Түркия су астында қалды. Толассыз жауған нөсер жауын Түркияның бірнеше аймағындағы өзендерді арнасынан асырып, су тасқыны болып жатыр. Ыстамбұл қаласы да табиғи қиқар мінезін сезінуде.
😱94👍3🤣2❤1
Пәкістанда мектептің шатыры опырылып, 29 адам көз жұмды. Олардың 28-і бала.
😱99🕊6❤4😢2🤨1
Украина әуе шарлары арқылы Мәскеудің әуежайларын бұғаттауды жалғастыруда. Үш күнде 400-ден астам рейс шегерілген. Кейбірі мүлде тоқтатылған.
Мыңдаған адам ондаған сағат бойы әуежайларда жатыр. Көбі турларының, бизнес кездесулерінің іске аспай, шығынға батқанын айтуда.

👍177👏29🔥10❤2🍾2🦄2
PARANOIA.KZ
Украина түнде Воронеж аймағындағы Борисоглебск әскери әуежайына соққы жасады. Бұл осы соғыстағы аталған әуежайға жасалған ең ауқымды шабуыл. Украина “Нептун” зымырандарын қолданған дейді ақпарат көздері. Шабуылда 6 дана Су-34 ұшағы жойылғаны айтылуда.
Су-34М ұшақтарының құны 50 млн долларға жуық. Егер түнгі соққыда аталмыш ұшақтың бірден 6 данасы жойылғаны спутник түсірілімдерімен расталса, онда бұл ауқымды операцияның бірі ретінде тіркелмек.
🔥180👏40👍38❤3🍾3🤯1
Forwarded from Mezgil.kz
‼АҚШ президенті Дональд Трамптың соңғы апталардағы күрделі саясаттағы күрт бұрылысы әлемдік ақпарат кеңістігін әрі-сәрі күйге түсірді. Ресеймен «мұнай келісімін» жасасқан Трамп өзін-өзі ақтау үшін «бар бәлеге» Киевті һәм президент Зеленскийді айыптап, «Украинаға жаңа басшы керек» деген Ресей риторикасын қайта қоздатты...
▪ТРАМП НЕГЕ ЗЕЛЕНСКИЙГЕ ШҮЙЛІКТІ?
▪КИЕВТІҢ ЖАУАБЫ: ПОЗИЦИЯДАН АУЫТҚЫМА, ТРАМП!
▪УКРАИНАНЫ ЗЕЛЕНСКИЙДЕН КЕЙІН КІМ БАСҚАРАДЫ?
⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=9121

mezgil.kz
Зеленскийден кейінгі президент: Украина енді Ресейге бас имейді!
👍54🤣31❤8🤨5🤔1🖕1
PARANOIA.KZ
Су-34М ұшақтарының құны 50 млн долларға жуық. Егер түнгі соққыда аталмыш ұшақтың бірден 6 данасы жойылғаны спутник түсірілімдерімен расталса, онда бұл ауқымды операцияның бірі ретінде тіркелмек.
Ресейдегі Борисоглебск әскери әуежайына жасалған соққының спутник түсірілімі жарияланды. Сарапшылар кемі 4 дана Су-34 толық отқа оранып, тағы екеуі жарамсыз күйге түскен дейді.
🔥181👏39👍22❤8🍾2
PARANOIA.KZ
Бакуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммиті өтуде. Саммитке әлемнің ондаған елінің басшысы қатысуда.
Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Израиль қарым-қатынасы қарқынды сипат алғанына тоқталды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ден қоя отырып, маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады.
Ицхак Герцог Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, бұл оқиғаның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосылған зор үлес екенін атап өтті.
Ақпарат: Ақорда арнасынан

👏76👎61🤨7❤4🤝4🥴2👍1
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
Ресейлік репер Қазақстанда есірткімен ұсталды...
Қордайда есірткі контрабандасы күдігімен ресейлік рэпер Navai ұсталды.
Жамбыл облысында шекарадан өтпек болған танымал ресейлік рэпер Navai (шын аты-жөні — Наваи Бахманоғлы Бакиров) есірткі контрабандасы бойынша күдікке ілініп, ұсталды. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға 13 қазанда «Қордай» өткізу пунктінде болған. Шекаралық бақылау барысында әнші отырған көлік тексеріліп, ішінен заңсыз есірткі заты табылып, тәркіленді. Әзірге тәркіленген заттың нақты қай түрі екені және оның көлемі туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, рэпермен бірге көлікте болған тағы екі адам жауап алынғаннан кейін босатылған.

👏54😡35🤬8😐6❤3🤪3