ТРК Президента
✔
27.9K subscribers
7.16K photos
5.15K videos
984 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
☑ Президент Tanym көпфункционалды кешенін аралап көрді

▫️Мемлекет басшысы оқу сыныптарын, хореографиялық залды, коворкинг-орталықты, жасанды интеллектінің инновациялық жүйесі енгізілген жүзу бассейнін, кеме модельдеу шеберханасын, театр өнері студиясы мен спорт залды аралады.

▫️Бұл орталық балалар мен жастардың талантын шыңдауға, көшбасшылық қабілетін, ғылыми ойлау жүйесі мен шығармашылық әлеуетін жетілдіруге мүмкіндік береді. Қазір кешенде 100-ден астам жоғары білікті педагог жұмыс істейді.

▫️Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтың ұстаздарымен және оқушыларымен әңгімелесіп, балалар мен жастар шығармашылығын дамытудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар ұжым жұмысына табыс тіледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏨 Мемлекет басшысы New Generation School Astana ғимаратына барды

▫️1320 оқушыға есептелген мектеп жаратылыстану-математика және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарында білім береді. Әсіресе, математика мен ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.

▫️Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп құрылысының бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары аясында бой көтергені жөнінде баяндалды. Қаржының 40 пайызын «Даму» қоры кредит ретінде бөлген. Президент оқу кабинеттерін, кітапхананы, спорт залын аралап көрді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚛ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елордамыз басқа аймақтарға барлық жағынан үлгі болуы керек»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Қасым-Жомарт Тоқаев Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді

▫️Бұл еліміздегі мүгедектігі бар адамдарға арналған спорттық, медициналық, оңалту және білім беру инфрақұрылымын біріктірген алғашқы кешен.

▫️Астанада мүмкіндігі шектеулі 42 мыңға жуық азамат тұрады. Олардың басым көпшілігі – балалар, жастар мен еңбекке қабілетті жастағы адамдар.

▫️Мекемеде көп функционалды спорт залы, реабилитация блогы, 15 медициналық кабинет, конференц-зал, сондай-ақ алты бөлмелі қонақ үй секторы қарастырылған. Мұнда оқу-жаттығу жиыны, жарыстар мен білім беру бағдарламалары кезінде параспортшылар жайғасады. Орталықта спорттың 12 бейімделген түрінен жаттығу жүргізіледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬💬 Мемлекет басшысы инвестиция, құрылыс, шағын және орта бизнес саласындағы көрсеткіштер бойынша Астана алдыңғы орында тұрғанын айтты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚠ Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге жауапкершілікпен жұмыс істеу керектігін қатаң ескертті

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏗️ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Астанада 75 мектеп салынды. Қазір қалада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ»

@ptrkkz
☑ Президент Астананы абаттандыру ісіндегі оң өзгерістерге тоқталды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💰Президент биылғы қорытынды бойынша елорданың өңірлік жалпы өнім көлемі 34 миллиард доллар болатынын мәлімдеді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚠ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту қажет»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎬 «ТІРЕК» деректі фильмі көрерменге жол тартты

🎥 ҚР Президентінің Телерадиокешені еңбек адамдарын насихаттау мақсатында «Тірек» атты жаңа деректі фильм әзірледі.

☑ Жаңа туындыны біздің YouTube арнамыздан көріңіздер.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚛ Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

☑ Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көреді, экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады, сондай-ақ облыс жұртшылығымен кездеседі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысты

▫️Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары «Әмір және Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметімен танысудан басталды.

▫️Кәсіпорын медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар өндіреді. Президентке медициналық препараттар мен дайын өнім түрлерін шығаратын негізгі цехтың жұмысы көрсетілді. Кәсіпорынға тиесілі медициналық бұйымдардың 200-ден аса атаулы түрі бар. Бүгінде серіктестікте 94 қызметкер еңбек етеді.

▫️Мемлекет басшысына «Super-pharm» фармацевтикалық компаниясының жұмысы туралы ақпарат берілді. Бұл – елімізде медициналық бұйымдар өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. Зауытта 600-ден аса еңбеккер жұмыс істейді.

▫️Президент отандық фармацевтика индустриясының дамуы импортқа тәуелділікті төмендетіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуда маңызды екенін атап өтті.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Президент «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді

▫️Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысына инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобалары таныстырылды.

▫️Жыл басынан бері өңірге 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған, өсім 33 пайызды құраған. Соңғы екі жылда облыста жалпы құны 242 миллиард теңге болатын 56 инвестициялық жоба іске асырылған.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Президент Dala Glass әйнек өндіретін кәсіпорын қызметімен танысты

▫️Зауыт биыл жазда іске қосылған. Жобаға салынған инвестиция 1 миллиард теңгені құрайды. Жылына 500 мың шаршы метр әйнек шығару жоспарланып отыр. Бүгінде аталған нысанда 50 адам жұмыс істейді.

▫️Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегіне табыс тіледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Мемлекет басшысы: «Күншығыс елінің келісім, ұстамдылық, даналық секілді құндылықтарға құрылған философиясы қазақ халқының дүниетанымына сай келеді»

🇰🇿🇯🇵 Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары мен «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммиті туралы тың туынды көрерменге жол тартады.

📰Бүгін сағат 17:40-та «Қуатты серіктес» деректі фильмін Jibek Joly телеарнасынан тамашалаңыз. Сондай-ақ біздің YouTube арнамыздан көріңіз.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуде сөз сөйледі

▫️Тараз – ұлтымыздың асқақ рухы, бай мәдениеті, елдік мұраты және ерлік дәстүрі тоғысқан қала. Бұл – ежелгі өркениеттің ізі қалған жер

▫️Облыстың экономикасын күшейту керек. Оған қажетті жағдай да, мүмкіндік те бар. Белсенді жұмыс басталды. Жұмыстың қарқынын бәсеңдетуге болмайды

▫️Биыл облысқа 600 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. 63 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 280-нен аса елді мекенге көгілдір отын жеткізілді

▫️Үш жылдың ішінде 13 мыңға жуық оқушыға арналған 37 мектеп салынды. Сондай-ақ 41 денсаулық сақтау нысаны ашылды. Елуден астам спорт және мәдениет орталығы бой көтерді. Басқа да көптеген игі істер жасалып жатыр

▫️Кеше мен Астанадағы Инклюзивті спорт орталығында болдым. Сондай орталықтарды еліміз бойынша басқа аймақтарда салу қажет деп санаймын

▫️Біз – әлеуметтік мемлекетпіз. Сондықтан әлеуметтік міндеттемелерді орындау әрдайым еліміздің айрықша назарында тұратын мәселе

▫️Тек биылдың өзінде халықаралық кездесулердің нәтижесінде жалпы құны 70 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Соның арқасында елімізде заманауи кәсіпорындар ашылып, сапалы жұмыс орындары құрылуда

▫️Қазақстан тауарлары мен отандық бизнеске кез келген шекара ашық. Сондықтан барша шетелдік серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастық құру – заман талабы, тіпті, өмірлік қажеттілік

▫️Жасанды интеллекті мен цифрлық экономика – дамыған елдерге тән басты үрдіс

▫️Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа бардым. Бұл – оңтүстік аймақтарда ашылған осындай алғашқы оқу орны. Мен мектеп-интернатқа осы өлкенің тумасы, әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынамын. Осындай Бауыржан мектептері барлық аймақта ашылуы керек

▫️Мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Тиісті Жарлыққа бүгін қол қойдым, бұл құжат міндетті түрде жарияланады

▫️Жамбыл жұртының ел дамуына қосқан үлесі мол, еңбегі ерен екені белгілі. Әулиеата – нағыз еңбекқор адамдардың мекені.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚛️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағы ресми түрде берілді

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа батыр Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM