Экономика министрлігі 🇰🇿
3.21K subscribers
6.37K photos
437 videos
19 files
4.34K links
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook:https://www.facebook.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
Олжас Бектенов «Іскер аймақ» бағдарламасы туралы: шағын бизнестің өндірістік инфрақұрылымға және үй-жайларды жеңілдікпен жалға алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет

📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов шағын бизнесті қолдаудың және кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

«Шағын бизнестің өндірістік инфрақұрылымға қолжетімділігін қамтамасыз етіп, үй-жайларды жеңілдікпен жалға алуына мүмкіндік жасаған жөн. Сонымен қатар шағын бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу маңызды іс екенін атап өткім келеді»,

— деді Олжас Бектенов.

Мәселен, Алматы қаласында кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында биыл жергілікті бюджеттен шағын және орта бизнесті дамытуға 25,5 млрд теңге бөлінді. Бұл жалпы мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылмаған, қала үшін неғұрлым басым бағыттардың дамуын ынталандыруға мүмкіндік берді.

Табысты мысалдардың бірі ретінде қалада жылдық 6%-ға дейін жеңілдікті несиелер беру арқылы шағын өнеркәсіптік парктерді дамыту ісін айтуға болады.

Осы оң тәжірибені бүкіл еліміз бойынша кеңінен тарату қажеттілігі атап өтілді.

Бұдан бөлек, Үкіметте «Іскер аймақ» бағдарламасын қаржыландыру тетіктері айқындалды.

Қаржы министрлігіне Бағдарламаны қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды, бұл ретте Бағдарламаны жергілікті бюджеттер есебінен де қоса қаржыландыру көзделуі қажет. Өңір әкімдіктері бірінші деңгейдегі субсидияларды бөлу үшін аудандардың ерекшелігін ескере отырып, барынша қысқа мерзімде басым салалардың тізбесін қалыптастыруы қажет.

➖

Олжас Бектенов о программе «Іскер аймақ»: Нужно обеспечить доступ малого бизнеса к производственной инфраструктуре и льготной аренде

📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул важность поддержки малого бизнеса и расширения возможностей для предпринимателей.

«Нужно обеспечить доступ малого бизнеса к производственной инфраструктуре и льготной аренде помещений.

Хочу отметить важность разработки региональных программ поддержки малого бизнеса»

, — отметил Олжас Бектенов.

В качестве примера успешной практики приведен опыт Алматы. В этом году из местного бюджета на развитие МСБ было выделено 25,5 млрд тенге. Это позволило стимулировать приоритетные направления предпринимательства, не охваченные общими мерами государственной поддержки.

Также среди эффективных мер в других регионах – развитие малых промышленных парков и предоставление льготных кредитов до 6% годовых.

Подчеркнута необходимость масштабировать на всю страну данный положительный опыт.

Кроме того, в Правительстве определены механизмы финансирования программы «Іскер аймақ». Министерству финансов поручено обеспечить финансирование программы, при этом софинансирование должно быть предусмотрено и местными бюджетами.

Акиматам регионов необходимо в кратчайшие сроки сформировать перечни приоритетных отраслей с учетом специфики районов для распределения первого уровня субсидий.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Үкімет ШОБ кәсіпорындарын жаңғырту үшін лизингтік қаржыландыруды іске қосады

📌 Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңдеуші секторлардың ЖІӨ-дегі үлесін одан әрі ұлғайту үшін кәсіпорындардың өндірістік қуатын арттырып, оларды жаңғырту жұмыстарын, оның ішінде шағын және орта бизнес өндірістерін қайта жабдықтау есебінен ынталандыру керек екенін атап өтті.


«Өнеркәсіп министрлігіне келесі жылдың қаңтар айынан бастап өңдеу өнеркәсібінде өндірістік қуатарды жаңғырту үшін лизингтік қаржыландыруды іске қосуды тапсырамын.

Микро және шағын бизнес өкілдері қосымша кепілдіксіз 300 млн теңгеге дейін өз өндірістерін жаңғырту мүмкіндігіне ие болады.

Өндірісті қайта жабдықтау кәсіпорындардың өнімділігін ұлғайтып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді»,

— деп атап өтті Олжас Бектенов.

➖

Правительство запускает лизинговое финансирование модернизации предприятий МСБ

📌 На заседании Правительства Премьер-министр Олжас Бектенов отметил, что для дальнейшего роста доли обрабатывающего сектора в ВВП следует увеличивать производственную мощность предприятий, стимулировать их модернизацию, в том числе путем переоснащения производств малого и среднего бизнеса.

«Поручаю Министерству промышленности с января следующего года обеспечить запуск лизингового финансирования модернизации производственных мощностей в обрабатывающей промышленности.

Микро и малый бизнес получит возможность модернизировать свое производство на сумму до 300 млн. тенге без предоставления залога.

Переоснащение позволит увеличить производительность предприятий и повысить их конкурентоспособность»,

— подчеркнул Олжас Бектенов.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from UKIMET
Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін ШОБ-ты қолдау: Үкімет «Өрлеу» бағдарламасы бойынша қаржыландыру критерийлерін кеңейтуде

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін ШОБ-ты қолдаудың қосымша салықтық емес шараларын әзірлеуді тапсырды.

«Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін шағын және орта бизнесті қолдаудың қосымша салықтық емес шараларын әзірлесін.

«Өрлеу» бағдарламасы аясында қаржыландыру критерийлерін кеңейту тиімді тетіктердің бірі болады»,

— деді Премьер-министр.

➖

Поддержка МСБ общеустановленного режима налогообложения: Правительство расширяет критерии финансирования по программе «Өрлеу»

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов на заседании Правительства поручил разработать дополнительные неналоговые меры поддержки МСБ, работающего в общеустановленном режиме налогообложения.

«Министерству нацэкономики совместно с заинтересованными госорганами разработать дополнительные неналоговые меры поддержки малого и среднего бизнеса, работающего в общеустановленном режиме налогообложения.

Одним из действенных механизмов станет расширение критериев финансирования в рамках программы «Өрлеу»,

— подчеркнул Премьер-министр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ШОБ-ты дамытуға рекордтық 613 млрд теңге: «Бәйтерек» Президенттің бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруда

📌 Мемлекет басшысының бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде «Бәйтерек» холдингі 2025 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырудың рекордтық көлемін қамтамасыз етеді. Жыл соңына дейін қолдау сомасы 613 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында холдинг төрағасы Рустам Қарағойшин мәлімдеді.

«Өрлеу» бағдарламасы шағын және орта бизнесті қолдаудың негізгі құралдарының бірі. Бүгінгі таңда 1,8 мыңнан астам жоба қолдау тапты. Бағдарламаның басты айырмашылығы – ол кепілдердің жетіспеушілігі мәселесін жүйелі түрде шешеді: кепілдік беру құралдары арқылы кәсіпкерлер 80 млрд теңге несиеге қол жеткізді.

«2025 жылдың соңына дейін қосымша 108 млрд теңгені игеру жоспарланған. Оның 48,8 млрд теңгесі — Қор қаражаты, қалғаны — екінші деңгейлі банктердің қаражаты. Бұл шамамен 400 кәсіпкерді қосымша қолдауға мүмкіндік береді.

Жалпы 2025 жылы Холдингтің құралдарынан 25 мыңнан астам шағын, орта, кіші кәсіпорындарға көмек көрсетіліп отыр. Осылайша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Өрлеу» бағдарламасы шеңберіндегі жалпы қаржыландыру көлемі 613 млрд теңгеге, ал қарыз алушылар саны шамамен 2 мың мекемеден асып отыр»,

— деді Рустам Қарағойшин.

➖

Рекордные 613 млрд тенге на развитие МСБ: «Байтерек» реализует поручение Президента по поддержке бизнеса


📌 В рамках исполнения поручений Главы государства по созданию благоприятных условий для бизнеса, холдинг «Байтерек» в 2025 году обеспечит рекордный объем финансирования малого и среднего предпринимательства. К концу года сумма поддержки составит 613 млрд тенге. Об этом на пресс-конференции в Правительстве сообщил Председатель Холдинга Рустам Карагойшин.

Программа «Өрлеу» стала эффективным ответом на запрос бизнеса о доступных и «длинных» деньгах. На сегодня поддержку уже получили более 1,8 тыс. проектов. Ключевое отличие программы в том, что она системно решает проблему нехватки залогов: через инструменты гарантирования предприниматели получили доступ к кредитам на 80 млрд тенге.

«До конца 2025 года планируется освоение дополнительных 108 млрд тенге, из которых 48,8 млрд тенге – это средства фонда, а остальное будет предоставлено через банки второго уровня. Это позволит оказать дополнительную поддержку примерно 400 предпринимателям.

Если говорить в целом о 2025 годе, то по всем инструментам Холдинга помощь оказывается более чем 25 тыс. субъектов малого, среднего и микробизнеса. Таким образом, по итогам 2025 года в рамках программы "Өрлеу" общий объем финансирования составит 613 млрд тенге, а количество заемщиков превысит 2 тыс. организаций»,

— подчеркнул Рустам Карагойшин.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Соңғы үш жылда Қазақстанда 622 мектеп және 633 емхана салынды

📌 Қазақстан халқының саны жыл сайын шамамен 250 мың адамға артып келеді, өсім орташа есеппен – 1,2%. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Ол жыл сайын 350 мың бала өмірге келетінін, кейбір жылдары 400 мыңға дейін бала туылатынын атап өтті. Бұл мектеп, балабақша, емхана салуды, педагогтер, дәрігерлер штатын ұлғайтуды қажет етеді. Сонымен бірге мұғалімдер мен медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шығындары да өсуде.

«Жыл сайынғы қажеттілік шамамен 145 мектеп пен 100 емхананы құрайды. Соңғы үш жылда біз 622 мектеп, жылына орта есеппен 207 мектеп және 633 емхана, жылына орта есеппен 211 емхана салдық»,

— деп атап өтті Серік Жұманғарин.

➖

За последние три года в Казахстане построено 622 школы и 633 поликлиники

📌 Население Казахстана ежегодно увеличивается примерно на 250 тыс. человек, прирост в среднем 1,2%. Об этом на пресс-конференции по итогам заседания Правительства сообщил заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин.

Он отметил, что ежегодно рождается 350 тыс. детей, в отдельные годы – до 400 тыс. Это требует строительства школ, садов, поликлиник, увеличение штата педагогов, врачей. Одновременно растут расходы на оплату труда педагогов и медицинских работников.

«Ежегодная потребность составляет порядка 145 школ и 100 поликлиник. За последние три года мы построили 622 школы, в среднем 207 в год и 633 поликлиники, в среднем 211 в год»,

— отметил Серик Жумангарин.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан бюджеті әлеуметтік бағдарын сақтайды – ҰЭМ

📌 Бүгінгі таңда әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар мемлекеттік бюджет құрылымында шамамен 53%-ды құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл барлық бюджет қаражатының жартысынан көбі және осы бағыттағы шығындар әлі де артып келеді. Мысалы, МӘМС жүйесін қаржыландыруға 2020 жылы 300 млрд теңге бөлінсе, 2026 жылға 800 млрд теңге жоспарланған.

«Орташа жылдық өсім шамамен 24%-ды құрайды. Бұл жақсы және тұрақты қарқын. Сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне жұмсалатын шығындар 2020 жылы 1 трлн теңгеден астам болса, 2026 жылға арналған жоспар 1,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды»,

— деп атап өтті Серік Жұманғарин.

➖

Бюджет Казахстана сохраняет социальную направленность — МНЭ

📌 Сегодня расходы на социальную сферу составляют около 53% в структуре госбюджета. Об этом на пресс-конференции по итогам заседания Правительства сообщил заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин.

По его словам, это более половины всех бюджетных средств и расходы в этом направлении увеличиваются. К примеру, на финансирование системы ОСМС на 2020 год выделялось 300 млрд тенге, а на 2026 год уже запланировано 800 млрд тенге.

«Среднегодовой рост – около 24%. Это хороший и устойчивый темп. Параллельно увеличивались расходы на гарантированный объем бесплатной медицинской помощи – свыше 1 трлн тенге в 2020 году до 1,7 трлн тенге – план на 2026 год»,

— отметил Серик Жумангарин.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from ORTCOM.KZ
🔶Қазақстанда Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға арналған институционалдық негіз қалыптастырылған

Орнықты даму саласындағы Күн тәртібі ауқымды әрі ұзақ мерзімді өзгерістерге бағдар береді. Ол әлеуметтік, экономикалық және экологиялық дамудың негізгі қырларын қамтитын Орнықты даму мақсаттарының 17 бағытын біріктіреді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстанда БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын іске асыруға арналған институционалдық негіз қалыптастырылған. Аталған жұмысты жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Бүгінде Қазақстан Республикасындағы орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссия өз қызметін жүзеге асырып келеді.

«Қазіргі таңда Қазақстандағы Орнықты даму мақсаттарының мониторинг жүйесі 200 индикаторды қамтиды, оның ішінде 69-ы Қазақстан үшін өзекті деп танылған, ал 131-і мониторинг жүргізуге арналған. Орнықты даму мақсаттарының индикаторлары деректерінің базасын жүргізу жұмысын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жүзеге асырады», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.


🔶В Казахстане сформирована институциональная основа для реализации Целей устойчивого развития

Повестка дня в области устойчивого развития ориентирована на масштабные и долгосрочные изменения. Он объединяет 17 направлений Целей устойчивого развития, охватывающих основные аспекты социального, экономического и экологического развития. Об этом на площадке СЦК сообщил вице-министр национальной экономики РК Асан Дарбаев. По его словам, в Казахстане сформирована институциональная основа для реализации Целей устойчивого развития ООН. Для обеспечения данной работы действует Координационный совет по Целям устойчивого развития. Сегодня свою деятельность осуществляет парламентская комиссия по мониторингу реализации национальных целей и задач в области устойчивого развития в Республике Казахстан.

«На сегодняшний день система мониторинга Целей устойчивого развития в Казахстане включает 200 индикаторов, из них 69 признаны актуальными для Казахстана, а 131 предназначены для проведения мониторинга. Работу по ведению базы данных индикаторов Целей устойчивого развития осуществляет Национальное бюро статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам», - сказал спикер в ходе пресс-конференции.


@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍3👏1
Forwarded from ORTCOM.KZ
🔶Елімізде Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қолданылады

Қазақстанда Орнықты даму мақсаттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында қамтылуын қамтамасыз ететін құқықтық негіз қалыптастырылған. Орнықтылық пен инклюзивтілік қағидаттары Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының негізіне алынған. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев хабарлады.
Стратегиялық мақсаттарды жергілікті деңгейге бейімдеу Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары арқылы жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қолданыста. Осы жүйеге сәйкес Орнықты даму мақсаттарының ұлттық индикаторлары бағдарламалық және стратегиялық жоспарлау құжаттарына, соның ішінде өңірлік құжаттарға локализациялау арқылы енгізіліп жатыр», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


ҚР Ұлттық экономика министрлігінің талдауы бойынша, олардың шамамен 94,2%-ы мемлекеттік органдардың Даму жоспарларына енгізілген, ал облыстардың даму жоспарларында өңірлер үшін өзекті индикаторларды қамту деңгейі 100%-ды құрайды. Орнықты даму мақсаттары қабылданған соңғы он жыл ішінде көптеген бағыттар бойынша оң динамика байқалып отыр.

🔶В стране действует новая система государственного планирования

В Казахстане сформирована правовая основа, обеспечивающая охват Целей устойчивого развития документами системы государственного планирования. Принципы устойчивости и инклюзивности заложены в основу национального плана развития Республики Казахстан до 2029 года. Об этом на площадке СЦК сообщил вице-министр национальной экономики РК Асан Дарбаев. Адаптация стратегических целей на местном уровне осуществляется через документы системы государственного планирования.

«В Республике Казахстан действует новая система государственного планирования. В соответствии с этой системой национальные индикаторы Целей устойчивого развития внедряются посредством локализации в документы программного и стратегического планирования, в том числе в региональные», - сказал спикер на пресс-конференции в СЦК.


Согласно анализу Министерства национальной экономики РК, около 94,2% из них включены в планы развития государственных органов, а в планах развития областей уровень охвата актуальными для регионов индикаторами составляет 100%. За последние десять лет, когда были приняты Цели устойчивого развития, наблюдается положительная динамика по многим направлениям.

@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍1🔥1👏1
Forwarded from ORTCOM.KZ
🔶Қазақстан БҰҰ штаб-пәтерінде Орнықты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі үшінші Ерікті ұлттық шолуын ұсынды

Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде өткен Жоғары деңгейдегі саяси форум аясында Қазақстан 144 мемлекеттің ішінде қатысып, 37 елдің қатарында өзінің үшінші Ерікті ұлттық шолуын ұсынды. Бұл шолуда локализациялау, жаһандық мақсаттарды өңірлер мен жергілікті қауымдастықтар деңгейіне көшіру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Шолуды дайындау үдерісі инклюзивті тәсілге негізделді.

«Оны әзірлеуге 25 мемлекеттік орган және барлық жергілікті атқарушы органдар тартылды. Сондай-ақ, 2025 жылғы Шолудың басты ерекшелігі – азаматтық қоғамның, ғылыми және сараптамалық қауымдастықтың кеңінен қатысуы болды. Шолуды әзірлеу аясында оның жобасын талқылуға және локализациялауға арналған өңірлік семинарлар сериясы өткізілді», - деді ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


🔶Казахстан представил третий Добровольный национальный обзор по достижении Целей устойчивого развития в штаб-квартире ООН

В этом году в рамках Политического форума высокого уровня в штаб-квартире ООН Казахстан принял участие среди 144 стран и представил свой третий Добровольный национальный обзор в числе 37 стран. В данном обзоре особое внимание было уделено вопросам локализации, перевода глобальных целей на уровень регионов и местных сообществ. Процесс подготовки обзора был основан на инклюзивном подходе.

«К его разработке привлечены 25 государственных органов и все местные исполнительные органы. Также главной особенностью обзора 2025 года было широкое участие гражданского общества, научного и экспертного сообщества. В рамках разработки обзора проведена серия региональных семинаров, посвященных обсуждению и локализации его проекта», - сказал вице-министр национальной экономики РК Асан Дарбаев на пресс-конференции в СЦК.


@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍1👏1
Forwarded from ORTCOM.KZ
🔶Алматыдағы ТДМ бойынша БҰҰ өңірлік орталығы - өңірлік үйлестіру үшін маңызды алаң

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаевтың айтуынша, жаһандық орнықты даму Күн тәртібі күш-жігерді біріктіруді және өңірлік ынтымақтастықты дамытуды талап етеді. БҰҰ Бас хатшысының және серіктес мемлекеттердің қолдауымен Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа Өңірлік орталығы ашылды.

«Өңірлік орталықтың құрылуы – Қазақстан үшін маңызды шешім әрі ел дамуы тарихындағы елеулі кезең. Ал Орталық Азия үшін бұл орнықты даму саласындағы күш-жігерді үйлестіруге және озық тәжірибені таратуға ықпал ететін маңызды аймақтық алаңға айналады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


🔶Региональный Центр ООН по ЦУР в Алматы – важная площадка для региональной координации

По словам вице-министра национальной экономики РК Асана Дарбаева, глобальная повестка устойчивого развития требует консолидации усилий и развития регионального сотрудничества. При поддержке Генерального секретаря ООН и государств-партнеров в Алматы открылся новый Региональный центр Организации Объединенных Наций по Целям устойчивого развития для Центральной Азии и Афганистана.

«Создание Регионального центра - важное решение для Казахстана и важный этап в истории развития страны. А для Центральной Азии это станет важной региональной площадкой, способствующей координации усилий в области устойчивого развития и распространению передового опыта», - сказал спикер на пресс-конференции в СЦК.


@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍1🔥1
Серік Жұманғарин «Аманат» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысына қатысты. Диалог алаңына мемлекеттік орган, бизнес-қоғамдастық пен салалық бірлестік өкілдері кәсіпкерлікті дамытудың негізгі мәселелерін талқылау үшін бірікті.

Қазіргі уақытта мемлекет бизнесті қолдаудың 117 құралын іске асыруда. Оның 76-сы қаржылық, 38-і қаржылық емес, 3-еуі мүліктік қолдау тетіктері. Соңғы бес жылда тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері саны 40%-ға артып, 2,3 млн бірлікке жеткен. Осы салада 4,5 млн адам жұмыспен қамтылған.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы Қанат Ибраев Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жасақтау тетігін жетілдіре түсу мәселесін көтерді. Жүйе әзірге пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Бизнес тарапынан оған қатысты әдіснамалық және техникалық мәселер әлі де бар. Ал Тізілім келесі жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу кезінде қолданылғал отыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Қаржы министрлігінің өкілдері Тізілімнің тәжірибелік пайдалануға енгізілгенін хабарлады. Қорда бұған дейін «қазақстандық тауар өндіруші» мәртебесі барын растаған, қолданыстағы индустриялық сертификаттардың иелері болып табылатын 1 868 кәсіпорын тіркелген. Олар енді мемлекеттік сатып алуларға қатысу құқығына ие.

Техникалық және әдіснамалық мәселелерді жою бойынша жұмыстарды жүйенің техникалық операторы – «Электрондық қаржы орталығы» жалғастыруда.
Сауда желілері одағының өкілі Эльбеги Әбдиев тұтынушылық кредитті қысқарту шарасы шеңберінде бөлшек сауданың, әсіресе азық-түлікке жатпайтын тауар сегментінде өсу қарқынының баяулағанына назар аударды. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының бағалауынша, сауданың ЖІӨ-дегі үлесінің жоғары болуы және ондағы шағын және микро бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының мол екендігі, сондай-ақ бөлшек саудадағы сұраныстың азаюы кәсіпкерлердің өнімдерін өткізуге тікелей әсер етуі мүмкін.

Серік Жұманғарин бұл сауалға жауап бере келіп, соңғы жылдары тұтынушылық несие берудің артуы корпоративтік кредитке кері әсерін тигізгенін атап өтті. Ал 10 жыл бұрын жағдай керісінше еді. Бұл ретте сауда өзара байланысты салалар мен жұмыспен қамтудағы маңызды драйвер болып қала береді. Мемлекеттің міндеті – тұтынуды төмендетпей, ЖІӨ-нің өсуі есебінен тұтынушылық несиелеу үлесін қысқартып, қалыптасқан жағдайдан ақырындап шығу. Бұл міндеттің шешімі екінші деңгейдегі банктермен, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен, Ұлттық банкпен және басқа да реттеушілермен бірлесіп әзірленеді.
📱https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Экономика министрлігі 🇰🇿
Серік Жұманғарин «Аманат» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысына қатысты. Диалог алаңына мемлекеттік орган, бизнес-қоғамдастық пен салалық бірлестік өкілдері кәсіпкерлікті дамытудың негізгі мәселелерін талқылау…
Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин принял участие в работе первого заседания Координационного совета по развитию предпринимательства при партии Аманат. Диалоговая площадка объединила представителей государственных органов, бизнес-сообщества и отраслевых объединений для обсуждения ключевых вопросов развития предпринимательства.

В настоящее время государством реализуется 117 инструментов поддержки бизнеса, в том числе 76 финансовых, 38 нефинансовых и 3 имущественных. За последние пять лет количество зарегистрированных субъектов малого и среднего бизнеса выросло на 40%, достигнув 2,3 млн единиц, в секторе занято 4,5 млн человек.

Председатель комитета обрабатывающей промышленности Национальной палаты предпринимателей Атамекен Канат Ибраев поднял вопрос недостаточной проработки механизма формирования реестра казахстанских товаропроизводителей. По его словам, система пока действует в пилотном режиме, у бизнеса сохраняются методологические и технические вопросы, при том что с 1 января следующего года реестр будет применяться в государственных закупках.

Представители Министерства промышленности и строительства и Министерства финансов сообщили, что реестр уже введен в опытную эксплуатацию: в базе зарегистрированы 1 868 предприятий-владельцев действующих индустриальных сертификатов, которые ранее уже подтвердили статус «казахстанского товаропроизводителя» и теперь имеют право участвовать в госзакупках. Работа по устранению технических и методологических вопросов продолжается техническим оператором системы – Центром электронных финансов.

Представитель Союза торговых сетей Эльбеги Абдиев обратил внимание на замедление темпов роста розничной торговли, особенно в сегменте непродовольственных товаров, на фоне мер по сокращению потребительского кредитования. По оценке Ассоциации финансистов Казахстана, с учетом высокой доли торговли в ВВП и значительной занятости малого и микробизнеса, охлаждение розничного спроса может напрямую повлиять на реализацию продукции предпринимателей.

Отвечая на этот вопрос, Серик Жумангарин отметил, что в последние годы сформировался перекос в сторону потребительского кредитования в ущерб корпоративному, тогда как 10 лет назад ситуация была обратной. При этом торговля остается важным драйвером смежных отраслей и занятости. Задача государства – мягко выйти из сложившейся ситуации, не снижая потребление, а сокращая долю потребкредитования за счет роста ВВП. Решение этой задачи будет вырабатываться совместно с банками второго уровня, Ассоциацией финансистов Казахстана, Национальным банком и другими регуляторами.

📱https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын Үкімет тарапынан Ұлттық экономика министрлігі қадағалайды

Отырыс барысында «Қазақстан фарммединдустрия» фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілер қауымдастығының президенті Руслан Сұлтанов шикізат пен субстанциялардан дайын дәрі-дәрмек, медициналық бұйым, қызметке дейінгі тізбектің барлық кезеңінде денсаулық сақтау саласына бірыңғай 5% ҚҚС мөлшерлемесін енгізуді ұсынды. Ол 2026 жылдан бастап медициналық өнімге салық салу жүйесі көп деңгейлі және күрделі болатынын атап өтті:

шикізат пен жабдық – 16% ҚҚС;

ТМККК және МӘМС аясындағы дәрі-дәрмек – 0%;

дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар импорты және өткізу – 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%.

Саладағы мұндай үлгі отандық препараттардың әкімшілік шығыны мен құнын арттырады. 5% ҚҚС бірыңғай мөлшерлемесі әкімшілендіруді жеңілдетуге, тең бәсекелестік жағдайына және бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік береді. Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексін енгізудің алғашқы нәтижесі белгілі болған соң, 2026 жылғы екінші жартыжылдықта бұл мәселені қайта қарауды ұсынды.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары тізбесін кеңейту, оның шағын және бөлшек бизнес қызметіне, сондай-ақ импорттық өнім бағасына әсерін талқылады. Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті бизнестің бірқатар ұсынысын ескергені атап өтілді. Олар – логистика мен сақтауға жұмсалатын шығыстар шегерімге енгізіліп, ӘМАТ-тағы жаңа позициялар тізбесі қысқартылды. Мал шаруашылығын дамыту, мұнай сервистік компанияларда жұмыспен қамту, өңдеу өнеркәсібіндегі тариф белгілеуде сараланған тәсіл енгізу мүмкіндігі өз алдына бөлек қарастырылды.

Отырыс қорытындысында Үйлестіру кеңесінің жұмысын Үкімет тарапынан Ұлттық экономика министрлігі қадағалайтыны туралы шешім қабылданды. Барлық айтылған ұсыныс, проблемалық мәселе түйінделіп, мүдделі мемлекеттік органдардың, «Аманат» партиясы мен «Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен одан әрі пысықтауға Үкіметтің бақылауына алынады.

📱https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Экономика министрлігі 🇰🇿
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын Үкімет тарапынан Ұлттық экономика министрлігі қадағалайды Отырыс барысында «Қазақстан фарммединдустрия» фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілер қауымдастығының президенті Руслан Сұлтанов…
Координационный совет по развитию предпринимательства от Правительства будет курировать МНЭ

В ходе заседания Президент Ассоциации производителей фармацевтической и медицинской продукции «ФарМедИндустрия Казахстана» Руслан Султанов предложил рассмотреть введение единой ставки НДС в 5% для всего сектора здравоохранения на всех этапах цепочки – от сырья и субстанций до готовых лекарств, медицинских изделий и услуг. Он отметил, что с 2026 года система налогообложения медицинской продукции станет многоуровневой и сложной:

сырье и оборудование – 16% НДС;

лекарства в рамках ГОБМП и ОСМС – 0%;

импорт и реализация лекарств и медизделий – 5% с 2026 года, 10% с 2027 года.

По мнению отрасли, такая модель увеличивает административные издержки и себестоимость отечественных препаратов. Единая ставка НДС в 5% позволила бы упростить администрирование, обеспечить равные конкурентные условия и сдержать рост цен. Серик Жумангарин предложил вернуться к рассмотрению данного вопроса во втором полугодии 2026 года, после получения первых результатов имплементации нового Налогового кодекса.

Также участники заседания обсудили вопросы расширения перечня социально значимых продовольственных товаров и его влияния на деятельность малого и розничного бизнеса, а также на цены импортной продукции. Отмечено, что Комитетом торговли Министерства торговли и интеграции учтены предложения бизнеса: расходы на логистику и хранение включены в вычеты, а перечень новых позиций СЗПТ был сокращен. Отдельно рассмотрены вопросы развития животноводства, занятости в нефтесервисных компаниях и возможности дифференцированного подхода к тарифообразованию для обрабатывающей промышленности.

По итогам заседания принято решение, что работу Координационного совета от правительства будет курировать Министерство национальной экономики. Все озвученные предложения и проблемные вопросы будут обобщены и взяты на контроль Правительства для дальнейшей проработки с участием заинтересованных госорганов, партии «Аманат» и НПП «Атамекен».

📱https://t.me/presseconomy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
Үкіметте 2026 жылға арналған ЖІӨ-нің өсу болжамы қаралды

Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен 2026 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен ЖІӨ өсу параметрлері талқыланды. Алдағы жылы өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік және қоймалау, сауда салалары, өнімдер мен сусындар өндірісі экономикалық өсуге негізгі үлес қосуы тиіс.

Өңдеу өнеркәсібінде 2025 жылғы қорытынды бойынша нақты көлем индексі (НКИ) 6% деңгейінде өсуі мүмкін. 2026 жылы Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде нысаналы көрсеткіш 6,2% деңгейінде болады деп белгіленді.

Өңдеу саласының негізгі драйвері саналатын металлургияда өндірістің өсуі 2026 жылы 3% деңгейінде жоспарланып отыр. Өнім көлемі, ең алдымен, биыл және былтырлары іске қосылған Kyzyl Aray Copper, EkibastuzFerroAlloyse, Kazferrolimited, Shagala Mining және тағы да басқа зауыттардың жобалық қуатының артуы есебінен ұлғаяды. Қара металлургияда ферроқорытпа, болат, жалпақтап жаймаланған темір мен шойын өндірісін, түсті металлургияда алтын, мыс, алюминий, мырыш өндірісін ұлғайту жоспарлануда.

Машина жасауда 2026 жылғы жоспарлы өсу көрсеткіші 13,4% деңгейінде белгіленді. Бұл көрсеткішке биыл іске қосылған «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС және «KIA Qazaqstan» ЖШС арқылы жеңіл автомобиль өндіру көлемін 17%-ға ұлғайту есебінен қол жеткізілмек. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы техникасын шығару 5%-ға өседі деп жоспарланған.

Бір айта кететіні, 2025 жылдың қорытындысында 436,5 мың бірлік тұрмыстық техника шығарылмақ. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық. Теледидар, кір жуғыш машина, плита пеш және тағыда басқа тұрмыстық техниканы Қазақстанда ««SILK ROAD ELECTRONICS» ЖШС, «АЛМАТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКА ЗАУЫТЫ» ЖШС және «DS Multimedia CA» ЖШС шығарады. 2026 жылы тұрмыстық техниканы 2025 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп өндіру жоспарлануда.

2026 жылы химия өнеркәсібі өндірісінің өсуі 7% деңгейінде болады деп күтілуде. Ол күкірт қышқылы, натрий цианиді, сутегі асқын тотығы және сұйық шыны секілді жаңа қуаттарды енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Құрылыс материалын өндіруде биыл отандық тауар өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесі 70%-ға жетті. 2026 жылы бұл секторда НКИ 6%-ға өсуі ықтимал. Портландцемент, керамикалық тақтайша, темірбетон мен тауарлық бетон өндірісі драйверге айналады. Резервтер арасында Шымкенттегі керамикалық тақтайша шығаратын жаңа зауыт пен цемент зауыты бар. 2025 жылы цемент өндірісі рекордтық көлемде өседі. 2026 жылы кәсіпорындар жобалық қуатына шыққан сайын өсу де жалғасады.

Сауда саласында 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы номиналдық мәнде 108,9%-ға дейін өспек. Бұл шамамен 80,3 трлн теңге (+14,6%). 2026 жылғы нысаналы көрсеткіш 106,5% өсіммен 92,4 трлн теңгені құрайды.

Өсім мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру көлемін сақтау, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды қайта өңдеудің ауқымды бағдарламасын іске қосу, сондай-ақ Қытай бағытын қоса алғанда, көтерме экспорттық саудаға бағдарланған төрт ірі B2B алаңының жұмысын толықтай бастау арқылы жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығында 2026 жылы азық-түлік және сусын өндірісінде жоғары өсім болуы мүмкін. Ол тиісінше 109% және 109,3%-ды құрамақ.

Кеңес соңында вице-премьер орталық мемлекеттік органдарға өнеркәсіптік өсудің жоспарлы көрсеткішіне қол жеткізіп, негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін, қосымша резервтерді пысықтап, ауыл шаруашылығында, сауда мен көлікте тұрақты өсу серпінін қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, салаларды дамытудың жол картасын әзірлеп, ұсынуды тапсырды.

https://t.me/presseconomy