MFA Qazaqstan 🇰🇿
✔
8.15K subscribers
9.03K photos
1.33K videos
112 files
13.4K links
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналы

Официальный новостной канал Министерства иностранных дел Казахстана

Official news channel of the Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan

+7 (7172) 72 06 33, 72 01 33, press@mfa.kz
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗳️Парижде орналасқан №410 референдум учаскесі жергілікті уақытпен таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Франция аумағындағы жалғыз учаскесі Қазақстан республикасының Консулдығында, Елисей алаңының қасында орналасқан.

Референдумда алғашқы болып дауыс беруге осында білім алып жүрген магистранттар келді. Жалпы 200-ден астам адам тіркелген. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін, яғни Астана уақытымен түнгі 00:00-ге дейін жалғасады.
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумда дауыс берді

****

Глава государства Касым-Жомарт Токаев проголосовал на республиканском референдуме по проекту новой Конституции

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Боян Бркич, Euronews телеарнасының тілшісі:

– Сіз Қазақстан халықаралық аренада орта держава ретінде танылғанын ұдайы айтып келесіз. Еліңіз Президент Трамп құрған Бейбітшілік кеңесіне мүше болды. Сіздің ойыңызша, Таяу Шығыстағы қазіргі жағдай Бейбітшілік кеңесіне қалай әсер етеді? Бұл бастама өміршең дей аласыз ба? Дональд Трамптың жобасын қолдау жөніндегі шешімге қалай келдіңіз?

Президент:

– Ең алдымен, Америка Құрама Штаттарының Президентіне құрметім ерекше екенін атап өткім келеді. Оның ақыл-парасатқа негізделген стратегиясы өте дұрыс, құптауға лайық. Бейбітшілік кеңесі туралы бастаманың идеясы, халықаралық күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді шешудегі жаңашыл тәсілдері көңілден шықты. Мұнда әуелі дәстүрлі дипломатия мен ірі бизнестің мүмкіндіктері ұштасады. Бұл қарапайым халыққа, соның ішінде Газа секторының тұрғындарына нақты пайдасын тигізеді. Әлем халқы бітпейтін конференциялардан жалықты. Аталған жиындарда қабылданатын ізгі ниетті қарарларды аздаған адам ғана оқиды. Сол себепті бұл идеяны қолдау қажет деп ойлаймын. Өйткені тың шешімдер ұсынады. Президент Трамп мықты тұлға ретінде әсер қалдырады. Ол – батыл көшбасшы. Таяу Шығыста, соның ішінде Палестинада бейбітшілік орнату мүмкіндігі әлі де бар екеніне кәміл сенемін. Бұл бастама баянды болады деп үміттенемін.


t.me/aqorda_resmi