PARANOIA.KZ
Сайлау 27-қазанда өтеді. Кей сарапшылар оппозицияның мүмкіндігі жоғары дейді. Гади Айзенкот — оппозицияның басты үміткерлерінің бірі. Оның «Яшар» партиясы соңғы сауалнамалардың бірқатарында жеке партиялар арасында алда келеді. Сайлаудағы негізгі бәсеке Нетаньяху…
Сарапшылар Трамптың Нетаньяхуды қолдайтын жазбасынан кейін, Нетаньяхудың билікте қалу мүмкіндігі артқанын болжауда. Себебі Израиль тарапы АҚШ-тың әскери қолдауынан айырылғысы келмейді дейді.
🤬68👍38💯8🤨5❤2
Ауғанстан-Пәкістан шекарасында тәлібтер мен пәкістандық шекарашылар арасындағы атыс-шабыс жалғасуда. Қос тараптан да қаза тапқандар бар.
🤣39🤨19🤬16🦄3❤2
Ресей түнде Украинаны баллистикалық зымырандармен соққылады.
Киевтегі «Чернигов» метросының станциясына, «Cosmo Multimall» сауда үйіне, медициналық орталыққа соққы жасаған. Қаладағы ТЭЦ-5 пен ТЭЦ-6 кешендері де шабуылға ұшырады.
Ирпень маңында екі қоймаға зымыран түскен.
Киевтегі «Чернигов» метросының станциясына, «Cosmo Multimall» сауда үйіне, медициналық орталыққа соққы жасаған. Қаладағы ТЭЦ-5 пен ТЭЦ-6 кешендері де шабуылға ұшырады.
Ирпень маңында екі қоймаға зымыран түскен.
🤬125😡12🤣1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ресей Ровно қаласын атқылауда. Реактивті дрондармен шабуыл жасауда.
Украина реактивті дрондарды қағып түсіретін дронқаққыштарды қолдана алмай жатқанын айтуда. Өйткені Starlink жылдамдығы 160 шақырымда шектеулі тұр.
Украина реактивті дрондарды қағып түсіретін дронқаққыштарды қолдана алмай жатқанын айтуда. Өйткені Starlink жылдамдығы 160 шақырымда шектеулі тұр.
🤬143😡9😢2🤣2❤1
БАҚ: АҚШ түнде Украинаға Ресейдің баллистикалық шабуылы жайлы кезекті мәрте ескерткен жоқ.
🤬155🤣7🤔5❤2
БАҚ: Демократтар Конгрессте басымдыққа ие болса, Трампқа қатысты бірнеше тексеріс өткізбек. Қор нарығын құбылту арқылы жеке пайда табу, сыртқы саясатта АҚШ-тың мүддесіне қайшы әрекеттер жасау, “Эпштейн ісі” бойынша жариялымдарды толық жарияламау себебін анықтау және басқа.
🤝136👏58👍43🔥7❤2🤨2🤬1💯1
Берлинде жүздеген адам Әзербайжан елшілігі орналасқан көшеде митинг өткізді. Митингке Иран, Әзербайжан, Германияның туын көтеріп келген көпшілік "Әлиев диктатор!", "Хиджабқа рұқсат етілсін!" деп ұрандатқан.
🖕80👍65🤣21👎7🤨6❤1
Венгрияда Петер Мадияр мен Виктор Орбан арасындағы "айқас" күшейді. Петер Мадиярдың сөзінше, Орбан оппозиция өкілдерін билікке қарсы қарулы көтеріліс жасауға үндеген. Ал Орбан бұл мәлімдемені жоққа шығарып, "менің сөзімді бұрмалап тұрсың" деді. Мадияр "қарулы көтеріліс жасаудың жазасы 5 жылдан бастап өмір бойына дейін сотталуға әкелмек" деп сес көрсетті.
👍143🤨5☃4
Айтпақшы, Трамп кеше Зеленскийді айыптап, тағы да табақтай етіп пост жазды. "Мен соғысты аяқтау үшін барымды салудамын. Ресей қазір Иранға көмектесіп жатқан жоқ. Есесіне әлемге арзан дизель шығаруда. Осы сәтте Зеленский Ресейдің МӨЗ-дерін соққылап, дизель бағасын шарықтатып жіберді. Бұл әлемге, АҚШ-қа зиянды әрекет. Жалпы Зеленский соны біле тұра өз әрекетін жалғастыруда. Зеленский соғысты аяқтағысы келмейді. Ешқашан аяқтауды ойламаған да болар. Ол осыдан екі жыл бұрын өзіне тиімді шарттармен соғысты аяқтай алар еді, олай етпеді. Мен соғысты аяқтауды қалаймын", - деді қысқасы.
🤣142🖕58🤬17💊7🤨5❤4👍2
Франция. Париж көшелеріндегі көрініс. Дарт Вейдерге де жан керек...
🤣91🤨4❤2