Air Astana press-releases
3.09K subscribers
249 photos
3 videos
10 files
262 links
әуекомпанияның БАҚ үшін ресми ақпараты / официальные сообщения авиакомпании для СМИ
Download Telegram
Air Astana продолжает расширение флота

Сегодня в Алматы напрямую с завода-производителя в Тулузе (Франция) прибыл новый Airbus A320neo авиакомпании Air Astana. Самолет обладает двухклассной конфигурацией — 16 мест в бизнес-классе и 132 в эконом-классе.

Прибывший самолет стал десятым воздушным судном типа Airbus A320neo во флоте группы компаний Air Astana, насчитывающем 58 самолетов и преимущественно состоящем из самолетов семейства Airbus.

Несмотря на глобальные вызовы в авиационной отрасли и сложности с поставками, Air Astana продолжает успешно наращивать флот новыми воздушными судами от ведущих мировых производителей. Пополнение авиапарка соответствует стратегии развития Air Astana, направленной на расширение маршрутной сети, повышение операционной эффективности и устойчивого роста.
Air Astana IATA CO2 Connect бастамасына қосылып, тұрақты дамуды ілгерілетуде

Air Astana IATA CO2 Connect бастамасына қосылған Орталық Азия мен ТМД бойынша алғашқы әуе тасымалдаушысы атанып, өңірде тұрақты даму саласындағы жаңа стандартты белгіледі.

IATA CO2 Connect жобасы әуекомпанияларының операциялық деректеріне негізделген көміртегі шығарындыларын есептеуге арналған. Air Astana әлем бойынша бұл бастамаға қосылған 50-ден астам әуе компаниялар қатарына еніп, нақты операциялық деректерді ұсыну арқылы CO2 шығарындыларын есептеудің дәлдігін арттыруға үлес қосады. Бұл авиация саласының 2050 жылға қарай көміртегі шығарындыларын төмендету жөніндегі жаһандық міндеттемесіне сәйкес келеді.

«Климаттың өзгеруіне қарсы бірлескен әрекеттердің авиацияның болашағы үшін маңызды зор. IATA CO2 Connect бастамасына қосылу арқылы біз әлемдік әуе тасымалдаушыларымен бірлесе отырып, бұл өзгерістерге үлес қосатынымызға қуанамыз», – деді Air Astana әуекомпаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостер.

Air Astana-ның IATA CO2 Connect жобасына қатысуы компанияның авиация саласындағы экологиялық жауапкершілігін нығайтып, өңірлік және жаһандық деңгейде тұрақты даму бастамаларын қолдайтынын көрсетеді. Air Astana инновациялық шешімдерді енгізуді, ашықтықты арттыруды және авиацияның тұрақты болашағына үлес қосуды жалғастыруда.
Air Astana присоединилась к IATA CO2 Connect в рамках продвижения устойчивого развития

Air Astana устанавливает новый стандарт в области устойчивого развития, став первым авиаперевозчиком в Центральной Азии и СНГ, присоединившимся к инициативе CO2 Connect Международной ассоциации воздушного транспорта (IATA).

Проект CO2 Connect направлен на измерение выбросов путем сбора точных маршрутно-специфичных данных на основе операционной информации авиакомпаний. Air Astana присоединилась к 50 авиакомпаниям, уже участвующим в IATA CO2 Connect, и будет предоставлять фактические данные для повышения точности расчетов выбросов CO2, тем самым поддерживая глобальные усилия по достижению углеродной нейтральности к 2050 году.

«Будущее авиации зависит от совместных усилий в решении климатических вызовов. Мы рады участвовать в CO2 Connect и вместе с мировыми авиакомпаниями вносить вклад в устойчивое развитие отрасли», — отметил Питер Фостер, главный исполнительный директор Air Astana.


Участие Air Astana в IATA CO2 Connect подчеркивает приверженность авиакомпании продвижению эко-инициатив как на региональном, так и на глобальном уровне. Авиакомпания продолжает внедрять инновационные практики, повышать прозрачность и вносить вклад в коллективную ответственность за устойчивое будущее авиационной отрасли.
Интернетте алаяқтық хабарландырулардан сақ болыңыз

Air Astana интернетте әуекомпания атын пайдаланып, онлайн табыс табуды ұсынатын жалған хабарландырулардың жиілеп кеткенін ескертеді. Бұл ұсыныстар Air Astana-ға ешқандай қатысы жоқ алаяқтық әрекеттер.

Әуекомпания күмәнді табыс табу жолдарына сенбей, сақ болуға шақырады. Алаяқтардың тұзағына алданып қалмаңыз және жеке деректеріңізді қорғаңыз.


Будьте бдительны: мошеннические объявления в интернете
 
Air Astana предупреждает о ложных объявлениях в интернете, обещающих заработок онлайн от имени авиакомпании. Эти предложения являются мошенническими и не имеют никакого отношения к Air Astana.
 
Авиакомпания просит быть внимательными и не доверять сомнительным схемам заработка. Будьте бдительны и берегите свои персональные данные.
Air Astana авиациядағы мансап мүмкіндіктерімен таныстырады

Air Astana компаниялар тобы Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтетін «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысуда. Фестиваль 11-15 ақпан аралығында Астанадағы ЭКСПО аумағында өтеді.

Арнайы жасақталған «Авиация үйінде» қонақтар шеберлік сабақтарға қатысып, ұшқыш, бортсерік, жердегі қызмет көрсету және инженерлік-техникалық қызмет мамандықтары туралы көбірек біле алады. Сондай-ақ Airbus ұшу тренажерінде ұшып көріп, авиация әлеміне ене алады.

Air Astana компаниялар тобында 6 500-ден астам адам жұмыс істейді, олардың 90%-ға жуығы өндірістік бөлімшелерінде. Соның қатарында 1 662 бортсерік, 594 ұшқыш, 506 инженер, техник және механик, сондай-ақ 1 040 жердегі қызмет көрсету маманы бар. Оның ішінде қоймашылар, жүк тиеушілер, ораушылар, тазалаушылар, ұшақтың сыртын жуу операторлары, жүргізушілер, жүк қабылдап-өткізушілер, жұмсақ мүлікті тиеу және түсіру агенттері және басқа да 680-ге жуық жұмысшы мамандық өкілдері еңбек етеді.

"Air Astana – өз ісіне адал кәсіпқойлардың командасы. Біз мансаптық мүмкіндіктер ұсынып қана қоймай, өндірістік мамандықтарға – ұшқыштарға, бортсеріктерге, механиктерге және жерде қызмет көрсету агенттеріне бастапқы деңгейден оқыту жүргіземіз. Әуекомпания қызметкерлерді тұрақты түрде қабылдап, мамандарға кәсіби даму мен мансаптық өсуге мүмкіндік береді," – деді Евгения Ни, Air Astana компаниялар тобының адам ресурстарын басқару жөніндегі атқарушы директоры.

Air Astana еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласында ISO 45001:2018 халықаралық стандартына сәйкес жоғары стандарттарды сақтайды. Барлық штаттық қызметкерлер кеңейтілген әлеуметтік пакетке ие, оған компания қызметкерлеріне арналған билеттер, жұмысқа тасымалдау, медициналық сақтандыру, корпоративтік зейнетақы жоспарына қатысу және басқа да артықшылықтар кіреді.

Әуекомпаниядағы бос жұмыс орындары туралы job.airastana.com ресми сайтынан білуге болады.
Air Astana знакомит с карьерными возможностями в авиации

Группа компаний Air Astana участвует в фестивале «Город рабочих профессий», проходящем в рамках Года рабочих профессий, инициированного Главой государства. Фестиваль пройдет с 11 по 15 февраля на территории Экспо в Астане.

В импровизированном «Доме авиации» гости смогут посетить мастер-классы, узнать больше о профессиях пилота, бортпроводника, специалистов наземной и инженерно-технической службы, а также испытать полет на симуляторе Airbus и погрузиться в мир авиации.

В группе компаний Air Astana работает более 6 500 сотрудников, около 90% из которых заняты в производственных департаментах. Среди них - 1 662 бортпроводника, 594 пилота, 506 инженеров, техников и механиков, а также 1 040 специалистов наземных служб. В их числе 680 представителей рабочих профессий: кладовщики, грузчики, упаковщики, уборщики, мойщики воздушных судов, водители, приемосдатчики багажа, агенты по загрузке и выгрузке мягкого инвентаря и другие специалисты.

"Air Astana – это команда преданных своему делу профессионалов. Мы создаем возможности для карьеры и обучаем производственным специальностям с нуля – пилотов, бортпроводников, механиков и агентов наземной службы. Авиакомпания ведет постоянный набор специалистов, предлагая перспективы роста и профессионального развития," - отметила Евгения Ни, Исполнительный директор по управлению персоналом Группы.

Air Astana придерживается высоких стандартов охраны труда и безопасности, соответствующих международному стандарту ISO 45001:2018. Все штатные сотрудники получают широкий спектр льгот, включая сервисные перевозки, корпоративную развозку, медицинское страхование, участие в корпоративном пенсионном плане и другие.

Подробнее о вакансиях авиакомпании можно узнать на сайте job.airastana.com
Air Astana Қазақстандағы IT мамандары үшін үздік жұмыс берушілердің бестігінде

Air Astana Қазақстандағы IT мамандары үшін үздік жұмыс берушілердің бірі атанып, жұмыс беруші тартымдылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Рейтинг 2025 жылдың қаңтарында People Consulting компаниясы жүргізген зерттеу нәтижелеріне негізделген.

Қаржы және технологиялық компаниялар басымдыққа ие бұл рейтингте Air Astana авиация саласынан орын алған санаулы компаниялардың бірі. Бұл оның қызметінде цифрлық трансформация мен технологиялық дамуға басымдық беретінін айқын көрсетеді. Компания жасанды интеллект негізіндегі технологиялар, автоматтандырылған басқару жүйелері және операциялық тиімділікті арттырып, клиенттік тәжірибені жақсартуға бағытталған цифрлық платформалар сияқты IT шешімдерін белсенді түрде енгізіп келеді.

Air Astana озық технологияларды енгізіп, мамандардың үздіксіз білім алуына жағдай жасап, олардың кәсіби дамуына мүмкіндік беретін орта қалыптастыруды әрі инновацияларды ілгерілетуді жалғастыруда.
Air Astana в пятерке лучших работодателей в сфере ИТ в Казахстан

Air Astana вошла в рейтинг лучших работодателей в сфере ИТ в Казахстане по версии People Consulting, подтвердив свою привлекательность для специалистов отрасли. Рейтинг основан на исследовании, проведенном в январе 2025 года.

Несмотря на доминирование в рейтинге финансовых и технологических компаний, Air Astana остается одной из немногих авиационных компаний в списке, что подчеркивает ее высокий уровень цифровизации и технологического развития. Компания внедряет передовые ИТ-решения, включая технологии на базе искусственного интеллекта, автоматизированные системы управления и цифровые платформы, направленные на повышение операционной эффективности и совершенствование клиентского опыта.

Air Astana активно внедряет передовые технологии, развивает культуру непрерывного обучения и обеспечивает условия для профессионального роста специалистов.
Air Astana Қазақстан өңірлерінен халықаралық рейстерін кеңейтуде

2025 жылғы 27 мамырдан бастап Air Astana Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстерді іске қосады. Рейстер аптасына үш рет – сейсенбі, жұма және жексенбі күндері жайлы Airbus әуе кемелерімен орындалады.

Ұшу ұзақтығы – 1 сағат 50 минут. KC125 рейсі Атыраудан жергілікті уақыт бойынша 08:00-де ұшып, Тбилисиге 08:50-де жетеді. Қайтар бағыттағы KC126 рейсі Тбилисиден 09:50-де ұшып, Атырауға 12:40-та қонады. Барлық алымдар мен салықтарды қоса есептегендегі екі жаққа билет құны эконом-класта 113 375 теңгеден, бизнес-класта 308 081 теңгеден басталады. Билеттерді әуекомпанияның ресми сайтынан немесе уәкілетті агенттіктерден сатып алуға болады.

Жаңа бағыттың ашылуымен Air Astana әуекомпаниясының жазғы кестесінде Тбилисиге орындалатын рейстер саны аптасына 15-ке дейін ұлғаяды. Қазақстанның үш қаласынан ұшу жүзеге асырылады: Алматыдан – аптасына тоғыз рет, Астанадан – үш рет, сондай-ақ Атыраудан – үш рейс. Қазақстан азаматтары Грузия аумағында визасыз бір жылға дейін бола алады.

Air Astana жолаушылардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін ел өңірлерінен халықаралық рейстерді дамытуды жалғастыруда. Қазіргі уақытта әуекомпания Шымкенттен Джидда мен Мәдинаға тұрақты рейстерді, Дохаға чартерлік рейстерді орындайды. Ал Атыраудан тұрақты рейстер Ыстамбұл, Дубай және Амстердамға орындалады.
Air Astana расширяет международные полеты из регионов Казахстана

С 27 мая 2025 года Air Astana запускает прямые рейсы из Атырау в Тбилиси. Полеты будут выполняться три раза в неделю по вторникам, пятницам и воскресеньям на комфортабельных самолетах семейства Airbus.

Продолжительность полета составит 1 час 50 мин. Вылет рейса KC125 из Атырау в 08:00 с прибытием в Тбилиси в 08:50 по местному времени. Вылет обратного рейса КС126 из Тбилиси в 09:50 с прибытием в Атырау в 12:40. Стоимость билета в обе стороны, с учетом всех сборов, в эконом-классе составляет от 113 375 тенге и от 308 081 тенге в бизнес-классе. Билеты доступны на сайте авиакомпании или через авторизованные агентства.

С запуском нового направления, в летнем расписании авиакомпании количество рейсов в Тбилиси увеличится до 15 в неделю. Полеты будут выполняться из трех городов Казахстана: девять раз в неделю из Алматы, три рейса в неделю из Астаны, и столько же из Атырау. Казахстанцы могут находиться в Грузии без визы до одного года.

Air Astana продолжает развивать международные полеты из регионов страны для удобства и комфорта пассажиров. В настоящее время авиакомпания выполняет регулярные рейсы из Шымкента в Джидду и Медину, а также чартерные рейсы в Доху; из Атырау - в Стамбул, Дубай и Амстердам.
Air Astana акцияларын кері сатып алу бағдарламасының бірінші кезеңі аяқталды

Air Astana 2024 жылғы 30 сәуірде басталған акцияларды кері сатып алу бағдарламасының алғашқы кезеңін аяқтады. Осы кезең аясында қызметкерлерді ынталандыру бағдарламаларын қолдау мақсатында 8,2 млн АҚШ доллары жалпы сомасына 4,6 миллионнан астам акция сатып алынды. Акцияларды қызметкерлерге алғашқы үйлестіру 2025 жылғы 17 ақпанда өтті.

Компанияның инсайдерлеріне 2024 жылғы жылдық нәтижелер жарияланғанға дейін, яғни 2025 жылғы 14 наурызға дейін, бағалы қағаздармен мәміле жасауға тыйым салынады. Толығырақ ақпарат ir.airastana.com сайтында.

Завершен первый этап программы обратного выкупа акций Air Astana

Air Astana завершила первый этап программы обратного выкупа акций, запущенной 30 апреля 2024 года. В рамках данного этапа приобретено более 4,6 млн акций на общую сумму 8,2 млн долларов США в поддержку программ поощрения сотрудников. Первая передача акций сотрудникам состоялась 17 февраля 2025 года.

Инсайдерам компании запрещено осуществлять сделки с ценными бумагами до объявления годовых результатов компании за 2024 год, запланированного на 14 марта 2025 года. Подробнее на ir.airastana.com
Ақтаудағы ұшу-қону жолағының жабылуы

27 ақпаннан 12.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшу қону жолағы тазарту үшін жабылды. Осыған байланысты Ақтауға/Ақтаудан KC 859, 860 рейстері кідіртілді. 28 ақпанда жолақтың жабылуы сағат 6.00-ден 12.00-ге дейін ұзартылды, бұл Ақтау қаласына/қаласынан рейстердің кешігуіне және тоқтатылуына әкелуі мүмкін. Рейстердің мәртебесін веб-сайтта немесе Air Astana қосымшасында тексеріңіз.

Әуекомпания тасымалдаушыға байланысты себептермен жолаушыларға келтірілген қолайсыздықтар үшін өкініш білдіреді. Терминалдарда ұшуды күтіп жүрген жолаушыларға сусындар мен тамақ берілді. Басқа қаладан келген жолаушылар қонақ үйге орналастырылды.

Брондау және ақпарат орталығы (24/7): help.airastana.com, +7 727 244 4477, +7 7172 584477, +7 702 702 4477, +7 7272 44 44 78 (Рейстерді кешіктірген жағдайда жедел желі), +7 702 702 00 74 (WhatsApp), Online chat: airastana.com
Air Astana информирует пассажиров об изменениях в расписании вылетов в связи с закрытием взлетно-посадочной полосы в Актау

С 27 февраля 12.00 ВПП была закрыта для проведения очистительных работ из-за неблагоприятных погодных условий. В связи с этим рейсы KC 859, 860 в/из Актау были задержаны. 28 февраля в 6.00 время закрытия полосы было вновь продлено до 12.00 из-за ее обледенения, что может привести к последующим задержкам и отменам рейсов в/из Актау. Пожалуйста, проверяйте статус ваших рейсов на сайте или в приложении Air Astana.

Авиакомпания сожалеет о неудобствах, доставленных пассажирам из-за независящих от перевозчика причин. Пассажирам, ожидающим вылета в терминалах были предоставлены напитки и питание. Иногородних пассажиров разместили в гостинице.

Центр бронирования и информации (24/7): help.airastana.com, +7 727 244 4477, +7 7172 584477, +7 702 702 4477, +7 7272 44 44 78 (Горячая линия в случае задержки рейсов), +7 702 702 00 74 (WhatsApp), Online chat: airastana.com
Air Astana открывает прямые рейсы из Алматы в Дананг

С 4 июня 2025 года Air Astana запускает новый прямой маршрут из Алматы в Дананг (Вьетнам). Полеты будут выполняться дважды в неделю — по средам и субботам — на современных и комфортабельных авиалайнерах Airbus A321LR.

Расписание рейсов:
• Рейс КС 599: Вылет из Алматы в 00:55, прибытие в Дананг в 10:05 (+1).
• Рейс КС 600: Вылет из Дананга в 11:45, прибытие в Алматы в 17:00.

Продолжительность полета туда составляет 7 часов 10 минут.

Билеты уже доступны на официальном сайте airastana.com. Минимальная стоимость авиабилета в обе стороны:
• Эконом-класс: от 360 701 тенге (включая все сборы);
• Бизнес-класс: от 1 001 804 тенге.

С запуском нового маршрута общее количество еженедельных рейсов Air Astana во Вьетнам увеличится до девяти:
• Алматы – Нячанг: 4 рейса в неделю;
• Астана – Нячанг: 3 рейса в неделю;
• Алматы – Дананг: 2 рейса в неделю.

Кроме того, до 31 марта 2025 года продолжит действовать сезонный маршрут в Фукуок.

Почему стоит посетить Дананг?
Дананг — живописный прибрежный город в центральной части Вьетнама, известный своими белоснежными пляжами и уникальными достопримечательностями. Среди мест, обязательных к посещению:
• Мраморные горы с древними пагодами и пещерами с буддийскими святынями;
• Мост Дракона, впечатляющее архитектурное сооружение;
• Канатная дорога Bana Hills — самая длинная (5 км) и высокогорная (1,3 км) подвесная канатная дорога в мире;
• 67-метровая статуя Будды.

Граждане Казахстана могут находиться во Вьетнаме без визы до 30 дней.
Air Astana Алматыдан Данангқа тікелей рейстер ашады

2025 жылдың 4 маусымынан бастап Air Astana Алматыдан Данангқа (Вьетнам) жаңа тікелей маршрутты іске қосады. Ұшулар аптасына екі рет - сәрсенбі және сенбі күндері - Airbus A321LR заманауи және жайлы ұшағымен орындалады.

Рейстер кестесі:
• КС 599 рейсі: Алматыдан 00: 55-те ұшып кету, Данангқа 10: 05-те ұшып келу (+ 1).
• КС 600 рейсі: Данангтан 11: 45-те ұшып кету, Алматыға 17: 00-де ұшып келу.

Ұшу ұзақтығы 7 сағат 10 минутты құрайды.

Билеттер қазірдің өзінде airastana.com ресми сайтында қолжетімді. Екі жаққа авиабилеттің ең төменгі құны:

• Эконом-класс: 360 701 теңгеден бастап (барлық алымдарды қоса алғанда);
• Бизнес-класс: 1 001 804 теңгеден бастап.

Жаңа бағыт іске қосылғаннан кейін Air Astana компаниясының Вьетнамға апта сайынғы рейстерінің жалпы саны тоғызға дейін артады:

• Алматы - Нячанг: аптасына 4 рейс;
• Астана - Нячанг: аптасына 3 рейс;
• Алматы - Дананг: аптасына 2 рейс.

Бұдан басқа, 2025 жылдың 31 наурызына дейін Фукуокқа маусымдық бағыт әрекет етеді.

Дананг - Вьетнамның орталық бөлігіндегі қарлы ақ жағажайларымен және бірегей көрікті жерлерімен танымал жағалау қаласы. Баруға міндетті орындардың арасында:

• Ежелгі пагодалары мен буддистік ғибадатханалары бар мәрмәр таулар;
• Айдаһар көпірі;
• Bana Hills арқан жолы - әлемдегі ең ұзын (5 км) және биік (1,3 км) аспалы арқан жолы;
• 67 метрлік Будда мүсіні.

Қазақстан азаматтары Вьетнамда визасыз 30 күнге дейін бола алады.