Ресей түнде Украина аумағын жаппай атқылады. Алғаш рет Кировоград аймағы жаппай соққыға ұшырады. Аймаққа 360-тан астам дрон шабуыл жасаған. Аймақтағы Кропивницкий қаласы негізгі нысана болған. Қалада тұрғын үйлер, теміржол желісі, қоймалар, көлік тұрағы отқа оранды. Үш адам қаза тапқан.
🤬131😡19❤2😢1
FT: АҚШ Ресейдің бұғатталған активтерін арнайы шотқа аударып, АҚШ-тың басқаруына беруді сұраған. Осылайша бұғатталған активтің бір бөлігін Ресейге беру арқылы келіссөздерді бастауға болатынын меңзеген. Бұл ұсынысты Еуропа елдері мен Украина бірден кері қайтарған.
🖕165😡18❤14🤬9🤣7👍3🤨2
Reuters: Трамп әкімшілігі сайлауға дейін дизель бағасын түсіру жолдарын іздеуде. Енді Уашиңтон Ресейдің, Иранның және Венесуэланың мұнайын тасыған әлемдегі көлеңкелі флотқа салынған санкцияны уақытша жеңілдету идеясын талқылап жатыр. Әңгіме Ресей мен Ираннан шығатын шикі мұнайға қатысты емес. АҚШ көлеңкелі флот Парсы аймағындағы араб елдерінің мұнайын тасуға уақытша мүмкіндік алса дейді. Осылайша АҚШ Парсы шығанағы аймағынан бірнеше партия мұнайды әлемдік нарыққа шығарып, дизель бағасын түсіруді ойластыруда. Тағы бір мысал, мұнай тасымалының қымбаттауына байланысты болып тұр. Қазір әлемде санкцияға ұшыраған танкерлер саны өте көп. Сондай-ақ, Қара теңіз бен Ормуз аймағында жүздеген танкер соққыға ұшырады. Бұл тасымал құнын қымбаттатты. Тізбекті реакциямен дизель бағасы да өсті.
👍55🤣35🤬11❤5🖕4🤓4🤨2🎅1😡1
АҚШ-та бір топ сенатор Пентагон мен Трамп әкімшілігінен жауап алмақ. Олар Starlink жүйесі Украина аумағында еш себепсіз жылдамдығы азайтылып, Украинаның бейбіт халқы мен Украинадағы америкалықтарға қауіп төнді дейді. Бұл іске қатысты Пентагон мен Ақ үй Конгресс алдында және АҚШ халқының алдында түсініктеме беруі тиіс деуде.
👍232💯40❤5👏3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Малиде азамат соғысы жалғасуда. JNIM (Жамағат Нұсрат әл-Ислам уәл Муслимин) лаңкестік тобы Мали әскерінің Диура аймағындағы базасына шабуыл жасады. Шабуыл барысында базаны басып алған. Шайқаста 150-ге жуық сарбаз қаза тауып, тағы 80-і тұтқынға түскен. Жүзге жуық сарбаз әскери позициясын тастап, қашып кеткен.
😱82🔥7🤬3❤2🤨1
Албания елінде де наразылық акциялары өтуде. Наразылықты студенттер ұйымдастыруда. Олар білім алу қолжетімді болсын дейді. Сонымен бірге, студенттерді қаржылай қолдау да күшейтілсін деген ойда. Қазір Албаниядағы жастардың 25 пайыздан астамы жұмыссыз. Сол үшін жұмыссыздық мәселесін шешуді де сұрауда. Наразы топ президент қызметінен кетсін деген ұранды да айтқан. Наразылық акциялары Білім және ғылым министрлігі алдында өтуде.
😱46🔥26❤7👍7🤨2
Трамп Канада туралы: "Түптің түбінде олар біздің бір штатымыз болады. Мен солай ойлаймын. Бізге олардың керегі жоқ, бірақ оларға біз керекпіз. Не үшін біз оларға жыл сайын 80-100 млрд доллар қаржы бөлуіміз керек? Олар тіпті біздің аймағымыз да емес. Менің ойымша, түбінде Канада Гренландия жолымен жүретін болады", - дейді.
🖕103🤣61👍9😡5❤1🤨1
Зеленский Трамптың энергетикалық келісімін үш күн бұзбағанын айтты. Алайда Ресей шабуыл жасауды жалғастыруда дейді. Соған байланысты енді Ресейдің МӨЗ-дерін, энергия саласын атқылауды қайта бастаймыз деді.
👍237💯39👏14🔥10❤3
Түркия су астында қалды. Толассыз жауған нөсер жауын Түркияның бірнеше аймағындағы өзендерді арнасынан асырып, су тасқыны болып жатыр. Ыстамбұл қаласы да табиғи қиқар мінезін сезінуде.
😱94👍3🤣2❤1
Пәкістанда мектептің шатыры опырылып, 29 адам көз жұмды. Олардың 28-і бала.
😱99🕊6❤4😢2🤨1