PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.3K photos
16.1K videos
7 files
1.69K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Mehr агенттігі: Иранның әуе қорғаныс жүйесі АҚШ-тың F-15 ұшағын ел аумағында атып түсіргенін айтты.
👍174🤣29🤔11🤪8🫡4❤2🍾2😱1
Алматыда “Халық үні” тәуелсіз бақылаушылар тобы бүгін баспасөз жиынын өткізді. Тілшілер алдында атқарылған және атқарылатын шаралар жайлы айтып, “алдағы референдумның таза, әділ болуы маңызды” деп атап өтті. Олар ел аумағы бойынша бірнеше қалада, өңірде бақылаушылық жасамақ. Жиын барысында сайлау комиссиясы дауыс берудің ашық, әділ өтуіне мүдделі болу керектігін қадап айтқан.
👍61🤣57🖕15🌚8❤6🔥4🤬3😡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ирактағы порт маңында теңіз дроны мұнай танкеріне соғылды. Танкер отқа оранған.
😱70👍18🤨8❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Франция Таяу Шығысқа “Шарль де Голль” ұшақтасушысын жіберді. Бірнеше күнде аймаққа жетуі тиіс және қорғаныс миссиясын атқармақ.
👍130👎48😱13🖕7❤6🔥2
The Sun: Кипрдағы Ұлыбританияның әскери базасына екі күн бұрын Иран дроны шабуыл жасаған еді. Дрон U-2 ұшақтары орналасқан ангарды тесіп өткен. Ангардың ішкі бөлігіне қаншалықты зақым келгені белгісіз.
👍97🤬16🤨10🔥6❤3😍3👎1😱1
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев:

«Бүгін Иран тарапынан Әзербайжан аумағына, Әзербайжан мемлекетіне қарсы террорлық акт жасалды. Нахичеван Автономиялық Республикасының аумағы Иран мемлекеті тарапынан дрондарды қолдану арқылы атқыланды. Шабуылдың нысаналары азаматтық объектілер болды. Соққыға Нахичеван халықаралық әуежайы, оның терминалы, мектеп және басқа да нысандар ұшырады. Әзербайжан мемлекеті бұл лас террорлық актіні батыл түрде айыптайды. Оны жасағандар дереу жауапкершілікке тартылуы тиіс. Иран тарапы Әзербайжанға түсініктеме беріп, кешірім сұрап, кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуы қажет!

Бұл дақ олардың лас бетінен ешқашан өшпейді. Дипломатиялық арналар арқылы барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Біздің Қарулы күштер — Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік шекара қызметі және барлық арнайы бөлімшелер толық жауынгерлік дайындық жағдайына келтірілді және кез келген операцияға дайын болуы тиіс», - деп мәлімдеді.
👍178🤣14❤11🔥8🤨4🖕3👎2🤔2👏1
Мәулен Әшімбаев Иранның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесіп, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

«Ирандағы қайғылы оқиғалар салдарынан Иран Ислам Республикасының рухани көшбасшысы аятолла Сейед Әли Хаменеи мен елдің басшылық өкілдерінің, сондай-ақ, бейбіт тұрғындардың, оның ішінде балалардың қаза болғаны туралы суыт хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадық. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың, Қазақстан халқының және Парламенттің атынан барша Иран халқына және қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Жағдай тезірек тұрақталып, жанжал реттеледі деп үміттенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.
🤣104👍92❤26👎5🤔5🖕5🤬4🤨4🔥1💯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Таяу Шығыс елдерінің аумағынан Қазақстан Республикасының 2463 азаматы эвакуацияланды.

Видео мен ақпарат СІМ парақшасынан.
👍158😁15❤7🔥7🤬3👏1🤨1
Иран Бахрейндегі МӨЗ-ге жойқын соққы жасады. Кемі екі зымыран МӨЗ-ге тиген. Ақпаратты Бахрейн билігі растады.
😱77👍61🤬13🔥9🤨5❤3👎1😡1
Иран сонымен бірге Катар мен Бахрейндегі АҚШ-тың базаларын да атқылап жатыр.
👍152🔥19🤨16🤬9❤7👎2😱1😍1🌭1
Forwarded from Aibek Smadiyar
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды.

Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді.
👏113🤣63👍24❤11🖕5🤪4🥴3💯3😁1🤬1🤨1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дубай. Иран дрон және зымырандармен шабуыл жасауда. Әуе қорғаныс жүйесі іске қосылған.
❤61😱31👍8😍8🤬7🤨5😡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ирак. Эрбильдегі күрд жасақтарына дрон және зымырандармен соққы жасалды. Шабуылды аймақтағы шииттік топтар жасаған.
🤬70🤝22🔥21❤7🫡5🌚4🤨3👎2😍2😡2
Politico: Иран Израиль аумағына аз соққы жасап, араб елдеріне көп соққы жасауда. Оның сыры қарапайым. Израильде әуе қорғаныс жүйелері жақсы, саны көп. Израиль алыс қашықтықта жатыр және зымыран атылған сәтте, бірден әуеге ұшақтарды көтеріп, қағып тастауға әрекет етеді. Көп зымыранды Иордания, Сирия әуе кеңістігінде атып тастауға тырысады. Бұл Иран үшін тиімсіз нұсқа.

Иран жақын маңда орналасқан, әуе қорғаныс жүйесі әлсіздеу, зымырандар жылдам жететін, АҚШ базалары бар араб елдерін атқылауды жөн көруде. Тегеран араб елдерінің шығыны арқылы АҚШ-қа да қысым жасай аламыз деп санайды.
💯148🤣37👍33❤19🤔10👎4🤨4🤬3👏2😱1