PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.3K photos
16.1K videos
7 files
1.69K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
PARANOIA.KZ
Иранның бұрынғы президенті Ахмадинежад былай деп еді. “Біз Израильмен күресуге арналған жасақ құрып, оны өте құпия еттік. Білікті адамды сол жасақтың басшысы етіп тағайындадық. Ол жасақ өте құпия жұмыспен айналысты. Сөйтсек сол жасақтың басшысының өзі Моссад…
Ливанның сарапшысы Касем Румолла былтыр былай деп еді: “Израиль Иранның әскери қолбасшылары мен ядролық мамандарын қалай тауып алды? Алыстағы қыстаққа жасырынған мамандарды да тауып алып, соққы жасады. Қалайша? Барлау қызметінен бөлек, Ирандағы әр салада Израильдің тыңшылары бар. Олар кішкентай әскери бөлімшеден бастап биліктің биік эшелондарында отыр”, - деді.

12 күндік соғыста осылай деп еді.
😱81💯60🤔15❤9🤨2😡1
Ресейлік газ таситын танкерге кеше соққы жасалған еді. Танкер толықтай өртеніп кетті. Ақпаратты Ресей тарапы растады. Шабуыл Ливия жағалауы арқылы жасалған және шабуылға теңіз, әуе дрондары қатысқан. Ресей шабуылды Украина ұйымдастырды деп отыр.
🔥149🤣72👍24❤6👏1🍾1
Reuters: Шри-Ланка жағалауында Иранның кемесіне шабуыл жасалды. Кемеге белгісіз сүңгуір қайық соққы жасаған. Салдарынан 101 адам із-түссіз жоғалып кетті, ал 78 адам жараланған.
👍88😱63❤7👏3🤬2🌚1
PARANOIA.KZ
Reuters: Шри-Ланка жағалауында Иранның кемесіне шабуыл жасалды. Кемеге белгісіз сүңгуір қайық соққы жасаған. Салдарынан 101 адам із-түссіз жоғалып кетті, ал 78 адам жараланған.
БАҚ: Шри-Ланка маңында соққыға ұшыраған ирандық кеменің әскери фрегат екені анықталды. Оған бірнеше торпеда тиген.
👍108🔥23❤3🦄2😁1🤬1😡1
Сирия. Иран зымыранының қалдығы…
👍57🤣27😱20🤨8❤1🖕1
Эфиопия мен Судан арасында қақтығыс басталды. Эфиопия Судан аумағындағы бірнеше нысанға дрондармен соққы жасады.

Суданда онсызда соғыс, аштық, лаңкестік…
🤯74🤨24❤8😱6😇1
Референдумға 10 күн қалды. Қоғам бұл тақырыпты ызу-қызу талқылауда. Кез келген сайлаудың, референдумның әділ, таза өтуіне мүдделі бір топ болса, ол - бақылаушылар!

Жер-жерде бақылаушылардың белсенділігі байқалуда. Солардың бірі “ХАЛЫҚ ҮНІ” бақылаушылар тобы. Олар алдағы референдум процесін бақыламақ. “Кім қалай дауыс беретінін өзі біледі, біз үшін процесстің әділ, таза өтуі маңызды” дейді. Толығырақ⬇️

https://www.youtube.com/watch?v=WyYJHfX_Nhk
👍56👎48😁12❤9🤣8🖕4🤔2🤯2👏1🤪1🗿1
Иран аумағына соққы жасалуда. Тегеран, Тебриз аймақтарында жарылыстар болуда.
🔥88👎39🤬21👍15😢8😡3❤2😍1🌚1
​​Anadolu: Соғыс басталғаннан бері, АҚШ 2 млрд долларға жуық шығынға ұшырады. Оның ішінде радарлар жүйесі, Кувейтте жойылған F-15E ұшақтары бар. Бахрейндегі АҚШ флотының штабы да шығынға ұшыраған.
👍158🤨21🤣14❤8🤔6😍3😱2🤬2
БАҚ: Түркияның қорғаныс министрлігі ел аспанында баллистикалық зымыранды қағып түсіргенін айтты. Зымыранды Иран жіберуі мүмкін.
👍137🤷‍♂18🤔10🌚9❤7😱1
PARANOIA.KZ
БАҚ: Түркияның қорғаныс министрлігі ел аспанында баллистикалық зымыранды қағып түсіргенін айтты. Зымыранды Иран жіберуі мүмкін.
Түркия Иран атқан зымыранның бөлшектерін көрсетті. Зымыранды Түркияның әуе қорғаныс жүйесі қағып түсірген.
😱80👍62🔥4❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тегеранның үкіметтік кварталына АҚШ-Израиль ұшақтары соққы жасауда.
🔥102😱43🤬30👍19👎13🖕5😢3😍3😡2❤1🥴1
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартты!

Иранның Жоғарғы көшбасшысының кеңесшісі Мохаммад Мохбер Тегеранның бұдан былай АҚШ-қа сенбейтінін және Вашингтонмен қандай да бір келіссөздер жүргізуге негіз жоқ екенін мәлімдеді.

«Америкалықтарға ешқандай сенім жоқ, келіссөздер жүргізу үшін де ешқандай негіз көріп тұрған жоқпыз», — деп келтіреді Мохбердің сөзін Tasnim агенттігі.

Ол Иранның әскери қимылдарды қанша уақыт қажет болса, сонша жүргізуге дайын екенін және 1980–1988 жылдардағы Иракпен болған сегіз жылдық қақтығыс кезіндегідей кез келген қауіп-қатерге төтеп бере алатынын айтты. «Тарихи тәжірибе көрсеткендей, біз соғыстан қорықпаймыз және оны жалғастырудан да именбейміз», — деп түйіндеді кеңесші.
👍185🤣50❤18🔥13🤔7🌚3🤪3😱2👎1🤬1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ Шри-Ланка жағалауында Иранның IRIS Dana фрегатын атып түсірген сәттің видеосын жариялады. Торпеда артқы тұсқа тиген екен.
👏85🤬40🔥11😍11🖕8👍5❤3🌚1😡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
“Хезболла” Ливан аумағына кірген Израильдің “Меркава” танкісіне соққы жасаған видеоны жариялады. Қазір Ливан мен Израиль шекарасы маңында “Хезболла” мен ЦАХАЛ сарбаздары шайқасып жатыр.
🔥139👍43👏18😱13❤8🤬5🤨4⚡1👎1😍1