ТРК Президента
✔
27.8K subscribers
7.17K photos
5.16K videos
985 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
🇰🇿🇵🇰Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен бірге БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйледі

▫️Пәкістан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы және одан тысқары жерлердегі сенімді әрі маңызды серіктесі

▫️Былтыр екіжақты сауда көрсеткіштері алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе артты

▫️Біз тауар айналымын арттыру үшін нақты шаралар қабылдау жөнінде уағдаластық. Алдағы жылдары оның көлемін 1 миллиард долларға жеткізу туралы өте өршіл мақсат қойдық

▫️Кәсіпкерлеріміздің арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру үшін қолайлы жағдай қалыптастырудың маңызын атап өттік. Әсіресе алыс-берісті кеңейту мақсатында көлік-логистика саласындағы жобаларға басымдық беретін болдық

▫️Мен Пәкістан компанияларын елімізде тауарлар өндіруге бағытталған кәсіпорындар ашуға шақырдым. Қазіргі уақытта олар ауыл шаруашылығы, фармацевтика және құрылыс материалдары өнімдерін өндіруге қызығушылық танытуда

▫️Келіссөз кезінде жасанды интеллектіні және цифрлық технологияны экономикаға жаппай енгізудің стратегиялық маңызы атап өтілді. Осы салада бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенімізді растадық

▫️Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссияларына бірлесіп қатысу жөніндегі Үкіметаралық меморандумға қол қойылды. Бұл құжат халықаралық бітімгершілік қызметі бойынша әріптестігімізді одан әрі кеңейтуге жол ашады

▫️Менің бауырым, қадірлі Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф мырзаның биыл Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуін асыға күтемін.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎓 Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі мәдени орталықтар және Dostyq спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты

📍Исламабадта әл-Фараби, Қаныш Сәтпаев және Қожа Ахмет Ясауи атындағы мәдени-білім беру орталықтарының, сондай-ақ Dostyq спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇵🇰Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысты

Президент атап өткен негізгі көрсеткіштер мен бастамалар

▫️Бүгінгі бизнес форум барысында жалпы сомасы 200 миллион долларға жуық 30-дан аса келісім жасалды

▫️Қазақстанда Пәкістан капиталының үлесі бар 200-ден астам компания құрылыс, ауыл шаруашылығы, тағам өнеркәсібі, индустрия және басқа да көптеген салада жұмыс істейді

▫️Транзит ағынын анағұрлым тиімді үйлестіруді көздейтін Smart Cargo бірыңғай цифрлық басқару платформасын әзірледік

▫️Қазақстандық InDrive платформасы Пәкістанда кеңінен пайдаланылады. Былтырғы көрсеткіш бойынша, қосымша Пәкістандағы такси нарығының 60 пайыздан астамын иеленген

▫️Пәкістандық серіктестерді IT және инвестиция салаларындағы мүмкіндіктерімізді пайдалануға шақырамын.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📑 Қазақстан мен Пәкістан арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойылды

🧷 Мемлекет басшысының айтуынша, бұл құжат өзара байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге және ынтымақтастықты кеңінен дамытуға жол ашады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді

🖊️ Президент Премьер-министр Шахбаз Шарифпен жүргізген келіссөздер нәтижесінде Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынасты жаңа стратегиялық деңгейге көтеру жөніндегі Бірлескен декларацияға қол қойылғанын атап өтті.

✉️ Қасым-Жомарт Тоқаев сапар қорытындысы қос халықтың өркендеуі жолында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы серіктестікке тың серпін беретініне сенім білдірді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖️Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – Nishan-e-Pakistan ордені табысталды

✔️ Награда ел дамуына ерекше үлес қосқан Пәкістан азаматтарына және шетелдік мемлекет, саясат, сондай-ақ қоғам қайраткерлеріне беріледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇵🇰Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф Қазақстанды бауырлас ел ретінде бағалайтынын айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебізін білдірді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇵🇰Бауырлас елдер ретінде Қазақстан мен Пәкістан өзара достық пен сенімге сүйенеді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM