PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
The Wall Street Journal: АҚШ Иранмен келіссөз барысында қатаң талаптар қоюда. АҚШ тарапы Ираннан Фордо, Натанз, Исфахан ядролық кешендерін толық жоюды, барлық байытылған уран қорын АҚШ-қа беруді, келісімді мерзімсіз етуді, Иран аумағында уран байытуды толық тоқтатуды талап етуде. Бұл талаптарды Иран орындаса, АҚШ кей санкцияны жеңілдетеді.
👍129🖕43😱31🤣16🤔6❤4
Израиль әскері Ливандағы “Хезболла” күштеріне соққы жасауда.
👍91🤬37🖕13🤨5😡5❤3😐2
БАҚ: Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы шекаралас аймақта қиян-кескі шайқас басталды. Пәкістан әскері Ауғанстан аумағына ұшақтармен соққы жасаған. Ал тәлібтер бронды техниканы шекараға жақындатып, ұрыс салуда. Тараптар бір-бірін артиллерия, миномет, пулеметтермен атқылап жатыр.
🤣62🤬46👍10🤨9❤5😡5😐3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БАҚ: Щучинск қаласындағы “Палау орталығы” кафесінде жарылыс болып, 6 адам көз жұмды. Оннан астам адам жарақат алған. Жарылыс газдан болуы мүмкін.
😱113😢24❤5😨3🙏1
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
Кабул соққы астында: Пәкістан операциясы туралы не белгілі?

Пәкістанның әуе соққысынан кейін Кабулда Ауғанстан президенті сарайының маңында атыс басталды. Соққылар талибтердің әскери нысандарына бағытталған.

Пәкістанның PTV телеарнасының мәліметінше, 72 ауған әскери қызметкері қаза тауып, тағы 120-сы жараланған. Оқ-дәрі қоймасы мен 30-дан астам техника бірлігі жойылғаны хабарланды.

Соққылар астанадан бөлек Қандағар, Пактия және Нангархар провинцияларындағы нысандарға да жасалған.

Ауған тарапы шекарадағы ұрыстарда 55 пәкістандық әскеридің қаза тапқанын, 11-і жараланғанын және 19 блокпосттың басып алынғанын мәлімдеуде.

Пәкістан Қорғаныс министрі Хаваджа М. Асиф талибтерді террористерге қолдау көрсетті және Үндістанның мүддесі үшін жұмыс істеді деп айыптады.
👏70😱20👍12❤10🤨5👎4🤔2
Пәкістанның Қорғаныс министрі: «НАТО Ауғанстаннан әскерін әкеткен соң, тәлібтер ішкі тұрақтылыққа және халықтың жағдайына назар аударады деп ойладық. Алайда тәлібтер Ауғанстанды Үндістанның отары етті. Олар әлемнің барлық аймағынан лаңкестерді жинап алып, терроризмді экспорттауда. Өз халқын негізгі адами құқықтардан айырды. Ислам діні ұсынатын құқықтарды әйелдерден тартып алды.

Пәкістан аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін тікелей және жанама үлес қосты. Ауқымды дипломатиялық белсенділік таныттық. Алайда тәлібтер Үндістанның қолындағы қуыршаққа айналды.

Бүгін Пәкістанға шабуыл жасалып жатқан сәтте, Жаратушының қолдауымен қарымтасын берудеміз. Бұған дейін Пәкістан тек жағымды рөл ойнады. Біз 50 жылдың ішінде Ауғанстаннан 5 млннан астам халықты қабылдадық. Қазірдің өзінде біздің жерімізде жүздеген мың ауғандық нанын тауып, күнін көріп жүр.

Шыдамның да шегі бар. Енді бұл ашық айқас. Енді біз нақты шешімдер мен әрекеттерге көшеміз. Пәкістан әскері мұхиттың ар жағынан келген жоқ, біз сендердің шынайы жағдайларыңды жақсы білеміз», - дейді.
👍158❤9🤨8🔥6🤣3⚡1🤬1😍1🌚1