PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.69K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Биыл Америка құрлығында жер сілкіністері толастар емес. Панамада қуаттылығы 7,9 баллдық жер сілкінісі болды.
😱109🤨5👍4🤣2
Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, келіссөз жүргізгенін айтты. Ресей жылдам арада АҚШ пен әлем нарығына 300 мың тонна дизель отынын жеткізеді дейді. Ал қарашада 500 мың тонна, артынша 1 млн тонна дизель отынын жеткізетінін мәлімдеді. Кейін бұл көрсеткіш 3 млн тоннаға ұлғаюы мүмкін екенін айтыпты.
🤬138🤣41👎22🖕11❤4😡4🔥3🤨3👍1
Politico: Трамп сайлау алдында жанармай бағасын жанталаса түсіруге тырысуда. Жанармай бағасының қымбат болуы Трамптың рейтингіне, сол арқылы республикалықтарға әсер етуде. Трамп жанармайдың бағасын түсіру арқылы сайлауда демократтардан басым түсуге болады деп санайды.
🤣135🤬33🖕11❤3🤨3😡1
Axios: Трамп Зеленскийге алты мәрте ресейлік МӨЗ-дерді соққыламауға өтініш айтып, Украина басшысы бас тартқан соң, ақыры Ресей тарапымен дизель отынын тасымалдауға қатысты келісім жасады.

Уашиңтон Киевтен Ресейдің мұнай саласына соққы жасауды тоқтатуды талап етуде. Ал Ресей тарапына қандай да бір талап қойылған жоқ. Зеленский: “Ресей тарапы біздің стратегиялық нысандарымызды атқылауды тоқтатса, онда біз де соққы жасауды доғарамыз”,-дейді.
👍184🤬23🔥11🤔9❤6🤨3👀2🤣1😡1
Axios: Кеше Майамиде АҚШ пен Украина арасында келіссөз өтті. Келіссөз сегіз сағатқа созылды. Пікір алмасу барысында АҚШ тарапы “Украина ресейлік МӨЗ-дерге соққы жасауын жалғастырса, АҚШ Киевке барлау ақпаратын беруді тоқтатуы мүмкін” деп ескерткен (Axios-тың бұл ақпаратын Ақ үй жоққа шығарды).

Бүгін де келіссөздер жалғасуы тиіс еді. Алайда Трамптың Путинмен жасасқан келісімінен кейін, Украина делегациясы АҚШ-тан дереу арада Киевке қайтпақ.
👍150🤨13😐7❤6😁4🤬2🤔1😡1
PARANOIA.KZ
Axios: Кеше Майамиде АҚШ пен Украина арасында келіссөз өтті. Келіссөз сегіз сағатқа созылды. Пікір алмасу барысында АҚШ тарапы “Украина ресейлік МӨЗ-дерге соққы жасауын жалғастырса, АҚШ Киевке барлау ақпаратын беруді тоқтатуы мүмкін” деп ескерткен (Axios-тың…
Ал Трамптың арнайы өкілі Уиткофф Майамидегі келіссөздерді “сәтті өтті” деп бағалауда.

Оның сөзінше, тараптар қыс түскенге дейін соғысты аяқтау нұсқаларын қарастырған. Астық тасымалдау, энергия көздерін сақтау, Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдігі мен территория мәселелері және басқаны талқылаған. Украинаны ЕО-ға мүше ету және қалпына келтіру жағына ерекше назар аудардық дейді.
👏76🤔31🤣9🤬5❤2🔥2🤨2🖕2
Ресей Запорож қаласына бірнеше бомба тастады. Салдарынан 7 адам қаза тапты, тағы бірнеше адам жараланды.
🤬141😢10😡2
Украина түнде Ресейдегі ең үлкен мұнай терминалының бірін атқылады. Ростов аймағындағы терминал арқылы Ресей мұнайы экспортталады. Терминалдың станциялары отқа оранған.

Азов теңізінде ресейлік мұнайды тасыған екі кемеге соққы жасалды.
🔥164👍62❤9👏1🍾1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ауғанстанда миллиондаған адам ас-ауқатын әрең тауып отыр. Жоқшылықтан қысылғандардың кейбірі тіпті бүйрегін сатуға мәжбүр.
😱101😨12❤4
АҚШ-тағы сенатор Ричард Блументал Трампты қатаң сынға алды.

“Трамп агрессор Путинмен келісім жасап, Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысушы болып шыға келді. Бұл шешімі біздің елімізге кір келтіреді. Бұл марқұм сенатор Грэмнің рухын қорлау және жақында ғана Конгресс қабылдаған заңға қарама-қайшы әрекет. Ол дереу арада бұл шешімінен бас тартуы шарт. Трамп мынаны есте сақтасын: Конгресс оның әрекетін жіті бақылап отыр”, - дейді.
👍252🤝42❤7💯5🤣5😁1🤔1