MFA Qazaqstan 🇰🇿
✔
8.15K subscribers
9.03K photos
1.33K videos
112 files
13.4K links
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналы

Официальный новостной канал Министерства иностранных дел Казахстана

Official news channel of the Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan

+7 (7172) 72 06 33, 72 01 33, press@mfa.kz
Download Telegram
➰Қазақстан СІМ басшысы Ресейдің Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 27 млрд АҚШ долларынан асты, сонымен қатар өзара сауданы одан әрі ұлғайту және кооперацияны кеңейту үшін айтарлықтай әлеует сақталуда.

Инвестициялық ынтымақтастық та табысты дамып келеді. Соңғы 20 жылда Ресейдің Қазақстан экономикасына тікелей инвестицияларының көлемі 29,3 млрд АҚШ долларын, ал Қазақстанның Ресей экономикасына салған инвестициялары 9 млрд АҚШ долларын құрады. Ресейлік компаниялар өнеркәсіп, энергетика, көлік және басқа да салалардағы ірі бастамаларды іске асыруға белсенді қатысуда.

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың қозғаушы күштерінің бірі өнеркәсіптік кооперация болып қала береді. Ынтымақтастықтың жаңа және перспективалы бағыттарына цифрлық шешімдер, жасанды интеллект және жоғары технологиялар салалары енгізілді. Энергетика және көлік-логистика салаларында да өзара іс-қимылдыңелеулі әлеуеті сақталуда. Сұхбаттастар «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін, «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» автомагистралін дамыту және шекара маңындағы инфрақұрылымның өткізу қабілетін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

➰Глава МИД Казахстана отметил, что Россия входит в число основных торгово-экономических партнёров Казахстана. По итогам 2025 года товарооборот превысил 27 млрд долларов США, при этом сохраняется значительный потенциал для дальнейшего наращивания взаимной торговли и расширения кооперации.

Успешно развивается инвестиционное сотрудничество. За последние 20 лет объём прямых российских инвестиций в экономику Казахстана составил 29,3 млрд долларов США, казахстанских в экономику РФ – 9 млрд долларов США. Российские компании активно участвуют в реализации крупных инициатив в промышленности, энергетике, транспорте и других отраслях.

Одним из драйверов торгово-экономических связей Казахстана с Россией остается промышленная кооперация. В число новых и перспективных направлений сотрудничества вошли сферы цифровых решений, искусственного интеллекта и высоких технологий. Весомый потенциал взаимодействия сохраняется и в базовых отраслях – энергетике и транспортно-логистической сфере. Собеседники обменялись видением дальнейшего развития международного транспортного коридора «Север – Юг», автомагистрали «Западная Европа – Западный Китай» и повышению пропускной способности приграничной инфраструктуры.

@PressMFAKZ
🔆Экология, климаттың өзгеруі және су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша пікір алмасу барысында 2026 жылғы 22-23 сәуірде Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммиттің қорытындылары талқыланды. Тараптар осы салада іс жүзіндегі ынтымақтастықты ілгерілету қажеттігі жөнінде ортақ пікірге келді.

Сұхбаттастар мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл деңгейіне қанағаттанушылық білдіріп, Астанада табысты өткен Ресей күндері екі ел арасындағы дәстүрлі белсенді мәдени алмасудың заңды жалғасы екенін атап өтті.

Білім беру саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Бұл ретте аталған салада іске асырылып жатқан жобалар кадрлар даярлауға және екі елдің зияткерлік әлеуетін нығайтуға бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция екендігі аталып өтті. Осы тұрғыда екі мемлекет аумағында қазақстандық-ресейлік мектептерді салу жобалары, сондай-ақ бірлескен білім беру бастамаларын дамыту, оның ішінде Астана мен Алматы қалаларында «Сириус» мектебінің филиалдарын ашу мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда Қазақстанда жетекші ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары табысты жұмыс істеп жатқаны аталып өтті. Сонымен қатар 2025 жылы Омбыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың және Астанада МХҚМИ-ның филиалдары ашылды. Сонымен бірге Ресейде шамамен 60 мың қазақстандық студент білім алуда.

🔆В процессе обмена мнениями по проблематике экологии, изменения климата и рационального использования водных ресурсов, были обсуждены итоги прошедшего 22-23 апреля с.г. в Астане Регионального экологического саммита. Стороны сошлись во мнении о необходимости продвижения практического сотрудничества в этой сфере.

Собеседники выразили удовлетворённость уровнем взаимодействия в культурно-гуманитарной сфере и констатировали, что успешно проведенные в Астане Дни России в Казахстане являются результатом естественного продолжения традиционно активного культурного обмена между нашими странами.

Взаимодействию в сфере образования было уделено особое внимание, при этом подчёркивалось, что реализуемые в этой отрасли проекты являются долгосрочным вложением в подготовку кадров и укрепление интеллектуального потенциала двух стран. В этой связи были обсуждены проекты по созданию казахско-российских школ на территории двух стран, а также развитие совместных образовательных инициатив, в том числе по созданию филиалов школы «Сириус» в Астане и Алматы. Отмечалось, что на сегодняшний день в Казахстане успешно функционируют филиалы ведущих российских вузов. При этом в 2025 году были открыты филиалы казахстанских вузов КазНУ имени аль-Фараби в Омске и МГИМО в Астане. В то же время в России обучаются порядка 60 тыс. казахстанских студентов.

@PressMFAKZ
📃Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2027-2028 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

📃Главы внешнеполитических ведомств также провели обстоятельный обмен мнениями по актуальным вопросам региональной и международной повестки дня, а также по вопросам взаимодействия в рамках международных и региональных организаций.

По итогам встречи министры подписали План мероприятий по сотрудничеству между Министерством иностранных дел РК и Министерством иностранных дел РФ на 2027-2028 годы.

@PressMFAKZ
​​​​🔹 Қазақстан мен Дания бизнес пен инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуда

🔸Казахстан и Дания открывают новые возможности для бизнеса и инвестиций

🔹 Kazakhstan and Denmark Open New Opportunities for Business and Investment

@PressMFAKZ
​​🔹 Қазақстан мен Грузия СІМ-дері кадрлық және әкімшілік басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

🔸Казахстан и Грузия укрепляют сотрудничество в сфере кадровой и административной политики МИД

@PressMFAKZ
​​🔹 Қазақстан-Финляндия диалог орталығында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту

🔸Расширение торгово-экономического сотрудничества в центре казахско-финляндского диалога

🔹 Expansion of Trade and Economic Cooperation at the Center of the Kazakh-Finnish Dialogue

@PressMFAKZ
​​🔹 Сыртқы саяси ведомствода жастардың «қоғамдық дипломатияны» және этносаралық келісімді ілгерілетудегі рөлі талқыланды

🔸 Во внешнеполитическом ведомстве обсудили роль молодежи в продвижении «публичной дипломатии» и межэтнического согласия

🔹 Role of Youth in Advancing Public Diplomacy and Interethnic Harmony Discussed at the Ministry of Foreign Affairs

@PressMFAKZ
​​​​🔹 Астанада дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі «Достық таңғы асы» өтті

🔸 В Астане прошёл традиционный «Дружеский завтрак» с участием дипломатического корпуса

🔹 Astana Hosts Traditional “Friendly Breakfast” with Diplomatic Corps

@PressMFAKZ
​​​​​​​​🔹 Махараштра штатындағы үндістандық бизнес Қазақстан нарығына қызығушылығын растады

🔸 Представители бизнеса индийского штата Махараштра подтвердили свою заинтересованность в казахстанском рынке

🔹 Businesses from the Indian State of Maharashtra have Reaffirmed their Interest in the Kazakhstani Market

@PressMFAKZ
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – қоғамымыздың мызғымас құндылықтарын паш ететін қастерлі мейрам. Бірлік күні халқымыздың тілектестігі мен ауызбіршілігі, өзара сыйластығы мен құрметі, отаншылдығы мен перзенттік сүйіспеншілігі кеңінен дәріптеледі.

Кезінде тағдырдың жазуымен елімізде тұрақтаған түрлі этнос өкілдері Қазақстан атты киелі Шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл – бәрімізге ортақ игілік.

Дана халқымыз «Татулық – таусылмас бақыт» деп бекер айтпаған. Біз – бейбіт заманның қадірін білетін, айналасына жанашырлықпен қарайтын, әрдайым көмек қолын созуға дайын тұратын елміз. Бұл – біртұтас ұлтымыздың болмысына тән қасиет. Біз осы бірегей дәстүрді көздің қарашығындай сақтап қалуымыз керек.

Біздің көзқарасымыз әртүрлі болғанымен, тілегіміз – бір. «Бірлігіміз – әралуандықта» формуласы мемлекеттік саясат пен азаматтарымыздың күнделікті өмірінің өзегіне айналды.

Сондықтан біз бірлік, ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарын жаңа Конституцияның преамбуласында нақты көрсеттік.

Бұл – Қазақстан халқының саналы түрде жасаған таңдауы. Себебі азаматтарымыз баршаға бірдей құқықтар мен мүмкіндіктер беретін елде, әділ, тұрақты және бақуатты қоғамда тұруды қалайды.

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы еліміздегі ауқымды жаңғыру үдерісінің арқауы ретінде осы биік мақсатқа жетуімізге кепіл болмақ.

Біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз – бір. Бұл –Қазақстан халқының сарқылмас күш-қуаты мен отаншылдық рухының айқын көрінісі. Біз бәріміз бір ел болып жұмылып, өсіп-өркендеу жолында биік белестерді бағындыра беретінімізге кәміл сенемін.

Қымбатты отандастар, баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Праздником единства народа Казахстана

Уважаемые соотечественники!


Сердечно поздравляю вас с Праздником единства народа Казахстана!

Этот день символизирует непреходящие ценности нашего общества: солидарность и сплоченность, толерантность и уважение, патриотизм и любовь к родной земле.

Волею судеб Казахстан объединил под своим священным Шаныраком людей разных этносов, ставших одной большой семьей. Это наше достояние.

«Согласие – бесценное счастье» («Татулық – таусылмас бақыт»), – так издревле гласит народная мудрость. Важно, чтобы традиции миролюбия, сострадания, взаимопомощи оставались неотъемлемой частью национального менталитета нашего единого народа.

Мы разные, но мы едины. Формула «Единство в многообразии» емко отражает саму суть государственной политики и повседневного бытия казахстанцев.

Поэтому в преамбуле новой Конституции четко сформулированы такие принципы, как единство, солидарность, межэтническая и межконфессиональная гармония.

Это осознанный выбор наших граждан, желающих жить и работать в справедливом, стабильном, благополучном обществе, где каждый человек имеет равные права и возможности.

Гарантия этому – концепция «Закон и Порядок», ставшая фундаментом масштабной модернизации нашей страны.

Сопричастность к общему прошлому, настоящему и будущему – созидательная сила патриотизма и неисчерпаемый жизненный ресурс народа Казахстана. Убежден, вместе мы сможем достигнуть новых высот по пути к прогрессу.

Желаю всем вам, дорогие соотечественники, крепкого здоровья, счастья и благополучия!

t.me/aqorda_resmi
​​​​​​​​​​🔹 Бейжіңде Қазақстандағы конституциялық реформалар талқыланды

🔸 В Пекине обсудили вопросы конституционных реформ в Казахстане

@PressMFAKZ
​​​​​​​​​​🔹 Қазақстан мен Сауд Арабиясы энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілігін растады

🔸 Казахстан и Саудовская Аравия подтвердили взаимную заинтересованность в сотрудничестве в энергетической сфере

🔹 Kazakhstan and Saudi Arabia Confirmed Mutual Interest in Developing Cooperation in the Energy Sector

@PressMFAKZ