ТРК Президента
✔
27.9K subscribers
7.16K photos
5.15K videos
984 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
☑ Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумда қандай мәселелер көтерді?

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇯🇵 18-20 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барады

Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.

@ptrkkz
🇰🇿Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Құрметті отандастар!


Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша. Осы күні халқымыз Қазақстанды егемен ел ретінде дамыту жолында ерікті әрі түпкілікті таңдау жасады.

Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз.

Азаматтарымыздың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Қазір бүкіл әлем жылдам өзгеріп жатыр. Түрлі сынақтармен қатар, тың мүмкіндіктерге толы жаңа тарихи дәуір басталды.

Мұндай жағдайда біз жас және озық ойлы ұлт ретінде болашаққа зор үмітпен және нық сеніммен қарап, берекелі бірлігімізді сақтауымыз керек. Еліміздің жаһандық деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілетін арттырып, Қазақстанды көркейген мемлекет ретінде дамыту үшін аянбай еңбек етуіміз қажет.

Қазір жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың нәтижесінде зор табысқа жетеміз деп сенемін. Жан-жақты жаңғыруға бағытталған стратегиялық бағдарымыздан ауытқымай, Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз.

Баршаңызға мол бақыт, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇯🇵Токио Қазақстан Президентін қарсы алуға дайын

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

▫️Тұрақты қуат көзі болмаса, қуатты мемлекет құру мүмкін емес. Энергетика саласында қызмет ету – еліміздің дамуына үлес қосу деген сөз

▫️Маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін энергетика саласын түбегейлі жаңғыртуымыз керек

▫️Cоңғы алты жылда электр энергиясын өндіру 16 миллиард киловатт-сағатқа артты. Қазіргі кезде Қазақстанның электр энергетикасы жүйесіне жалпы қуаты 25 гигаваттан асатын 237 электр станциясы кіреді

▫️2030 жылға дейін кемінде 200 нысанға реконструкция жасалады, 86 мың шақырым желі жаңарады

▫️Биыл батыс аймақтардың электр желісін күшейтетін бірегей жоба аяқталады. Бұл жоба Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының энергетикалық тораптарын біріктіреді

▫️Екібастұздағы екінші ГРЭС-те жаңа энергоблоктар салынады. Сондай-ақ үшінші ГРЭС-тің құрылысы басталмақ. Бұл нысандар еліміздегі энергетика жетіспеушілігін жоюға тиіс

▫️2026 жылы Алматыдағы электр станцияларын жаңғырту – Үкімет пен әкімдік алдында тұрған маңызды мақсат. Келесі жылы Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ қондырғысы бар электр станцияларын толық іске қосу керек

▫️Біз 2035 жылға дейін 26 гигаваттан астам қуат көзін өндіретін нысандарды іске қосуды жоспарлап отырмыз

▫️Қазақстан – көмірге бай ел. Жыл сайын 110 миллион тоннадан астам көмір өндіріледі. Осы стратегиялық артықшылықты дұрыс пайдаланған жөн. Біз заманауи үлгідегі «таза көмір» технологиясына тезірек көшуіміз керек

▫️Қазақстанның энергетикалық картасында атом станциясының пайда болуы ел экономикасының жаңа әрі сапалы деңгейге көшкенін білдіреді

▫️Мемлекет энергетика мамандарының жаңа буынын даярлап, осы саланың әлеуетін арттыра береді

▫️Ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Халқымыз «Үнемшілдік – ырыстың кілті» деп бекер айтпаған. Біз осы қасиетті ұлттық дағдымыз етіп, қоғамда мүлдем жаңа мәдениет қалыптастыруымыз керек.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖️Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады

@ptrkkz
📸 Президент энергетика саласының қызметкерлерімен суретке түсті

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬💬 Президент салада таяу жылдары атқарылатын нақты жұмыс бағыттарын атап өтті

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬💬Мемлекет басшысы: «Соңғы 5 жылда осы салаға 2,5 миллиард долларға жуық инвестиция салынды»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚛ Президент: «Благодаря усилиям государства существенно повышена устойчивость энергообъектов и инженерно-коммунальных сетей»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚛ Президент Үкіметтің «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жөніндегі ұлттық жобаның басталғанын еске салды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚠ Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан – көмірге бай ел. Осы стратегиялық артықшылықты дұрыс пайдаланған жөн.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM