PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қырғызстанда кең талқыланып жатқан видеоның бірі. Оқиға ақпан айында болған. Вебкам студияларды құрды деп айыпталып, сотталған Даниэль Ажиев есімді азамат түрмеден шыққан екен және оны тікұшақпен алып кеткен.

2024 жылы сот Ажиевті 9 жылға соттаған. Оны бірнеше айыппен кінәлі деп таныған еді. Оны ақпан айында Жапаров кешірген болатын.

Жапаров былай деген еді: “Ажиевтің анасы менің WhatsApp нөмірімді тауып алыпты. Маған звондады. Келінім төрт баламен қиын жағдайда, бір немерем мүгедек. Балама рақымшылық жасаңызшы деді. Жүрегім кең адаммын. Сол күні 75 сотталушыны кешірдім”, - дейді.

Айтпақшы, тағы былай деді: “Оның тікұшақпен ұшып шыққанын біліп, дереу қайта қондырдым. Сөйтіп ол көлігімен кетті”, - деген болатын.

Енді ақпарат көздері Ажиевті бүгін қайта ұстады деп жатыр. Қоғам шулап кетті ғой. Ұстаса ұстаған болар…
🤣139❤9🤨4🤪4🤔1🤬1
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
Венгрия мен Украина арасы тағы ушықты...

Венгрия Украинаның 7 адамын тұтқындады. Олар - «Ощадбанктің» жеті қызметкері.

Банк мәліметінше, автокөліктерде шамамен 40 млн доллар, 35 млн еуро және 9 кг алтын болған. Олар Австриядан Украинаға транзитпен бара жатқан.

«Іс жүзінде бұл Венгрия біздің адамдарымызды кепілге алып, ақшамызды ұрлады деген сөз. Егер Орбан мырза айтқан „күш“ осы болса, онда бұл — қылмыстық топтың күші. Бұл — мемлекеттік терроризм және рэкет», — деп мәлімдеді Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига.
🤬129🤣16😡12👍11❤5🤔3🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Иранның оппозициялық арналары Тегеранға бүгін жасалған соққының видеосын жариялауда.
👍99👎42🤬21🔥12😢9😡5🤨3❤2🤣1
Украина мен Ресей 300/300 форматында тұтқын алмасты. Кеше 200/200 форматында тұтқын алмасқан еді. Осылайша Украина 2 күнде тұтқындағы 500 сарбазын қайтарды.
👍204🔥22❤15👏3
Иранның Израиль мен аймақтағы АҚШ нысандарына дрон және зымырандарды атқан сәті.
🔥159🤬30👏14👎6❤4😁1😱1🤨1
Ирандағы Бушер қаласына соққы жасалу жалғасып жатыр. Бірнеше күн бойы осы қала маңындағы нысандарға соққы жасалған. Қалада “Росатом” АЭС салып жатыр еді. Олар өз жұмысын тоқтатып, жұмысшыларын алып кеткен-ді.
👏115🖕23👍18🤬18❤10🔥7🤨4🤣1😡1
Трамп Ираннан толық капитуляцияны талап етті. Кейін Иранмен келісім жасап, оның экономикасын көркейтеміз дейді.
🖕151👍111🤣65🌚5❤3😍3🤔1
Brent мұнайының бағасы 90 долларға жетті.
👍159🔥22❤6🤨2👎1😱1
Daily Mail-дің жазуы бойынша, “Құдыс” күштерінің қолбасшысы Исмаил Кааниді Иран билігі өлтіріп тастаған көрінеді. Ол туралы бірнеше басылым “Моссад тыңшысы” деп мақала жазған еді.
😱98👍53❤6🤔4🤨1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ Ирандағы Илам қаласына соққы жасауда. Қала халқы 200 мыңға жуық. Негізінен күрдтер мен лурлар тұрады. Парсылар мен арабтар да қоныстанған.
👍87🤬34😐14❤5👎5🔥3🤨3😡1
Al Jazeera: Ливанда Израильдің әуе соққыларынан 217 адам қаза тауып, 798 адам жарақат алды.
🤬103😱41👏13❤5🤨4👎3👍2😡1
Кувейттегі АҚШ-тың Камп-Әрифжан базасы. Соққыға дейін және кейін. Базадағы радарлар жүйесі жойылғаны айтылуда.
👍148👎25🔥15🤨9❤4😍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БАҚ: Ормуз бұғазында Mussafah 2 контейнертасушысына зымыран және теңіз дроны соғылды. Бұл БАӘ-ге тиесілі кеме. Кеме Safeen Prestige атты екінші кемеге бара жатқан сәтте шабуылға ұшыраған. Safeen Prestigе кемесі 4-наурызда шабуылға ұшыраған. Экипажы құтқарылды. Ал кеме ашық теңізде қаңтарылып тұр.
😱86👍36❤9👎6🔥3🤨2😍1