ТРК Президента
✔
29K subscribers
7.36K photos
5.23K videos
995 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇩Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекедиді Ақордада қарсы алу рәсімі

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇩Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасының президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

▫️Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің елімізге алғашқы сапарын тарихи сәт ретінде атап өтіп, оның Астанаға үлкен делегациямен келуін қазақ халқына көрсеткен зор құрмет деп бағалады.

▫️Президент серіктестіктің қарқынын өз деңгейінде сақтау үшін екі елдің сыртқы саясат ведомстволары арасындағы тұрақты әрі іскерлік байланысты жандандыруға шақырды.

▫️Әлемдегі кобальт өндірісінің 76 пайызы, мыстың 14 пайызы, қалайының 8,3 пайызы, танталдың 42 пайызы, колтанның 40 пайызы Конго Демократиялық Республикасына тиесілі.

▫️Президент Конго басшылығының қолдауымен қазақстандық ERG компаниясы аталған елде табысты жұмыс істеп жатқанын айтты.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖Қасым-Жомарт Тоқаев Феликс Чисекедиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

– Бұл – қазақ елінің Сізге деген ерекше құрметі және шынайы ризашылығы, халқыңызға көрсеткен ыстық ықыласы. Сіз Африка елдерінің жоғары басшылары арасындағы осындай құрметті марапат алған тұңғыш саясаткер болдыңыз, – деді Президент.


@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇩Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди келіссөз жүргізді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇩Мемлекет басшысы: «Бүгінгі келіссөздер Астана мен Киншаса арасындағы байланысты жаңа белеске көтереді, тиімді әріптестік орнатуға мүмкіндік береді»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ℹ️Биыл «Kazinform» Халықаралық ақпарат агенттігіне 105 жыл толды

🐆 ҚР Президенті Телерадиокешені мерейтойға байланысты салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

🔷Салтанатты жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғылыми және сараптамалық қауымдастық, медиа саласының өкілдері және «Kazinform» агенттігінің шетелдік серіктестері қатысты.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛣️Мемлекет басшысы:

«Қазір елімізде 13 мың шақырым автокөлік жолдары салынып, жөнделіп жатыр. Жол салған кезде транзиттік дәліздердің мән-маңызына баса көңіл аударған жөн. «Сексеуіл-Бейнеу» жолының құрылысын тездету керек. Осы жолдың арқасында Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдау мерзімінің үштен бірі қысқарады»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында сөйлеген сөзінен

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📰Jibek Joly/Silk Way арнасындағы жаңа премьералар: құрлықтарды тоғыстырған жобалар

Шекарасыз музыка, қарызсыз тойлар, өмірді өзгертетін әйелдер және нағыз еңбек ерлері – осының бәрі жаңа телемаусымда.

📎Басты премьера – Silk Way Star жобасы: 12 ел, ондаған тілде шырқалатын әндер және біздің жұлдызымыз – Alem.

Сондай-ақ эфирде:

🔧«Ең мықты» – жұмысшы мамандықтар жылы аясында түсірілген реалити-шоу.
💁🏻‍♀️«Кеш емес» – сан түрлі тағдырды бастан кешірген нәзік жандылар жайлы бағдарлама.
💼«Life of a diplomat» жобасында халықаралық аудитория алғаш рет қазақстандық дипломатиялық қызметтің қыр-сырымен танысады.
🧠Өзекті жаңалықтар, терең зерттеулер және жаһандық тақырыптар – ешбір боямасыз.

📺Жаңа маусымдағы Jibek Joly/Silk Way – бұл әлемді шынайы сезінетін, шын сөйлейтін және баршаны біріктіретін телеарна.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумына қатысушылармен кездесті

▫️Басқосуға Венеция комиссиясының президенті Клэр Бази Малори, БАӘ Жоғарғы федералдық сотының төрағасы Мұхаммед Хамад Мұхаммед әл Бади әл Захри, Африка конституциялық юрисдикция органдары конференциясының төрағасы Люк Малаба, Моңғолия Конституциялық сотының төрағасы Байасгалан Гунгаа қатысты.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚛ Мемлекет басшысы: «Жалпыұлттық референдум өткізу туралы ұсыныс бұл тұжырымдаманың өміршеңдігін көрсетеді»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📜📜📜📜📜📜📜📜

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты тақырыпқа арқау болды.
 
🎞️«Жолдау. 2025 жыл» деректі фильмінде Жолдауда қамтылған аса маңызды мәселелер, ол туралы саясаткерлердің, ІТ мамандарының, ғалымдар мен кәсіпкерлердің салмақты пікірлері қамтылады.

📺Бүгін 16:30-да Jibek Joly телеарнасынан тамашалаңыз.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🐎«Барьер. История Нурилы» – откровенный рассказ о пути молодой казахстанской спортсменки Нурилы Турисбековой, мастера спорта международного класса по конкуру.

🎞️С детства, тайком от родителей, она выбрала непростой путь, где каждое падение и каждая победа стали уроками стойкости. Нурила показывает: барьеры есть не только на арене, но и внутри человека. Преодолевая их, она идёт к своей мечте – олимпийской медали и славе Казахстана.

🐆Документальный фильм Телерадиокомплекса Президента РК – история о силе характера, верности мечте и особой связи человека и лошади.

▶️Смотрите премьеру завтра на YouTube-канале TRK PRESIDENT.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Президент Отбасы күнімен құттықтады

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – ұлтымызды мейірім мен қамқорлық, өзара қолдау мен азаматтық жауапкершілік сияқты мызғымас құндылықтар аясында ұйыстыратын тамаша мереке.

Отбасы – халқымыз үшін қасиетті ұғым. Әр адам, ең алдымен, өзінің қастерлі шаңырағында тұлға ретінде қалыптасады, үлгі-өнеге алып, нағыз азаматқа тән игі қасиеттерді бойына сіңіреді. Отбасында көрген тәлім-тәрбиенің арқасында елімізде отаншыл, еңбекқор, білімді және мәдениетті ұрпақ өсіп шығады.

Сондықтан біз бәріміз бір ел болып халқымыздың салт-дәстүрі мен қазіргі замандағы озық көзқарасы үйлесім тапқан отбасы құндылықтарын сақтап, оны нығайтып, жан-жақты насихаттауымыз керек.

Жарық өмір сыйлаған ата-аналарымызға зор құрметпен қарау – қастерлі парыз. Әсіресе, аялы алақанымен, ақыл-парасатымен әрбір үйді шуаққа бөлейтін аналардың орны ерекше. «Ана – Жер-Ана» – адамзат өркениетінің өзегі.

Біз асқар тау әкелеріміздің табанды еңбегі мен ерен ерлігіне бас иіп, қадір тұтуымыз керек.

Әр шаңырақта ырыс-ынтымақ болса, еліміз де қарқынды дамиды. Бұл – Әділетті және Қуатты Қазақстан құрудың аса маңызды шарты. Сондықтан мемлекет отбасы құндылықтарын кеңінен дәріптеп, ана мен бала құқығын қорғауға айрықша мән береді.

Әр шаңырақ бақ-берекеге толсын!

Барша отандастарымызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏅Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырханды бокстан Әлем чемпионы атануымен, сондай-ақ Назым Қызайбайды күміс жүлде, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпованы қола жүлде иеленуімен құттықтады.

Мемлекет басшысы спортшыларымыздың алдағы финалдық жекпе-жектеріне сәттілік тіледі.

@ptrkkz
ТРК Президента
🏅Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырханды бокстан Әлем чемпионы атануымен, сондай-ақ Назым Қызайбайды күміс жүлде, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпованы қола жүлде иеленуімен құттықтады. Мемлекет…
🏅Мемлекет басшысы бокстан Әлем чемпионатында топ жарған боксшыларды құттықтады

«Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды.

Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті.

Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет.

Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!» – деп жазды Президент Instagram парақшасында.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌿Өндірісімен танымал Ақсу қаласы жасыл саябақтары және экоакцияларымен көз қуантады

Алайда шашылған қоқыс пен қолайсыз иіс ойландырады. Жарты ғасыр бұрын салынған кәріз жүйесі қашан жаңармақ?

🔷Тұрғындар аулаларын гүлмен көмкерсе де, қала сыртындағы полигонның жайы мазалайды.

Жауаптарды бірге «Таза қала» бағдарламасында іздейміз.

📰📺17 қыркүйек 19:30-да Jibek Joly телеарнасында көріңіз!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏛🏛🏛🏛 Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

🔷Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарға арналған цифрлық ортаны қорғау мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында киберқауіпсіздік индустриясын дамыту, кадр даярлау жүйесін жетілдіру және өзге де маңызды мәселелер талқыланды.

⚠ Президент Қазақстанды толық цифрлық мемлекетке айналдыру міндетіне тоқталып, азаматтардың жеке деректерін қорғау мен киберқылмыспен күресті күшейтуді тапсырды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏛🏛🏛🏛 Президент Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны қабылдады

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исамен кездесті.

🔹Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ішкі және сыртқы саясатта дінаралық, сондай-ақ мәдениетаралық келісімді сақтауға ерекше мән беретінін айтты.

🎖️Әлемдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға және ислам өркениетін кеңінен танытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаға ризашылығын білдіріп, I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM