PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
БАҚ: Германия Иранға қарсы соққы жасау операциясына қосылуы мүмкін. Бұл мәселені АҚШ-пен бірлесіп талқылап жатыр. Соққы барысында Taurus зымырандарын қолдануы ықтимал.
👎116👍103🤬17🤣8🖕5❤4😐2👀2😡2
Ресейдің Ухтасында МӨЗ өртеніп жатыр. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
🔥153👍45❤8👏3🍾2👀2
Израиль “Хезболла” қолбасшылары жиналған штабқа соққы жасағанын айтты.
👍128🤬47❤8👀5🤨3👎2😡2
Катар СІМ-і: “Иран билігі біздің халқымызға жасаған шабуылы үшін жауап беруі тиіс. Олар жазасыз қалмауы қажет.”
😁77🖕59👍58😍6❤4👀4👎3
Иран СІМ басшысы Аракчи: “Біз аймаққа соғыс жариялаған жоқпыз. Біз қорғанып жатырмыз. Ал аймақтағы АҚШ-тың базалары біз соққылауға болатын заңды нысандар”.
👍248🤣47🤔7🤬4💯4👀4👎3👏3❤2🤨2
Пәкістан мен Ауғанстан бір-бірін күні бойы атқылады. Артиллерия жұмыс істеуде. Нұрқия себе!

Бірақ ешкім жазбады. “Ауыл таңы”, “Ауған шамы”, “Пәкістан ақшамы” деген жергілікті газеттер жазып жатқан шығар.
🤣198😁28👎10😱7❤5👍2
Иран: “Бүгін Нетаньяхудың офисіне соққы жасадық. Оның қазіргі тағдыры белгісіз”.
🤣153👍132🔥11❤10🤪6⚡4😁1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Иран Ислам Республикасының төңірегіндегі шиеленістің сақталуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына жағдай тұрақталғанға дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынады.

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7772
👍46🤣19❤7😁4🤨4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Иран Бахрейндегі АҚШ-тың базасына соққы жасау барысында спутниктік барлау терминалы мен әскери қойманы жойған.
👍231👎17😍15❤6👀6❤‍🔥5🤨4🤬2
БРИКС-тан не хабар? Иран толыққанды мүшесі ғой. Мәлімдеме жасалды ма? Бірақ БАӘ де мүшесі. Оны Иран атқылап жатыр. Сонда не болды?…
🤣161🤔12👀5😁4❤3🤨2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Израиль. Беэр-Шева. Зымыран түсті.
👍155😍28🤬19🤨7❤6👏4👀4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Оман жағалауында танкерге зымыран тиіп, өрт шықты. Бір адам қаза тапқан. Ақпарат көздері танкерді Иранның атқылағанын жазуда.
😱85🔥34❤12👍11😍5👀4🤷‍♂3🤨3👎2👻1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
📞Мемлекет басшысы Бахрейн Королімен телефон арқылы сөйлесті

🇰🇿🇧🇭Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифамен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, еліміз қазіргі қиын-қыстау шақта Бахрейн халқына тілектес екенін айтты.

Мемлекет басшысы Иранға қарсы соғысқа қатыспаған Бахрейн мен басқа да елдердің азаматтық инфрақұрылымын зымыранмен атқылауға алаңдаушылық білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан жағдайды одан әрі ушықтырмай, қақтығысты диалог және дипломатия жолымен бейбіт түрде шешуді құптайтынын жеткізді.

Король Хамад бен Иса Әл Халифа ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарға баса мән бере отырып, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға ниетті екенін растады.

Тараптар Қазақстан-Бахрейн арасындағы достық қатынас пен серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін жеткізіп, қасиетті Рамазан айында екі ел халқына бейбіт өмір, бақ-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣89👍53❤11👎6🤷‍♂4🤨4👀2🤪2😁1🖕1
АҚШ Кувейтте 3 ұшақтың құлағанын растады. F-15E ұшақтарын қателесіп атып алғаны айтылуда.
🤣116😱51👍28❤2🤨2🤷2☃1👎1👀1
Ливан билігі екі жыл бойы президент таңдай алмап еді. Өйткені Парламентте партиялар келісе алмады. Келісе алмаған себебі, партиялар діни және ұлттық сипат бойынша бөлініп алып, қажетті дауысты жинай алмады. Сөйтіп елді екі жыл үкімет басқарды, бірақ ол Ливанның дамуын тежеді. Халықаралық келісімдер толық жасалмады. Осы дағдарыстың себебін сарапшылар діни, ұлттық партиялардың өзара қырқысынан деп түсіндіреді.

Тағы бір оқиға. Украинада «ОПЗЖ» деген партия болды. Соны Виктор Медведчук басқарды. Бірақ Ресейден қаржыландырылып отырды. Ол ресейлік саясатты насихаттады. Кейін партияны сол бағытқа бұрды. Соғыс басталған кезде Украина оны тұтқындады. «Медведчук елде төңкеріс жасап, ресейшіл билікті әкелмек болды» деп айыптады. Артынша Украина едел-жедел партияларды сырттан қаржыландыру жүйесін қайта қарай бастады.

Айта берсе мысалы көп. Қазіргі ұсынылып отырған Ата заң жобасында мынандай бап бар: «Басқа мемлекеттің саяси партиясы мен кәсіптік одағының, діни негіздегі саяси партияның қызметіне жол берілмейді, сондай-ақ саяси партия мен кәсіптік одақты шетелдік заңды тұлғаның, шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамның, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаның, шет мемлекет пен халықаралық ұйымның қаржыландыруына жол берілмейді», - деп жазған. Бұл төбедегі айтылғандай көптеген қауіпті ескере отырып, жасалған қадам деуге болады. Дұрыс бап.

Осыны сынап жатқан кейбір діни адамдар бар. «Діни партия неге болмайды» дегендей айтуда. Кез келген діни партия мемлекеттің зайырлы принципіне қайшы ғой, оның үстіне мемлекеттік саясатқа да діннің терең араласуына ықпал етер еді. Бұл сыртқы саясатқа да әсер ететіні анық. Сол үшіне де тыйым салынып отыр.

Қазақстандағы партияларды Қазақстанның азаматтары басқаруы тиіс. Қаржыландыру көздері де сырттан емес, іштен болуы шарт. Діни сипаттағы партиялардың ашылуына да тыйым салынғанын түсінуге болады. Әлемдік тәжірибеде көптеген мысал бар ғой. Алыс бармай жаңағы Ливан соның бір мысалы.
👍141❤26👎7👏2🤬1💯1🤨1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Ирандағы шиеленіс, АҚШ пен Қытайдың Таяу Шығыстағы стратегиялық бәсекесі күшейіп жаһандық тұрақсыздықтың артуы жақын болашақта Қазақстан үшін бұлыңғыр сыртқы әсерден гөрі тікелей әсер ететін факторға айналуы мүмкін.

🔹ИРАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ РЕЖИМ САҚТАЛА МА?
🔹ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ДҮРБЕЛЕҢНІҢ ҚАЗАҚСТАНҒА ӘСЕРІ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?
🔹ҚАЗАҚСТАН МҮДДЕСІ: МҰНАЙ БАҒАСЫ КӨТЕРІЛЕДІ

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=7773
👍54❤9🖕4🤨2👀1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Пәкістан Ауғанстандағы ірі қару қоймаларын жойғанын айтты. Олар да соғысып жатыр негізі.
👍107🤣77😁7❤4🤬3🤔2👀2👎1😱1😍1🤨1
Тегеранға кезекті мәрте соққы жасалуда.
👍97👎45🤬12❤7🔥4🤨2🤔1👀1