PS Cloud Services [PS.kz]
1.48K subscribers
156 photos
7 videos
118 links
Ведущий частный казахстанский провайдер облачных решений и веб-хостинга с дата-центрами в Алматы и Астане.

Первый и единственный в Центральной Азии аккредитованный ICANN регистратор доменных имен.

www.ps.kz
Download Telegram
На прошлой неделе Комитет по информационной безопасности МЦРИАП РК выявил тысячи нарушений регистрации доменов. По действующему законодательству данные сайтов в зонах .KZ и .ҚАЗ должны размещаться на казахстанских серверах. Комитет уведомил, что 30 апреля 2023 эти домены будут заблокированы.

Что делать, если вы получили такое уведомление?

1. Если вы пользуетесь Tilda или Taplink, попросите их техподдержку перенести ваши данные на казахстанские серверы и уведомите КИБ МЦРИАП РК и KazNIC.

2. Если вы пользуетесь сервисами защиты от DDoS-атак — Cloudflare, StormWall и т.д. — уведомите КИБ МЦРИАП РК и KazNIC. Эти сервисы маскируют местоположение серверов.

3. Если вы пользуетесь зарубежным хостингом сайтов, зарегистрированных в зонах .KZ и .ҚАЗ, перенесите данные на серверы местных компаний. О чем уведомите КИБ МЦРИАП РК и KazNIC — отправив копию договора или справку о местонахождении серверов.

Контакты:
Комитет по ИБ: kib@mdai.gov.kz
KazNIC: info@nic.kz

***

Өткен аптада ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті домендерді тіркеу тәртібі бұзылған мыңдаған жағдайды анықтады. Заң бойынша .KZ /.ҚАЗ аймағындағы сайт деректері Қазақстан серверлерінде орналасуға тиіс. Комитет тәртіпті бұзған сайттар 2023 ж. 30 сәуірінде бұғатталатынын ескертті.

Мұндай ескерту алсаңыз, не істеу керек?

1. Tilda немесе Taplink қолданушысы болсаңыз, сервистердің техқолдауына байланысып, деректеріңізді қазақстандық серверге көшіруін өтініңіз де, бұл туралы ҚР ЦДИАӨМ АҚК мен KazNIC ұйымын ескертіңіз.

2. Cloudflare, StormWall, т.б. DDoS-шабуылдан қорғану сервистерін қолдансаңыз, ҚР ЦДИАӨМ АҚК мен KazNIC ұйымын ескертіңіз. Бұл сервистер сервердің орналасқан жерін жасыруы мүмкін.

3. .KZ/.ҚАЗ аймағында тіркелген шетелдік сайт хостингін пайдалансаңыз, деректеріңізді жергілікті компания серверіне көшіріңіз. Бұл туралы ҚР ЦДИАӨМ АҚК мен KazNIC ұйымын ескертіп, келісім көшірмесін немесе сервердің орналасқан жері туралы анықтаманы жөнелтіңіз.

Байланыс:
АҚ комитеті: kib@mdai.gov.kz
KazNIC: info@nic.kz
👍5😱2🗿2🤔1
Не доверяй никому, защищай всех

На недавнем мероприятии Microsoft Channel Connect 2023 Александр Пушкин, руководитель отдела ИБ PS Cloud Services рассказал о важности кибербезопасности для малых и средних предприятий (МСП). Александр с нуля создал в компании успешный Security Operation Center (ОЦИБ) с тремя линиями аналитиков, консультирует клиентов по вопросам ИБ и регулярно делится своим опытом на международных конференциях.

Ключевые темы и идеи, затронутые в выступлении Александра:

— понятия 0-day и 1-day уязвимостей;
— концепция Zero Trust — модель безопасности, которая предполагает, что ни один пользователь, устройство или сеть не могут быть доверенными по умолчанию;
— необходимость замены или обновления устаревшего ПО для поддержания безопасной среды;
— важность обучения сотрудников и повышения их осведомленности о типовых угрозах и распространенных векторах атак.

Материал опубликован в европейском журнале Adello Magazine, прочитать его целиком вы можете по ссылке.
https://www.ps.kz/upload/content/432/Adello%20Magazine%20.pdf

***

Жақында өткен Microsoft Channel Connect 2023 шарасында PS Cloud Services Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Александр Пушкин киберқауіпсіздіктің шағын және орта кәсіпорындар үшін маңыздылығы туралы айтты. Александр – компанияда үш желіден тұратын Security Operation Center сарапшылар қызметін құрған, клиенттерге АҚ бойынша кеңес беретін, халықаралық жиындарда тәжірибесін бөлісіп жүрген маман.
Александр мәлімдеген негізгі тақырыптар мен идеялар:
— 0-day және 1-day осалдық түсініктері;
— Zero Trust тұжырымдамасы — ешбір қолданушы, құрылғы немесе желі сенімді боп қабылданбайтын қауіпсіздік моделі;
— ортаны қауіпсіз ұстап тұру үшін ескірген бағдарламаны ауыстыру немесе жаңарту маңызы;
— қызметкерлерді оқыту және типтік қауіптер мен кең таралған шабуыл векторлары туралы ақпаратын молайтудың маңызы.

Материал еуропалық Adello Magazine журналында жарияланды, толық мәтінін сілтемеге өтіп оқи аласыздар.
https://www.ps.kz/upload/content/432/Adello%20Magazine%20.pdf
👏9👍2
🔥16🏆4👎1🤔1🤮1
VPS в облаке

Мы продолжаем развивать облачный подход к управлению инфраструктурой. Суть облачных технологий заключается в возможности оперировать не одной, а сразу множеством вычислительных машин. Этот подход мы внедряем в сервисы, которые предшествовали появлению облаков, к примеру — VPS.

Как это работает?

В классическом представлении, мы берем один физический сервер, разделяем его ресурсы — процессоры и память — на несколько отдельных виртуальных серверов (VPS). Облачная архитектура позволяет нам собрать кластер из нескольких физических серверов, и так же разделить их ресурсы на множество виртуальных машин (облачных VPS).

В чем преимущества облачных VPS?

Сохранность и доступность пользовательских данных больше не зависят от работоспособности комплектующих одного сервера. Если одна из машин выходит из строя, то данные тут же перераспределяются по другим ресурсам кластера. На облачных VPS проще реализовать аварийное восстановление и адаптироваться под колебания трафика.

***

Біз инфрақұрылымды басқарудың бұлтты тәсілін дамытуды жалғастырудамыз. Бұлтты технология – бірнеше компьютерді бір мезетте басқару мүмкіндігі. Бұл тәсілді біз қазір бұлттан әлдеқайда бұрын пайда болған сервистерге ендіріп жатырмыз, мысалы VPS-ке.

Ол қалай жұмыс істейді?
Дәстүрлі түсінік бойынша, біз бір физикалық серверді алып, оның ресурстарын – процессорлар мен жадты бірнеше бөлек виртуал серверге (VPS) бөлеміз. Бұлтты архитектура бізге бірнеше физикалық сервердің кластерін жинауға, сол арқылы олардың ресурстарын көптеген виртуал машиналарға (бұлтты VPS) үлестіріп тастауға мүмкіндік береді.

Бұлтты VPS артықшылығы неде?
Оның арқасында қолданушы деректерінің қауіпсіздігі мен қолжетімділігі енді бір сервер бөліктерінің өнімділігіне тәуелді болмайды. Машиналардың бірі істен шықса, деректер кластердің басқа ресурстарына қайта үлестіріледі. Бұлтты VPS арқасында апаттық жағдайда қалыпқа келтіру және трафик ауытқуларына бейімделу жүзеге оңайырақ асады.
👍5❤‍🔥2👏2
❤4👍1
🔥9🤔3😎3😁2👌1
ВШЭП: как PS вносит вклад в цифровизацию Казахстана

Что общего у медицинской компании, сервиса проверки задолженностей и стартапа по распознаванию лиц?
Им необходимо подключение к Электронному Правительству.

ЭП РК объединяет закрытые базы данных различных государственных структур. Взаимодействие между ними осуществляется благодаря платформе интеграции Smart Bridge.

Smart Bridge реализован на VPN-тоннелях и образует защищенную среду обмена информацией. Для подключения к правительственной сети требуются внешние шлюзы электронного правительства (ВШЭП).

Компании, которым нужен ВШЭП, обращаются к нашим системным администраторам. Помимо подключения к ЭП мы предлагаем сервисам дополнительную защиту персональных данных — к примеру, размещение за межсетевым экраном.

***

ЭҮСШ: PS Қазақстанның. цифрлануына қандай үлес қосып жатыр

Медициналық компания, қарыздарды тексеру сервисі мен бет-әлпетті тану стартапының арасындағы ортақ нәрсе не? Электронды үкіметке қосылмаса, олардың ешқайсы жұмыс істей алмайды.

ҚР ЭҮ түрлі мемлекеттік құрылымдардың жабық дерек базаларын біріктірген. Олар өзара Smart Bridge интеграциялану платформасында әрекеттеседі.

Smart Bridge VPN-түнел негізінде жасалғандықтан ақпарат алмасу үшін қорғалған орта құрады. Үкіметтік желіге қосылу үшін электронды үкімет сыртқы шлюздері (ЭҮСШ) қажет.

ЭҮСШ қажет еткен компаниялар біздің админдердің көмегіне жүгінеді. ЭҮ-ге қосылудан бөлек біз жеке мәліметтерді қосымша қорғау амалын ұсынамыз, мысалы оларды желіаралық экран артында орнатамыз.
🔥3👍1🤝1
Мы получили сертификат ISO 27001

Дорогие друзья! Для вас прекрасная новость: PS Cloud Services прошли сертификацию ISO 27001.
Этот международный стандарт описывает требования к системе управления информационной безопасностью. Он подтверждает, что мы используем лучшие практики в управлении рисками информационной безопасности и защиты конфиденциальности данных.

Для клиентов PS Cloud Services сертификат ISO 27001 означает уверенность в том, что их данные обрабатываются и хранятся в соответствии с самыми строгими стандартами безопасности.
Отдельно поздравляем умных и красивых специалистов нашего SOCа, которые более года вели нашу компанию к прохождению этой сертификации.

***

ISO 27001 сертификатын алдық

Қымбатты достар! Тамаша жаңалығымыз бар: PS Cloud Services ISO 27001 сертификаттауынан ойдағыдай өтті.
Бұл халықаралық стандартта ақпараттық қауіпсіздік жүйесіне талаптар сипатталады.
Сертификат біздің ақпараттық қауіпсіздікке қатысты қауіптерді басқару мен деректердің құпиялығын қорғауда үздік тәжірибе қолданатымызды растайды.

PS Cloud Services клиенттері үшін ISO 27001 сертификаты біздегі деректердің ең жоғарғы қауіпсіздік стандарттарына сай өңделіп, сақталатындығын білдіреді.

Осы орайда біз компаниямыздың сертификаттаудан өтуі үшін барын салған SOC бөліміндегі ақылына көркі сай мамандарға алғыс айтып, оларды құттықтағымыз келеді.
🔥16🎉3❤2👍1
Хранилище S3

Облачное объектное хранилище S3 — это удобный способ размещения большого объема данных. К S3 обращаются, когда традиционная аппаратная система становится громоздкой и ненадежной.

Наглядное сравнение подходов: представьте яблоню. До каждого плода нужно добираться отдельно, по ветвям. Если осыпать яблоки на землю, то они окажутся в одной плоскости, в прямом доступе для множества людей одновременно.

Объектное хранилище — в первую очередь, инструмент для разработчиков. В инженерной среде важна стандартизация, и S3 — общепринятый, легкий в интеграции подход к работе с данными.

В зависимости от актуальности данных используются три вида хранилища — универсальное, холодное и архивное. Наши клиенты берут S3 в следующих целях:

— Резервное копирование, восстановление данных и систем;
— Размещение статических сайтов, хранение мультимедиа контента;
— Сбор BigData для бизнес-аналитики;
— Корпоративный документооборот и архивирование.

***

S3 қоймасы

S3 бұлтты нысандық қоймасы — деректердің ауқымды көлемін сақтаудың ыңғайлы тәсілі. Дәстүрлі аппараттық жүйе тым ауыр әрі сенімсіз болғанда S3-ке жүгіне аламыз.

Мынандай көрнекі мысалмен сипаттайық: алма ағашын елестетіңіз. Жемісін алу үшін бір-бірлеп бұтақтарын аралаймыз. Ал ағашты сілкіп жіберсек, жемісі жерге түсіп, адамдардың бәрі оны ала алады.

Нысандық қойма ең алдымен әзірлеушілерге арналған құрал. Инженерлік ортада стандарттаудың маңызы зор, ал S3 — деректермен жұмыс істеуде көпшілік қабылдаған, біріктіруге ыңғайлы тәсіл.

Деректердің маңыздылығына қарай қойманың үш түрі қолданылады — әмбебап, бейтарап және мұрағаттық. Біздің клиенттеріміз S3-ті мына жағдайларда таңдайды:

— Сақтық көшіру, деректер мен жүйелеоді қалпына келтіру;
— Статикалық сайттарды орналастыру, мултимедиалық контентті сақтау;
— Бизнес-аналитика үшін BigData жинау;
— Корпорациялық құжат айналымы және архивтеу.
🔥7❤3👍3
Облака обеспечивают рост бизнеса при сокращении расходов

Мировая тенденция

Отказ от аутсорсинга непрофильных функций — это мировая тенденция для многих бизнесов. В том числе все больше компаний отказываются от on-premise серверов в пользу облачных решений, чтобы концентрировать свои вложения в развитие, а не «закапывать» их в CapEx.

Калькуляция расходов на IT

Для развертывания собственной IT инфраструктуры необходимы колоссальные инвестиции: организация специализированного пространства, покупка серверов и софта, найм квалифицированных IT-специалистов. Огромные единовременные капитальные затраты отражаются на бизнесе, снижая показатели. Постоянное поддержание актуальности и круглосуточной работоспособности оборудования тоже требует расходов. А если речь о бизнесе, работающем с чувствительной информацией, то вопрос с обеспечением защиты от кибератак и сохранности данных, становится еще более остро.

Выход в облака — легкое решение для бизнеса

Каждый должен делать то, что умеет делать хорошо — наш девиз! Мы создаем для своих клиентов безопасные облака, а клиенты могут полностью сфокусироваться на развитии своего бизнеса.

***

Негізгі қызметке жатпайтын функциялардың аутсорсингі – әлемдегі көптеген бизнес үшін қалыптасқан үрдіс. Компаниялардың басым бөлігі қазір on-premise серверден бас тартып, қаражатын CapEx-ке көміп тастамай, дамуына жұмсау үшін бұлттық шешімдерді таңдай бастады.

Өз IT инфрақұрылымын орнатуға көл-көсір инвестиция қажет: арнайы ортаны ұйымдастыру, серверлер мен софт сатып алу, IT-мамандарды жалдау. Нәтижесінде бір мезетте жұмсалған мол қаражат бизнестің көрсеткіштерін төмендетеді.

Одан бөлек жабдықтың өзектілігі мен үздіксіз жұмысын жүргізіп отыру да шығын. Ал аса маңызды ақпаратпен жұмыс істейтін бизнес үшін кибершабуылдан қорғанып, деректерінің сақтығын қамтамасыз ету мәселесі тіпті ушыға түседі.

Біздің ұстаным: Жұмысты істің маманы істеуі керек! IT-инфрақұрылымды бастан-аяқ өз мойнымызға алып, клиенттеріміздің еш алаңдамай, бизнесін дамытуға ден қоюына барынша жағдай жасаймыз.
🔥5👍2
PS присоединились к партнерской программе Яндекс Бизнеса (https://clck.ru/34hToS), сервиса для автоматического запуска рекламы сразу на нескольких площадках в интернете. Эта новость полезна тем, кто приобрел у нас домен или хостинг и хочет минимизировать усилия по продвижению сайта. Функционал доступен в Консоли PS («Домены»).

Как пользоваться сервисом?

1. После регистрации профиль вашей компании появится в Яндекс Картах и Поиске. Чем активнее вы будете развивать профиль — показывать товары, общаться с клиентами — тем быстрее вырастут ваш рейтинг и доверие к вашей компании.

2. Воспользуйтесь инструментом автоматического запуска рекламы. Рекламная подписка от Яндекс Бизнеса создаст объявления и разместит их на Яндекс Картах, Поиске, площадках партнеров Рекламной сети Яндекса, а также в Поиске и контекстно-медийной сети Google.

3. На основании ваших данных сервис разместит рекламу на тех площадках, где больше потенциальных клиентов, проанализирует эффективность кампании и оптимизирует затраты. Результаты отразятся в личном кабинете.

***

PS Яндекс Бизнес (https://clck.ru/34hToS) серіктестік бағдарламасы – жарнаманы бірнеше алаңда бірден жариялауға арналған қызметке қосылды. Бұл жаңалық бізден домен немесе хостинг сатып алып, сайтын оңай танымал еткісі келетіндерге пайдалы. Қызметті PS Консолінде («Домендер») іске қосуға болады.

Қызметті пайдалану жолы:

1. Тіркеуден соң профиліңіз Яндекс Карта мен Поискте пайда болады. Профиліңізді белсендірек дамытсаңыз, рейтингіңіз өсіп, компанияңызға деген сенім арта береді.

2. Жарнаманы автоматты түрде жариялау құралын пайдаланыңыз. Яндекс Бизнестің жарнамалық жазылымы хабарландыруды өзі құрастырып, Яндекс Карта, Поискте, Яндекстің Жарнама желісіндегі серіктестердің алаңдарында және Google іздеу жүйесі мен контекст-медиа желісінде жариялайды.

3. Қызмет деректеріңіздің негізінде ықтимал клиенттер шоғырланған алаңды өзі таңдап, кампанияның тиімділігін есептейді және нәтижесіне қарай шығындарды реттейді. Статистика жеке кабинетте көрінеді.
👍5🔥5❤1
Наши в Ташкенте!

Александр Пушкин, глава нашего SOC, завершил в Ташкенте турне, посвященное кибербезопасности. Как и в апрельских лекциях, прошедших в Усть-Каменогорске, Актау и Караганде, речь шла об уязвимостях устаревших версий Windows.

— Саша, как все прошло?
— Здорово. Соотношение участников к регистрациям около 90% — отличный показатель. Вопросов было больше, чем позволял тайминг. Мы еще час обсуждали на панельной дискуссии внедрение ИБ и СУИБ в компаниях.

— Кто был твоей аудиторией?
— В Ташкенте я провел две лекции. Первая — для партнеров MONT, это интеграторы и дистрибьюторы. Вторая — на закрытом мероприятии CIO Club, там были руководители финансовых и IT-компаний и их подразделений по IT и ИБ.

— У нас часто проводятся подобные встречи?
— Да, но чаще маркетинговые конференции с презентацией продуктов. Мы же предпочитаем демонстрировать бизнесу свою экспертизу.

— На этот год еще запланированы лекции?
— Осенью пригласили в пару городов Центральной Азии. По факту сообщу :)

***

Біздікілер — Ташкентте!

Біздің SOC басшысы Пушкин Ташкенттегі киберқауіпсіздік турнесінен оралды. Александр ескі нұсқадағы Windows осалдығы туралы дәрістерін сәуірде Өскемен, Ақтау және Қарағандыда да өткізген.

— Саша, қалай өтті бәрі?
— Тамаша. Тіркелгендердің 90%-ы қатысты — керемет көрсеткіш. Сұрақтарын жаудырып, таймингтен шығып кете бердік. Одан бөлек панелдік отырыста АҚ мен ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерін компанияларда ендіру тақырыбын бір сағаттай талқыладық.

— Аудиторияң кім болды?
— Ташкентте 2 дәріс өткіздім. Біріншісі MONT серіктестеріне, яғни интеграторлар мен дистрибюторларға арналған. Екіншісі – CIO Club жабық шарасы, оған қаржы және IT-компаниялардың басшылары мен солардың IT мен АҚ бойынша мамандары қатысты.

— Мұндай шаралар бізде жиі бола ма?
— Иә, бірақ көбі өнімдер көрсетілетін маркетингтік жиындар. Біз негізінен бизнеске сараптамамызды таныстыруға тырысамыз.

— Биылға тағы дәріс бар ма?
— Күзде Орталық Азияның бір-екі қаласына шақырып қойды. Толығырақ хабарлаймын.
🦄7🎉5👍4🔥2🕊2🥰1🆒1
Недавно, на волне выпускных, наши семейные коллеги ностальгировали и вспоминали старт дистанционного обучения. Это сейчас удаленка стала чем-то будничным; тогда, в апреле 2020, перемены от Минобразования лишь добавили волнения перед новой реальностью пандемии.

Для нас будущее наступило несколько раньше, чем для большинства. К нам пришли владельцы образовательной платформы с задачей: в кратчайшие сроки подключить их инфраструктуру к нашему облаку и быть готовыми к наплыву половины школьников страны.

Опустим подробности о том, как это было. Вкратце: обеспечение устойчивости клиента перед ростом нагрузки более чем в 40 (!) раз стало боевым крещением для нашей молодой облачной платформы и повлияло даже на поставки: с тех пор мы поддерживаем её эластичность с запасом. Мы выстояли, окрепли, хотя и слегка поседели.

И вот, наблюдая за очумелыми от свободы выпускниками и их растроганными родителями, мы — бойцы невидимого фронта — машем им вслед платочками. Мы помогли друг другу вырасти.

***

Бала үйде қалғанда

Бірде балалы әріптестеріміз қашықтан оқу туралы естеліктерін бөлісе бастады. Қазір үйден оқу десе ешкім таңданбайды; бірақ білім министрінің 2020 ж. шешімі пандемиядан зәрезап болған халықты одан сайын үрейлендіргені бар.

Ал біз болсақ оған ертерек қамданып қойған едік. Сол күндері бізге білім беру платформасының иелері келіп, тез арада инфрақұрылымын бұлтқа байлау міндетін қойды да, оқушылар онлайнға ағылатынын ескертті.

Ненің қалай болғанын тәптіштемей-ақ қояйық, дегенмен клиентіміздің жүйесіне түскен жүктеме 40 есе артқанда, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бұлтты платформаны енді көтеріп жатқан командамызға оңай тимеді. Мұның логистикалық тізбекке де ықпалы орасан еді – сол кезден бастап бұлтымыздың икемділігін арттырып ұстап отырмыз. Қауырт шақтан дін-аман шықтық, шашымыз ғана ағарды.

Еркіндіктен басы айналған түлектер мен көңілі босаған ата-аналарын көріп, біз де – көрінбейтін майдан сарбаздары жастарға ақ жол тілеп отырмыз. Біз бір-бірімізге есеюге көмектестік.
🔥6👍3👏1
Облачные серверы — экономия, гибкость и стабильность для вашего бизнеса!

Разворачивая свой бизнес в онлайн, каждый сталкивается с вопросами организации IT-инфраструктуры. Создание и поддержка собственных серверов сложный и затратный процесс. PS Cloud Services берет на себя эти вопросы, что обеспечивает ряд значительных преимуществ:

— Экономия миллионов на оборудовании: вы платите только за использованные ресурсы, не нужно инвестировать в физическое оборудование.

— Скорость запуска: запуск бизнеса и масштабирование ресурсов происходит по мере вашей необходимости.

— Делегирование профессионалам: оградите себя от решения проблем с охлаждением и электропитанием серверов, резервным копированием данных — мы берем на себя эти задачи.

Использование облачных серверов приносит экономическую выгоду, стабильность и упрощение процессов вашего бизнеса. Сосредоточьтесь на своих задачах, а построение инфраструктуры доверьте нам.

***

Бұлт серверлері — бизнесіңіз үшін үнемді, икемді және тұрақты шешім!

Бизнесін онлайнда түлете бастаған әр адам IT-инфрақұрылымды ұйымдастыру мәселесімен бетпе-бет келеді. Өз серверлерін жасақтап, жұмысын реттеу – қиын әрі шығынды шаруа. PS Cloud Services бұл мәселені өз мойнына алып, біршама тиімді артықшылық ұсынады:

— Жабдық тұрғысынан миллиондаған теңгеңізді үнемдейді: сіз тек жұмсаған ресурс ақысын төлейсіз, алып қондырғыға ақша салудың қажеті жоқ.

— Іске лезде қосылу: бизнесіңіз бірден іске қосылады, ал ресурстарды қажетіңізше кейін масштабтай бере аласыз.

— Кәсіби мамандарға жүгіну: серверлерді желдетіп, қуатын қадағалау және деректерді сақтық көшіру машақатын бізге тапсырыңыз.

Бұлт серверлерін қолдану бизнесіңізге экономикалық пайда, тұрақтылық береді және процестерді оңтайландырады. Өзіңіз негізгі міндеттеріңізге ден қойып, инфрақұрылымды құруды бізге сеніп тапсыра аласыз.
👍4🔥2
Забудьте о сложностях смены провайдера. Наша команда обеспечит быстрый и плавный перенос вашего сайта на наш хостинг, минимизируя любые неудобства для ваших клиентов.

Все, что вам нужно — это выбрать подходящий тариф и предоставить нам информацию для переноса: логин и пароль от вашего текущего хостинга, прочие параметры доступа и, конечно, ваши пожелания. Отправьте эту информацию на support@ps.kz, и мы приступим к работе.

Мы специализируемся на переносе файловой структуры, баз данных и специальных настроек доменной зоны. В 90% случаев процесс идет гладко и без проблем. Если вдруг ваш сайт попадает в те редкие 10%, мы лично свяжемся с вами, чтобы обсудить возможные варианты решения.

У нас действует специальное предложение: мы предоставляем бесплатный перенос до 3 сайтов и до 10 почтовых аккаунтов (без сохранения корреспонденции). Если объем данных больше, сроки и стоимость переноса будут установлены нашей службой поддержки в зависимости от сложности задачи и текущей загрузки.

***

Сайтыңызды тегін көшіру

Провайдер ауыстыру машақатын ұмытыңыз. Командамыз клиенттеріңіз үшін еш ыңғайсыздық туғызбай, сайтыңызды біздің хостингке тез әрі тиімді көшіріп бере алады.

Сізге керегі — ыңғайлы тариф таңдап алып, тасымалданатын сайт туралы ақпаратты, яғни ескі хостингтегі логин мен құпиясөзді, басқа да рұқсат параметрлерін беру және тілектеріңізді қалдыру. Бұл мәліметті support@ps.kz емейлына жіберсеңіз жеткілікті – қалғаны біздің мойнымызда.

Компаниямыз файл құрылымын, дерек базаларын және домендік аймақтың арнайы параметрлерін көшіруге маманданған. Процесс 90% жағдайда еш қиындықсыз жүреді. Дегенмен сіздің жағдай сирек 10%-ға кіретін болса, біз дереу өзіңізге хабарласып, дұрыс шешімін ұсынамыз.

Тап қазір сізге тиімді ұсынысымыз бар: 3 сайтыңыз бен 10 пошта аккаунтыңызды (алмасқан хаттар сақталмайды) тегін көшіре аласыз. Деректердің көлемі тым үлкен болса, көшірудің мерзімі мен ақысын қолдау қызметіміз міндеттің қиындығы мен жүктеменің тығыздығына қарай анықтап береді.
🔥3👍2👌2
Друзья, вы когда-нибудь задумывались, как бы выглядела Черная пятница в мире, где супермаркет оснащен облачными технологиями?

Представьте себе сам супермаркет — это облачная платформа. Во время распродаж пространство супермаркета расширяется, чтобы вместить всех желающих, и никто не толкался в тесных проходах.

Коридоры, которые вы используете для передвижения между полками — это наша сетевая инфраструктура. Она эффективно перенаправляет потоки покупателей, избегая скоплений и перегруженности.

Товары на полках появляются со склада — облачных баз данных. Склад не иссякает, потому что загружен огромным количеством товаров. Полки пополняются автоматически и безошибочно точно.

Облачные вычисления заменяют здесь обычных работников магазина. В любой момент они готовы моментально обработать ваш заказ, не важно, сколько ещё покупателей обращается к ним одновременно.

Балансировщики нагрузки, как умные кассы, равномерно обслуживают покупателей. Как бы много ни было людей, ни один из них не столкнется с задержками или сложностями при оплате.

Иными словами, если бы все наши супермаркеты работали на облачной архитектуре, наступление Черной пятницы выглядело бы намного ярче.
👍6
С каждым годом цифровизация в логистике растет на 20%. Требования к устойчивости онлайн-систем повышаются в разы. И вот ситуация, которой поделился наш клиент.
Для поддержки всегда было достаточно одного сисадмина. Бизнес шел полным ходом, количество операций росло, следить за всей IT-инфраструктурой не всегда получалось.

Пока вирус-шифровальщик не уничтожил серверы с базой 1С и бэкапами. Худший кошмар любого владельца бизнеса.

«А как надо было?» — спрашивает клиент.

Во-первых, обновлять ОС. Обновление — это повышение безопасности.
Затем, настраивать удаленный доступ только через VPN.
Бэкапы следует держать в защищенном S3-хранилище облачного провайдера, а не на соседнем сервере.

Главное: не нужно опасаться делегировать администрирование на аутсорс.
Это не лишит штатных сисадминов работы. Просто система будет более устойчива и весь бизнес выйдет на качественно новый уровень.
А по вопросам кибербезопасности — заранее обращаться к профильным специалистам, в наш Security Operation Center.

***

ДҰРЫСЫ ҚАЛАЙ?

Айталық, сіз — логистика алпауытысыз.
Бірақ сізде жалғыз жүйе админі бар, оның өзі жақында ғана келген. Бизнес көркейіп келеді, ал IT-инфрақұрылымды жүргізуге қол тимейді.
Кенет шифрлаушы вирус жұғып, 1С базасымен қоса, серверді жойып жібереді.
Бэкаптарды көтермек болғанда оған да вирус жұғып, бәрі біржола құриды.
Бизнесмен үшін мұндайды елестетудің өзі сұмдық.
Не істемек керек?

Біріншіден, ОЖ-ні үнемі жаңартып отырыңыз. Жаңарту жаңа фичалардың қосылуы ғана емес – қауіпсіздікті күшейту.
Екіншіден, қашықтан VPN-сыз қосылып жүрсіз бе? Бұл – үйден шығып, есіктің түбіне кілтті қойып кету деген сөз. Бэкаптың өзін көрші серверде емес, бұлтты провайдердің қорғаулы S3-қоймасында сақтау керек.

Бастысы – жүйе басқаруды аутсорсқа тапсырудан қорықпаңыз.
Штаттағы админдер жұмыссыз қалмайды. Есесіне өнімділігі артып, тұтас бизнестің сапасы жақсара түседі.
Ал киберқауіпсіздікке қатер төнгенде арнайы мамандарға жүгінген абзал.
Мысалы онымен біздің Security Operation Center айналысады.
🔥4👍2
Случаются ситуации, когда отчетный период по налогам накладывается на выпуск обновления 1С. Неактуальная версия электронной бухгалтерии может нарушить всю цепочку взаимодействия компании с органами нашего оцифрованного государства. Бухгалтеры оказываются зависимы одновременно от сроков отчетности, законотворчества в бухучете и IT-специалистов.

Последние умеют этим пользоваться. За обновление 1С они берут приличные деньги.

Мы в облаке обновляем 1С бесплатно, потому что нам не сложно. Этот процесс у нас поставлен на поток, наша инфраструктура позволяет одновременно версионировать сотни баз данных. В течение часа вся ваша бухгалтерия вне зависимости от версии будет соответствовать норме.

Кроме того, в облаке чувствительные 1С-базы надежно защищены. Требования к хранению информации и возможности для реализации этого у облачного провайдера значительно выше, чем у организаций с менее развитой IT-инфраструктурой.

Переходите на нашу облачную 1С-бухгалтерию — и вы сможете встретить любой аврал в полной готовности.

***

Бұлтты бухгалтерияның кереметтерi

Кейде салық есептерін беру кезеңі 1С жаңартуы шығатын кезбен тұспа-тұс келіп жатады. Электронды бухгалтерияның ескірген нұсқасы диджиталданған үкімет органдарымен терең байланысқан компания жұмысының астаң-кестеңін шығаруы мүмкін. Осы сәтте бухгалтерлер есеп мерзіміне, бухесеп заңнамасына және IT-мандарға тәуелді.

Соңғылары мұны өз пайдасына асыра алады. 1С жаңартқаны үшін оларға қомақты ақша төлеу керек.

Біз бұлттағы 1С-ті тегін жаңартамыз, өйткені оның түк қиыны жоқ. Бұл процесс әбден жолға қойылған әрі инфрақұрылымымыз көп дерек базаларына бір мезетте жаңа нұсқа жасауға қабілетті. Бухгалтерияңыз қаншалықты ескі екеніне қарамастан, 1 сағат ішінде түгел жаңартылады.

Оның үстіне құпия 1С-базалар бұлтта аса қорғаулы. Бұлт провайдеріне қойылатын ақпаратты қорғау талаптары және оны жүзеге асыру мүмкіндіктері қатардағы IT компаниясына қарағанда әлдеқайда жоғары.

Біздің 1С-бухгалтерияға өтсеңіз кез келген шиеленістен сүрінбей шыға аласыз.
🔥4👍1
Как найти вас в интернете? Или через поиск, где идет борьба за место в топе, или напрямую, по адресу сайта. В адресе помимо имени важно выбрать доменную зону. Кроме национальных доменных зон (.KZ) существуют еще сотни тематических (.ECO), отраслевых (.DEV) и просто забавных (.LOL).

Вот мы — PS.KZ. Нам оптимально находиться в национальной зоне. Среди тематических зон нам подходят CLOUD и HOSTING, притом стоимость второй очень высока.

Ценообразование зон — явление непредсказуемое. Например, фотограф может с равным успехом зарегистрироваться на PICS, PICTURES, PHOTOS, PHOTOGRAPHY, PHOTO при разбросе цен в 20 раз.

DATING вдвое дороже WEDDING, BLACK втрое ценнее RED, PINK и BLUE. MEN стоит дешево, а зоны WOMEN нет вовсе, что несправедливо. В зоне DOG можно зарегистрировать зоомагазин, а в CAT — только сайты на каталонском языке. Разобраться непросто, но у нас найдется доменная зона на любой запрос.

А кто вы — VIP за 60к или SEXY на 8 миллионов — решать вам.

***

SEXY, VODKA & HIPHOP: қай доменді таңдайсыз?

Сізді интернеттен табудың 2 амалы бар: іздеу арқылы – үнемі топ сайттар қатарында болу үшін күресуге тура келеді, тікелей – есте қалатын сайт адресі арқылы. Адрестен бөлек домендік аймақ таңдау да маңызды. Ұлттық домендік аймақтан (.KZ) бөлек тақырыптық (.ECO), салалық (.DEV) және қызық (.LOL) аймақтар толып жатыр.

Мысалы PS.KZ үшін ұлттық аймақта болу тиімді. Бізге CLOUD пен HOSTING жарасар еді, екіншісінің бағасы арзан емес негізі.

Аймақтардың бағасын болжау қиын. Айталық, фотограф сайтын PICS, PICTURES, PHOTOS, PHOTOGRAPHY, PHOTO аймақтарында орналастыра алады, ал олардың бағасы өзара 20 есеге дейін өзгере береді.

DATING аймағы WEDDING-тен 2 есе, BLACK – RED/PINK/BLUE-ден 3 есе қымбат, MEN арзан, ал WOMEN деген аймақ әлі жоқ – әділетсіздік! DOG аймағында зоодүкен жариялай аласыз, ал CAT аймағында тек каталон тіліндегі сайт орналастыруға болады. Қиын сияқты, бірақ біз сізге жарасатынын таңдай аламыз.

60 мыңның VIP аймағын аласыз ба, 8 миллионға SEXY жақсырақ па?
🔥6👍1🤨1