Зеленский: “Ресей біздің энергетикалық нысандарымызға соққы жасауды тоқтатса, біз де МӨЗ-дерін атқылауды тоқтатамыз. Олар шабуылын тоқтатуға дайын емес”, - дейді.
👏190👍56💯26🔥11❤4
Зеленский: “Трампқа деген құрметімді сақтай отырып, басшы таңдау ісі біздің халқымыздың ісі екенін айтқым келеді. Қазір соғыс жүріп жатыр. Сайлау өткізу өте қиын. Соғыс жағдайында сайлау өткізу біздің конституциямызға да, қауіпсіздігімізге де сай келмейді. Оның үстіне сайлауға қажетті инфрақұрылым, қауіпсіз учаске, сарбаздардың дауыс беру құқығы және тағы басқа бар. Украина 60 күндік ұрысты тоқтату режимі жарияланса, сайлау өткізуге дайын екенін сан мәрте айтқан еді”, - дейді.
Зеленский “Путиннің үлкен арманының бірі Украина басшысын ауыстыру” екенін де айтты.
Зеленский “Путиннің үлкен арманының бірі Украина басшысын ауыстыру” екенін де айтты.
👍239❤14🔥7💯3🤣3🤬1🍾1
Зеленский: “Бұл адамдар (Трамп пен Маск) Путинді тоқтатудың әдісін таба алмай отыр. Путинді тоқтату қиын, ал өзгелерге қысым жасау оңайырақ. Сол үшін де қымбатшылықты Украинадан көру жеңіл ғой. Әлемдегі бағаның шарықтауы (жанармай) Таяу Шығыстағы соғыстармен байланысты екенін бәрі біліп отыр. Ормуз бұғазы бұғатталып, баға өсуде. Оны бәрі көріп, біліп отыр”, - дейді.
Осылайша Зеленский дизель отынының қымбаттауын Украинаның ресейлік МӨЗ-дерді соққылауымен байланыстырмауды сұрады.
Осылайша Зеленский дизель отынының қымбаттауын Украинаның ресейлік МӨЗ-дерді соққылауымен байланыстырмауды сұрады.
👍237💯67❤7🍾1
PARANOIA.KZ
Ал Трамп Ресей мен Украина арасында энергетикалық келісім жасалғанын жазды. “Ресей мен Украина энергетикалық келісім жасасты. Қос тарап келісті. Келісімді бұзбаңдар!”- дейді ол. Келісімнің жасалған/жасалмағаны белгісіз. Әзірге Киев те, Мәскеу де бұл ақпаратқа…
Зеленский энергетикалық келісім жайлы ештеңе білмейтінін айтты. Бірақ “Путин соққы жасамаса, бізде жасамаймыз” дейді.
🤣124👍71🔥3👏2
Қазақстан СІМ-нің Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдар туралы мәлімдемесі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хусит жасақтарының Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған әрі адам шығынына әкеп соққан шабуылдарын қатаң айыптайды.
Мұндай шабуылдарға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды. Олар халықаралық құқық нормаларын бұзады.
Бұл әрекеттер Йемендегі ахуалды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеуге кедергі келтіреді.
Шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы шешуге шақырамыз.
Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігімен ынтымақтастық танытып, оның БҰҰ Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін растайды.

🤣52😁30👏22🤔7👍4❤3🤨3🖕2
PARANOIA.KZ
Қазақстан СІМ-нің Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдар туралы мәлімдемесі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хусит жасақтарының Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған әрі адам шығынына…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Хуситтер Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы әуежайға тағы да соққы жасады. Шабуылдан кейін әуежайдағы терминал аумағында өрт шыққан.
🤬74👍27🤔8❤4🤨3🌚2
Ресей Харьковты жаппай атқылап, энергия көздерін соққылады. Қаладағы ТЭЦ-5 кешенін зымырандармен шабуылдаған. Қаладағы дүкен, супермаркетке де соққы жасалған. Қаза тапқандар бар.
Трамп айтқан “энергетикалық келісімді” Ресей бірінші бұзды…
Трамп айтқан “энергетикалық келісімді” Ресей бірінші бұзды…
🤬187🤣17😡5❤3
Үшінші қарашада Конгресс сайлауы өтеді. Сенатта жалпы 100 орын. Қазір оның 53-ін республикалықтар, 45-ін демократтар, ал екеуін тәуелсіз сенаторлар алуда. "Өкілдер палатасында" 435 орын. Оның 218-ін республикалықтар, 214-ін демократтар, біреуін тәуелсіз өкіл алуда. Екі орын бос тұр. Әзірге реупсбликалықтар басым. Алайда сайлаудан кейін жағдай күрт өзгеруі ықтимал.
Соңғы сауалнамаларға қарасам, демократтар 9 пайызға алда келеді. Басым түсу ықтималдылығы жоғары дейді сарапшылар.
Соңғы сауалнамаларға қарасам, демократтар 9 пайызға алда келеді. Басым түсу ықтималдылығы жоғары дейді сарапшылар.
👏157🔥10🤨4🙏3👍2❤1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬145😡8❤2🔥2🤔2😢2🖕1
WSJ: Ресей мен Украинаның арнайы қызметтері бір-бірінің бақылау камераларын бұзып, шабуыл жасау жоспарларын іске асыруда. Ресей Киевтегі бақылау камераларын бұзып, соққыларды бағыттаған. Украина өз аумағындағы 40 мың камераны өшірген немесе бұғаттап тастаған. Киев Team OneFist хакерлік тобы арқылы Ресейдегі бақылау камераларын бұзған. Сондай операцияның бірінде Севастопольдегі белгісіз әскери базаны анықтап, базаға соққы жасаған. Шабуылдан ресейлік ұшақтар мен әуе жүйелері істен шыққан.
👍171😱13❤7🤨2🔥1
БАҚ: Трамп себепкер болған Газадағы ұрысты тоқтату келісіміне 1 жыл. 2025 жылы, 10-қазанда қол қойылып, 11-қазанда күшіне енді. Келісімнің сақталуына АҚШ, Түркия, Катар және Мысыр кепілдік берді. Осы бір жылдың ішінде аймақта ХАМАС пен Израиль әскері арасында мыңнан астам атыс болған. Газада 1471 тұрғын қаза тапқан.
😨66🤣26🤬20🤨5😁3😡2
Le Monde: 9-қарашада Джибутиден Йемен бағытына қарай шыққан кеме аударылып, 109 адам көз жұмды. Тағы 116 адам жоғалып кеткен. 80 адам құтқарылды. Африкалықтар Қызыл теңіз арқылы Сауд Арабиясына жетуді қалайды. Мыңдаған адам Саудиядан жұмыс табылады деп ойлап, қауіпті сапарға аттануда. Олар тіпті соғыс болып жатқан Йемен арқылы да өтуге тәуекел етеді.
😱95🤨8❤4😢2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
БАҚ-та хуситтердің Эр-Риядтағы әуежайға соққы жасаған сәттерінің видеосы жарияланды. Әуежайда діни жоралғыларды орындауға келген азаматтар көп болған. Жараланғандар мен қаза тапқандардың көбі шетелден мінәжат ету үшін келген жандар саналады дейді Саудия ақпарат көздері.
🤯50🤬44👍20🤨3❤2😡2👏1🤗1
WSJ: Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман күзетін күшейтті. Ол сарай күзетшілерінің санын көбейтіп, бос уақытын бункерде өткізетін болған. Қоғамдық орындар мен жиындарға баруды азайтты. Осылайша ол хуситтердің жанкештілерінен, Иранның арнайы күштерінен сақтануда.
🤣85👏12😁5🤪3❤1🤔1😱1
Түнде оккупациядағы Қырымда “Гвардейское” әуежайына шабуыл жасалды. Оннан астам жарылыс болған. Бұл әуежай арқылы Ресей реактивті дрондарды ұшырып, Украинаны шабуылдаумен келеді.
👍140🔥18👏17
Axios: “Трамп ұсынған энергетикалық келісім ең алдымен тараптардың МӨЗ-деріне қатысты. Яғни, Ресей Украинаның, ал Украина Ресейдің МӨЗ-дерін атқыламауы тиіс. Кейін энергетикалық келісім басқа салаларға да қатысты жасалуы мүмкін.”
Украинада 6 үлкен МӨЗ бар. Оның бесеуі 2022-ге дейін түрлі себеппен жұмысын тоқтатты. Ал 2022-ден бастап Ресей Кременчугтегі жалғыз жұмыс істеп тұрған МӨЗ-ге ондаған соққы жасап, істен шығарды. Бір сөзбен айтқанда Украинада қазір жұмыс істеп тұрған үлкен МӨЗ жоқ. Ал Ресейде кемі 34 үлкен, 40-тан астам кіші МӨЗ-дер бар.
Трамп сонда Украинаға “ресейлік МӨЗ-дерді атқылама” дейді де, ал қарымтасын іс жүзінде Киевке ештеңе ұсынып отырған жоқ.

🤬160❤7🖕6😡4🤣3🔥1🤔1🤨1