлердің бірі Амалбек Тшановтың туысы екен. Ақпаратты EGOV.PRESS арнасы жазыпты.

Кінәлі немесе кінәлі еместігін сот шешеді ғой әрине. Сол себепті де күдікті деп атайды. Кінәлі болса, кімнің туысы болса да, қылмыс жасаған адам жауапқа тартылуы тиіс. Кінәсіз болса босатылуы қажет.
🤣68👍23🤔11❤6👎6🌚5😐4🤨3
Forwarded from Azattyq - Азаттық
❗Қазақстан ресейлік белсенді Емельянованы экстрадициялауды уақытша тоқтатты

Ресейлік белсенді, Навальный штабының бұрынғы қызметкері Юлия Емельянова Қазақстанда босқын мәртебесін сұраған өтініші қаралып жатқанда елден шығарылмайды. Бұл туралы Емельянованың адвокатына сілтеп, "Ковчег" құқық қорғау жобасы мәлімдеді.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, белсендінің ісі бойынша келесі отырыс 27 ақпанда өтпек.

Қазақстан бас прокуратурасы бұған дейін Ресейдің Емельянованы экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырған еді. Белсендіге қаулыны 29 қаңтарда берген. Осыдан соң Емельянованың қорғаушылары Жоғарғы сотқа шағымданған.

Юлия Емельянова –Emigration for Action және Just Help қозғалысының белсендісі. Ол 2025 жылы 31 тамызда басқа елге транзитпен кетіп бара жатқанда Алматы әуежайында ұсталған. Ресей Емельяноваға "таксистің телефонын ұрлады" деген айыппен іздеу жариялаған. Қазір белсенді Алматы шетіндегі уақытша изоляторда отыр.
👍66🤔18❤11🤬3🥴1🤨1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Германия канцлері Фридрих Мерц Қытайда жүр. Қытай тарапы оған гуманоид роботтарды көрсетуде.
😱87👍33🤣29😁11🤨5❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Белгород аймағының губернаторы Гладков отырған пойыз бұзылып, ол жолдан көлік тоқтатып, межелі жерге жетіп алмақ болады. Теміржол маңынан көлігі бар жергілікті тұрғынды көреді. Бірақ тұрғын көлігінің екі адамға арналғанын айтып, оны апарып тастаудан бас тартыпты.

Енді Гладков “халықтың билікке өкпесі бар сияқты” деп мәлімдеме жасауда. Ал Белгород аймағының халқы оның сөздеріне жауап қатып, мыңнан астам пікір, видео қалдырған. “Әрине наразымыз, өкпеміз қара қазандай. Аймақта жарық, жылу ұдайы өшеді. Дрондар мыңнан астам адамды өлтіріп, жарақаттады. Күнде атқылаудан оянамыз”, - дейді тұрғындар.
🤣153🤪16❤6🍾4🖕3
Оралдық блогер үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Орал қалалық соты "бопсалау" бабы бойынша айыпталған 43 жастағы блогер Айболат Бөкеновті үш жылға бас бостандығынан айырды.

Сот оны алаяқтық, бопсалау және қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп таныған.

Ақпарат: Азаттық арнасы
👍60👎13🤨13❤5👏4😱3🌚2🍾1
БАҚ: Иран мен Ресей Қытай нарығына мұнайды көп жеткізу үшін бәсекелестікке түсуде. Иран өзінің жеңілдігін ұсынса, Ресей өз жеңілдігін ұсынуда.
🤣193👍18🤪11🤔5❤4
БАҚ: Украина дрондары екі күн бұрын «Дорогобуж» химиялық кешеніне соққы жасады. Кешен жарылғышқа арналған қосындыларды шығарады. Бүгін сол операцияның мән-жайы толық белгілі болды. Шабуылдан зауыт толық істен шыққаны айтылуда. Соққы салдарынан 7 адам қаза тапқан, 10 адам жарақат алған.
🔥141👍61👏8❤4👎1