Пәкістан әскері тәлібтердің бірнеше базасын басып алып, туын тіккенін айтуда. Арнайы видео жариялауда.
👏124👍33🤬6🤨5❤4😱3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Константиновка. Украина. Ресей әскерінің қалашықты фосфорлы снарядпен атқылаған сәті. Соғысқа дейін қалада 50 мыңға жуық адам болған (қала маңындағы кіші елді-мекендерді қоса алғанда). Қазір қалада бірен-саран адам қалған.
Видео ЖИ емес…
Видео ЖИ емес…
🤬156😱32😡11❤6👏3👍2😢2😍1
Пәкістан армиясының баспасөз өкілі Ахмед Чаудхри: “Операция жалғасуда. Талибанның 274 жауынгері қаза тапты. 400-ден астамы жарақат алды. Сонымен бірге 115 дана танк, зеңбірек, бронды көлік жойылды. Ауғанстанның 22 ауданына соққы жасадық. 83 позиция жойылды, 17 позицияны басып алдық”, - дейді.
Пәкістан тарапы 12 сарбазы қаза тауып, 27 сарбазы жараланғанын айтты.

👏81👍20🤨11❤7🤬2😐1
Ресейлік ақпарат: 25-ақпанда Қырымға жасалған шабуыл барысында Ресей әскерінің подполковнигі Хасан Тұмғоев қаза тапты. Ол С-400 зениттік-зымыран кешені дивизионының қолбасшысы болған.
🔥144👍55❤8⚡4👏2
Түнде Израильдің Бен-Гурион әуежайына қосымша KC-135 Stratotanker жанармай толтырушы тұшақтары келіп жетті. Ал бүгін Израильге АҚШ-тың екінші ұшақтасушысы жетті. Оның бортында 70-ке жуық ұшақ бар. Ұшақтасушымен бірге зымыран ату мүмкіндігі бар кемелер де келген.
👍102🤬24🤔8😐8👎4🖕4❤3😱2🤨1
БАҚ: АҚШ Ирак және Кувейт елшіліктеріндегі қызметкерлердің отбасы мүшелерін, екінші деңгейдегі қызметкерлерді эвакуациялауды бастады.
👍104😱17🤬9❤3🤨2👏1
ХАРЬКОВТЫ АЛУ…
2022 жылы, 27-ақпанда Ресейдің арнайы жасағы Харьков қаласына кірді. Ресей әскері қала орталығына жетіп, Украинаның қарсыласушы күштерін жойып, мемлекеттік ғимараттың біріне Ресей туын тігу керек болатын. Осы арқылы Ресей «Харьковты толық басып алдық» деген ақпарат таратуды ойлады. Алайда Украинаның аумақтық қорғаныс күштері Ресей әскері қалаға кірген сәтте, шабуылға шықты. Әр тұстан оқ жаудырып, Ресейдің арнайы жасақтарын бөлшектеуге тырысты. Ресейдің арнайы жасағы қаладағы нөмір 134-ші мектепке шегініп, бекінді. Мектеп маңында ұрыс болып, Ресей әскерінің жартысы жойылды. Жартысы тұтқынға түсті. Осы операциядан кейін Ресей Харьковке қайта кіруге талпыныс жасаған жоқ. Егер Ресей әскерінің ойы іске асқанда, Украина Киевтен кейінгі ірі қаласы саналатын Харьковты, артынша Харьков облысын толық жоғалтуы мүмкін еді.
Видео 2022 жылдың, 27-ақпаны…

🔥162👍72❤21⚡1👏1
Forwarded from MFA Qazaqstan 🇰🇿
❗️❗️ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Иран Ислам Республикасына баруға қатысты ұсынымдары
Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынады.
Қазіргі уақытта Иран аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына елден мүмкіндігінше шығып кетуді, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын барынша сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, жаңалықтарды қадағалап отыруды және жергілікті билік органдарының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауды ұсынамыз.
Сонымен қатар Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыс елдеріне сапарларды жоспарлау барысында қазіргі жағдайды және оның күрделілену қаупін назарға алып, жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
Қазақстанның Ирандағы дипломатиялық мекемелері штаттық режимде жұмыс істеуде.
Қосымша әрі жедел ақпарат алу үшін Иранда жүрген ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін байланыс желілері ашылды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі:
+7 (7172) 72 01 11 (кезекші дипломат, жұмыс күндері – 19:00-ден 09:00-ге дейін, демалыс күндері – тәулік бойы);
+7 (7172) 72 05 00 (Консулдық қызмет департаменті).
Қазақстанның Ирандағы Елшілігі (Тегеран қ.):
+98 21 2256 5933 (Елшіліктің кезекші қызметкері);
+98 936 208 4672 (ұялы телефон, Whatsapp);
Мекенжайы: Тегеран қ., Даррус, Хедаят көш., 83 үй
(83 Hedayat Street, Darrous, Tehran).
Электрондық пошта: tehran@mfa.kz, kaztehran211@gmail.com
Қазақстанның Горгандағы Бас консулдығы:
+98 912 298 0350 (ұялы телефон);
+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);
+7 701 771 34 01 (Whatsapp);
Мекенжайы: Горган қ., Едалат-97 көш., Мина аллеясы
(Edalat 97, Gorgan).
Электрондық пошта: gorgan@mfa.kz
Қазақстанның Бандер-Аббастағы Консулдығы:
+98 930 298 5703 (ұялы телефон, Whatsapp);
Мекенжайы: Бандер-Аббас қ., Фаджр көш., Вальфаджр-1, 7-үй
(1st Valfajr 7, Fajr Street, Bandar-Abbas).
Электрондық пошта: kzvisabnd@gmail.com
@PressMFAKZ

👍70❤9☃3😐3🤨1