PARANOIA.KZ
11.8K subscribers
17.2K photos
16K videos
7 files
1.68K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Бакуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммиті өтуде. Саммитке әлемнің ондаған елінің басшысы қатысуда.
👍117🤝9🤨7🤣4❤2
PARANOIA.KZ
Бакуде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммиті өтуде. Саммитке әлемнің ондаған елінің басшысы қатысуда.
Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Президенті Ицхак Герцогпен кездесті.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Израиль қарым-қатынасы қарқынды сипат алғанына тоқталды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ден қоя отырып, маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады.

Ицхак Герцог Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, бұл оқиғаның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосылған зор үлес екенін атап өтті.

Ақпарат: Ақорда арнасынан
👏76👎61🤨7❤4🤝4🥴2👍1
Forwarded from Usbanov ARNASY (Nurgeldi Usbanov)
Ресейлік репер Қазақстанда есірткімен ұсталды...

Қордайда есірткі контрабандасы күдігімен ресейлік рэпер Navai ұсталды. 

Жамбыл облысында шекарадан өтпек болған танымал ресейлік рэпер Navai (шын аты-жөні — Наваи Бахманоғлы Бакиров) есірткі контрабандасы бойынша күдікке ілініп, ұсталды. Бұл туралы өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 13 қазанда «Қордай» өткізу пунктінде болған. Шекаралық бақылау барысында әнші отырған көлік тексеріліп, ішінен заңсыз есірткі заты табылып, тәркіленді. Әзірге тәркіленген заттың нақты қай түрі екені және оның көлемі туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, рэпермен бірге көлікте болған тағы екі адам жауап алынғаннан кейін босатылған.
👏53😡35🤬8😐6❤3🤪3
CNN: АҚШ Иранға “бомбалардың анасы” атанған 9,8 тонналық бомбаны тастауы мүмкін. Қазір Пентагон GBU-43/B MOAB бомбасын қолдануды ойластырып жатыр. Бомба Иранның Пикакс тауындағы ядролық нысанына тасталуы мүмкін.
👍100🤬64😡9❤7🤨7🖕7👏4🤔4😱4🤣2👀1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты.

Президенттер Каспий теңізінің түбі арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салтанатты түрде іске қосты.

Жобаны «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom компаниясы бірлесіп жүзеге асырды.

Бұл желі Қазақстанды және Орталық Азияның басқа елдерін, сондай-ақ Қытайды Еуропамен жалғайтын жаңа байланыс бағытының бір бөлігі саналады. Ол Жерорта теңізі мен Қара теңізде орналасқан байланыс жүйелеріне қосылуы мүмкін.
 
Жоба Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту тұрғысынан стратегиялық мәнге ие. Атап айтқанда, ТОБЖ елімізде қосымша халықаралық байланыс желісін іске қосып, отандық нарыққа жаһандық технологиялық компанияларды тартуға және бұлтты сервистер мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды.

Ақпарат: Ақорда арнасынан
👏138🔥31❤15🤨7🖕5👍2🤬1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Хуситтер Йеменнің Аден аймағындағы президенттік ғимаратқа соққы жасады. Екі адам қаза тапқан.
👎39🤬34👍16🤨3❤2🔥1👀1😡1
CNN: Украинада Patriot-қа арналған зымырандар қоры таусылды. Жақын аралықта АҚШ-тан бұл зымыран түрлерінің келуі екіталай. Жалпы әлем бойынша Patriot-қа арналған зымырандардың қоры азайған.
😢77😨33😱19🤨7❤2
Bloomberg: Ұлыбритания Украинаға Storm Shadow зымырандарын жеткізеді. Саны құпия сақталуда. Украина бұл зымырандарды ресейлік әскери қолбасшыларды жою, штабтарды атқылауда қолданып келеді. Соңғы мәрте Донецктегі әскери штабты атқылап, 20-дан астам офицерді жойған болатын.
👏190🔥51👍19❤6🍾3
Трамп Newsmax-ке сұхбат беріп, Зеленскийді қатаң сынға алды.

Украинаның ресейлік МӨЗ-дерді атқылауын “масқара әрекет” деп атады.

“Зеленскийге қарағанда Путинмен істес болған әлдеқайда жеңіл” дей отырып, Украинада сайлау өткізу керектігін айтты. Украина мен Ресей түбі келісім жасасатынын, алайда Зеленский тұрған сәтте келісу қиын екенін меңзеді.
🖕221🤬44🤣35👍6👎3😁2😡2🤨1
Ресей түнімен Украинаның аймақтарын атқылады. Ровно қаласында “Экватор” сауда үйін соққылаған. Волыньде аммиак кешеніне соққы жасалды. Ауаға зиянды зат бөліну қаупі бар. Киевтің төрт ауданында жарық және су жүйелері уақытша өшірілді. Украинаның батысында бірнеше аймақта электр жарығы сөндірілді. Харьковке бомба түсіп, екі бейбіт тұрғын көз жұмды.
🤬143😡6❤5🔥3
Ресей 2035 жылы Айға алғашқы АЭС салатынын мәлімдеді. Жобаны “Росатом” іске асырады дейді.
🤣278🖕48💊14🦄3👏2✍1
Трамп: “Қырым деген керемет жер. Оның төрт жағалауын да мұхит суы шайып жатыр”.

География мұғалімі: Отыр! Екі!
🤣195😁22❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Трамп: “Путин Киевті бір күнде алар еді. Алайда бір генерал бағытын өзгертіп, танк колоннасы батпаққа батып қалды”, - дейді.

Бұл сөзді бесінші сұхбатында қайталап айтып отыр…
🤣225🖕27😁18💊12🤪6❤1
Трампты ашық қолдап, сайлауда барынша жақтасқан, MAGA-блогер, АҚШ қоғамында кеңінен танымал журналист Лора Лумер Трамптың ұстанымын сынады.
 
«Зеленский Украинаның президенті болса да, болмаса да маңызды емес. Өйткені Путиннің мақсаты Украинаны тұтас басып алу. Артынша ол Польшаны, Латвия, Литваны басып алып, тұтас Еуропаға қарай бағыт алады. Тіпті дәл ертең Украинада сайлау өтсе де, Путин соғысты жалғастыруға себеп табады. Украина Ресейге басып кірген жоқ. Ресей басып кірді. Зеленскийді қызметінен алып тастау ресейлік империализмді тоқтатпайды. Мәселе Зеленскийде емес. Мәселе Путинде. Үнемі солай болған», - дейді ол. 
👍262💯60❤6🔥5😐1
The Wall Street Journal: АҚШ-тың сенаторлары (республикалықтар) екі апта бұрын Зеленскийге арнайы ұсыныспен келген. Украина Ресейдің 300 шақырым ішкі аумағына Starlink-ті пайдаланып, соққы жасау мүмкіндігін алады. Ал қарымтасына Киев ресейлік МӨЗ-дерді соққыламауы тиіс.
 
Зеленский бұл ұсынысқа қарсы еместігін білдірген. Киев ресейлік МӨЗ-дерді 100 күн атқыламауға келісетінін айтқан. Украина Starlink көмегімен ресейлік аумақты атқылау мүмкіндігіне ие болса, Киев шекара маңындағы ресейлік әскери әуежайларды, базалар мен қоймаларды, зымыран ату қондырғыларын жаппай соққылау мүмкіндігін алар еді.
👍155🔥12🤨6🤣3❤2👏1
Tesla тағы да әлемді таңдандыруда. Бұл жолы ұшатын Roadster көлігін таныстырды. Спорткар әуеде бірнеше мәрте айналып, бір секундта 96 шақырым жылдамдыққа ие болады. Көлікті таныстыру және сынақтан өткізу SpaceX полигонында өтті. Көліктің астыңғы бетінде арнайы қалақшалар бар. Бұл қалақшалар көлік әуеде айналған сәтте тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Маск көлікті жаппай шығаруды 2028 жылға көздеп отыр. Бірден үш нұсқасын сатылымға шығармақ. Соның ішіндегі ең қуаттысы Rocket спорткары (ұшады) болмақ. Алайда көлікті қарапайым жолда жүргізу қиын болғандықтан, арнайы рұқсат керек болады дейді ол.
👏79😱18🤨7❤3👍2🖕2🌚1
Forwarded from Mezgil.kz
Украина 56 түрлі зымыран мен дронын көрсетті. Оның ішінде ұрыс жағдайында қолданылып жүрген «Фламинго», «Рута», «Пекло», «Нептун», «Паляниця» қарулары да бар еді.

Украинаның қарулары қаншалықты қауқарлы? Ұшу қашықтығы қандай? Сипаттама деңгейі ше?

Әр қару қандай нысаналарды жоюға арналуда? Зымырандар қашан жаппай шығарылады? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9127
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍98👏15🔥5⚡2❤1