PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
WSJ: Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман күзетін күшейтті. Ол сарай күзетшілерінің санын көбейтіп, бос уақытын бункерде өткізетін болған. Қоғамдық орындар мен жиындарға баруды азайтты. Осылайша ол хуситтердің жанкештілерінен, Иранның арнайы күштерінен сақтануда.
🤣85👏12😁5🤪3❤1🤔1😱1
Түнде оккупациядағы Қырымда “Гвардейское” әуежайына шабуыл жасалды. Оннан астам жарылыс болған. Бұл әуежай арқылы Ресей реактивті дрондарды ұшырып, Украинаны шабуылдаумен келеді.
👍140🔥18👏17
Axios: “Трамп ұсынған энергетикалық келісім ең алдымен тараптардың МӨЗ-деріне қатысты. Яғни, Ресей Украинаның, ал Украина Ресейдің МӨЗ-дерін атқыламауы тиіс. Кейін энергетикалық келісім басқа салаларға да қатысты жасалуы мүмкін.”

Украинада 6 үлкен МӨЗ бар. Оның бесеуі 2022-ге дейін түрлі себеппен жұмысын тоқтатты. Ал 2022-ден бастап Ресей Кременчугтегі жалғыз жұмыс істеп тұрған МӨЗ-ге ондаған соққы жасап, істен шығарды. Бір сөзбен айтқанда Украинада қазір жұмыс істеп тұрған үлкен МӨЗ жоқ. Ал Ресейде кемі 34 үлкен, 40-тан астам кіші МӨЗ-дер бар.

Трамп сонда Украинаға “ресейлік МӨЗ-дерді атқылама” дейді де, ал қарымтасын іс жүзінде Киевке ештеңе ұсынып отырған жоқ.
🤬160❤7🖕6😡4🤣3🔥1🤔1🤨1
Мәслихаттар жаңарады…

Құрылтай өз жұмысын бастағалы бір айдан асты. Халықтық Кеңестің де құрамы бекітілді. Енді қалғаны мәслихаттар еді. Оның да құрамы жақында жаңарады деуге болады.

Бүгін президент премьермен және Құрылтай төрағасымен кездесіп, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультациялар өткізді. Осылайша олардың да ұсыныстарын жинақтап, алдағы уақытта шешім қабылдайтынын айтқан. Демек, жақында мәслихат сайлауы болады деген сөз.

Мәслихаттар жергілікті бюджет қаражатының тиімді бөлінуіне, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне және аймақтардың даму басымдықтарының айқындалуына ықпал ететін институт саналады. Жергілікті деңгейде депутаттық корпусты жаңартып, мәслихат құрамына жастарды, жаңа көзқарас иелерін де тарту маңызды.

Жалпы, мәслихаттарды сарапшылар жергілікті басқару жүйесін жетілдіруге арналған мүмкіндік ретінде қарастырады. Өңірлердің өзекті мәселелерін шешуге, бюджет ашықтығын арттыруға мәслихат депутаттары ықпал ете алады. Етуі тиіс.

Сонымен жақында барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттілігі тоқтап, мәслихат сайлауы болады деуге негіз бар.
👍35🥴16🖕13🤬7🤪4❤2🤣2😡2
Forwarded from Mezgil.kz
Трамп тыпырши бастады. Сауалнамалар не дейді? Дональдтың жағдайы мәз емес…

Конгресс сайлауы келе жатыр. Республикалықтар жеңіліп, Трампқа импичмент жариялана ма?

АҚШ қанша дизель өндіреді? Ресейдің жанармайы бағаны түсіре ме? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9094
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏88👍20🔥3❤2🤔1
Елімізге Бельгия патшасы Филипп пен патшайым Матильда келді.
 
Мәртебелі меймандардың құрметіне Әскери әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның Мемлекеттік Туларын желбіретіп, Ақорда алдынан ұшып өтті. Кең ауқымды келіссөздер өтпек.

Бельгия жалпы әлемдік саясатта үлкен рөл ойнайды. ЕО мен НАТО-ның “жүрегі” деп те атап жатады. Ал Бельгияда Еуропадағы ең үлкен порттар орналасқан.
👍107👏15🤪6🤷‍♀4❤2🔥2🐳1🤨1🍾1🖕1
АҚШ-та жеті сенатор Трампқа үндеу жасап, Путинмен жасасқан келісімнен дереу бас тартуға шақырды. Оның төртеуі республикалық, үшеуі демократ. Олар аталған шешім Конгресстің 2022 жылғы “ресейлік жанармайды сатып алмау” туралы заңына қайшы дейді.
👍277❤9👏5🔥2🍾2🤝2🤔1
БАҚ: 2026 жылдың 9 айында Ұлттық қорға мұнайдан 3,43 трлн теңге түсті. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 600 млрд теңгеге көп деген сөз.
👍152👏17🤪10❤3🤨3🖕2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Самарқандқа АҚШ-тан әйгілі блогер MrBeast келіп, шу шықты. YouTube платформасындағы ең танымал блогерді мыңдаған адам көруге келген. Олар бір-бірін таптап кете жаздаған. MrBeast (Джеймс Стивен) YouTube-те өте танымал. Оның арнасына 500 млннан астам адам жазылған.
🤣113🤪13❤9😁6😱4😐3
“Яндекстің” дата орталықтарына жасалған шабуылдан кейін, интернетте украиндарды жамандайтын поляк аккаунттары мен поляктарды жамандайтын украин аккаунттары күрт азайыпты. Германияның AfD партиясын қолдаушылар да, Трампты жақтайтын парақшалардың да белсенділігі түсіп кетіпті.

Бұл туралы поляк сарапшысы Вольский айтты.
👍179🤣42😁9🔥7❤5🤨3👏2
“Яндекс” жүйесіндегі ақаудан кейін, еліміздегі такси қызметін отандық қосымша арқылы дамыту тақырыбы желіде кең талқыланып жатыр.

Мысалы “Арба”, “APARU”, “TezTaxi”, “Сұңқар” деген қосымшалар аймақтар мен қалаларда қолданысқа ие дейді көпшілік.

Сіз жақта такси шақыруда қандай қосымшаны көп қолданады?
👏168👍37❤7
БАҚ: Әзербайжан билігі биыл мектеп оқушыларына арналған форманы міндетті етті. Осылайша күнделікті еркін форма немесе діни киім киюге қатаң тыйым салынды. Оқушылар хиджаб киіп, мектепке келе алмайтыны айтылды. Бұл кей ата-ананың қарсылығын туындатты.

Олар мектепке оқушылар хиджабпен баруға рұқсат етілсін деп талап қойды. Ондаған ата-ана осы талапты қойып, мектептерге басып кірген. Мектептің мүлкін қиратып, есік пен терезесін сындырып, мұғалімдерді жағадан алған. Қазір 37 адам ұсталып, іс ашылды.
👍107😱37👎15🤨5😁4❤3
CNN: Пентагон мен Ақ үй жексенбіде Украина мен Еуропа елдеріне ресми ескерту жолдаған. АҚШ Киевтен ресейлік МӨЗ-дерді атқыламауды талап еткен. Украина талапты орындамаса, онда АҚШ барлау ақпаратын беруді дереу тоқтатып, Киевке қару сатпайтынын айтқан.
🤬119🖕43😡14👍8🤝1
МӘСЛИХАТ…

Бүгін ғана президент премьермен және Құрылтай төрағасымен кездесіп, мәслихаттардың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату жағын талқылаған еді. Тиісті шешімді қабылдайтынын да айтты. Қабылдапты.

Жарлық шығарып, барлық мәслихаттардың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Жарлық күшіне еніп үлгерді.

ОСК шапқылап, жұмысты бастап та кеткен болар. Өйткені Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды.

Сарапшылар бұл саяси жүйені трансформациялаудың соңғы кезеңдері дейді. Конституция өзгерді. Артынша қос палаталы Парламент таратылып, орнына Құрылтай сайлауы өтті. Ассамблея өзгеріп, Халық Кеңесі құрылды. Вице-президент институты қалыптасты. Соңғысы осы мәслихат еді. Енді мәслихат та жаңармақ.

Мәслихат депутаттарының корпусы сайлаудан кейін жаңаруы тиіс. Жергілікті халық білетін, жұрт танитын жандар мәслихатқа барып, бюджетті қабылдау, ауыл/аудан/қаланы дамыту жоспары, әлеуметтік мәселелерге қатысты үн қосып, ұсыныс айтып, ықпал ете алады. Барлық аймақтар мәслихат сайлауына қызу дайындықты бастайды деген сөз.
🤣60🤪15👍11❤4🖕3😐2😡1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Әлгінде, Ресейден оба шығып, әлем жұрты бір дүрлікті. Ресейдің өзі тән алмай, терістеуге тырысқанымен, дүрлікпе әңгіменің дуылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына дейін жетті...

▪РЕСЕЙДЕГІ ОБА ЖӘНЕ КАРАНТИН
▪БОЛЖАМ: РЕСЕЙ ҚАУІПТІ ҚАРУДЫ СЫНАП, ОБА СОДАН ТАРАҒАН...
▪ОБА – ҚАРА ӨЛІМ...
▪XXI СТАТИСТИКАСЫ

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9097
😱61🤨10❤3🔥1🤔1
Песков: “Егер Украина сайлау өткізу шешімін қабылдаса, онда Ресей дауыс беру күні ұрысты тоқтатуға әзір. Яғни, бір күнге”, - дейді.

Ал Зеленский сайлау өткізу үшін кемі 60 күнге ұрыс қимылдары тоқтауы қажет деген еді.
🤬110🤣54🖕32❤2👍1🔥1😡1