PARANOIA.KZ
11.7K subscribers
17.3K photos
16.1K videos
7 files
1.69K links
Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Download Telegram
Forwarded from Mezgil.kz
‼Әлгінде ғана Ресей тарабы елпініп шығып, желпініп тұрып ұсыныс айтты. Ресей, Қытай мен АҚШ лидерлерінің үшжақты кездесуін өткізуді ұсынды. Кремль сөзінше, кездесу Қытай жерінде, қараша айында өтпегі ләзім.

▪КРЕМЛЬ ҚАЛАУЫ – «ЯЛТА 2» ФОРМАТЫ...
▪ТРАМПТЫҢ ДА ӨЗ ШАРТТАРЫ БАР...
▪ҚЫТАЙ ТАРАБЫ НЕ ДЕЙДІ?
▪УКРАИНА: РЕСЕЙ ӘЛЕМДІК ДЕРЖАВА ЕМЕС!

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=9151
👏34🖕25❤5🤨4🤪2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
УЛЬТИМАТУМ!

Макронға күтпеген тұстан жойқын соққы жасалды. Көше бұзақыларын тоқтата алмай жатқан сәтте, бүйірден “Путин отряды” аямай ұрып жіберді.

“Басшылықтан кет! Францияны құртып жатсың!” дейді.
🤣172😁16💊13👍1
Forwarded from Mezgil.kz
‼АҚШ президенті Трамп пен оның командасы Ресей мен Украина арасындағы алапат отты сөндіре алмай, тараптарды бітімге келтіре алмай жатқаны белгілі.

▪АҚШ ПЕН УКРАИНА ОСЛОДА КЕЛІСІМ ТАБА МА?
▪ЕУРОПА ҰСЫНЫСЫ: ЖЕРГЕ – АҚША НЕМЕСЕ НАТО-ҒА МҮШЕЛІК...

⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=9152
🤔33🤨8❤2
Вучич: “Үшінші дүниежүзілік соғыс болады. Болмай қалса таңданар едім”.
😱79🖕28😡7💊5👍4❤1🤣1🤨1
POLITICO: Демократтар сайлауда басымдыққа ие болып, Өкілдер палатасында көпшілікке айналса, Илон Маскке қатысты тексеріс жүргізуді жоспарлауда. Маскты DOGE криптовалютасындағы түсініксіз әрекеттер, шенеуніктерді негізсіз жұмыстан қысқарту, Starlink-тің Украина соғысындағы рөлі және басқа бойынша тексермек.
👏172👍17❤5🤨3
19-қазандағы көрсеткіш бойынша, Трамптың рейтингі рекордтық деңгейге құлдыраған. Оның экономикалық саясатын құптамайтындар көрсеткіші 68 пайызға жетті.
👍211👏16❤5🤨2
Financial Times: Франциядағы наразылықтардан келген шығын 1,2 млрд еуро болуы мүмкін. Наразылық барысында бұзақылар Louis Vuitton, Hermеs, Apple және басқа брендтердің дүкендерін тонаған. Кемі 3 мыңнан астам дүкен, мейрамхана шығынға ұшыраған.  
😱61😐42🤬4👍2🤨2
Трамп сайлау қарсаңында Республикалық партияны жарнамалау, насихаттау үшін кемі 400 млн доллар бөлетінін айтты. Бұл қаржы кездесулер өткізу, жақтастар форумын ұйымдастыру, жарнама беру үшін қолданылады дейді.
🤣94🤬20🖕20💊7🤨3❤1
Energy Intelligence және Kplerдің ақпараты бойынша, Баб әл-Мандеб бұғазы арқылы мұнай тасымалдау көлемі рекордтық деңгейде азайып кеткен. Әсіресе қазан айында тасымал көлемі күрт түскен. Бұл Йемендегі қақтығыспен және хуситтердің әрекетімен тікелей байланысты.
 
Қазан айында бұғаз арқылы орта есеппен 500 мың баррель мұнай тасымалданған. Қыркүйек айында бұл көрсеткіш 3,2 млн баррель, ал маусымда 6,8 млн баррель болған. Яғни, төрт айдың ішінде 13 есеге азайған.
😱49🤣10❤6🤨5👍3☃1
Украина 2028 жылға дейін шекара қорғанысын күшейту жоспарын бекітті. Жаппай ор қазу, айдаһар тістерін қою, миналы алқаптар салу жалғаса бермек. Бұл қорғаныс кешендерін Украина Ресей және Беларусьпен шекаралас аймақтарға, оккупациялық аймақтардың маңына салмақ. Киев Ресеймен қандай келісім жасалса да, Мәскеуге сенім арту қателік дейді.
👍180🔥24👏12💯6❤4👎1🤣1
Al Jazeera: Пәкістан Иранмен шекарадағы бекеттерді жабуда. Қазір Иран үшін маңызды саналатын Тафтан және Габд-Римдан шекаралық бекеттері арқылы сауда жасау тоқтатылды. Бұл маңда 2 мыңға жуық жүк көлігі кезек күтіп, қаңтарылып тұр. Билік шекара бекеттерін жабу себебін түсіндірген жоқ. Бұл лаңкестікпен күрес, қауіпсіздікті күшейту немесе Иранмен келіспеушілік болуы ықтимал.
👍78👎10🤨7❤2👏2🌚1
Fox News: АҚШ Таяу Шығысқа үшінші ұшақтасушысын жіберді. USS Theodore Roosevelt ұшақтасушысы бастаған флот қарашаның соңында Таяу Шығысқа жетуі тиіс. Флот құрамында 10 мың сарбаз бар. Бұл ұшақтасушы аймақтағы USS George H.W. Bush пен USS George Washington ұшақтасушыларының қатарына қосылмақ. АҚШ кемелер аймаққа топтасқан сәтте, Иран мен Йемендегі хуситтерге қарсы операцияны бастауы мүмкін.
👍80👎19🤨6😁5❤3🔥2
Зеленский Норвегияда АҚШ делегациясымен келіссөздер өткізді. Тараптар келіссөздердің жағымды форматта өрбігенін атап өтті. Зеленский АҚШ тарапы 48 сағаттың ішінде Starlink жүйесін толық қалпына келтіретінін, барлау ақпаратын тұтас беретінін айтты. Сонымен бірге, соғыс аяқталған соң, Украинаға НАТО-ның бесінші жарғысына ұқсас кепілдіктер берілетінін мәлімдеді. Тараптар арасындағы келіссөздер әлі жалғаспақ.
👍159👎2🤔2
Түркия билігі Сирия мен Ирактан әскерін шығарудан бас тартты. "Шекараға төнетін қауіп толық жойылған сәтте ғана әскерімізді әкетеміз" дейді Анкара.
🤝92👍45🖕4❤3🤨2👎1💯1
БАҚ: Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Мемлекеттік хаттама қызметінің басшысы Гагик Ваноянды қызметінен босатты. Бұған премьер-министрдің ресми сөзінің мәтініндегі қате себеп болған. Пашинян Жапаровпен кездесу барысында оны Қазақстанның басшысы деп бірнеше мәрте атаған. Өйткені мәтінге солай жазылған еді. Бұл жайттан кейін Пашинян хаттама басшысын қызметінен босатты.
🤣113👏17😁12👍2