PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.3K photos
16.1K videos
7 files
1.69K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Үшінші қарашада Конгресс сайлауы өтеді. Сенатта жалпы 100 орын. Қазір оның 53-ін республикалықтар, 45-ін демократтар, ал екеуін тәуелсіз сенаторлар алуда. "Өкілдер палатасында" 435 орын. Оның 218-ін республикалықтар, 214-ін демократтар, біреуін тәуелсіз өкіл алуда. Екі орын бос тұр. Әзірге реупсбликалықтар басым. Алайда сайлаудан кейін жағдай күрт өзгеруі ықтимал.

Соңғы сауалнамаларға қарасам, демократтар 9 пайызға алда келеді. Басым түсу ықтималдылығы жоғары дейді сарапшылар.
👏157🔥10🤨4🙏3👍2❤1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬145😡8❤2🔥2🤔2😢2🖕1
WSJ: Ресей мен Украинаның арнайы қызметтері бір-бірінің бақылау камераларын бұзып, шабуыл жасау жоспарларын іске асыруда. Ресей Киевтегі бақылау камераларын бұзып, соққыларды бағыттаған. Украина өз аумағындағы 40 мың камераны өшірген немесе бұғаттап тастаған. Киев Team OneFist хакерлік тобы арқылы Ресейдегі бақылау камераларын бұзған. Сондай операцияның бірінде Севастопольдегі белгісіз әскери базаны анықтап, базаға соққы жасаған. Шабуылдан ресейлік ұшақтар мен әуе жүйелері істен шыққан.
👍171😱13❤7🤨2🔥1
R4 тобы мәлімдеме жасады. Бұл топқа Түркия, Мысыр, Саудия және Пәкістан кіреді. Сол төртеуі бірігіп хуситтердің Эр-Рияд әуежайына жасаған шабуылын қатаң айыптады. "Сауд Арабиясы қорғануға толық құқылы" дей отырып, оны қолдайтынын айтты. Хуситтерге "шабуылдарыңды тоқтатыңдар" дейді.
🤣94👍27😁4🤨3❤2👏1
БАҚ: Трамп себепкер болған Газадағы ұрысты тоқтату келісіміне 1 жыл. 2025 жылы, 10-қазанда қол қойылып, 11-қазанда күшіне енді. Келісімнің сақталуына АҚШ, Түркия, Катар және Мысыр кепілдік берді. Осы бір жылдың ішінде аймақта ХАМАС пен Израиль әскері арасында мыңнан астам атыс болған. Газада 1471 тұрғын қаза тапқан.
😨66🤣26🤬20🤨5😁3😡2
Le Monde: 9-қарашада Джибутиден Йемен бағытына қарай шыққан кеме аударылып, 109 адам көз жұмды. Тағы 116 адам жоғалып кеткен. 80 адам құтқарылды. Африкалықтар Қызыл теңіз арқылы Сауд Арабиясына жетуді қалайды. Мыңдаған адам Саудиядан жұмыс табылады деп ойлап, қауіпті сапарға аттануда. Олар тіпті соғыс болып жатқан Йемен арқылы да өтуге тәуекел етеді.
😱95🤨8❤4😢2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
БАҚ-та хуситтердің Эр-Риядтағы әуежайға соққы жасаған сәттерінің видеосы жарияланды. Әуежайда діни жоралғыларды орындауға келген азаматтар көп болған. Жараланғандар мен қаза тапқандардың көбі шетелден мінәжат ету үшін келген жандар саналады дейді Саудия ақпарат көздері.
🤯50🤬44👍20🤨3❤2😡2👏1🤗1
WSJ: Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман күзетін күшейтті. Ол сарай күзетшілерінің санын көбейтіп, бос уақытын бункерде өткізетін болған. Қоғамдық орындар мен жиындарға баруды азайтты. Осылайша ол хуситтердің жанкештілерінен, Иранның арнайы күштерінен сақтануда.
🤣85👏12😁5🤪3❤1🤔1😱1
Түнде оккупациядағы Қырымда “Гвардейское” әуежайына шабуыл жасалды. Оннан астам жарылыс болған. Бұл әуежай арқылы Ресей реактивті дрондарды ұшырып, Украинаны шабуылдаумен келеді.
👍140🔥18👏17
Axios: “Трамп ұсынған энергетикалық келісім ең алдымен тараптардың МӨЗ-деріне қатысты. Яғни, Ресей Украинаның, ал Украина Ресейдің МӨЗ-дерін атқыламауы тиіс. Кейін энергетикалық келісім басқа салаларға да қатысты жасалуы мүмкін.”

Украинада 6 үлкен МӨЗ бар. Оның бесеуі 2022-ге дейін түрлі себеппен жұмысын тоқтатты. Ал 2022-ден бастап Ресей Кременчугтегі жалғыз жұмыс істеп тұрған МӨЗ-ге ондаған соққы жасап, істен шығарды. Бір сөзбен айтқанда Украинада қазір жұмыс істеп тұрған үлкен МӨЗ жоқ. Ал Ресейде кемі 34 үлкен, 40-тан астам кіші МӨЗ-дер бар.

Трамп сонда Украинаға “ресейлік МӨЗ-дерді атқылама” дейді де, ал қарымтасын іс жүзінде Киевке ештеңе ұсынып отырған жоқ.
🤬160❤7🖕6😡4🤣3🔥1🤔1🤨1
Мәслихаттар жаңарады…

Құрылтай өз жұмысын бастағалы бір айдан асты. Халықтық Кеңестің де құрамы бекітілді. Енді қалғаны мәслихаттар еді. Оның да құрамы жақында жаңарады деуге болады.

Бүгін президент премьермен және Құрылтай төрағасымен кездесіп, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультациялар өткізді. Осылайша олардың да ұсыныстарын жинақтап, алдағы уақытта шешім қабылдайтынын айтқан. Демек, жақында мәслихат сайлауы болады деген сөз.

Мәслихаттар жергілікті бюджет қаражатының тиімді бөлінуіне, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне және аймақтардың даму басымдықтарының айқындалуына ықпал ететін институт саналады. Жергілікті деңгейде депутаттық корпусты жаңартып, мәслихат құрамына жастарды, жаңа көзқарас иелерін де тарту маңызды.

Жалпы, мәслихаттарды сарапшылар жергілікті басқару жүйесін жетілдіруге арналған мүмкіндік ретінде қарастырады. Өңірлердің өзекті мәселелерін шешуге, бюджет ашықтығын арттыруға мәслихат депутаттары ықпал ете алады. Етуі тиіс.

Сонымен жақында барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттілігі тоқтап, мәслихат сайлауы болады деуге негіз бар.
👍35🥴16🖕13🤬7🤪4❤2🤣2😡2
Forwarded from Mezgil.kz
Трамп тыпырши бастады. Сауалнамалар не дейді? Дональдтың жағдайы мәз емес…

Конгресс сайлауы келе жатыр. Республикалықтар жеңіліп, Трампқа импичмент жариялана ма?

АҚШ қанша дизель өндіреді? Ресейдің жанармайы бағаны түсіре ме? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9094
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏88👍20🔥3❤2🤔1
Елімізге Бельгия патшасы Филипп пен патшайым Матильда келді.
 
Мәртебелі меймандардың құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның Мемлекеттік Туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті. Кең ауқымды келіссөздер өтпек.

Бельгия жалпы әлемдік саясатта үлкен рөл ойнайды. ЕО мен НАТО-ның “жүрегі” деп те атап жатады. Ал Бельгияда Еуропадағы ең үлкен порттар орналасқан.
👍107👏15🤪6🤷‍♀4❤2🔥2🐳1🤨1🍾1🖕1
АҚШ-та жеті сенатор Трампқа үндеу жасап, Путинмен жасасқан келісімнен дереу бас тартуға шақырды. Оның төртеуі республикалық, үшеуі демократ. Олар аталған шешім Конгресстің 2022 жылғы “ресейлік жанармайды сатып алмау” туралы заңына қайшы дейді.
👍278❤9👏5🔥2🍾2🤝2🤔1
БАҚ: 2026 жылдың 9 айында Ұлттық қорға мұнайдан 3,43 трлн теңге түсті. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 600 млрд теңгеге көп деген сөз.
👍153👏17🤪10❤3🤨3🖕2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Самарқандқа АҚШ-тан әйгілі блогер MrBeast келіп, шу шықты. YouTube платформасындағы ең танымал блогерді мыңдаған адам көруге келген. Олар бір-бірін таптап кете жаздаған. MrBeast (Джеймс Стивен) YouTube-те өте танымал. Оның арнасына 500 млннан астам адам жазылған.
🤣113🤪13❤9😁6😱4😐3
“Яндекстің” дата орталықтарына жасалған шабуылдан кейін, интернетте украиндарды жамандайтын поляк аккаунттары мен поляктарды жамандайтын украин аккаунттары күрт азайыпты. Германияның AfD партиясын қолдаушылар да, Трампты жақтайтын парақшалардың да белсенділігі түсіп кетіпті.

Бұл туралы поляк сарапшысы Вольский айтты.
👍180🤣42😁9🔥7❤5🤨3👏2
“Яндекс” жүйесіндегі ақаудан кейін, еліміздегі такси қызметін отандық қосымша арқылы дамыту тақырыбы желіде кең талқыланып жатыр.

Мысалы “Арба”, “APARU”, “TezTaxi”, “Сұңқар” деген қосымшалар аймақтар мен қалаларда қолданысқа ие дейді көпшілік.

Сіз жақта такси шақыруда қандай қосымшаны көп қолданады?
👏168👍37❤7
БАҚ: Әзербайжан билігі биыл мектеп оқушыларына арналған форманы міндетті етті. Осылайша күнделікті еркін форма немесе діни киім киюге қатаң тыйым салынды. Оқушылар хиджаб киіп, мектепке келе алмайтыны айтылды. Бұл кей ата-ананың қарсылығын туындатты.

Олар мектепке оқушылар хиджабпен баруға рұқсат етілсін деп талап қойды. Ондаған ата-ана осы талапты қойып, мектептерге басып кірген. Мектептің мүлкін қиратып, есік пен терезесін сындырып, мұғалімдерді жағадан алған. Қазір 37 адам ұсталып, іс ашылды.
👍107😱37👎15🤨5😁4❤3