MFA Qazaqstan 🇰🇿
✔
8.14K subscribers
9.04K photos
1.33K videos
112 files
13.4K links
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналы

Официальный новостной канал Министерства иностранных дел Казахстана

Official news channel of the Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan

+7 (7172) 72 06 33, 72 01 33, press@mfa.kz
Download Telegram
​​🔹 Қазақстан мен Араб мемлекеттері лигасы ынтымақтастықтың жаңа деңгейін талқылады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Араб мемлекеттері лигасының (АМЛ) жаңадан тағайындалған 9-шы Бас хатшысы Набиль Фахмимен ресми кездесу өткізді.

Тараптар араб әлемі мен Орталық Азия өңірі арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде ҚР СІМ басшысы АМЛ Бас хатшысын жаңа лауазымға ресми түрде кірісуімен құттықтап, ұйымның халықаралық құқық пен тұрақтылықты қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.

Кездесу аясында Таяу Шығыстағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған екіжақты бірлескен күш-жігерді көрсететін жаңа Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесі қаралды.

🔸Казахстан и Лига арабских государств обсудили новый уровень сотрудничества

Министр иностранных дел Республики Казахстан Мухтар Тлеуберди провел официальную встречу с новоназначенным, 9-м Генеральным секретарем Лиги арабских государств (ЛАГ) Набилем Фахми.

Стороны обсудили ключевые вопросы укрепления сотрудничества между арабским миром и регионом Центральной Азии.

В свою очередь Глава МИД РК поздравил Генерального секретаря ЛАГ с официальным вступлением в должность и подчеркнул важную роль организации в защите международного права и стабильности.

В рамках встречи был рассмотрен вопрос подписания нового Меморандума о взаимопонимании, отражающего совместные двусторонние усилия по обеспечению мира и безопасности на Ближнем Востоке.

🔹Kazakhstan and the League of Arab States Discuss Elevating Cooperation to a New Level

The Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan, Mukhtar Tileuberdi, held an official meeting with the newly appointed 9th Secretary-General of the League of Arab States Nabil Fahmy.

The two sides discussed key issues aimed at strengthening the strategic partnership between the Arab world and the Central Asian region.

In his regard the Head of MFA of Kazakhstan congratulated the LAS Secretary-General on officially assuming office and highlighted the organization’s vital role in defending international law and maintaining regional stability.

As part of the discussions, the parties reviewed the potential signing of a new Memorandum of Understanding, which is set to reflect joint bilateral efforts to ensure peace and security in the Middle East.

@PressMFAKZ
​​🔹Сондай-ақ, тараптар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында Қазақстан тарапы Араб мемлекеттері лигасымен диалогты сапалы жаңа деңгейге көтеруге бейілділігін білдіріп, ұйым басшылығына табыс тіледі.

🔸Кроме того, стороны обменялись мнениями по актуальным вопросам региональной и международной повестки дня.

В завершение встречи казахстанская сторона подтвердила свою приверженность выводу диалога с Лигой арабских государств на качественно новый уровень и пожелала успехов руководству организации.

🔹In addition, the parties exchanged views on topical issues on the regional and international agenda.

In closing, the Kazakh side reaffirmed its strong commitment to elevating the dialogue with the League of Arab states to a qualitatively new level and wished the leadership of the organization continued success.

@PressMFAKZ
​​🔹Қазақстан мен ЕҚЫҰ ПА парламенттік диалог пен өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға бейілділігін растады

🔸Казахстан и ПА ОБСЕ подтвердили приверженность укреплению межпарламентского диалога и регионального сотрудничества

🔹Kazakhstan and OSCE PA Reaffirm Commitment to Strengthening Interparliamentary Dialogue and Regional Cooperation

@PressMFAKZ
​​🔹 Қазақстан мен Мысыр ынтымақтастықты нығайтудың жаңа бағыттарын айқындады

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Мысырға ресми сапары аясында Мысыр Араб Республикасының Премьер-министрі Мұстафа Мадбули қабылдады

Тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықты, саяси, сауда-экономикалық, цифрлық және инвестициялық қатынастарды тереңдетудің кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Келіссөздер барысында тараптар өзара сенім мен бауырластыққа негізделген екіжақты байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, бірқатар уағдаластықтарды бекітті.

Екі ел азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (Орта дәліз) мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Қазақстан астығын Мысыр нарығына тікелей жеткізудің кешенді қолдау тетіктерін іске қосу шараларын талқылады. 

🔸 Казахстан и Египет определили новые направления укрепления сотрудничества

Министр иностранных дел Республики Казахстан Мухтар Тлеуберди в рамках официального визита в Египет был принят Премьер-министром Арабской Республики Египет Мустафой Мадбули.

В ходе переговоров на высшем уровне стороны обсудили широкий спектр вопросов углубления двустороннего сотрудничества, а также укрепления политических, торгово-экономических, цифровых и инвестиционных связей. Подчеркнув важность развития двусторонних отношений, основанных на взаимном доверии и братстве, стороны закрепили ряд ключевых договоренностей.

В целях обеспечения продовольственной безопасности стороны обсудили меры по запуску механизмов комплексной поддержки прямых поставок казахстанского зерна на египетский рынок с использованием потенциала Транскаспийского международного транспортного маршрута (Средний коридор).

🔹 Kazakhstan and Egypt Outline New Areas for Strengthening Cooperation

Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Mukhtar Tileuberdi was received by Prime Minister of the Arab Republic of Egypt Mostafa Madbouly during his official visit to Egypt.

During the high-level talks, the parties discussed a wide range of issues aimed at deepening bilateral cooperation and strengthening political, trade, economic, digital, and investment ties. 

Emphasizing the importance of developing bilateral relations rooted in mutual trust and fraternity, the sides consolidated a number of key agreements.

To ensure food security, the sides discussed measures to launch comprehensive support mechanisms for direct supplies of Kazakh grain to the Egyptian market, leveraging the potential of the Trans-Caspian International Transport Route (the Middle Corridor).

@PressMFAKZ
​​🔹 Сондай-ақ, энергетика мен экология салаларында Мысырдың «Эль-Дабаа» АЭС құрылысы мен Қазақстанның бейбіт ядролық бағдарламасы аясында уран өндірісі бойынша тәжірибе алмасу, сондай-ақ БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын бірлесе ілгерілету мақұлданды. 

Кездесу соңында тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды жедел іске асыру мақсатында ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға келісті.

🔸 В сфере энергетики и экологии было одобрено достижение договоренностей по обмену опытом в рамках строительства египетской АЭС «Эль-Дабаа» и уранового производства в разрезе мирной ядерной программы Казахстана. Кроме того, стороны договорились совместно продвигать инициативу создания Международной организации по водным ресурсам под эгидой ООН.

В завершение встречи стороны пришли к соглашению о создании межведомственных рабочих групп для оперативной реализации всех достигнутых договоренностей.

🔹 In the areas of energy and ecology, the parties endorsed exchanging experience regarding the construction of Egypt’s El-Dabaa Nuclear Power Plant and uranium production under Kazakhstan’s peaceful nuclear program. Furthermore, the sides agreed to jointly promote the initiative to establish the International Water Organization under the auspices of the UN.

At the conclusion of the meeting, the sides agreed to establish interdepartmental working groups to ensure the swift implementation of all reached agreements.

@PressMFAKZ