Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақ-қытай қарым-қатынасы жайлы баяндайды
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Jibek Joly ресми сайтынан және Youtube арнасынан, сондай-ақ Президент Телерадиокешенінің Youtube, Instagram және Facebook желісіндегі парақшасынан тікелей эфирде көріңіздер.
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ТРК Президента
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Санаулы сәттерден кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
@ptrkkz
@ptrkkz
Мемлекет басшысы ЖИ саласына тоқталды.
⚡️Президент: «Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы керек»
– Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Басқа жол жоқ. Себебі, бұл – еліміздің болашағы, халқымыздың тағдыры.
– Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр.
– Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек
– Ең алдымен, Цифрлық кодексті тезірек қабылдаған жөн.
Бұл заңда цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс.
– Құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек.
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Инвестиция тарту туралы:
– Қазір дүние жүзінде инвестицияға талас күшейіп барады. Жаңа инвестициялық кезеңді бастауымыз қажет. Қазіргі инвестиция тарту саясаты мардымды деп айта алмаймын.
– Үкімет инвестиция саясатына басқаша көзқараспен қарауы керек.
– Еліміздегі инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі күрделі әрі бытыраңқы. Қағазбастылық көп, түрлі органдардың құзыреттері қайталанады.
– Инвестиция тарту бойынша барлық үйлестіру жұмысы тікелей Премьер-министрге жүктеледі. Жаңа министрлік құрудың қажеті жоқ.
– Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын мейлінше қысқа мерзім ішінде әзірлеуді тапсырамын.
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек», - деді Президент Қазақстан халқына Жолдауында.
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар тапсырма берді:
– Алдағы бес жылда қуаты 6,3 гигаватт болатын «жасыл» энергия нысандарын іске қосу жоспарланған. Бұл қадам еліміздегі жасыл энергияның үлесін едәуір арттырады.
– Екінші, тіпті үшінші атом электр станциясының құрылысын қазірден бастап жоспарлай беруіміз керек.
– Елдегі азық-түлік нарығының импортқа тәуелділігін барынша азайту – Үкіметтің стратегиялық міндеті. Әрине, өзімізді өзіміз жүз пайыз қамтамасыз етуіміз мүмкін емес, бәлкім, оның қажеті де жоқ шығар. Бірақ, нарықтағы қазіргі жағдайды айтудың өзі ұят.
– 2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 миллион гектардан астам жер қайтарылды. Бірақ, әкімдіктер соның 6 миллион гектарын ғана жаңа жер игерушілерге бөліп берген. Иесін тапқан жер өндірістің ошағына, инвестиция көзіне, қайнаған еңбектің ортасына айналуы қажет.
– Әкімдіктер қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуі керек. Бұл шара арқылы жайылым тапшылығы мәселесі де шешілуге тиіс.
– Жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта, электронды конкурстар арқылы қабылдануға тиіс. Үкімет жыл соңына дейін заңнамаға тиісті өзгертулер ұсынуы қажет.
– Жасанды интеллектіні қолданып, ауыл шаруашылығы жерлеріне спутникпен мониторинг жасаудың тиімділігін арттыру керек.
– Жаңа Салық кодексі қазіргі нормалар мен рәсімдерді өзгертумен шектелмеуі керек. Бұл құжат салық төлеушілердің ашықтық пен адалдыққа негізделген жаңа таным-түсінігі мен болмысын қалыптастыруға тиіс.
– Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуға тиіс.
– Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет.
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қ. Тоқаев: КСРО-ның ыдырағанына 35 жыл болса да, ардагерлеріміз барған сайын «жасарып», көбейіп барады
– Мемлекет өзінің негізгі міндеттерін орындаудан бас тартпайды. Бірақ әлеуметтік жеңілдіктерді қолдан көбейту – елді дамытуға, яғни мектеп, аурухана, көлік инфрақұрылымдарын және басқа да нысандар салуға жұмсалуы қажет қыруар қаражатты желге шашу деген сөз.
– Кезінде біздегі «әлеуметтік саланың жанашырлары» толық емес отбасы деген жеңілдікке мұқтаж адамдар санатын ойлап тапқан еді. Соның салдарынан, ажырасқан отбасылар саны күрт өсіп, біз бір кезде бұл көрсеткіш бойынша әлемде «көш бастаған» елдердің қатарына қосылдық.
– Әлеуметтік салада оңтайлы шешім қабылдаудың орнына, Үкімет кемінде 15 жыл бойы әлеуметтік масылдық пен әлеуметтік алаяқтыққа жол беріп келді.
– Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің базасында ауқымды деректер мен жасанды интеллект технологиялары енгізілген Демографиялық үдерістерді талдау және болжау орталығын құру керек.
– Үкімет Ұлттық банкпен, сондай-ақ Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесе отырып зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту, зейнетақы төлемдерінің ұзақ уақыт бойы теңгерімді және лайықты деңгейде болуын қамтамасыз ету шараларын ойластыруы керек.
– Түпкі мақсат – халықтың мойнындағы қарызын азайту ғана емес, азаматтардың табысы тұрақты болуын қамтамасыз ету.
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Глава государства:
«Правительство и Национальный банк должны действовать как одна команда, перед которой стоит задача общегосударственного характера. Сейчас не время заниматься перетягиванием каната»
@ptrkkz
«Правительство и Национальный банк должны действовать как одна команда, перед которой стоит задача общегосударственного характера. Сейчас не время заниматься перетягиванием каната»
@ptrkkz
⚡️2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болар еді. Содан соң Конституцияға тиісті өзгеріс енгізе аламыз – Президент
– Бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді.
– Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын
– Түптеп келгенде, саяси реформалардың бәрі еліміздің біртұтас институционалды жүйесінің ажырамас бөлігіне айналады.
– Мен еліміздің және халқымыздың тағдырына қатысты қандай да бір мәселеге келгенде тек қана ашық саясат жүргізу керек деп санаймын, мұндай ауқымды реформаны қоғамнан құпия ұстауға болмайды деп есептеймін.
– Осындай тағдырлы мәселелер бойынша халықпен ашық сұхбат жүргізу қажет деп сенемін.
@ptrkkz
– Бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді.
– Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын
– Түптеп келгенде, саяси реформалардың бәрі еліміздің біртұтас институционалды жүйесінің ажырамас бөлігіне айналады.
– Мен еліміздің және халқымыздың тағдырына қатысты қандай да бір мәселеге келгенде тек қана ашық саясат жүргізу керек деп санаймын, мұндай ауқымды реформаны қоғамнан құпия ұстауға болмайды деп есептеймін.
– Осындай тағдырлы мәселелер бойынша халықпен ашық сұхбат жүргізу қажет деп сенемін.
@ptrkkz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Қазіргі қиын жағдайда инвестиция тарту – жаңа тәсілдерді талап ететін бірінші кезектегі міндет»
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында сөйлеген сөзінен
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Стратегиялық криптовалюта резерві және жаңа цифрлық қаржы жүйесінің ең перспективалы активтерін жинақтайтын цифрлық активтерге арналған мемлекеттік қор құрылуы керек»
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында сөйлеген сөзінен
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мемлекет басшысы: «Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын. Содан кейін, яғни, 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болар еді. Содан соң Конституцияға тиісті өзгеріс енгізе аламыз»
@ptrkkz
@ptrkkz
«Наше подрастающее поколение должно жить в счастье и благополучии. Для этого мы как единая нация обязаны усердно трудиться. Это наше общее дело, гражданский и патриотический долг»
Из послания Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌾Президент: «Следует активно продвигать традиционную национальную продукцию на зарубежные рынки»
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM