ТРК Президента
✔
27.9K subscribers
7.16K photos
5.15K videos
984 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
📌 Мемлекет басшысының Анталия дипломатиялық форумында көтерген өзекті мәселелері

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
#ТОҚАЕВСӨЗІ

✔️ ҚР Президентінің Телерадиокешені жаңа digital жобаны іске қосады

📝Бастама Мемлекет басшысының «Қанатты сөздер» жинағын кеңінен насихаттау мақсатында цифрлық ортаға бейімдеп, қоғаммен тікелей және ашық диалог орнату құралына айналмақ.

⚡️Біздің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызға жазылып, ең мазмұнды ойлар мен өзекті ақпаратты бірінші болып оқыңыз.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇲🇳Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүхтың Қазақстанға мемлекеттік сапары

✔️ Ақордадағы кездесу рәсімін Silk Way телеарнасының тікелей эфирінде сағат 11:00-де көріңіз!

🔴🟥📹 Сондай-ақ онлайн трансляция Silk Way Qazaqstan YouTube арнасында жүргізіледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇲🇳Ақордада Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️ Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Біз – тарихы ортақ, тамыры бір бауырлас елдерміз, көшпенді халықтардың ұрпағымыз. Қазақ пен моңғол – ғасырлар бойы іргесі бөлінбеген көршілер. Халықтарымыздың өмір салты, әдет-ғұрпы өте ұқсас. Қазір де осы мәңгі құндылықтарды арқау етіп келеміз. Бүгінде ықпалдастығымыз стратегиялық серіктестік рухында дамуда. Мемлекетаралық, парламентаралық және үкіметаралық байланыстарымыз нығаюда. Біз бауырлас елдің барлық жетістігіне қуанамыз, – деді Мемлекет басшысы.


🇲🇳Ухнаагийн Хурэлсух:

– Араға жиырма жыл салып Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніме қуаныштымын. Сіздің осыдан екі жыл бұрын біздің елімізге жасаған мемлекеттік сапарыңыз моңғол-қазақ қарым-қатынастарын стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерді. Бұл уақиға екіжақты байланыстар тарихына алтын әріппен жазылатыны сөзсіз. Бүгін де бірқатар маңызды құжаттар қабылданады, – деді Моңғолия Президенті.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇲🇳Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсухтың келіссөзі ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты

🔹 Бүгін Қазақ-моңғол бизнес-форумы өтеді

🔹 Былтыр Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсіп, 130 миллион доллардан асқан

🔹 Ендігі міндет – өзара тауар айналымын 500 миллион долларға дейін жеткізу

🔹 Астана – Ұлан-Батыр, Өскемен – Өлгей бағыттарындағы әуе рейстерін қайта ашу, екі ел арасында төте автокөлік жолын салу мәселесін пысықтау мақсатында Үкіметаралық жұмыс тобын құрудың маңызына мән берілді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🧷 Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазақ пен моңғол – ғасырлар бойы іргесі бөлінбеген көршілер. Халықтарымыздың өмір салты, әдет-ғұрпы өте ұқсас. Қазір де осы мәңгі құндылықтарды арқау етіп келеміз»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️ Қазақстан мен Моңғолия Президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

🧷 Мемлекет басшысы:

▫️Біз Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесін ашу туралы өзара келісімге келдік

▫️Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық көлемі былтыр 130 миллион доллар болып, 7,7 пайызға өсті. Алдағы бірнеше жылда тауар айналымын 500 миллион долларға жеткізу жөнінде меже қойып отырмыз

▫️Кездесу барысында елдерімізді жалғайтын автокөлік жолын салу жөнінде ортақ келісімге қол жеткіздік

▫️Біз құрметті Президент мырзамен жасалған уағдаластыққа сәйкес алдымен бірлескен Үкіметаралық жұмыс тобын құру туралы шешімге келдік

▫️Көп ұзамай «Астана – Ұлан-Батыр» әуе қатынасы қайта ашылады

▫️Біз осы сапар аясындағы келіссөздер нәтижесінде «Өскемен – Өлгей» бағыты бойынша әуе қатынасын орнату жөнінде нақты келісімге келдік

▫️Біз еліміздің вакциналарын Моңғолияға жеткізу, болашақта бірлескен өндіріс орындарын ашу мүмкіндігін қарастыруға мүдделіміз

▫️Моңғолияның жерді ғарыштан бақылайтын жүйе құру бастамасына қолғабыс етуге дайынбыз

▫️Былтыр Астанада өткен «Silk Way Star» халықаралық вокалдық конкурсында Моңғолияның Мишель атты әншісі бірінші орын алып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді

▫️Биыл Моңғолияда «Study in Kazakhstan» білім жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда

▫️Біз Ұлан-Батыр қаласында Қазақстанның іргелі университетінің филиалын ашуды ұсындық

▫️Халықаралық ұйымдар аясында біз бір-бірімізге үнемі қолдау көрсетіп келеміз. Бұл елдеріміздің стратегиялық серіктестігі және өзара сенімінің нақты көрінісі екені анық.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖️ Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

– Мен Өзіңізді Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл награда – барша қазақ халқының Сізге және бауырлас моңғол жұртына деген ерекше құрметінің белгісі. Қазақстан мен Моңғолияның достығы мәңгі болсын, – деді Мемлекет басшысы.


@ptrkkz