PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.3K photos
16.1K videos
7 files
1.69K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
PARANOIA.KZ
Украина Владимир аймағындағы “Яндекстің” дата-орталығын соққы астына алды. Орталық отқа оранған.
Ресейде “Яндекспен” байланысты 80-нен астам қосымша, сервисте ақау байқалады. Кей қосымшалар мүлде ашылмай қалған.
👏154👍42🔥30❤2
Илон Маск Трампты қолдап, “Зеленский тым артық кетті. Украинаға жаңа басшы керек” дейді.
🖕199🤣60🤬12👍7🤪2😁1😡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ Ираннан мұнай тиеп шыққан танкерге соққы жасады. Танкердің басқару кабинасын атқылаған.
🔥66🤬54👏10🤨6👍4😡1
Трамп: “Атлант немесе Тынық мұхитының атауын неге өзгертпеске? Мысалы Трамп немесе Америка мұхиты дегендей. Бұл бір жақсы идея”, - дейді.
🤣211🖕41👎12🤬8👍2😡1
Forwarded from Azattyq - Азаттық
Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіндегі қысылысу: полиция қылмыстық іс қозғады

Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде жұрт қысылысып, 18 жастағы қыз зардап шекті. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін хабарлады. Туыстары Ulysmedia-ға сүрініп қалған қызды жұрт таптап кеткенін айтқан.

Полиция қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін қызмет көрсету фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғады.

“Адамдардың көп жиналуына байланысты келушілердің бірі зардап шекті. Қыз медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында. Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр” деп жазылған полиция хабарламасында. Олардың айтуынша, ұйымдастырушылардың әрекетіне “құқықтық баға беріліп”, “тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады”.

Концерт 10 қазанда Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда болған. Желіде қолданушылар концертте көп адам болғанын, кейбір адамдардың жүрегі қысылып, құлап қалғанын жазды.
😨62🤣7🤨7🤬6❤5👍2😱1
БАҚ: Украина Дрон күштері Ресейдегі өзге дата-орталықтарды, интернет тарату жүйелерін соққылауды күшейту керектігін айтуда. Логистикаға соққы жасау жүйелі негізде іске асуда. Енді дата-орталықтарға соққы жасауды дәл солай жүйелі ету керек дейді.
👏195👍22🔥12❤11🤝4🍾2
Бүгін соққыға ұшыраған Владимирдегі “Яндекс” орталығында “Галушкин” суперкомпьютері болған. Ол әлем бойынша ТОП-500 тізімінде 132-орында тұрған (кей категория бойынша 36-орында болған). Әзірге суперкомпьютер жүйесіне зақым келген/келмегені белгісіз. Бірақ Ресей бойынша көптеген сервистің жұмысы тоқтап тұр.
🔥167👏41👍25🍾6❤3🤣1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Украина түнде “Самарадағы” мұнай станциясына тағы соққы жасады. Үш күнде үш мәрте атқылаған.
🔥202👍59❤1👏1🤣1🍾1
Зеленский: “Ресей біздің энергетикалық нысандарымызға соққы жасауды тоқтатса, біз де МӨЗ-дерін атқылауды тоқтатамыз. Олар шабуылын тоқтатуға дайын емес”, - дейді.
👏190👍56💯26🔥11❤4
Зеленский: “Трампқа деген құрметімді сақтай отырып, басшы таңдау ісі біздің халқымыздың ісі екенін айтқым келеді. Қазір соғыс жүріп жатыр. Сайлау өткізу өте қиын. Соғыс жағдайында сайлау өткізу біздің конституциямызға да, қауіпсіздігімізге де сай келмейді. Оның үстіне сайлауға қажетті инфрақұрылым, қауіпсіз учаске, сарбаздардың дауыс беру құқығы және тағы басқа бар. Украина 60 күндік ұрысты тоқтату режимі жарияланса, сайлау өткізуге дайын екенін сан мәрте айтқан еді”, - дейді.

Зеленский “Путиннің үлкен арманының бірі Украина басшысын ауыстыру” екенін де айтты.
👍239❤14🔥7💯3🤣3🤬1🍾1
Зеленский: “Бұл адамдар (Трамп пен Маск) Путинді тоқтатудың әдісін таба алмай отыр. Путинді тоқтату қиын, ал өзгелерге қысым жасау оңайырақ. Сол үшін де қымбатшылықты Украинадан көру жеңіл ғой. Әлемдегі бағаның шарықтауы (жанармай) Таяу Шығыстағы соғыстармен байланысты екенін бәрі біліп отыр. Ормуз бұғазы бұғатталып, баға өсуде. Оны бәрі көріп, біліп отыр”, - дейді.

Осылайша Зеленский дизель отынының қымбаттауын Украинаның ресейлік МӨЗ-дерді соққылауымен байланыстырмауды сұрады.
👍237💯67❤7🍾1
Ал Трамп Ресей мен Украина арасында энергетикалық келісім жасалғанын жазды.

“Ресей мен Украина энергетикалық келісім жасасты. Қос тарап келісті. Келісімді бұзбаңдар!”- дейді ол.

Келісімнің жасалған/жасалмағаны белгісіз. Әзірге Киев те, Мәскеу де бұл ақпаратқа ресми пікір білдірмеді.
🤣168🤨5🖕5❤4🤬1
​​​
Қазақстан СІМ-нің Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдар туралы мәлімдемесі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хусит жасақтарының Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған әрі адам шығынына әкеп соққан шабуылдарын қатаң айыптайды.

Мұндай шабуылдарға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды. Олар халықаралық құқық нормаларын бұзады.

Бұл әрекеттер Йемендегі ахуалды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеуге кедергі келтіреді.

Шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы шешуге шақырамыз.

Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігімен ынтымақтастық танытып, оның БҰҰ Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін растайды.
🤣52😁30👏22🤔7👍4❤3🤨3🖕2