Украина түнде Ресейдегі ең үлкен мұнай терминалының бірін атқылады. Ростов аймағындағы терминал арқылы Ресей мұнайы экспортталады. Терминалдың станциялары отқа оранған.
Азов теңізінде ресейлік мұнайды тасыған екі кемеге соққы жасалды.

🔥164👍62❤9👏1🍾1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ауғанстанда миллиондаған адам ас-ауқатын әрең тауып отыр. Жоқшылықтан қысылғандардың кейбірі тіпті бүйрегін сатуға мәжбүр.
😱101😨12❤4
АҚШ-тағы сенатор Ричард Блументал Трампты қатаң сынға алды.
“Трамп агрессор Путинмен келісім жасап, Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысушы болып шыға келді. Бұл шешімі біздің елімізге кір келтіреді. Бұл марқұм сенатор Грэмнің рухын қорлау және жақында ғана Конгресс қабылдаған заңға қарама-қайшы әрекет. Ол дереу арада бұл шешімінен бас тартуы шарт. Трамп мынаны есте сақтасын: Конгресс оның әрекетін жіті бақылап отыр”, - дейді.

👍252🤝42❤7💯5🤣5😁1🤔1
PARANOIA.KZ
Украина түнде Ресейдегі ең үлкен мұнай терминалының бірін атқылады. Ростов аймағындағы терминал арқылы Ресей мұнайы экспортталады. Терминалдың станциялары отқа оранған. Азов теңізінде ресейлік мұнайды тасыған екі кемеге соққы жасалды.
Ростов. Түнгі соққылардан кейін мұнай сақтау және жөнелту терминалы өртеніп жатыр.
🔥148👏33👍17❤3👀1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ТРАНСПЛАНТАЦИЯ…
Бүгін “Еуропалық ағза донорлығы және трансплантация күні”. 9-қазанда жыл сайын осы күнге байланысты іс-шаралар, жиындар өтеді. Ағза ауыстыру мәселесін дәрігерлер жан-жақты талдайды.
Ағза ауыстыру операциялары бізде де іске асуда. Бұл оталар күрделі ота түріне жатады. Білікті дәрігерлер керек. Заманауи медициналық жабдықтар қажет.
Биыл 9 айда елімізде 208 трансплантация жасалған екен. Оның ішінде 42-сі қайтыс болған донорлардың ағзаларын пайдалану арқылы жүзеге асқан.
Қазір Қазақстанда ағза трансплантациясын күту тізімінде 4867 адам бар. Олардың 126-сы балалар екен.
Қазір eGov бойынша өз ағзаңды өмірден өткен жағдайда өзгеге беруге келісім беруге болады. 17158 адам солай етіпті.
Өмірден өткен жандардың жақындарының рұқсаты арқылы донорлық ота жасалып, өмірін сақтап қалған жандар көп. Солардың бірі Есен Байленов. Ол арнайы жасақта қызмет еткен. Кейін бүйрегі ауырып, ауруханаға жатқан. Анализдері ақуыздың көп екенін көрсеткен. Артынша қос бүйрегі толық істен шығып, гемодиализ алуға мәжбүр болған. Бес жылға жуық гемодиализ алып, өмір үшін күрескен. Жанталасқан. “Донор табылатынына сенімім де азайды” дейді. Алайда күндердің бір күнінде дәрігерлер оған қоңырау шалып, донордың табылғанын айтыпты. Оған өмірден өткен әйелдің бүйрегі салынған екен. Марқұмның жақындары ресми рұқсатын беріпті. Ол әйелдің ағзалары кемі үш адамды құтқарып қалған көрінеді. Соның ішінде Есен де бар. Бұл көптеген мысалдың біреуі ғана.
Донорлық жүйе бізде де дамып келеді. Дәрігерлер шетелмен тәжірибе алмасуда. Тиісті медициналық құралдар алынуда. Қажетті заңнама да жетілдірілді.
Ал сіз, өмірден өткеннен кейін ағзаны өзгеге беруге келісім беруге қалай қарайсыз?

👍49❤16🤬8🤔4🖕2👏1🎃1
Палестина басшысы Махмұд Аббас 2026 жылдың 28-қарашасында өтуі тиіс парламенттік сайлауды кейінге шегерді. Ол сайлауды 2027 жылдың 11-қыркүйегіне қойды.
“Қазір Израильдің шабуылы жалғасуда. Газада қауіпсіздік жоқ. Иордан өзенінің батысын заңсыз қоныс аударушылар шабуылдауда. Сайлауды дәп қазір өткізу мүмкіндігі жоқ”, - дейді ол.

🤣36👍32😐12😱5🤨2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дроннан қашқан қос көліктің соқтығысқан сәті…Артынша дрон жүк көлігіне шабуыл жасапты. Оккупациядағы аймақ.
🔥145👍52👏1
Трамп: “Зеленский не істегісі келсе де ерікті. Тек қана ресейлік МӨЗ-дерді соққыламасын”.
🖕154🤣79🤬11👍3🤨1😡1
Трамп: “Зеленскийде бұл соғысты реттеудің сан мәрте мүмкіндігі болды. Бірақ олай етпеді. Оның әрекеті әлемге және АҚШ-қа зиян келтіруде. Менің ойымша Украинаға басшы ауыстыратын сәт келген сияқты”, - дейді.
🖕218🤣68👎8😍3👍2❤1😁1🤨1😡1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
БАҚ: Израиль бүгін Газадағы Шаджая ауданына бірнеше соққы жасады.
👎80🤬60👍26😡6😢2❤1👏1🤨1
Украина оккупациялық аймақтар мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы (Брянск, Курск, Белгород) жүк көліктеріне соққы жасауды арттыруда. 4-қазан күні ең көп соққы жасалған екен. Сол күні 727 көлікке шабуыл жасалыпты. Ал жалпы күн сайын орта есеппен 500-ге жуық техникаға соққы жасалуда дейді осинт-зерттеушілер. Оның ішінде майданға қару, сарбаз таситын бронды емес көліктер де кіреді.
🔥141👍56❤3👏1
CNN: Трамптың Ресейден алуға ниетті дизелі шын мәнінде өте аз. Бұл АҚШ нарығы үшін бар болғаны бір жарым күнге жетеді. Сол себепті де бұны сайлау алдындағы маневр дегеніміз дұрыс болар.
😁100🤣73🤨4🤔1🖕1
БАҚ: Израиль мен Марокко баллистикалық зымырандарға қатысты келіссөз жүргізуде. Әңгіме израильдік LORA зымыраны жайлы болып отыр. Марокко дәл осы зымырандарды сатып алуға ниетті. Марокко бұған дейін Израильден Barak MX әуе қорғаныс жүйесі кешенін сатып алған-ды. Сонымен бірге 36 дана ATMOS-2000 гаубицаларын да алды. Израиль жақында Мароккоға Heron мен Hermes дрондарын, Harop және SpyX дрон-снарядтарын жеткізді. Израиль Мароккоға бірнеше млрд доллардың қаруын сатты.
👎57👍41🤬12❤5🤔5🤨3🤣1😡1
БҰҰ: Израиль қыркүйек айында Сирия жерінде 280 операция өткізген. Аш-Шараа билікке келгелі ондаған сириялықты Израильдің арнайы жасақтары тұтқындап, Израиль аумағына әкеткен. Қазір кемі 49 сириялық Израиль аумағында сотсыз қамақта отыр.
👎79🤬37👍18🤨3😡2❤1🤣1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Израиль Газаға тағы соққы жасауда. Қаза тапқандар бар.
👎62🤬55👍14😍2❤1🔥1😢1🤨1😡1
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
Украинаның СІМ басшысы Андрей Сибига Трамптың сөзіне жауап берді:
- Президент Зеленский біздің елімізді жай кезде емес, соғыс болып жатқан қиын кезінде басқарып отыр. Бұл соғыс - тәуелсіздік үшін жүріп жатқан соғыс! Еркіндік пен абырой үшін жүріп жатқан соғыс! Зеленский Украина халқының қолдауына ие! Біздің елімізді кім басқаруы керектігін шетелдегілер емес, Украина халқы өзі шешеді. Ал Трамптың бүгінгі Зеленский туралы айтқандары - Зеленскийдің өз міндетін лайықты атқарып жатқанын көрсетеді, - деді.

🔥250👏82❤12👍7💯1
ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕГІ ӨЛІМ…
АҚШ-та талқыланып жатқан ақпараттың бірі Нидал Хасанға қатысты өлім жазасы үкімін іске асыру болып тұр.
2009 жылы әскери қызметкер Нидал Мәлік Хасан Форт-Худ базасында 13 сарбазды атып өлтіріп, 33 сарбазды жаралады. Әскерилер қарсы оқ атып, ол сал болып қалды. 2013 жылы АҚШ-тың әскери соты оны бірауыздан өлім жазасына кесті. Енді сол үкім орындалмақ.
Өлім жазасы үкімі 3-желтоқсанда орындалады. АҚШ-тың әскери соты Нидал Хасанды атып тастамақ.
Мәселе мынада…өлім жазасы тікелей эфирден көрсетілуі мүмкін. Трамп бұл мәселені ойланып жатқанын, жақында шешім қабылдайтынын айтуда. Қоғам екіге жарылды. Бірі өлім жазасын көрсетуді құптаса, енді бірі қарсы болуда.

😱50👍31❤5🤨5😐5🤔2🖕1