PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.69K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, келіссөз жүргізгенін айтты. Ресей жылдам арада АҚШ пен әлем нарығына 300 мың тонна дизель отынын жеткізеді дейді. Ал қарашада 500 мың тонна, артынша 1 млн тонна дизель отынын жеткізетінін мәлімдеді. Кейін бұл көрсеткіш 3 млн тоннаға ұлғаюы мүмкін екенін айтыпты.
🤬138🤣41👎22🖕11❤4😡4🔥3🤨3👍1
Politico: Трамп сайлау алдында жанармай бағасын жанталаса түсіруге тырысуда. Жанармай бағасының қымбат болуы Трамптың рейтингіне, сол арқылы республикалықтарға әсер етуде. Трамп жанармайдың бағасын түсіру арқылы сайлауда демократтардан басым түсуге болады деп санайды.
🤣135🤬33🖕11❤3🤨3😡1
Axios: Трамп Зеленскийге алты мәрте ресейлік МӨЗ-дерді соққыламауға өтініш айтып, Украина басшысы бас тартқан соң, ақыры Ресей тарапымен дизель отынын тасымалдауға қатысты келісім жасады.

Уашиңтон Киевтен Ресейдің мұнай саласына соққы жасауды тоқтатуды талап етуде. Ал Ресей тарапына қандай да бір талап қойылған жоқ. Зеленский: “Ресей тарапы біздің стратегиялық нысандарымызды атқылауды тоқтатса, онда біз де соққы жасауды доғарамыз”,-дейді.
👍184🤬23🔥11🤔9❤6🤨3👀2🤣1😡1
Axios: Кеше Майамиде АҚШ пен Украина арасында келіссөз өтті. Келіссөз сегіз сағатқа созылды. Пікір алмасу барысында АҚШ тарапы “Украина ресейлік МӨЗ-дерге соққы жасауын жалғастырса, АҚШ Киевке барлау ақпаратын беруді тоқтатуы мүмкін” деп ескерткен (Axios-тың бұл ақпаратын Ақ үй жоққа шығарды).

Бүгін де келіссөздер жалғасуы тиіс еді. Алайда Трамптың Путинмен жасасқан келісімінен кейін, Украина делегациясы АҚШ-тан дереу арада Киевке қайтпақ.
👍150🤨13😐7❤6😁4🤬2🤔1😡1
PARANOIA.KZ
Axios: Кеше Майамиде АҚШ пен Украина арасында келіссөз өтті. Келіссөз сегіз сағатқа созылды. Пікір алмасу барысында АҚШ тарапы “Украина ресейлік МӨЗ-дерге соққы жасауын жалғастырса, АҚШ Киевке барлау ақпаратын беруді тоқтатуы мүмкін” деп ескерткен (Axios-тың…
Ал Трамптың арнайы өкілі Уиткофф Майамидегі келіссөздерді “сәтті өтті” деп бағалауда.

Оның сөзінше, тараптар қыс түскенге дейін соғысты аяқтау нұсқаларын қарастырған. Астық тасымалдау, энергия көздерін сақтау, Украинаға берілетін қауіпсіздік кепілдігі мен территория мәселелері және басқаны талқылаған. Украинаны ЕО-ға мүше ету және қалпына келтіру жағына ерекше назар аудардық дейді.
👏76🤔31🤣9🤬5❤2🔥2🤨2🖕2
Ресей Запорож қаласына бірнеше бомба тастады. Салдарынан 7 адам қаза тапты, тағы бірнеше адам жараланды.
🤬141😢10😡2
Украина түнде Ресейдегі ең үлкен мұнай терминалының бірін атқылады. Ростов аймағындағы терминал арқылы Ресей мұнайы экспортталады. Терминалдың станциялары отқа оранған.

Азов теңізінде ресейлік мұнайды тасыған екі кемеге соққы жасалды.
🔥164👍62❤9👏1🍾1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ауғанстанда миллиондаған адам ас-ауқатын әрең тауып отыр. Жоқшылықтан қысылғандардың кейбірі тіпті бүйрегін сатуға мәжбүр.
😱101😨12❤4
АҚШ-тағы сенатор Ричард Блументал Трампты қатаң сынға алды.

“Трамп агрессор Путинмен келісім жасап, Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысушы болып шыға келді. Бұл шешімі біздің елімізге кір келтіреді. Бұл марқұм сенатор Грэмнің рухын қорлау және жақында ғана Конгресс қабылдаған заңға қарама-қайшы әрекет. Ол дереу арада бұл шешімінен бас тартуы шарт. Трамп мынаны есте сақтасын: Конгресс оның әрекетін жіті бақылап отыр”, - дейді.
👍252🤝42❤7💯5🤣5😁1🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ТРАНСПЛАНТАЦИЯ…

Бүгін “Еуропалық ағза донорлығы және трансплантация күні”. 9-қазанда жыл сайын осы күнге байланысты іс-шаралар, жиындар өтеді. Ағза ауыстыру мәселесін дәрігерлер жан-жақты талдайды.

Ағза ауыстыру операциялары бізде де іске асуда. Бұл оталар күрделі ота түріне жатады. Білікті дәрігерлер керек. Заманауи медициналық жабдықтар қажет.

Биыл 9 айда елімізде 208 трансплантация жасалған екен. Оның ішінде 42-сі қайтыс болған донорлардың ағзаларын пайдалану арқылы жүзеге асқан.

Қазір Қазақстанда ағза трансплантациясын күту тізімінде 4867 адам бар. Олардың 126-сы балалар екен.

Қазір eGov бойынша өз ағзаңды өмірден өткен жағдайда өзгеге беруге келісім беруге болады. 17158 адам солай етіпті.

Өмірден өткен жандардың жақындарының рұқсаты арқылы донорлық ота жасалып, өмірін сақтап қалған жандар көп. Солардың бірі Есен Байленов. Ол арнайы жасақта қызмет еткен. Кейін бүйрегі ауырып, ауруханаға жатқан. Анализдері ақуыздың көп екенін көрсеткен. Артынша қос бүйрегі толық істен шығып, гемодиализ алуға мәжбүр болған. Бес жылға жуық гемодиализ алып, өмір үшін күрескен. Жанталасқан. “Донор табылатынына сенімім де азайды” дейді. Алайда күндердің бір күнінде дәрігерлер оған қоңырау шалып, донордың табылғанын айтыпты. Оған өмірден өткен әйелдің бүйрегі салынған екен. Марқұмның жақындары ресми рұқсатын беріпті. Ол әйелдің ағзалары кемі үш адамды құтқарып қалған көрінеді. Соның ішінде Есен де бар. Бұл көптеген мысалдың біреуі ғана.

Донорлық жүйе бізде де дамып келеді. Дәрігерлер шетелмен тәжірибе алмасуда. Тиісті медициналық құралдар алынуда. Қажетті заңнама да жетілдірілді.

Ал сіз, өмірден өткеннен кейін ағзаны өзгеге беруге келісім беруге қалай қарайсыз?
👍49❤16🤬8🤔4🖕2👏1🎃1