Экономика министрлігі 🇰🇿
3.21K subscribers
6.37K photos
437 videos
19 files
4.34K links
ҰЭМ ресми телеграм-каналы
Телеграм-канал МНЭ РК

Сайт: https://economy.gov.kz

Facebook:https://www.facebook.com/mineckz

Twitter: https://twitter.com/minec_kz
Download Telegram
2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты

2026 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 9,8%-ға дейін төмендеді, ал айлық баға өсімі 0,6%-ды құрады, бұл өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмен (2025 жылғы тамызда - 1%).

Инфляцияның баялауына Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп іске асырып жатқан бағаның өсуін тежеуге, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған кешенді шаралары ықпал етуде.

Инфляцияның баяулауына негізгі үлесті азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынының төмендеуі қамтамасыз етуді жалғастыруда. Тамыз айының қорытындысы бойынша жылдық азық-түлік инфляциясы 9,5%-ға дейін баяулады (2026 жылғы шілдеде - 10,1%), ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға өсімі тек 2,1%-ды құрады (2026 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша), бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен (9,5%) 7,4 пайыздық тармаққа төмен.

Мұндай нәтиже әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін 19-дан 31 түрге дейін кеңейтуді, оларға шекті 15% сауда үстемесінің сақталуына тұрақты бақылау жүргізуді, өнімді емес тауар делдалдарын анықтауды және азайтуды, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуді әрі азық-түлік тауарларының қолжетімділігін арттыруды қамтитын шаралар кешені арқылы қамтамасыз етілді.

Бұл ретте жанар-жағармай нарығын кезең-кезеңімен либерализациялау және реттелетін коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеруге мораторийдің аяқталуы сияқты факторларға қарамастан, жалпы инфляцияның баяулауы жалғасуда.

***

Инфляция в августе 2026 года продолжила замедление
 
По итогам августа 2026 года годовая инфляция снизилась до 9,8%, а месячный рост цен составил 0,6%, что ниже, чем в августе предыдущего года на 0,4 процентных пункта (в августе 2025 года 1%).

Замедлению инфляции способствует реализация по поручению Главы государства комплекса мер Правительства совместно с Национальным Банком и Агентством по регулированию и развитию финансового рынка, направленных на сдерживание роста цен, обеспечение макроэкономической стабильности и повышение благосостояния населения.

Основной вклад в замедление инфляции продолжает вносить снижение темпов роста цен на продовольственные товары. По итогам августа годовая продовольственная инфляция замедлилась до 9,5% (в июле 2026 года 10,1%), тогда как рост цен на социально значимые продовольственные товары составил лишь 2,1% (по состоянию на 26 августа 2026 года), что на 7,4 процентных пунктов ниже, чем год назад (9,5%).

Такой результат обеспечен комплексом мер, включающих расширение перечня социально значимых продовольственных товаров с 19 до 31 вида, постоянный контроль за соблюдением на них предельной 15% торговой надбавки, выявление и сокращение непродуктивных посредников, насыщение внутреннего рынка отечественной продукцией и обеспечение доступности продовольственных товаров.

При этом замедление общей инфляции сохраняется, несмотря на влияние факторов, связанных с последовательной либерализацией рынка ГСМ и завершением моратория на повышение тарифов на регулируемые коммунальные услуги.

https://t.me/presseconomy
👍1
Forwarded from Фонд «Даму»
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍 «ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Астана кәсіпкерлерін Ашық есік күніне шақырамыз!

Бір алаңда «Даму» Қорының басшылығына, мемлекеттік органдар, «Атамекен», банктер мен консалтингтік компаниялардың өкілдеріне сұрақтарыңызды қойып, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпарат ала аласыз.

📅 3 қыркүйек 2026 | 09:30
📍 Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55А, C блогы, 1-қабат
🎟 Қатысу тегін

🔗 Тіркелу сілтемесі

📞 +7 700 300 30 93 — Мархабат
Forwarded from Фонд «Даму»
📍 УЖЕ ЗАВТРА В АСТАНЕ ПРОЙДЕТ ДЕНЬ ОТКРЫТЫХ ДВЕРЕЙ ФОНДА «ДАМУ»!

Приглашаем предпринимателей Астаны! На одной площадке можно напрямую задать вопросы руководству Фонда «Даму», представителям госорганов, «Атамекен», банков и консалтинговых компаний, а также получить информацию о мерах государственной поддержки бизнеса.

📅 3 сентября | 09:30
📍 Астана, пр. Мәңгілік Ел, 55А, блок C, 1 этаж
🎟 Участие бесплатное
📞 +7 700 300 30 93 — Мархабат

🔗 Ссылка для регистрации⁠
👍2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.

✍️ Указом Главы государства Жумангарин Серик Макашевич назначен Заместителем Премьер-Министра – Министром национальной экономики Республики Казахстан.


t.me/aqorda_resmi
❤4👍4
Forwarded from Фонд «Даму»
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍 Астанада «Даму» қорының Ашық есік күні өтті

Астанада «Даму» қорының Ашық есік күні аясында 180-нен астам кәсіпкерге кеңес берілді. Бір алаңда кәсіпкерлер, Қор басшылығы мен мамандары, Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының, елордалық Мемлекеттік кірістер департаментінің, банктер мен Қор ұсынған консалтингтік компаниялардың өкілдері бас қосты. Кездесудің негізгі тақырыбы бизнесті мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдары болды.
⬇️
«Ашық есік күндерін еліміздің барлық өңірінде екінші жыл қатарынан өткізіп келеміз. Біз үшін бұл ең алдымен кәсіпкерлерден тікелей кері байланыс алып, барынша ашық болуға, олардың сұраныстарын тыңдауға және бизнесті бүгін қандай мәселелер толғандыратынын түсінуге мүмкіндік. Сондықтан «Даму» қорының басшылығы мұндай іс-шараларға тікелей қатысып, кәсіпкерлерге жеке кеңес береді. Бұл бізге кәсіпкерлерге қай жерде ақпарат жетіспейтінін көріп, осы олқылықтың орнын жедел толтыруға мүмкіндік береді», - деді «Даму» қорының Басқарма төрағасы Фархат Сарсекееев.

Қатысушыларға қолданыстағы қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары таныстырылып, бірыңғай фронт-офис пен мобильді фронт-офистердің жұмысы туралы айтылды. Жалпы бөлімнен кейін қатысушылар жекелей кеңес алып, тиісті даму институтының, банктің немесе мемлекеттік органның өкілдеріне тікелей жүгіне алды.

«Даму» қорының Ашық есік күндері еліміздің барлық өңірінде өтеді. Алдағы Ашық есік күндері мен мобильді фронт-офистердің жұмыс кестесі туралы ақпарат «Даму» қорының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады. Кеңес алу үшін 1408 Бірыңғай байланыс орталығына да жүгінуге болады.

🔗 Өткен Ашық есік күні туралы толық ақпарат — «Даму» қорының ресми сайтындағы жарияланымда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
Forwarded from Фонд «Даму»
📍 В Астане прошел День открытых дверей Фонда «Даму»

Более 180 столичных предпринимателей получили консультации в рамках Дня открытых дверей Фонда «Даму». На одной площадке собрались предприниматели, руководство Фонда, представители акимата города Астаны, Департамента государственных доходов, банков и рекомендуемых консалтинговых компаний. Основной темой встречи стали действующие инструменты государственной поддержки бизнеса.
💬
«Мы проводим Дни открытых дверей по всей стране уже второй год подряд. Для нас это прежде всего возможность напрямую получать обратную связь от предпринимателей, быть максимально открытыми, слышать их запросы и понимать, какие вопросы сегодня волнуют бизнес. Поэтому руководство Фонда «Даму» принимает непосредственное участие в таких мероприятиях и лично консультирует предпринимателей. Это позволяет нам видеть, где предпринимателям не хватает информации, и оперативно восполнять этот пробел», — отметил Председатель Правления Фонда «Даму» Фархат Сарсекеев.


🤝 Предпринимателям рассказали об этапах получения поддержки, действующих финансовых и нефинансовых мерах, работе единого и мобильных фронт-офисов. После общей части участники получили индивидуальные консультации представителей Фонда, банков и государственных органов.

📅 Дни открытых дверей Фонда «Даму» проходят во всех регионах страны. Информация о предстоящих мероприятиях размещается на официальном сайте Фонда и в социальных сетях. Консультацию также можно получить по номеру 1408.

🔗 Подробная информация о прошедшем Дне открытых дверей — в публикации на официальном сайте Фонда «Даму»
👍5❤1
Forwarded from UKIMET
Правительство выработало оперативные и системные меры поддержки и развития легкой промышленности

📌Государственные закупки станут доступнее для отечественных предприятий легкой промышленности, требования к использованию казахстанского сырья планируется повысить, а требования к качеству школьной формы закрепить на уровне национальных стандартов. Кроме того, предлагается снизить затраты бизнеса на сертификацию и лабораторные испытания продукции.

На очередной встрече в правительстве с представителями легкой промышленности, прошедшей под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина, представили пакет дополнительных решений по поддержке и развитию легкой промышленности. Он подготовлен с учетом предложений отечественных производителей, озвученных на встрече с вице-премьером в начале августа.

Одно из ключевых решений касается государственного оборонного заказа. При закупках товаров легкой промышленности предлагается поэтапно повысить требования к внутристрановой ценности сырья. Это позволит увеличить использование казахстанского сырья и обеспечить более стабильную загрузку местных производителей.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from UKIMET
Үкімет жеңіл өнеркәсіпті қолдау мен дамытудың жедел және жүйелі шараларын әзірледі

📌Мемлекеттік сатып алу отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін қолжетімді болады, қазақстандық шикізатты пайдалануға қойылатын талаптарды арттыру, ал мектеп формасының сапасына қойылатын талаптарды ұлттық стандарттар деңгейінде бекіту жоспарлануда. Сонымен қатар өнімді сертификаттау және зертханалық сынау үшін бизнес шығындарын азайту ұсынылады.

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жеңіл өнеркәсіп өкілдерімен кезекті кездесуде жеңіл өнеркәсіпті қолдау және дамыту бойынша қосымша шешімдер пакеті ұсынылды. Ол тамыз айының басында вице-премьермен кездесуде айтылған отандық өндірушілердің ұсыныстарын ескере отырып дайындалды.

Негізгі шешімдердің бірі – мемлекеттік қорғаныс тапсырысына қатысты. Жеңіл өнеркәсіп тауарларын сатып алу кезінде шикізаттың елішілік құндылығына қойылатын талаптарды кезең-кезеңімен арттыру ұсынылады. Бұл қазақстандық шикізатты пайдалануды ұлғайтуға және жергілікті өндірушілердің неғұрлым тұрақты жүктемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Үкіметте сәндік көшет шаруашылығының дамуы талқыланды

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі  –  Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте отандық сәндік көшет шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысының орман алқаптарын одан әрі қалпына келтіру және ұлттық саябақтар инфрақұрылымын дамыту жөніндегі алға қойған міндеті шеңберінде отандық сәндік өсімдіктерді өсіру шаруашылығын дамыту ерекше маңызға ие. Олар елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бойынша жобаларды отырғызу материалымен қамтамасыз етеді. Кеңесте саланың негізгі мәселелері және отандық өндірісті кеңейту үшін қажетті шаралар қарастырылды.

Қазіргі таңда Қазақстан импорттық отырғызу материалына тәуелділікті сақтап отыр. Сонымен қатар отандық көшет шаруашылықтарында өсірілген өсімдіктер жергілікті климаттық жағдайларға жақсы бейімделген және өмір сүру деңгейі жоғары. Сондай-ақ олар химиялық өңдеуге және өсу стимуляторларын қолдануға аз шығындарды қажет етеді. Бүгінде ішкі нарықтың көлемін және импортқа тәуелділік деңгейін бағалау қиын: ресми статистика сәндік өсімдіктердің өндірісін бөлек ескермейді.

Сәндік көшет шаруашылығы – белгілі бір табиғи-климаттық жағдайларға бейімделген стандартталған отырғызу материалын өндіруге бағытталған өсімдік шаруашылығының жас, жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін кіші саласы. Бүгінгі таңда жасыл кеңістіктер абаттандыру элементі ғана емес, сонымен қатар экологиялық, инженерлік және эстетикалық функцияларды орындайтын қалалық инфрақұрылымның маңызды бөлігі болып саналады. Орталық Азия өсімдіктер питомнигі қауымдастығының өкілдері атап өткендей, салада сәндік дақылдарға стандарттар жоқ. Жерді пайдалану мәселесі де реттелмеген: ҚР Жер кодексінде сәндік көшет өсіруге арналған жердің жеке санаты жоқ. Жердің нысаналы мақсатының қолданыстағы түрлері, оның ішінде орман өсіру және бау-бақша өсіру, кейіннен қазу және трансплантациялау арқылы өсімдіктерді өсіруді көздейтін көшетжайлар қызметінің ерекшелігін ескермейді. Ауылшаруашылық жерлерінде жұмыс істеу кезінде күрделі жылыжайлар, қоймалар мен автоматты суару жүйелерін салуға шектеулер туындайды.

Тағы бір мәселе сәндік көшет шаруашылығы саласындағы қызмет түрлерін жіктеуге қатысты. Сала өкілдерінің пікірінше, қолданыстағы жіктеу өсіру ерекшелігі мен отырғызу материалына қойылатын талаптарды ескере отырып нақтылауды қажет етеді. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар отандық питомниктер желісін дамыту және экспорттық нарықтарға шығу үшін айтарлықтай әлеуетті атап өтті. Қазақстанның географиялық жағдайы климаттық жағдайлары ұқсас елдерге бағдарлануға мүмкіндік береді. Күрт континентальды климатта өсірілген өсімдіктер бейімделу мен өмір сүрудің бәсекелестік артықшылығына ие.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Экология министрлігіне Ауыл шаруашылығы, Өнеркәсіп министрліктерімен, әкімдіктермен және сала өкілдерімен бірлесіп сәндік көшет шаруашылығының жай-күйіне кешенді талдау жүргізуді тапсырды. Ол отандық өндіріс пен импорттың көлемін, өңірлердің қажеттіліктерін, сондай-ақ саланы дамыту үшін барлық кедергілерді қамтуы тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік органдар бизнестің осы саладағы экономикалық қызмет түрлерінің жіктелуін жетілдіру және СЭҚ ТН егжей-тегжейін жетілдіру мәселелерін пысықтайды.

https://t.me/presseconomy
Экономика министрлігі 🇰🇿
Үкіметте сәндік көшет шаруашылығының дамуы талқыланды Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі  –  Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте отандық сәндік көшет шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды. Мемлекет басшысының…
Развитие декоративного питомниководства обсудили в Правительстве

Вопросы развития отечественного декоративного питомниководства рассмотрели на совещании в Правительстве под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики РК Серика Жумангарина.

В рамках поставленной Главой государства задачи по дальнейшему восстановлению лесных массивов и развитию инфраструктуры национальных парков особое значение приобретает развитие отечественных питомников декоративных растений. Они обеспечивают посадочным материалом проекты по благоустройству и озеленению населенных пунктов. На совещании рассмотрели основные проблемы отрасли и меры, необходимые для масштабирования отечественного производства.

Сегодня Казахстан сохраняет зависимость от импортного посадочного материала. При этом растения, выращенные в отечественных питомниках, лучше адаптированы к местным климатическим условиям и имеют более высокую приживаемость. Кроме того, они требуют меньше затрат на химическую обработку и применение стимуляторов роста.

Оценить объем внутреннего рынка и уровень импортозависимости сегодня сложно: официальная статистика отдельно не учитывает производство декоративных растений.
Декоративное питомниководство – молодая, высокотехнологичная и наукоемкая подотрасль растениеводства, ориентированная на производство стандартизированного посадочного материала, адаптированного к конкретным природно-климатическим условиям. Сегодня зеленые насаждения являются не только элементом благоустройства, но и важной частью городской инфраструктуры, выполняющей экологические, инженерные и эстетические функции.

Как отметили представители Центральноазиатской ассоциации питомников растений, в отрасли отсутствуют стандарты на декоративные культуры. Не урегулирован и вопрос землепользования: в Земельном кодексе РК нет отдельной категории земель для декоративного питомниководства. Существующие виды целевого назначения земель, в том числе лесоразведение и садоводство, не учитывают специфику деятельности питомников, предусматривающую выращивание растений с последующим выкапыванием и пересадкой. При работе на сельскохозяйственных землях возникают ограничения для строительства капитальных теплиц, складов и систем автоматического полива.

Еще один вопрос касается классификации видов деятельности в сфере декоративного питомниководства. По мнению представителей отрасли, действующая классификация требует уточнения с учетом специфики выращивания и требований к посадочному материалу. 

Вместе с тем участники совещания отметили значительный потенциал для развития сети отечественных питомников и выхода на экспортные рынки. Географическое положение Казахстана позволяет ориентироваться на страны со схожими климатическими условиями. Растения, выращенные в резко континентальном климате, имеют конкурентное преимущество по адаптации и приживаемости.

По итогам совещания Серик Жумангарин поручил Министерству экологии совместно с министерствами сельского хозяйства, промышленности, акиматами и представителями отрасли провести комплексный анализ состояния декоративного питомниководства. Он должен охватить объемы отечественного производства и импорта, потребности регионов, а также существующие барьеры для развития отрасли. Также госорганы проработают поднятые бизнесом вопросы совершенствования классификации видов экономической деятельности в данной сфере и детализации ТН ВЭД.

https://t.me/presseconomy
Forwarded from UKIMET
Жобалық кеңсе жұмысы аясында квазимемлекеттік сектор облигацияларымен жасалатын операцияларға салық салудың бірыңғай тәсілі қолдау тапты

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 27-отырысында қазақстандық қор биржаларында сатып алғаннан кейін олардың биржадан тыс айналысы кезінде квазимемлекеттік сектор облигацияларымен операцияларға салық салу мәселесі қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша жобалық кеңсенің қатысушылары тұтастай алғанда Қазақстан қор биржасынан тыс жерде жасалатын тиісті мәмілелер кезінде құн өсімінен табыс салығын салудан босату тәсілін қолдады.

Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп салық заңнамасына қажетті нақтылауларды пысықтайды және нарық қатысушыларын осы жұмыстың нәтижелері туралы хабардар етеді.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
В рамках работы Проектного офиса поддержан единый подход к налогообложению операций с облигациями квазигоссектора

На 27-м заседании Проектного офиса по внедрению Налогового кодекса, прошедшего под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина, рассмотрели вопрос налогообложения операций с облигациями квазигосударственного сектора при их внебиржевом обращении после приобретения на казахстанских фондовых биржах.

По итогам обсуждения участники Проектного офиса в целом поддержали подход по освобождению от налогообложения дохода от прироста стоимости при соответствующих сделках, совершаемых вне казахстанской фондовой биржи.

Министерство национальной экономики совместно с Министерством финансов проработает необходимые уточнения в налоговое законодательство и проинформирует участников рынка о результатах этой работы.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
Қазақстанда бизнеске қолдау көрсету және сүйемелдеу орталықтары пилоттық режимде іске қосылды
 
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бизнеске қолдау көрсету және сүйемелдеу орталықтарының жұмысын пилоттық режимде бастады.

«Даму» қоры жұмыс форматын кеңейту және бизнесті кешенді сүйемелдеу тетігін енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл тәсіл кәсіпкерлерге бизнесті дамытуға қатысты мәселелерді шешу барысында мемлекеттік органдармен, қаржы институттарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды неғұрлым ыңғайлы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Орталықтардың жұмысы мынадай тәртіппен ұйымдастырылады: кәсіпкер алдымен «Даму» қорының өңірлік филиалына жүгінеді. Мұнда мамандар жағдайға бастапқы талдау жүргізіп, мәселені шешудің ықтимал тетіктерін айқындайды және одан әрі сүйемелдеу бағытын белгілейді. Өтініштің сипатына қарай кейсті қарауға бейінді мемлекеттік органдар, қаржы институттары, жергілікті атқарушы органдар және «Бәйтерек» холдингі тобына кіретін ұйымдар тартылады. «Даму» қоры қатысушылардың өзара іс-қимылын үйлестіріп, кәсіпкердің мәселесі бойынша шешім қабылданғанға дейін оны сүйемелдейді. Осылайша, кәсіпкерге әрбір мемлекеттік органға немесе ұйымға жеке-жеке жүгінудің қажеті болмайды.

Пилоттық жоба аясында бизнестің қаржылық тұрақтылығына және оның қызметін жалғастыруына тікелей әсер ететін мәселелерге басымдық беріледі.
Атап айтқанда, кәсіпкерлерге мынадай мәселелер бойынша қолдау көрсетіледі:
• берешекті қайта құрылымдау және қаржыландыруға қол жеткізу;
• мемлекеттік қолдау шараларын алу;
• салық берешегін реттеу;
• өткізу нарықтарына қолжетімділікті қалпына келтіру және өнімді ілгерілету;
• кәсіпкерлік құзыреттерді дамыту;
• агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау және қаржыландыру.

Бұл бағыттар «Атамекен» ҰКП тізіліміндегі шағын және орта бизнес субъектілерінің 2,4 мыңнан астам проблемалық өтінішін талдау нәтижесінде айқындалды. Олардың 600-ден астамы пилоттық жоба іске асырылатын бес өңірден түскен. Кәсіпкерлердің басым бөлігі қаржыландыру және берешекті қайта құрылымдау, мемлекеттік қолдау шараларын алу, салық салу, өнімді өткізу және бизнесті дамыту мәселелері бойынша жүгінген.
 
Басты өлшем: мәселенің шешілуі
Дәстүрлі консультациялық форматтан айырмашылығы, Орталықтардың тиімділігі ең алдымен нақты нәтижеге қарай бағаланады. Негізгі көрсеткіш ретінде кәсіпкерлердің шешімін тапқан өтініштерінің үлесі, бизнестің қаржыландыру мен өткізу нарықтарына қолжетімділігін қалпына келтіруге көрсетілген жәрдем, проблемалық кредиттер мен салық мәселелерін шешу, сондай-ақ өтініштерді қарау мерзімдерінің сақталуы ескерілетін болады.

Сонымен қатар Орталықтар бизнесте жиі қайталанатын мәселелер бойынша талдау жүргізеді. Бұл жүйелі кедергілерді анықтауға және қолданыстағы қолдау шаралары мен заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Пилоттық жоба 2026 жылдың соңына дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша жаңа тетіктің тиімділігі бағаланып, оны еліміздің басқа өңірлерінде одан әрі енгізу және ауқымын кеңейту жөнінде ұсыныстар әзірленеді.

Бизнеске қолдау көрсету және сүйемелдеу орталығына пилоттық жоба іске асырылатын бес өңірдегі «Даму» қорының өңірлік филиалдары арқылы жүгінуге болады. Өңірлік филиалдардың мекенжайлары мен байланыс деректері Қордың ресми сайтында қолжетімді. Сондай-ақ ақпаратты 1408 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады.

https://t.me/presseconomy
👍1
В Казахстане в пилотном режиме запущены Центры поддержки и сопровождения бизнеса
 
АО «ФРП «Даму»  запустил работу пилотных Центров поддержки и сопровождения бизнеса в Астане, Алматы, Шымкенте, Северо-Казахстанской и Актюбинской областях.
Фонд «Даму» рассматривает возможность расширения формата работы и внедрения механизма комплексного сопровождения бизнеса. Такой подход позволит обеспечить предпринимателям более удобное взаимодействие с государственными органами, финансовыми институтами и другими организациями при решении вопросов, связанных с развитием бизнеса.

В рамках пилотного проекта планируется объединить имеющуюся инфраструктуру, экспертизу и инструменты поддержки, а также взаимодействие с организациями Холдинга «Байтерек» в рамках Единого фронт-офиса. Механизм предполагает сопровождение предпринимателей на всех этапах - от диагностики проблемы до ее урегулирования.

Работа Центров построена следующим образом: предприниматель обращается в региональный филиал Фонда «Даму», где специалисты проводят первичную диагностику ситуации, определяют возможные механизмы ее решения и формируют дальнейший маршрут сопровождения. В зависимости от характера обращения к работе с кейсом подключаются профильные государственные органы, финансовые институты, местные исполнительные органы и организации группы Холдинга «Байтерек». Фонд «Даму» координирует взаимодействие между участниками и сопровождает предпринимателя до получения решения по его вопросу. Таким образом, предпринимателю не требуется самостоятельно обращаться в каждое ведомство по отдельности.

В рамках пилотного проекта основное внимание будет уделено вопросам, которые непосредственно влияют на финансовую устойчивость и продолжение деятельности бизнеса.

В частности, предприниматели смогут получить содействие по вопросам:
реструктуризации задолженности и доступа к финансированию;
получения мер государственной поддержки;
урегулирования налоговой задолженности;
восстановления доступа к рынкам сбыта и продвижения продукции;
развития предпринимательских компетенций;
государственной поддержки и финансирования субъектов АПК.

Такие направления были определены на основе анализа более 2,4 тыс. проблемных обращений субъектов МСБ из реестра НПП «Атамекен». Более 600 из них поступили из пяти регионов, где реализуется пилотный проект. Наиболее часто предприниматели обращались по вопросам финансирования и реструктуризации задолженности, получения мер господдержки, налогообложения, сбыта продукции и развития бизнеса.

Главный критерий - решенный вопрос
В отличие от традиционного консультационного формата, эффективность Центров будет оцениваться прежде всего по результату. Ключевым показателем станет доля урегулированных обращений предпринимателей, а также содействие в восстановлении доступа бизнеса к финансированию и рынкам сбыта, решении проблемных кредитов и налоговых вопросов, соблюдении сроков рассмотрения обращений.

Одновременно Центры будут формировать аналитику по повторяющимся проблемам бизнеса. Это позволит выявлять системные барьеры и вырабатывать предложения по совершенствованию действующих мер поддержки и законодательства.

Пилотный проект продлится до конца 2026 года. По его итогам будет проведена оценка эффективности нового механизма и подготовлены предложения по его дальнейшему масштабированию на другие регионы страны.

Обратиться в Центр поддержки и сопровождения бизнеса можно в региональных филиалах Фонда «Даму» в пяти пилотных регионах. Адреса и контактные данные региональных филиалов доступны на официальном сайте Фонда. Также информацию можно получить в Едином контакт-центре по номеру 1408.
https://t.me/presseconomy
❤2🦄1
Forwarded from UKIMET
Қазақстан кәсіпорындары ЕАЭО-ның жаңа кооперациялық жобаларына қатысады

📌Мұндай шешім онлайн форматта өткен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысында қабылданды. Комиссияның Қазақстан тарапын Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басқарды.

Атап айтқанда, Мәскеу облысында АКРУС лак-бояу өнімдерін өндіретін кәсіпорын салу жөніндегі кооперациялық жоба сөз болды. Мұнда қолданыстағы аналогтармен салыстырғанда коррозия мен от әсерінен қорғау сипаттамалары жоғары лак-бояу материалдарын шығару жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру бес жылға есептелген және оның жұмысы биыл басталады.

Жобаға Беларусьтің «Орион-ВК» ғылыми-өндірістік кәсіпорны, материалдар мен технологиялық жабдықтардың бір бөлігін жеткізуді қамтамасыз ететін қазақстандық «ASYL CONSTRUCTION» ЖШС және ресейлік «АКЗ покрытия» ЖШҚ қатысады.

Тағы бір жаңа кооперациялық жоба Самара гипс комбинаты базасында жаңа араластыру желісін салуды көздейді. Жоба барысында құрылыс және арнайы мақсаттағы құрғақ қоспалар өндірісін жылына 75,5 мың тоннаға ұлғайту қарастырылған. Қазақстан тарапынан жобаға инженерлік және құрылыс қызметтерін көрсететін «Элита» ЖШС, ал Беларусь тарапынан «Ремеза» ЖАҚ қатысады. Осы жобаны іске асырудан түсетін салық түсімдері есебінен Қазақстан бюджеті үшін болжамды экономикалық тиімділік шамамен 180 млн теңгені құрамақ.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы Ақмола облысында ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша кооперациялық жоба мақұлданды.

ЕАЭО-дағы кооперациялық жобалар жобаны іске асыруға берілетін қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау есебінен төмендетілген мөлшерлемемен жеңілдетілген қаржыландыру алады. Бұл жобалар технологиялық дамуға және өндірістің жаңа модельдерін қалыптастыруға, сондай-ақ экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге бағытталған.

Кеңес отырысында аграрлық салаға қатысты бірқатар құжаттарға да түзетулер қабылданды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық егістіктерін далалық апробациялау әдісіне өзгерістер енгізу туралы сөз болды.

Бұдан бөлек, ЕАЭО елдерінің кедендік шекарасы мен аумағында карантинге жатқызылатын өнімдер мен объектілерге қойылатын Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Олар қызанақ, бұрыш және баклажан бейім келетін пепино мозаикасы вирусына қатысты карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдануды оңтайландыруға бағытталған.

Елдегі карантиндік фитосанитариялық қауіпсіздіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету шартымен аталған өнімдерде осы вирустың болмауы туралы талапты алып тастау көзделіп отыр.

Сондай-ақ ЕАЭО елдерінің кедендік шекарасы мен аумағында карантиндік фитосанитариялық бақылауға жататын карантинге қойылатын өнімдер тізбесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, Бірыңғай талаптарда көзделген таңбасы болған жағдайда, ағаштан жасалған қаптама және бекіту материалдарына фитосанитариялық сертификатты міндетті түрде ресімдеу талабы жойылады.

Бұл өзгерістер ЕАЭО елдерінің аумағында тиісті өнімдерді өндіру және саудалау үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Кеңес отырысында Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне де өзгерістер қабылданды. Түзетулер 14 жасқа дейінгі балаларға арналған ойыншықтарға қойылатын міндетті талаптарды белгілейді және тұтынушыларды өнім туралы дәйексіз ақпараттан қорғауға, сондай-ақ белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтін ойыншықтардың айналымға шығарылуына жол бермеуді қарастырады.

Тараптар сондай-ақ басқа да салалар мен Комиссияның қызметіне қатысты бірқатар өзге де рәсімдік мәселелерді талқылап, олар бойынша шешімдер қабылдады.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1