PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.2K photos
16.1K videos
7 files
1.69K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
БАҚ: Әзербайжан билігі биыл мектеп оқушыларына арналған форманы міндетті етті. Осылайша күнделікті еркін форма немесе діни киім киюге қатаң тыйым салынды. Оқушылар хиджаб киіп, мектепке келе алмайтыны айтылды. Бұл кей ата-ананың қарсылығын туындатты.

Олар мектепке оқушылар хиджабпен баруға рұқсат етілсін деп талап қойды. Ондаған ата-ана осы талапты қойып, мектептерге басып кірген. Мектептің мүлкін қиратып, есік пен терезесін сындырып, мұғалімдерді жағадан алған. Қазір 37 адам ұсталып, іс ашылды.
👍107😱37👎15🤨5😁4❤3
CNN: Пентагон мен Ақ үй жексенбіде Украина мен Еуропа елдеріне ресми ескерту жолдаған. АҚШ Киевтен ресейлік МӨЗ-дерді атқыламауды талап еткен. Украина талапты орындамаса, онда АҚШ барлау ақпаратын беруді дереу тоқтатып, Киевке қару сатпайтынын айтқан.
🤬119🖕43😡14👍8🤝1
МӘСЛИХАТ…

Бүгін ғана президент премьермен және Құрылтай төрағасымен кездесіп, мәслихаттардың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату жағын талқылаған еді. Тиісті шешімді қабылдайтынын да айтты. Қабылдапты.

Жарлық шығарып, барлық мәслихаттардың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Жарлық күшіне еніп үлгерді.

ОСК шапқылап, жұмысты бастап та кеткен болар. Өйткені Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды.

Сарапшылар бұл саяси жүйені трансформациялаудың соңғы кезеңдері дейді. Конституция өзгерді. Артынша қос палаталы Парламент таратылып, орнына Құрылтай сайлауы өтті. Ассамблея өзгеріп, Халық Кеңесі құрылды. Вице-президент институты қалыптасты. Соңғысы осы мәслихат еді. Енді мәслихат та жаңармақ.

Мәслихат депутаттарының корпусы сайлаудан кейін жаңаруы тиіс. Жергілікті халық білетін, жұрт танитын жандар мәслихатқа барып, бюджетті қабылдау, ауыл/аудан/қаланы дамыту жоспары, әлеуметтік мәселелерге қатысты үн қосып, ұсыныс айтып, ықпал ете алады. Барлық аймақтар мәслихат сайлауына қызу дайындықты бастайды деген сөз.
🤣60🤪15👍11❤4🖕3😐2😡1
Forwarded from Mezgil.kz
‼Әлгінде, Ресейден оба шығып, әлем жұрты бір дүрлікті. Ресейдің өзі тән алмай, терістеуге тырысқанымен, дүрлікпе әңгіменің дуылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына дейін жетті...

▪РЕСЕЙДЕГІ ОБА ЖӘНЕ КАРАНТИН
▪БОЛЖАМ: РЕСЕЙ ҚАУІПТІ ҚАРУДЫ СЫНАП, ОБА СОДАН ТАРАҒАН...
▪ОБА – ҚАРА ӨЛІМ...
▪XXI СТАТИСТИКАСЫ

⬇Толық:
https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9097
😱61🤨10❤3🔥1🤔1
Песков: “Егер Украина сайлау өткізу шешімін қабылдаса, онда Ресей дауыс беру күні ұрысты тоқтатуға әзір. Яғни, бір күнге”, - дейді.

Ал Зеленский сайлау өткізу үшін кемі 60 күнге ұрыс қимылдары тоқтауы қажет деген еді.
🤬110🤣54🖕32❤2👍1🔥1😡1
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
ЕО Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакетін бекітті!

ЕО елдерінің Сыртқы істер министрлері Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне бағытталған санкциялық тізімге 1600-ге жуық жаңа позицияны енгізуді бекітті, деп хабарлады Х әлеуметтік желісінде Еуропалық дипломатия басшысы Кая Каллас.

Оның айтуынша, бұл — соғыс басталғаннан бергі санкциялар тізімінің ең ауқымды кеңеюі.

Позициялардың жартысынан астамы баллистикалық зымырандардың өндірістік тізбегімен байланысты.

«Біз Ресейдің украиндарды өлтіру үшін пайдаланатын қару-жарақты өндіруін айтарлықтай қиындатамыз, баяулатамыз және қымбаттатамыз», — деп атап өтті Каллас.
👏157🔥23👍15❤6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ 48 сағаттың ішінде Еуропаға 20 жанармай құюшы ұшақты жіберді. Ұшақтар артынша Таяу Шығысқа аттанбақ. Сарапшылар бұл әрекетке қарап, “әне-міне Иранға қайтара соққы жасалуы мүмкін” дейді.
👍85🤬57😡8🤔5👏3🤨3😐3❤2🤣2
БАҚ: ЕО Starlink-ке балама болатын IRIS-2 жүйесін іске қосып, 2029 жылы толықтай спутниктік бақылауды дербестендіретінін мәлімдеді.
👍206👏23❤5🔥5🤔2
Әзербайжандағы мектеп формасына қатысты дау ушықты. Кей ата-аналардың “мектепке балалар хиджабпен баруына рұқсат етілсін” деген талабы стихиялы митингке ұласты. Қала көшелерінде “Хиджаб рұқсат етілсін!” атты жазулар пайда болуда. Оқушылар мен ата-аналар сол ұранды қайталап, айғайлап жатыр. Стихиялы митинг Әзербайжанның бірнеше тұсында болған.
🤬90👍72🖕14❤5🤣5🤨3👎2😱2🤔1😍1🌚1
Трамп былай дейді: “ЕО елдері ресейлік энергияны сатып алуға 250 млрд доллар жұмсады. Ал біздің фейк таратушы БАҚ-тарымыз ол жайлы айтпайды. Мен АҚШ халқының мүддесі үшін дұрыс таңдау жасадым. АҚШ-тың мүддесі бірінші орында тұрмақ”, - дейді.
🤣124🖕49❤3😡3😁2🤬2👍1🤨1
Марапат…Рамзан Қадыровқа Шешенстандағы теміржол желісін дамытуға қосқан үлесі үшін “Құрметті теміржолшы” медалі табысталды.

ҚТЖ-ның бір дөңгелек үстеліне шақырып жіберу керек еді..
🤣237😁3❤1