MFA Qazaqstan 🇰🇿
✔
8.16K subscribers
9.02K photos
1.33K videos
112 files
13.4K links
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналы

Официальный новостной канал Министерства иностранных дел Казахстана

Official news channel of the Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan

+7 (7172) 72 06 33, 72 01 33, press@mfa.kz
Download Telegram
✔️ Тараптар 2026-2030 жылдарға арналған Қазақстан мен Армения Үкіметтері арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Жол картасын тиімді іске асыру аясында көлік-транзит және сауда салаларындағы қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстанның СІМ басшысы сондай-ақ елдер арасында тұрақты тікелей әуе қатынасын жолға қою бойынша қабылданып жатқан шаралар хабарлады.

Сондай-ақ сұхбаттасушылар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, осы ынтымақтастық жолында Қазақстан мен Армения бірлескен жұмыстың оң тәжірибесін жинақтағанын және бүгінгі таңда тараптардың ұстанымдары көптеген мәселелер бойынша ұқсас екенін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар бірлескен күш-жігер арқылы екіжақты және көпжақты форматтарда мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға жәрдемдесу ниеттерін растады.

✔️ Стороны обсудили вопросы дальнейшего развития отношений в транспортно-транзитной и торговой сферах в рамках эффективной реализации Дорожной карты по торгово-экономическому сотрудничеству между Правительствами Казахстана и Армении на 2026-2030 гг.

Глава МИД Казахстана также сообщил о мерах по налаживанию регулярного прямого авиасообщения между странами.

Собеседники также обменялись мнениями по актуальным вопросам международной и региональной повестки дня, отметив, что на данном треке сотрудничества Казахстан и Армения наработали положительный опыт совместной работы и сегодня позиции сторон схожи по многим вопросам.

В заключение встречи стороны подтвердили намерение совместными усилиями способствовать наращиванию межгосударственного сотрудничества как в двустороннем, так и в многостороннем форматах.

✔️ The parties discussed issues related to the further development of relations in the transport, transit and trade spheres within the framework of the effective implementation of the Roadmap for Trade and Economic Cooperation between the Governments of Kazakhstan and Armenia for 2026-2030.

The Kazakh Foreign Minister also informed about the measures being taken to establish regular direct air connections between the two countries.

The interlocutors also exchanged views on current issues on the international and regional agenda, noting that Kazakhstan and Armenia have gained positive experience in working together on this track of cooperation and today the positions of the parties coincide on many issues.

In conclusion of the meeting, reaffirmed their intention to jointly promote the expansion of interstate cooperation in both bilateral and multilateral formats.

@PressMFAKZ
​🔹 Қазақстан мен Армения консулдық консультациялар өткізіп,
консулдық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін білдірді

🔸 Казахстан и Армения провели консульские консультации и заинтересованы в расширении сотрудничества в консульской сфере

🔹 Kazakhstan and Armenia held Consular Consultations and Expressed Interest in Expanding Cooperation in the Consular Sphere

@PressMFAKZ
​🔹 Investment Protection Forum: тұрақтылық пен инвестициялық тартымдылықты қамтамасыз ету

🔸 Investment Protection Forum: обеспечение стабильности и инвестиционной привлекательности

🔹 Investment Protection Forum: Ensuring Stability and Investment Attractiveness

@PressMFAKZ
​🔹 Астанадағы қазақ-поляк бизнес-форумы: іскерлік серіктестіктің нығаюы

🔸 Казахско-польский бизнес-форум в Астане: укрепление делового партнерства

🔹 Kazakhstan–Poland Business Forum in Astana: Strengthening Business Partnership

@PressMFAKZ
​🔹 Қазақстанның ұлттық әуе компаниясы Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе қатынасын ашты

🔸 Национальная авиакомпания Казахстана открыла новое прямое авиасообщение между Алматы и Шанхаем

🔹 Kazakhstan’s National Airline Launches New Direct Flight Route Between Almaty and Shanghai

@PressMFAKZ
​🔹 Жапонияның Экономикалық қауіпсіздік министрі Қазақстанмен ынтымақтастықтың басым бағыттарын атады

🔸 Министр экономической безопасности Японии назвала приоритетные направления сотрудничества с Казахстаном

🔹 Japan’s Minister for Economic Security Identifies Priority Areas for Cooperation with Kazakhstan

@PressMFAKZ
​🔹 Қазақстан мен Финляндия сайлау және демократиялық институттар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

🔸 Казахстан и Финляндия усиливают сотрудничество в сфере выборов и демократических институтов

🔹 Kazakhstan and Finland Strengthen Cooperation in Elections and Democratic Institutions

@PressMFAKZ
​🔹 Қазақстан өңірлері Мордовиямен ынтымақтастықты нығайтуда

🔸 Регионы Казахстана укрепляют сотрудничество с Мордовией

@PressMFAKZ
​🔹 Сеулде «Орталық Азия – Корея Республикасы» алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

🔸 В Сеуле прошли обсуждения по подготовке к первому саммиту «Центральная Азия – Республика Корея»

🔹 Discussions on Preparations for the First Central Asia-Republic of Korea Summit were held in Seoul

@PressMFAKZ
​🔹 Қазақстан-Польша Үкіметаралық комиссиясы аясында ынтымақтастық перспективалары қарастырылды

🔸 Перспективы сотрудничества рассмотрены на казахско-польской МПК

🔹 Prospects for Cooperation Considered at the Kazakhstan–Poland Intergovernmental Commission

@PressMFAKZ
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы

Құрметті еліміздің православ қауымы!

Сіздерді Пасха мерекесімен құттықтаймын!

Христиан жылнамасында ерекше орын алатын бұл мереке үміт пен сүйіспеншіліктің, рухани жаңарудың символы саналады. Пасха мейрамында және оған дайындық кезеңінде жанашырлық, мейірімділік, тату көршілік, өзара көмек қасиеттері ел ішінде кеңінен дәріптеледі.

Православ қауымы қоғамда әділдік, бейбітшілік, келісім, төзімділік және сенім қағидаттарын қалыптастыруға елеулі үлес қосып келеді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан Пасха дәстүрі отбасындағы ынтымақты сақтауға және адамгершілік қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді, үлкенге құрмет көрсетіп, жақыныңа жанашыр болуға баулиды.

Ұлттық бірлік пен конфессияаралық келісімнің сақталуы, дәстүрлі құндылықтар мен жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылыстың үйлесім табуы еліміздің өсіп-өркендеуіне арқау болып отыр.

Халқымыз бейбітшілік пен тұрақтылық, заң мен тәртіп, білім мен инновация, қоршаған ортаға қамқорлық пен тазалық қағидаттары берік орныққан озық елде өмір сүріп, еңбек етуге ұмтылады. Республикалық референдумда қабылданған Халық Конституциясы – соның айқын дәлелі.

Біз қастерлі Отанымыздың болашағы жолындағы ортақ жауапкершілікті терең сезіне білсек, кез келген сын-қатерді еңсеріп, биік мақсаттарымызға жететінімізге кәміл сенемін.

Осы жарқын мереке әрбір шаңыраққа шаттық пен бақ-береке сыйласын!

Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт және толағай табыс тілеймін!

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с праздником Пасхи

Дорогие православные граждане Казахстана!

Поздравляю вас со Светлым Христовым Воскресением – Пасхой.

Этот знаменательный день занимает особое место в христианском календаре, символизируя любовь, надежду, духовное обновление. Праздник Пасхи и предваряющий его пост укореняют в сознании верующих идеалы сострадания, милосердия, добрососедства, взаимопомощи.

Православие вносит значительный вклад в утверждение в нашем обществе принципов справедливости, миролюбия, толерантности, доверия. Передаваемые из поколения в поколение пасхальные обычаи способствуют сохранению семейных устоев, укреплению нравственности, учат уважению к старшим, заботе о ближних.

В основе развития нашей страны – национальное единство и межконфессиональное согласие, гармоничное сочетание традиционных ценностей и всесторонней модернизации.

Принятая на референдуме Народная Конституция стала ярким воплощением стремления нашего народа жить и трудиться в прогрессивной стране в атмосфере мира и стабильности, верховенства закона и порядка, знаний и инноваций, природолюбия и чистоты.

Убежден, что общая ответственность за будущее нашей Родины поможет нам преодолеть любые вызовы и достичь поставленных целей.

Пусть этот замечательный праздник принесет радость и благополучие в каждый дом!

Желаю всем соотечественникам крепкого здоровья, счастья и успехов в благих начинаниях!

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️Мемлекет басшысының жарлықтарымен:.

Асет Жеңісұлы Исенали
Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

✍️Указами Главы государства:


Исенали Асет Женисулы
назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Республике Корея;

Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Королевстве Таиланд, Постоянный представитель Республики Казахстан при Экономической и социальной комиссии ООН для Азии и Тихого океана (ЭСКАТО) Баймухан Маргулан Бакытулы назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Республике Союз Мьянма по совместительству.

t.me/aqorda_resmi
​🔹 Тәжікстанда тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алды

🔸 В Таджикистане почтили память воинов-казахстанцев, погибших на таджикско-афганской границе

@PressMFAKZ
​Исенали Асет Жеңісұлы – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

1980 жылы 8 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын, 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

Дипломатиялық қызметін 2001 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет басқармасында жетекші маман ретінде бастаған.

2003 жылы ҚР СІМ Халықаралық құқық департаментінде атташе қызметін атқарған.

2003–2008 жылдары Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінде атташе, кейін үшінші хатшы.

2008–2011 жылдары Қазақстан Республикасының Сингапурдағы Елшілігінде екінші және бірінші хатшы қызметтерін атқарған.

2012–2018 жылдары Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінде кеңесші.

2019–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінде консультант, инспектор, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін, 2024 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.

І сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесіне ие.

Ағылшын және корей тілдерін меңгерген.

Исенали Асет Женисулы – Посол Республики Казахстан в Республике Корея

Родился 8 апреля 1980 года в Алматы. В 2001 году окончил Казахскую государственную юридическую академию и в 2005 году Дипломатическую академию ЕНУ им. Л.Н.Гумилева.

Свою дипломатическую карьеру начал в 2001 году ведущим специалистом Управления консульской службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан.

В 2003 году занимал должность атташе в Департаменте международного права МИД РК.

В период с 2003-2008 годы работал атташе, а затем третьим секретарём Посольства РК в Малайзии.

С 2008 по 2011 годы работал в Посольстве РК в Сингапуре на должностях второго и первого секретаря.

С 2012 по 2018 годы занимал должность Советника в Посольстве РК в Республике Корея.

С 2019 по 2024 годы был консультантом, инспектором, заведующим сектором Отдела внешней политики Администрации Президента РК.

До назначения Послом Казахстана в Республике Корея с июля 2024 года занимал должность заместителя заведующего Отдела внешней политики Администрации Президента РК.

Имеет дипломатический ранг Советника I класса.

Владеет английским и корейским языками.

@PressMFAKZ
​🔹 Қазақстан CІМ басшысы мен ҰҚШҰ Бас хатшысы бұдан әрі болатын өзара іс-қимылдың мәселелерін талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевтың Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Таалатбек Масадыковпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында ҰҚШҰ-ның ағымдағы жұмысы туралы мазмұнды әрі сындарлы пікір алмасу өтті. Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылының тиімділігін одан әрі арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ҰҚШҰ Бас хатшысы ағымдағы жылдың маусым айында Қазан қаласында (Ресей Федерациясы) өткізілуі жоспарланып отырған Ұйымның Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысына дайындық барысы туралы хабардар етті.

Кездесуге қатысушылар Ұйымды одан әрі нығайту мақсатында ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

ҰҚШҰ 2002 жылы құрылған және құрамына Қазақстанмен қатар Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретін халықаралық әскери-саяси ұйым болып табылады.

🔸 Глава МИД Казахстана и Генеральный секретарь ОДКБ обсудили вопросы дальнейшего взаимодействия

В Астане прошла встреча Министра иностранных дел Республики Казахстан Ермека Кошербаева с Генеральным секретарем Организации Договора о коллективной безопасности Таалатбеком Масадыковым.

В ходе беседы состоялся обстоятельный и конструктивный обмен мнениями по актуальным вопросам деятельности Организации. Особое внимание было уделено вопросам обеспечения региональной безопасности и дальнейшего повышения эффективности взаимодействия государств-членов ОДКБ.

Генеральный секретарь ОДКБ проинформировал о ходе подготовки к предстоящему заседанию Совета министров иностранных дел Организации, которое планируется к проведению в июне текущего года в Казани (Российская Федерация).

Участники встречи выразили готовность к сотрудничеству в целях дальнейшего укрепления потенциала ОДКБ.

ОДКБ была создана в 2002 году и является международной военно-политической организацией, в состав которой, наряду с Казахстаном, входят Армения, Беларусь, Кыргызстан, Россия и Таджикистан.

@PressMFAKZ
​🔹 Қазақстан СІМ-де Франция Сенаты делегациясымен кездесу өтті

🔸 В МИД Казахстана состоялась встреча с делегацией Сената Франции

🔹 A Meeting with a Delegation of the French Senate was Held at the Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan

@PressMFAKZ
​🔹 Латвия мен Қазақстан көлік және логистика салаларындағы екіжақты байланыстарды нығайтуды жалғастыруда

🔸 Латвия и Казахстан продолжают укреплять двусторонние связи в транспортной и логистической сферах

🔹 Latvia and Kazakhstan Strengthen Bilateral Ties in the Transport And Logistics Sectors

@PressMFAKZ