Экономика министрлігі 🇰🇿
3.21K subscribers
6.37K photos
437 videos
19 files
4.34K links
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook:https://www.facebook.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын ұсынды

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әсіресе моно және шағын қалаларда, сондай-ақ ауылдық жерлерде шағын және микробизнесті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасы қаралды.

«Қуатты әрі бәсекеге қабілетті кәсіпкерліктің дамуы – орнықты экономикалық өсудің негізгі факторы.

Өздеріңізге мәлім, жуырда Мемлекет басшысы іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін жедел түрде шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдауды тапсырды.

Үкімет шағын және микробизнесті нақты қолдауға, өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, өндірісті дамытуға бағытталған кешенді құжатты әзірледі»,

— деп атап өтті Премьер-министр.

➖

Реализация поручений Президента: Правительство представило единую программу поддержки малого бизнеса «Іскер аймақ»


📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрена единая программа «Іскер аймақ», нацеленная на развитие малого и микробизнеса в особенности в моно- и малых городах, а также на селе.

«Развитие сильного и конкурентоспособного предпринимательства является основным фактором устойчивого роста экономики.

Как вы знаете, недавно Глава Государства поручил для стимулирования деловой активности оперативно принять единую программу поддержки малого бизнеса.

Правительством подготовлен комплексный документ, направленный на адресную поддержку малого и микробизнеса, развитие производства с учетом региональной специфики»,

— подчеркнул Премьер-министр.


📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Өңірлерде шағын бизнесті қолдауға жыл сайын 400 млрд теңге бөлінеді

📌 Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Үкімет отырысында ауылдар мен шағын қалалардағы өндірісті дамытуға бағытталған «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын таныстырды.

«Бағдарлама ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу, шағын наубайхана, жиһаз және құрылыс материалдарын өндіру сияқты тез нәтиже беретін, технологиялық жағынан қарапайым, жылдам жүзеге асырылатын жобаларға бағытталған»,

— деп атап өтті Серік Жұманғарин.

🔹 Қаржылық шарттар

Бағдарламада екінші деңгейлі банктер арқылы жыл сайын 400 млрд теңге несие бөлу қарастырылған.

🟦Несие: бір жобаға 200 млн теңгеге дейін.
🟦Мөлшерлемесі: ~8,8% (40%-ы мемлекеттен субсидияланады).
🟦Мерзімі: 3 жылға дейін.
🟦«Даму» беретін кепілдік: кепілге қоятын заты жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда қарыз сомасының 85%-ына дейін.

🔹 Ресурстар мен инфрақұрылым

Серік Жұманғариннің айтуынша, бизнес ақшаны ғана емес, нақты ресурстарды да ала алады, олар – жеңілдікпен үй-жайларды, жер телімдерін жалға алу және коммуникациялар жүргізу. Өндірісті тиімді іске қосу үшін сервистік сүйемелдеу және сол салаға бағытталған онлайн-оқыту курстары енгізілуде. Бұл ретте мемлекеттік қолдауды алуда басымдық «Ауыл аманаты» және «Бір ауыл – бір өнім» жобаларына қатысушыларға беріледі.

🔹 Өтінімді қалай беруге болады?

Өтінімдерді беру egov.business және Damu Online порталдары арқылы автоматтандырылған түрде жүргізіледі. Шалғай аудандар үшін көшпелі формат қарастырылған: арнайы мобильді кеңселер (автобустар) жергілікті жерлерде кеңес беріп, құжаттарды қабылдайды.

➖

На поддержку малого бизнеса в регионах направят 400 млрд тенге ежегодно

📌 Заместитель Премьер-министра Серик Жумангарин на заседании Правительства представил единую программу «Іскер аймақ», нацеленную на развитие производств в селах и малых городах.

«Программа ориентирована на технологически простые, быстро реализуемые проекты, обеспечивающие оперативный эффект: переработку сельхозсырья, мини-пекарни, производство мебели и стройматериалов»,

— отметил Серик Жумангарин.

🔹 Финансовые условия

Программа обеспечит ежегодный объем кредитования через БВУ в размере 400 млрд тенге.

🟦Кредит: до 200 млн тенге на проект.
🟦Ставка: ~8,8% (40% субсидируется государством).
🟦Срок: до 3 лет.
🟦Гарантия «Даму»: до 85% от суммы займа при дефиците залога.

🔹 Ресурсы и инфраструктура

По словам Серика Жумангарина, бизнес получит не только деньги, но и физические ресурсы: льготную аренду помещений, земельные участки и подведение коммуникаций. Для эффективного запуска производств внедряется сервисное сопровождение и отраслевое онлайн-обучение. При этом приоритет в получении господдержки закреплен за участниками проектов «Ауыл аманаты» и «Одно село — один продукт».

🔹 Как подать заявку?

Подача заявок автоматизирована через порталы egov.business и Damu Online. Для отдаленных районов предусмотрен выездной формат: специальные мобильные офисы (автобусы) будут консультировать и принимать документы на местах.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Forwarded from UKIMET
Кепілдік беру қорлары отандық бизнеске 448 млрд теңгеге қолдау білдірді

Кепілдік берудің жаңа тетіктері банктердің қаражатын экономиканың нақты секторына бұруға мүмкіндік берді

📌 Мемлекет басшысының экономиканың нақты секторына банк қаражатын тарту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде «Даму» қорының базасында екі мамандандырылған кепілдік беру қоры құрылды. Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин олардың қалай жүзеге асып жатқаны туралы баяндап берді.

Оның айтуынша, жаңа құралдар бизнестің басты проблемасы – кепілге қоятын затының жетіспеушілігін тиімді шешеді:

🟦Бірінші қор (ШОБ-қа арналған): бүгінде 2,4 мыңнан астам жобаны қамтып, олаға қарыз сомасының 85%-ы көлемінде кепілдік берді. Бұл кәсіпкерлерге жалпы сомасы 424 млрд теңге көлемінде несие алуға мүмкіндік туғызды.
🟦Екінші қор (ірі инвестициялық жобалаға арналған): 7 млрд теңгеден асатын қарыздарға бағдарланған. Бүгінгі таңда сомасы 24 млрд теңге болатын екі жобаға қолдау көрсетілді. Мемлекет 15 жылға дейінгі мерзімге жоба құнынының 30%-ына дейін жаба отырып, банктерді өз қаражатын ұзақ мерзімді индустриальды және инфрақұрылымдық жобаларға бағыттауға ынталандырады.

«Біздің мақсатымыз – технологиялық жаңару арқылы экономика құрылымын өзгерту. Кепілдік беру қорлары қазірдің өзінде-ақ бизнестің қолындағы кепілге қоятын заттары жеткіліксіз болса да капиталға қол жеткізуді қамтамасыз ететін пәрменді құралға айналды»,

— деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Вице-премьердің ақпараты бойынша, процестерді автоматтандыру және портфельдік әдісті қолдану арқасында өтінімдерді қарау мерзімі 2 жұмыс күніне дейін қысқартылған, бұл мемлекеттік қолдауды барынша қолжетімді ете түседі.

➖

Гарантийные фонды поддержали бизнес на 448 млрд тенге


Новые механизмы гарантирования позволили вовлечь банковскую ликвидность в реальный сектор экономики

📌 В рамках поручений Главы государства по вовлечению банковских средств в реальный сектор экономики, на базе Фонда «Даму» созданы два специализированных гарантийных фонда. О ходе их реализации на заседании Правительства доложил заместитель Премьер-министра Серик Жумангарин.

По его словам, новые инструменты эффективно решают главную проблему бизнеса – нехватку залогового обеспечения:

🟦Первый фонд (для МСБ): уже охватил более 2,4 тыс. проектов, предоставляя гарантии до 85% от суммы займа. Это позволило предпринимателям получить кредиты на общую сумму 424 млрд тенге.
🟦Второй фонд (для крупных инвестпроектов): ориентирован на займы свыше 7 млрд тенге. На сегодня поддержано два проекта на сумму 24 млрд тенге. Государство покрывает до 30% стоимости проекта на срок до 15 лет, что стимулирует банки направлять ликвидность в долгосрочные индустриальные и инфраструктурные проекты.

«Наша цель – трансформировать структуру экономики через технологическое обновление. Гарантийные фонды уже стали действенным инструментом, обеспечивая доступ к капиталу даже при дефиците собственного обеспечения у бизнеса»,

— подчеркнул Серик Жумангарин.

По информации вице-премьера, благодаря автоматизации процессов и применению портфельного метода, сроки рассмотрения заявок сокращены до 2 рабочих дней, что делает господдержку максимально доступной.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
«Атамекен» ҰКП: «Іскер аймақ» шағын бизнес үшін баспалдақ болады

📌 «Іскер аймақ» бағдарламасы өңірлерде шағын бизнесті сапалы кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Шоқанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа тәсілдер «кәсіпкерлік баспалдақ» жүйесі арқылы микрожобаларды тұрақты өндіріске айналдыруға мүмкіндік береді.

🔸 Негізгі басымдықтар:
🟦Қолдау мақсатты түрде жүзеге асады. Басым салалар әр ауданның әлеуетінің рейтингі және кәсіпкерлердің өздері жүргізген сауалнама негізінде айқындалады.
🟦Бағдарлама қолданыстағы жобаларды біріктіреді. Егер «Ауыл аманаты» бизнесті нөлден бастауға көмектессе, ал «Іскер аймақ» оны кеңейтуді және жаңа нарықтарға шығуды қамтамасыз етеді.
🟦Әрбір ауылда және моноқалаларда шағын индустриялық аймақтар мен коммуникациялары тартылған дайын өндірістік алаңдар құру жоспарлануда.

«Жаңа бағдарлама «нөлден» бастап оқытудан тұрақты бизнеске көшуге дейінгі аралықты қамтиды. Біз «әлеуметтік баспалдақ» ретінде қызмет ететін, «Ауыл аманатына» қатыстырудан бастап, «Іскер аймақ» шеңберінде нақты кеңейтуге дейінгі бірыңғай кәсіпкерлік жүйе құрып жатырмыз»,

— деп атап өтті Нұрсұлтан Шоқанов.

➖

НПП «Атамекен»: «Іскер аймақ» станет «лифтом» для малого бизнеса

📌 Программа «Іскер аймақ» обеспечит качественное масштабирование малого бизнеса в регионах. Об этом на заседании Правительства сообщил исполняющий обязанности Председателя Правления НПП «Атамекен» Нурсултан Шоканов.

По его словам, новые подходы позволят превратить микропроекты в устойчивые производства через систему «предпринимательского лифта».

🔸 Ключевые акценты:
🟦Поддержка будет адресной. Приоритетные отрасли определят на основе рейтинга потенциала каждого района и опроса самих бизнесменов.
🟦Программа свяжет воедино действующие проекты. Если «Ауыл аманаты» помогает запустить бизнес с нуля, то «Іскер аймақ» обеспечит его масштабирование и выход на новые рынки.
🟦В каждом селе и моногородах планируется создание малых индустриальных зон и готовых производственных площадок с подведенными коммуникациями.

«Новая программа – это переход от обучения "с нуля" к акселерации устойчивого бизнеса. Мы выстраиваем единый предпринимательский лифт: от вовлечения в «Ауыл аманаты» до реального масштабирования в рамках «Іскер аймақ»,

— подчеркнул Нурсултан Шоканов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Forwarded from UKIMET
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде бизнес жүргізу қағидаларын жетілдіріліп, жеңілдетілуде

Бүгінде елімізде 2,2 млн-нан астам ШОБ субъектісі жұмыс істейді, сала бойынша 4 млн-нан астам адам жұмыспен қамтылған


📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов кәсіпкерлікті дамытуға Президент деңгейінде басымдық берілетінін, өйткені ШОБ халық үшін маңызды табыс көзі екенін атап өтті.

«Халықтың табысының маңызды көзі болып саналатын кәсіпкерлікті дамыту – Мемлекет басшысының әрдайым ерекше назарында тұрған мәселе.

Бүгінде елімізде 2,2 млн-нан астам шағын бизнес субъектісі жұмыс істейді. Онда шамамен 4 млн адам жұмыспен қамтылған.

Кәсіпкерлікті одан әрі дамыту үшін бизнес жүргізу қағидаларын жетілдіріп, оны неғұрлым түсінікті әрі ашық болуын қамтамасыз ету маңызды.

Үкімет бизнес-қауымдастықпен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, жаңа салық саясатын қалыптастыруда»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

➖

Реализация поручений Президента: в Казахстане совершенствуются и упрощаются правила ведения малого бизнеса

В стране действует свыше 2,2 млн субъектов МСБ, в данной сфере занято свыше 4 млн человек

📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что развитию предпринимательства уделяется приоритетное внимание на уровне Президента, поскольку МСБ является важным источником дохода населения.

«Главой государства всегда уделяется особое внимание развитию предпринимательства, являющегося важным источником дохода населения.

Сегодня в стране действует свыше 2,2 млн. субъектов малого бизнеса, где занято около 4 млн. человек.

Для дальнейшего развития предпринимательства важно совершенствовать правила для бизнеса, делать их более понятными и прозрачными.

При тесном взаимодействии с бизнес-сообществом, Правительством выстраивается новая налоговая политика»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
«Есептілік пен бюрократияның азаюы»: Қазақстандағы салық есептілігі 30%-ға қысқарады

📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов есептілік, салықтар мен алымдар санын қысқарту есебінен кәсіпкерлердің өз бизнесін дамытуға көбірек көңіл бөлуіне болатынын атап өтті.

«Салықтық есептілік 30%-ға, ал салықтар мен алымдардың саны 20%-ға қысқарады. Бұл кәсіпкердің есеп беруге жұмсалатын уақытын азайтып, өз бизнесін дамытуға көбірек көңіл бөлуіне ықпал етеді»,

— деп атап өтті Премьер-министр.

➖

«Меньше отчетности и меньше бюрократии»: Налоговая отчетность в Казахстане сокращается на 30%

📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что за счет сокращения отчетности и количества налогов и сборов у предпринимателей появится больше времени для развития своего бизнеса.

«Налоговая отчетность сокращается на 30%.Количество налогов и сборов – на 20%. Это означает, что предприниматель будет тратить меньше времени на отчеты, а больше уделять внимания развитию своего бизнеса»,

— подчеркнул Премьер-министр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімдері әкімдіктердің иелігінде қалады – Олжас Бектенов

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов ШОБ-ты қолдау үшін «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасының жобасын қарау кезінде жаңа Бюджет кодексіне сәйкес шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімдері әкімдіктердің иелігінде қалатынын атап өтті.

«Жаңа Бюджет кодексі шағын бизнестен түсетін барлық салық түсімдерін әкімдіктердің иелігінде қалдыруды көздейді.

Енді әкімдер әрбір кәсіпкердің табысқа жетуіне мүдделі болады, өйткені ол жергілікті бюджет кірістерінің өсуіне тікелей ықпал етеді»,

— деді Олжас Бектенов.

➖

Все налоговые поступления от малого бизнеса останутся в распоряжении акиматов – Олжас Бектенов о развитии регионов

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов при рассмотрении проекта единой программы «Іскер аймақ» для поддержки МСБ отметил, что согласно новому Бюджетному кодексу все налоговые поступления от малого бизнеса остаются в распоряжении акиматов.

«Новый Бюджетный кодекс оставляет в распоряжении акиматов все налоговые поступления от малого бизнеса.

Акимы теперь заинтересованы в успехе каждого предпринимателя, так как это напрямую влияет на рост доходов местного бюджета»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Үкімет Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ШОБ-ты қолдау бойынша «Іскер аймақ» бірыңғай бағдарламасын бекітті

«Іскер аймақ» бағдарламасы ауылдық жерлерде және шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған

📌 Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Іскер аймақ» шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы қаралды.

Бағдарлама өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде және шағын қалаларда бизнес қажеттіліктеріне дер кезінде жасалған жауап екені атап өтілді.

«Аталған бағдарламаға сәйкес біз жай ғана субсидия бөлу әдісінен, өңірлердің ортақ жауапкершілігі моделіне көшеміз.

Біздің мақсатымыз – тек несие беру емес, тұрақты өндірістер құрып, өнім шығару көлемінің нақты өсімін қамтамасыз ету»,

— деп атап өтті Премьер-министр.

Қаржы министрлігіне «Іскер аймақ» бағдарламасын қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Бағдарламаны жергілікті бюджеттер есебінен де қоса қаржыландыру көзделуі қажет.

Өңір әкімдіктері бірінші деңгейдегі субсидияларды (бюджеттің 70%-ы) бөлу үшін аудандардың ерекшелігін ескере отырып, барынша қысқа мерзімде басым салалардың тізбесін қалыптастыруы қажет.

➖

Правительство утвердило единую программу «Іскер аймақ» по поддержке МСБ в рамках реализации поручений Президента

Программа «Іскер аймақ» нацелена на развитие предпринимательства в сельской местности и малых городах

📌 На заседании Правительства под председательством Премьер-министра Олжаса Бектенова рассмотрена единая программа поддержки малого бизнеса «Іскер аймақ».

Отмечено, что программа стала своевременным ответом на запросы бизнеса в регионах, особенно в сельской местности и малых городах.

«Согласно данной программе мы переходим от простого распределения субсидий к модели солидарной ответственности регионов.

Наша цель – не просто выдавать кредиты, а создавать устойчивые производства и обеспечивать реальный рост выпуска продукции»,

— подчеркнул Премьер-министр.

Министерству финансов поручено обеспечить финансирование программы «Іскер аймақ». Софинансирование программы должно быть предусмотрено и местными бюджетами.

Акиматам регионов в кратчайшие сроки необходимо сформировать перечни приоритетных отраслей с учетом специфики районов для распределения первого уровня субсидий (70% бюджета).

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов «Іскер аймақ» бағдарламасы туралы: шағын бизнестің өндірістік инфрақұрылымға және үй-жайларды жеңілдікпен жалға алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет

📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шағын бизнесті қолдаудың және кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

«Шағын бизнестің өндірістік инфрақұрылымға қолжетімділігін қамтамасыз етіп, үй-жайларды жеңілдікпен жалға алуына мүмкіндік жасаған жөн. Сонымен қатар шағын бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу маңызды іс екенін атап өткім келеді»,

— деді Олжас Бектенов.

Мәселен, Алматы қаласында кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында биыл жергілікті бюджеттен шағын және орта бизнесті дамытуға 25,5 млрд теңге бөлінді. Бұл жалпы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылмаған, қала үшін неғұрлым басым бағыттардың дамуын ынталандыруға мүмкіндік берді.

Табысты мысалдардың бірі ретінде қалада жылдық 6%-ға дейін жеңілдікті несиелер беру арқылы шағын өнеркәсіптік парктерді дамыту ісін айтуға болады.

Осы оң тәжірибені бүкіл еліміз бойынша кеңінен тарату қажеттілігі атап өтілді.

Бұдан бөлек, Үкіметте «Іскер аймақ» бағдарламасын қаржыландыру тетіктері айқындалды.

Қаржы министрлігіне Бағдарламаны қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды, бұл ретте Бағдарламаны жергілікті бюджеттер есебінен де қоса қаржыландыру көзделуі қажет. Өңір әкімдіктері бірінші деңгейдегі субсидияларды бөлу үшін аудандардың ерекшелігін ескере отырып, барынша қысқа мерзімде басым салалардың тізбесін қалыптастыруы қажет.

➖

Олжас Бектенов о программе «Іскер аймақ»: Нужно обеспечить доступ малого бизнеса к производственной инфраструктуре и льготной аренде

📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул важность поддержки малого бизнеса и расширения возможностей для предпринимателей.

«Нужно обеспечить доступ малого бизнеса к производственной инфраструктуре и льготной аренде помещений.

Хочу отметить важность разработки региональных программ поддержки малого бизнеса»

, — отметил Олжас Бектенов.

В качестве примера успешной практики приведен опыт Алматы. В этом году из местного бюджета на развитие МСБ было выделено 25,5 млрд тенге. Это позволило стимулировать приоритетные направления предпринимательства, не охваченные общими мерами государственной поддержки.

Также среди эффективных мер в других регионах – развитие малых промышленных парков и предоставление льготных кредитов до 6% годовых.

Подчеркнута необходимость масштабировать на всю страну данный положительный опыт.

Кроме того, в Правительстве определены механизмы финансирования программы «Іскер аймақ». Министерству финансов поручено обеспечить финансирование программы, при этом софинансирование должно быть предусмотрено и местными бюджетами.

Акиматам регионов необходимо в кратчайшие сроки сформировать перечни приоритетных отраслей с учетом специфики районов для распределения первого уровня субсидий.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Үкімет ШОБ кәсіпорындарын жаңғырту үшін лизингтік қаржыландыруды іске қосады

📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңдеуші секторлардың ЖІӨ-дегі үлесін одан әрі ұлғайту үшін кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттырып, оларды жаңғырту жұмыстарын, оның ішінде шағын және орта бизнес өндірістерін қайта жабдықтау есебінен ынталандыру керек екенін атап өтті.


«Өнеркәсіп министрлігіне келесі жылдың қаңтар айынан бастап өңдеу өнеркәсібінде өндірістік қуатарды жаңғырту үшін лизингтік қаржыландыруды іске қосуды тапсырамын.

Микро және шағын бизнес өкілдері қосымша кепілдіксіз 300 млн теңгеге дейін өз өндірістерін жаңғырту мүмкіндігіне ие болады.

Өндірісті қайта жабдықтау кәсіпорындардың өнімділігін ұлғайтып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

➖

Правительство запускает лизинговое финансирование модернизации предприятий МСБ

📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что для дальнейшего роста доли обрабатывающего сектора в ВВП следует увеличивать производственную мощность предприятий, стимулировать их модернизацию, в том числе путем переоснащения производств малого и среднего бизнеса.

«Поручаю Министерству промышленности с января следующего года обеспечить запуск лизингового финансирования модернизации производственных мощностей в обрабатывающей промышленности.

Микро и малый бизнес получит возможность модернизировать свое производство на сумму до 300 млн. тенге без предоставления залога.

Переоснащение позволит увеличить производительность предприятий и повысить их конкурентоспособность»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from UKIMET
Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін ШОБ-ты қолдау: Үкімет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша қаржыландыру критерийлерін кеңейтуде

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін ШОБ-ты қолдаудың қосымша салықтық емес шараларын әзірлеуді тапсырды.

«Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін шағын және орта бизнесті қолдаудың қосымша салықтық емес шараларын әзірлесін.

«Өрлеу» бағдарламасы аясында қаржыландыру критерийлерін кеңейту тиімді тетіктердің бірі болады»,

— деді Премьер-министр.

➖

Поддержка МСБ общеустановленного режима налогообложения: Правительство расширяет критерии финансирования по программе «Өрлеу»

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства поручил разработать дополнительные неналоговые меры поддержки МСБ, работающего в общеустановленном режиме налогообложения.

«Министерству нацэкономики совместно с заинтересованными госорганами разработать дополнительные неналоговые меры поддержки малого и среднего бизнеса, работающего в общеустановленном режиме налогообложения.

Одним из действенных механизмов станет расширение критериев финансирования в рамках программы «Өрлеу»,

— подчеркнул Премьер-министр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ШОБ-ты дамытуға рекордтық 613 млрд теңге: «Бәйтерек» Президенттің бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруда

📌 Мемлекет басшысының бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде «Бәйтерек» холдингі 2025 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың рекордтық көлемін қамтамасыз етеді. Жыл соңына дейін қолдау сомасы 613 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында холдинг төрағасы Рустам Қарағойшин мәлімдеді.

«Өрлеу» бағдарламасы шағын және орта бизнесті қолдаудың негізгі құралдарының бірі. Бүгінгі таңда 1,8 мыңнан астам жоба қолдау тапты. Бағдарламаның басты айырмашылығы – ол кепілдердің жетіспеушілігі мәселесін жүйелі түрде шешеді: кепілдік беру құралдары арқылы кәсіпкерлер 80 млрд теңге несиеге қол жеткізді.

«2025 жылдың соңына дейін қосымша 108 млрд теңгені игеру жоспарланған. Оның 48,8 млрд теңгесі — Қор қаражаты, қалғаны — екінші деңгейлі банктердің қаражаты. Бұл шамамен 400 кәсіпкерді қосымша қолдауға мүмкіндік береді.

Жалпы 2025 жылы Холдингтің құралдарынан 25 мыңнан астам шағын, орта, кіші кәсіпорындарға көмек көрсетіліп отыр. Осылайша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Өрлеу» бағдарламасы шеңберіндегі жалпы қаржыландыру көлемі 613 млрд теңгеге, ал қарыз алушылар саны шамамен 2 мың мекемеден асып отыр»,

— деді Рустам Қарағойшин.

➖

Рекордные 613 млрд тенге на развитие МСБ: «Байтерек» реализует поручение Президента по поддержке бизнеса


📌 В рамках исполнения поручений Главы государства по созданию благоприятных условий для бизнеса, холдинг «Байтерек» в 2025 году обеспечит рекордный объем финансирования малого и среднего предпринимательства. К концу года сумма поддержки составит 613 млрд тенге. Об этом на пресс-конференции в Правительстве сообщил Председатель Холдинга Рустам Карагойшин.

Программа «Өрлеу» стала эффективным ответом на запрос бизнеса о доступных и «длинных» деньгах. На сегодня поддержку уже получили более 1,8 тыс. проектов. Ключевое отличие программы в том, что она системно решает проблему нехватки залогов: через инструменты гарантирования предприниматели получили доступ к кредитам на 80 млрд тенге.

«До конца 2025 года планируется освоение дополнительных 108 млрд тенге, из которых 48,8 млрд тенге – это средства фонда, а остальное будет предоставлено через банки второго уровня. Это позволит оказать дополнительную поддержку примерно 400 предпринимателям.

Если говорить в целом о 2025 годе, то по всем инструментам Холдинга помощь оказывается более чем 25 тыс. субъектов малого, среднего и микробизнеса. Таким образом, по итогам 2025 года в рамках программы "Өрлеу" общий объем финансирования составит 613 млрд тенге, а количество заемщиков превысит 2 тыс. организаций»,

— подчеркнул Рустам Карагойшин.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM