Экономика министрлігі 🇰🇿
3.21K subscribers
6.38K photos
437 videos
19 files
4.34K links
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook:https://www.facebook.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мәжіліс депутаты Серік Егізбаевтың сауалы:

Мемлекеттің фермерлер алдындағы субсидиялар бойынша берешегі бүгінде 340 млрд теңгеден асып отыр. Бұл мәселе әсіресе аграрлық секторы жақсы дамыған өңірлерде өзекті болып тұр. Үкімет өңірлердің қосымша кірістерін пайдаланудың басымдықтарын айқындады ма? Осы қаражаттың бір бөлігін фермерлердің берешегін өтеуге, инфрақұрылымдық жобаларды аяқтауға және өңірлердің орнықты дамуын қамтамасыз ететін бастамаларға бағыттау жөнінде Үкіметтің нақты жоспары бар ма?


📱https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Экономика министрлігі 🇰🇿
Мәжіліс депутаты Серік Егізбаевтың сауалы: Мемлекеттің фермерлер алдындағы субсидиялар бойынша берешегі бүгінде 340 млрд теңгеден асып отыр. Бұл мәселе әсіресе аграрлық секторы жақсы дамыған өңірлерде өзекті болып тұр. Үкімет өңірлердің қосымша кірістерін…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ауыл шаруашылығын қолдау жалғасады: келесі жылы субсидиялар орнына жеңілдетілген несиелер беріледі

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ– ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ Серік Жұманғарин:

Жыл сайын біз шамамен 440 млрд теңге көлемінде қаражатты субсидиялауға бағыттаймыз. Ал келесі жылдың бюджетінде бұл сома 588 млрд теңге болып бекітілді. Сондықтан, ең алдымен, осы қаражат есебінен қарыздарды жабамыз.
Біз кезекті тоқтаттық. Неліктен? Себебі бастапқыда «Кең дала» бағдарламасы аясында көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінген болса, қазір бұл сома 700 млрд теңгеге дейін жеткізілді. Бұл - 5% мөлшерлемемен берілетін жеңілдетілген несие.
Сол себепті қазіргі уақытта кейбір салалар бойынша субсидияларды уақытша тоқтатамыз, бірақ жеңілдетілген несиелер беруді жалғастырамыз.
Келесі жылдан бастап мал шаруашылығын қолдау шараларын қайта бастаймыз. Екі негізгі бағыт бар: біріншіден, биылдан бастап 5% мөлшерлемемен қаражат беру, екіншіден, келесі жылдан бастап тұқымдық түрлендіру бойынша 7 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді несиелер ұсыну көзделген.
Ауыл шаруашылығын қолдауды біз ешқашан тоқтатпаймыз.


📱https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Вопрос депутата Мажилиса Сергея Пономарева:

По итогам текущего года в большинстве регионов ожидается перевыполнение доходной части бюджетов более чем на 2 трлн тенге. Это позитивный сигнал. Однако, согласно прогнозам на 2028 год, число регионов-доноров практически не изменится. К трём существующим регионам добавится лишь одна область - Мангистауская. Даже Павлодарская область станет только самодостаточной, без перехода в разряд доноров. Почему при таком значительном росте доходов регионов не увеличивается число доноров?


📱https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🙏1
Экономика министрлігі 🇰🇿
Вопрос депутата Мажилиса Сергея Пономарева: По итогам текущего года в большинстве регионов ожидается перевыполнение доходной части бюджетов более чем на 2 трлн тенге. Это позитивный сигнал. Однако, согласно прогнозам на 2028 год, число регионов-доноров практически…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
СЕРИК ЖУМАНГАРИН: Развитие регионов - в руках тех, кто ими руководит!

У нас одновременно с ростом доходов увеличиваются и расходы. Страна большая, исторические регионы развивались по-разному. Соответственно, чтобы стать регионом-донором, требуется достаточно длительный процесс. Мы не форсируем этот процесс.
Мангистауская область уже была донором - это не что-то новое. Павлодарская область - мощный промышленный узел. В первую очередь речь идёт о бюджетной самостоятельности регионов. Субвенции, которые мы направляем, предназначены прежде всего для покрытия разницы между текущими потребностями регионов и их собственными доходами. Ничего сверх этого субвенции не должны обеспечивать.
Дополнительные средства мы регионам предоставлять не должны. Основная задача местных исполнительных органов - развивать собственную налогооблагаемую базу. Мы передали все стабильные налоги на местный уровень. В этом году увеличили акцизы и также передали их регионам. Все нестабильные налоги остаются на республиканском уровне. Поэтому развитие регионов - прежде всего в руках тех, кто ими руководит.
Кроме того, вопросы, связанные с развитием территорий, решаются и на республиканском уровне. Например, создание Alatau City в Алматинской области окажет серьёзное влияние на развитие региона и всей агломерации вокруг Алматы. Я думаю, это положительно скажется не только на Алматинской области, но и на Жетысу, а также на самом городе Алматы.
Мы ожидаем, что в следующей трёхлетке к числу доноров могут присоединиться Алматинская область, Восточно-Казахстанская область, Актюбинская и другие регионы. Всё будет зависеть от тех крупных инвестиционных проектов, которые мы будем рассматривать по регионам - прежде всего в рамках новой инвестиционной политики.


📱https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1👌1
2 мыңнан астам жоба 300 млрд теңгеден астам сомаға қолдау тапты: бүгін елімізде кәсіпкерлер күні аталуда

29 қазан — Қазақстан кәсіпкерлер күні атап өтіледі. Бұл - жұмыс орындарын ашатын, экономиканы дамытатын және елдің әл-ауқатын нығайтатын барлық адамдардың кәсіби мерекесі.


Дәл осы 2015 жылы 29 қазанда кәсіпкерлік, инвестициялық және бәсекелестік саясаттың заңнамалық негіздерін біріктірген Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі қабылданды, бұл бизнесті қолдаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің негізін қалады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 4 млн-нан астам адам жұмыспен қамтылған 2,4 млн-ға жуық кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Шағын және орта бизнестің ел экономикасына қосқан үлесі айтарлықтай өсім көрсетіп, 38,9%-ды құрады, бұл жеке сектордың экономиканы дамытудағы орнықты рөлін растайды.

Елімізде кәсіпкерлерді қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары ретімен жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері 312 млрд теңге несие сомасына 2 300-ден астам жоба субсидияланды, онда субсидиялар көлемі 125,8 млрд теңгені құрады.

Кәсіпкерлік негіздеріне 11 мыңнан астам адам оқытылды, бизнес жүргізу мәселелері бойынша 109 мыңға жуық кеңес берілді.

Кепілдік қоры шеңберінде ШОБ үшін 311,9 млрд теңге сомасына 1 794 бизнес жобаға қолдау көрсетілді, оның 170,1 млрд теңгесі берілген кепілдіктерді құрайды.

Жалпы көлемі 750 млрд теңгені құрайтын 12,6% мөлшерлемемен «Өрлеу» жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы іске қосылды, оның ішінде 300 млрд — «Даму» Қорының қаражаты, 450 млрд — банк ресурстары. Қазірдің өзінде 407,7 млрд теңгеге 1 200-ге жуық жоба қаржыландырылды.

«BGOV» ақпараттық жүйесін «eGov Business» қосымшасымен интеграциялау аяқталды, оны 76 мың пайдаланушы пайдаланды, 3,6 млн өтініш жолдады.

Шағын және орта бизнесті дамыту-ұлттық экономиканың тұрақтылығын айқындайтын, орта тапты қалыптастыратын және бәсекеге қабілетті және инновациялық Қазақстан үшін негіз құратын стратегиялық бағыт.

Кәсіпкерлікті дамыту саясаты Мемлекет басшысының бизнестің бастамасы, жауапкершілігі мен инновацияларына негізделген жаңа экономикалық модель қалыптастыруға бағытталған тапсырмалары аясында іске асырылуда.

Үкімет іскерлік ахуалды жақсарту, әкімшілік кедергілерді азайту, бірыңғай цифрлық платформаларды енгізу және инновацияларды ынталандыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Осы міндеттерді іске асыру экономикалық өсудің негізгі драйвері ретінде жеке сектордың рөлін нығайтуға және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

📱https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Более 2 тысяч проектов поддержано на сумму свыше 300 млрд тенге: в Казахстане отмечают День предпринимателя

29 октября отмечается День предпринимателей Казахстана — профессиональный праздник всех, кто создаёт рабочие места, развивает экономику и укрепляет благосостояние страны.

Именно 29 октября 2015 года принят Предпринимательский кодекс Республики Казахстан, объединивший законодательные основы предпринимательской, инвестиционной и конкурентной политики, что заложило фундамент единой государственной системы поддержки бизнеса.

На сегодняшний день в Казахстане зарегистрировано порядка 2,4 млн субъектов предпринимательства, в которых занято более 4 млн человек. Вклад МСБ в экономику страны показал существенный рост и составил 38,9%, что подтверждает устойчивую роль частного сектора в развитии экономики.

В стране последовательно реализуются меры финансовой и нефинансовой поддержки предпринимателей.

С начала года просубсидировано свыше 2 300 проектов на сумму кредитов 312 млрд тенге, где объем субсидий составил 125,8 млрд тенге.

Основам предпринимательства обучено более 11 тысяч человек, оказано около 109 тысяч консультаций по вопросам ведения бизнеса.

В рамках Гарантийного фонда для МСБ поддержано 1 794 бизнес-проекта на сумму 311,9 млрд тенге, из которых 170,1 млрд тенге составляют выданные гарантии.

Запущена программа льготного кредитования «Өрлеу» со ставкой 12,6%, общий объём которой составляет 750 млрд тенге, из них 300 млрд — средства фонда «Даму», 450 млрд — банковские ресурсы. Уже профинансировано почти 1 200 проектов на 407,7 млрд тенге.

Завершена интеграция информационной системы «Bgov» с приложением «eGov Business», которой воспользовались 76 тыс. пользователей, направив 3,6 млн обращений.

Развитие малого и среднего бизнеса — стратегическое направление, определяющее устойчивость национальной экономики, формирующее средний класс и создающее основу для конкурентного и инновационного Казахстана.

Политика развития предпринимательства реализуется в русле поручений Главы государства, направленных на формирование новой экономической модели, основанной на инициативе, ответственности и инновациях бизнеса.

Правительство продолжает системную работу по улучшению делового климата, снижению административных барьеров, внедрению единых цифровых платформ и стимулирование инноваций.

Реализация данных задач позволит укрепить роль частного сектора, как ключевого драйвера экономического роста, и обеспечить устойчивое развитие страны.

📱https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
CASA, ТМК, бидай және медициналық миссия: Шымкентте Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы мен ауған тауарларының көрмесі басталды

Шымкент қаласында ауған тауарларының жыл сайынғы үшінші көрмесі өз жұмысын бастады. Дәстүр бойынша Ауғанстан шеберлері көрмеде былғары және кілем бұйымдарын, құрылыс материалдарын, тәттілер мен құрғақ жемістерді, алкогольсіз сусындарды, көкөніс пен жеміс-жидектерді, асыл тастар мен зергерлік және қолдан жасалған бұйымдарын ұсынды.


Көрменің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин көрменің ауқымы жыл сайын кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Биыл Шымкентке Ауғанстанның 180-нен астам кәсіпкері келді.
Сол күні Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы да өтті. Форумға екі елдің мемлекеттік органдары, салалық компаниялары мен іскер топтарының өкілдері қатысты.
«Ауғанстан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды сауда серіктестерінің бірі. Екі елдің де екіжақты және өңірлік деңгейде ынтымақтастықты дамытуға зор әлеуеті бар», — деді Серік Жұманғарин форумда сөйлеген сөзінде.

Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $545,2 млн құраса, биылғы жылдың 8 айында $335,9 млн болды. Кейбір тауарлар бойынша жеткізілімнің азаюына қарамастан, биыл қазақстандық бидай экспорты 2,9 есеге, күнбағыс майы – 3,1 есеге өсті, ал мұнай өнімдері мен жүк көліктерінің экспорты екі есеге артты.

«Болжам бойынша, биыл тек бидай экспортының әлеуеті 9,6 млн тоннаны құрайды. Қазақстан Ауғанстанға жоғары сапалы бидай, ұн, күріш және қант жеткізуді ұлғайтуға мүдделі. Бұл өнімдердің өндірісі заманауи агротехнологияларды қолданудың арқасында жыл сайын өсіп келеді», — деді вице-премьер.

Өз кезегінде Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрі Нуриддин Азизи өткізілген бизнес-форумдар мен көрмелер екі ел арасындағы байланыстарды дамытуға зор серпін беретінін айтып, қазақстандық инвесторларды ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік, тау-кен өнеркәсібі және құрылыс салаларындағы жобаларды іске асыруға шақырды.

Бірлескен жобалар: ТМК-дан машина жасауға дейін
Форумда тау-кен металлургия, автомобиль жасау, химия және құрылыс салаларында бірлескен өндірістерді дамыту мәселелеріне баса назар аударылды. Қазақстан тарапы Ауғанстанға отандық өндірістегі локомотивтер мен жүк көліктерін жеткізуді арттыру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.

Ауғанстан аумағында тау-кен металлургия кешенін бірлесіп дамыту жөнінде келіссөздер жалғасуда. Биыл сәуір айында вице-премьер Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегацияның Кабулға сапары аясында «Қазатомөнеркәсіп» және «Қазақмыс» компаниялары бериллий мен қорғасын кен орындарын зерттеу бойынша екі геологиялық миссия жүргізді. Соның нәтижесінде «Қазақмыс Барлау» компаниясы Лагман провинциясындағы пайдалы қазбалар кен орнында барлау жұмыстарын бастады.

Қазіргі уақытта ERG Exploration компаниясы ауған тарапымен қосымша геологиялық ақпарат алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Қажетті зерттеулер аяқталған соң, ERG Ауғанстандағы барлау жобаларына қатысуды жоспарлап отыр.

Қазақстанның гуманитарлық миссиясы
Қазақстан Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда. Форум барысында жақын уақытта жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қазақстандық дәрігерлерден құралған медициналық миссия жіберілетіні хабарланды. Бұған дейін, қыркүйек айында, Ауғанстанға азық-түлік, дәрі-дәрмек, жылы киім және өзге де алғашқы қажетті заттар тиелген 26 вагоннан жасақталған гуманитарлық жүк жөнелтілген болатын.

CASA – жаңа сауда дәлізі
Серік Жұманғарин мен Нуриддин Азизи арасындағы екіжақты кездесу барысында тараптар Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан бағытындағы транзиттік дәлізді құру және Герат – Тургунди теміржол бағытын салу перспективаларын талқылады.

Айта кетсек, Пәкістанның Карачи портына шығатын Трансауған дәлізі «Солтүстік – Оңтүстік» жобасымен ұштасып, Парсы шығанағы мен Үндістан порттарына жол ашады. Бұл бағыттар бірігіп, Орталық және Оңтүстік Азияны байланыстыратын жаңа сауда желісін – CASA жобасын қалыптастырады.
📱https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Экономика министрлігі 🇰🇿
CASA, ТМК, бидай және медициналық миссия: Шымкентте Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы мен ауған тауарларының көрмесі басталды Шымкент қаласында ауған тауарларының жыл сайынғы үшінші көрмесі өз жұмысын бастады. Дәстүр бойынша Ауғанстан шеберлері көрмеде былғары…
CASA, ГМК, пшеница и медицинская миссия: в Шымкенте стартовали казахстанско-афганский бизнес-форум и выставка афганских товаров

В Шымкенте стартовала третья ежегодная выставка афганских товаров. Традиционно мастера Афганистана представляют в Казахстане кожаные и ковровые изделия, строительные материалы, сладости, сухофрукты, безалкогольные напитки, овощи и фрукты, драгоценные камни, ювелирные украшения и изделия ручной работы.


Как отметил на открытии выставки вице-премьер – министр национальной экономики Серик Жумангарин, с каждым годом масштабы выставки растут: в этом году в Шымкент прибыли свыше 180 представителей афганского бизнеса.

В этот же день в Шымкенте состоялся казахстанско-афганский бизнес-форум, собравший представителей государственных органов, отраслевых компаний и деловых кругов двух стран.

«Афганистан – один из важнейших торговых партнеров Казахстана в Южной Азии. У наших стран есть обширный потенциал для развития сотрудничества как в двустороннем формате, так и в масштабе всего региона», — подчеркнул Серик Жумангарин, выступая на бизнес-форуме.

Взаимная торговля между странами за прошлый год составила $545,2 млн, за 8 месяцев 2025 г. – $335,9 млн. Несмотря на некоторое снижение поставок отдельных товаров, в этом году отмечается увеличение объемов экспорта казахстанской пшеницы в 2,9 раза, подсолнечного масла – в 3,1 раза, а также увеличение поставок нефтепродуктов и грузовых автомобилей – на 100%.
«По прогнозам, в этом году экспортный потенциал только пшеницы составит 9,6 млн тонн, Казахстан заинтересован в расширении экспорта качественного зерна, муки, риса и сахара в Афганистан. Объемы производства этих продуктов в Казахстане растут из года в год благодаря применению современных агротехнологий», — отметил вице-премьер.

Со своей стороны, министр торговли и промышленности Афганистана Нуриддин Азизи отметил, что проводимые бизнес-форумы и выставки дают мощный импульс развитию отношений между странами, пригласив казахстанских инвесторов реализовывать проекты в сферах сельского хозяйства, энергетики, транспорта, горнодобывающей промышленности и строительства.

Совместные проекты: от ГМК до машиностроения
Особое внимание на форуме было уделено перспективам совместного развития производств в горно-металлургической, автомобильной, химической и строительной сферах. Казахстанская сторона выразила готовность рассмотреть возможность увеличения поставок железнодорожных локомотивов и грузовых автомобилей отечественного производства в Афганистан.

Продолжаются переговоры по совместному развитию горно-металлургического комплекса на территории Афганистана. В рамках апрельского визита казахстанской делегации в Кабул во главе с вице-премьером Сериком Жумангариным компании «Казатомпром» и «Казахмыс» провели две геологические миссии, в ходе которых изучили месторождения бериллия и свинца. По итогам миссий ТОО «Казахмыс Барлау» приступило к разведочным работам на месторождении полезных ископаемых в провинции Лагман.

В настоящее время компания ERG Exploration ведет переговоры с афганской стороной о получении дополнительной геологической информации. После завершения необходимых исследований ERG планирует присоединиться к геологоразведочным проектам в Афганистане.

Гуманитарная миссия Казахстана
Казахстан продолжает оказывать гуманитарную помощь афганскому народу. Как было озвучено на форуме, в ближайшее время в страну отправится медицинская миссия из казахстанских врачей для оказания помощи пострадавшим от землетрясения. Ранее, в сентябре, в Афганистан был отправлен гуманитарный груз из 26 вагонов с продуктами питания, медикаментами, теплой одеждой и другими предметами первой необходимости.

CASA – новая торговая ось
В ходе двусторонней встречи Серика Жумангарина и Нуриддина Азизи стороны обсудили перспективы создания транзитного коридора Казахстан – Туркменистан – Афганистан – Пакистан со строительством железнодорожного маршрута Герат – Тургунди.
📱https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдау тақырыбы жиі қозғалады. Бұл тұрғыда мемлекет қандай нақты әрекеттер жасап жатыр?

💬Осы сұраққа толығырақ “Экономикалық зерттеу институты” АҚ-ның Бәсекелес ортаны зерттеу орталығының жетекші сарапшысы Батырбек Нұрбай жауап берді

📱https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Металлургия мен құрылыс салалары экономикалық өсім қарқынын төмендетпеуі тиіс – экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында өңдеу өнеркәсібі мен құрылыс саласының динамикасы жан-жақты қаралды. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша бұл бағыттарда өсім қарқыны жоспардан төмен болғаны атап өтілді.
Өңдеу өнеркәсібінде машина жасау (+14%), химия өнеркәсібі (+9,6%), құрылыс материалдарын өндіру (+4,7%), жеңіл өнеркәсіп (+9,4%), резеңке мен пластмасса бұйымдарын шығару (+6,1%), дайын металл өнімдерін өндіру (+15,2%) салалары басым өсім көрсетуде.
Қаңтар–қыркүйек айларында өңдеу өнеркәсібінің өсімі +6,2% құрады, ал он айдың қорытындысы бойынша өсім шамамен +6,3% деңгейінде болжануда. Негізгі баяулау металлургия саласында байқалады, оның үлесі өңдеу өнеркәсібінің шамамен 40%-ын құрайды. Айта кетейік, 2024 жылы металлургия соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткішке – 6,9% өсімге қол жеткізген болатын, бұл биылғы жылға жоғары база қалыптастырды. Штаб отырысында баяулаудың себептері жан-жақты талданып, саланың өсуін жеделдету шаралары талқыланды.

Қара металлургиядағы бәсеңдеу негізінен ферроқорытпа мен болат өндірудің азаюына байланысты. Бес ферроқорытпа зауытының төртеуі биыл электр энергиясы тарифтерінің көтерілуіне байланысты өндіріс көлемін қысқартқан. Әсіресе, Қарағанды облысындағы кәсіпорындарда өнім көлемі азайған, бұл өңірдің жалпы өңірлік өнімінде 0,9% үлеске ие. Сондай-ақ саладағы бірқатар кәсіпорындарда жүргізілген жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары да әсерін тигізді.
Түсті металлургияда өсім қарқынының төмендеуі Васильков кен орнында шахталық әдіске көшу және қорлардың сарқылуымен байланысты.

Серік Жұманғарин Энергетика министрлігіне қысқа мерзім ішінде қолданыстағы құжаттарға өзгерістер енгізу мүмкіндігін пысықтап, ферроқорытпа зауыттарына төмендетілген тариф бойынша электр энергиясын беруді қарастыруды тапсырды.
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша машина жасау саласы 14% өсім көрсетті. Салаға жаңа серпін Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында жеңіл автокөлік өндірісінің іске қосылуы арқылы берілмек.

Химия өнеркәсібі де тұрақты өсімін сақтап отыр – 9,6%. Бұл өсім аммофос (+55,4%), аммиак селитрасы (+14,5%), натрий цианиді (+5,4%), полипропилен (+50,5%), сары фосфор (+12,6%) және күкірт қышқылы (+7,3%) өндірісінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.

Биылғы жылы құрылыс жұмыстарының ең үлкен үлесі көлік инфрақұрылымына тиесілі – 21,3% (жолдар мен автомагистральдар, теміржол және метро, көпірлер мен тоннельдер құрылысы). Өнеркәсіптік нысандар үлесі – 20,5% (сумен қамту, кәріз жүйелері мен тұрғын үй құрылысы). Газ құбырлары, электр беру желілері және жылу желілерін салу жобалары шамамен 5,6%-ды құрайды. Сала өсімінің қарқыны жоғары деңгейде сақталуда: тоғыз айда +14,9%, он айдың қорытындысы бойынша +15,2% күтілуде.

Серік Жұманғарин тоғыз ай қорытындысы бойынша құрылыс қарқыны төмендеген өңірлердің әкім орынбасарларының баяндамасын тыңдап, әрбір өнеркәсіп нысаны мен құрылысты тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Қиындықтар туындаған жағдайда, мәселе жедел түрде штабтың қарауына шығарылуы тиіс деді.

📱https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1
Экономика министрлігі 🇰🇿
Металлургия мен құрылыс салалары экономикалық өсім қарқынын төмендетпеуі тиіс – экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі…
Металлургия и строительство не должны снижать темпы экономического роста - заседании штаба по обеспечению экономического роста

На очередном заседании штаба по обеспечению экономического роста под председательством вице-премьера – министра национальной экономики Серика Жумангарина детально рассмотрели динамику обрабатывающей промышленности и строительной отрасли, где по итогам 9 месяцев темпы роста оказались ниже плановых.
В обрабатывающей промышленности активными темпами растут машиностроение (+14%), химическая промышленность (+9,6%), производство строительных материалов (+4,7%), легкая промышленность (+9,4%), производстве резиновых и пластмассовых изделий (+6,1%), готовых металлических изделий (+15,2%).  

За январь-сентябрь рост обрабатывающей промышленности составил +6,2%, по итогам 10 месяцев прогнозируется около +6,3%. Основное замедление наблюдается в металлургии, на долю которой приходится порядка 40% обрабатывающей промышленности. Стоит отметить, что в 2024 году металлургия показала рекордный рост за последнее десятилетие – 6,9%, что сформировало высокую базу для нынешнего года. На штабе детально проанализировали причины замедления и обсудили меры по ускорению роста отрасли.  

В черной металлургии замедление в основном обусловлено снижением производства ферросплавов и стали. Из пяти ферросплавных заводов четыре снизили объемы производства из-за увеличенных в текущем году тарифов на электроэнергию. В частности, выпуск продукции уменьшен на предприятиях Карагандинской области, которые в ВРП региона занимают 0,9%. Дополнительное влияние на снижение оказали проводимые плановые капитальные ремонты на ряде предприятий отрасли.

В цветной металлургии замедление темпа роста  связано с переходом на шахтный метод работы на месторождении Васильковское и истощением собственных запасов.

Серик Жумангарин поручил Министерству энергетики в короткие сроки проработать возможность внесения изменений в действующие документы для предоставления ферросплавным заводам электроэнергии по сниженным тарифам.  

По итогам 9 месяцев в машиностроении рост составил 14%. Новый импульс сектору дадут запуск производства легковых автомобилей на Astana Motors Manufacturing Kazakhstan.

Химическая промышленность продолжает демонстрировать устойчивый рост на уровне 9,6%, который обеспечивается за счет увеличения объемов производства аммофоса (+55,4%), аммиачной селитры (+14,5%), цианида натрия (+5,4%), полипропилена (+50,5%), желтого фосфора (+12,6%) и серной кислоты (+7,3%).

Наибольшая доля строительных работ в этом году приходится на транспортную сферу - 21,3% (строительство дорог и автомагистралей, железных дорог и метро, мостов и туннелей), 20,5% – на промышленную (строительство систем водоснабжения и канализации, жилья). Около 5,6% занимают проекты по строительству газопроводов, линий электропередач, сетей теплоснабжения. Темпы роста отрасли остаются высокими: при показателе экономического роста за 9 месяцев в +14,9% по итогам 10 месяцев ожидается рост на +15,2%. 

Серик Жумангарин заслушал заместителей акимов регионов, где за 9 месяцев зафиксировано снижение темпов строительства, и поручил держать под постоянным контролем каждое промышленное предприятие и объект. В случае возникновения трудностей вопросы должны оперативно выноситься на рассмотрение штаба.

📱https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ҚДБ жаңа ауқымды қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) 2025–2030 жылдарға арналған сирек, жерде сирек кездесетін және стратегиялық маңызды материалдарды өндіру мен қайта өңдеу жобаларын қаржыландыру бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаның жалпы көлемі – 1 миллиард АҚШ доллары.
Аталған бастама Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында белгіленген экономиканы әртараптандыру және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту жөніндегі стратегиялық бағыттарды жүзеге асырудың маңызды тетігі болмақ.

Бағдарламаның басты мақсаты – ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар салада инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін қолдау.

Қаржыландыру тетіктері кәсіп иелеріне барынша тиімді жағдай жасауға бағытталған. Атап айтқанда, ең төменгі қаржыландыру сомасы 5 млрд теңгеге дейін төмендетілді. Қаражат доллар, еуро, юань және басқа да валюталарда 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Сонымен қатар ұйымдастыру және шарттарды өзгерту бойынша комиссиялар алынып тасталды, сондай-ақ жеңілдік кезеңі қарастырылған.

ҚДБ ұсынған бағдарламаның өзектілігі – сирек және стратегиялық маңызды материалдарды қайта өңдеу саласының ел өнеркәсібін әртараптандыру мен Қазақстанның жаһандық құн тізбектеріне ықпалдасуындағы ерекше маңызымен айқындалады.
Сонымен қатар бұл бағдарлама 2024–2028 жылдарға арналған сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспардың міндеттерін орындауға да өз үлесін қосады.
– Бұл бағдарлама Банк тарапынан экономиканың жаңа өсім нүктелерін қолдауға бағытталған стратегиялық ұстанымын көрсетеді. Біз Қазақстанды жоғары қосылған құнға ие дайын өнім өндіруші елге айналдыру үшін нақты жағдай жасап отырмыз. Бұл өз кезегінде жаңа технологиялық тізбектердің қалыптасуына, отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және еліміздің жаһандық маңызды материалдар нарығындағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді, – деді Қазақстанның Даму Банкінің басқарма төрағасы Марат Елібаев.


Қаржыландыру металлургия саласындағы жобаларға, соның ішінде қайта өңдеу өндірісі бар тау-кен металлургия кешендеріне бағытталады. Қарыз алушылар үшін негізгі талаптардың бірі – JORC халықаралық стандарты бойынша қорлардың расталуы. Бағдарлама шеңберінде жерде сирек кездесетін элементтері (лантаноидтар, скандий, иттрий), сондай-ақ жоғары технологиялар, «жасыл» энергетика және электроника салаларында сұранысқа ие литий, кобальт, вольфрам, германий, галлий, графит және өзге де материалдар бойынша жобалар қарастырылады.

Бағдарламаны іске асыру елдің технологиялық және өнеркәсіптік дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жоғары қосылған құнға ие өнім экспортының ұлғаюына және шикізатты терең өңдеу көлемін арттыруға ықпал етпек. Қазақстан экономикасы үшін бұл – жаңа мүмкіндіктер мен орнықты дамудың кепілі, ал ҚДБ үшін – жоғары технологиялық сектордағы ұзақмерзімді инвестициялық жобалар портфелін кеңейту және қаржылық тұрақтылықты нығайту жолындағы маңызды қадам.

📱https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1🔥1