ТРК Президента
✔
27.8K subscribers
7.16K photos
5.16K videos
984 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
#ТОҚАЕВСӨЗІ

✔️ ҚР Президентінің Телерадиокешені жаңа digital жобаны іске қосады

📝Бастама Мемлекет басшысының «Қанатты сөздер» жинағын кеңінен насихаттау мақсатында цифрлық ортаға бейімдеп, қоғаммен тікелей және ашық диалог орнату құралына айналмақ.

⚡️Біздің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызға жазылып, ең мазмұнды ойлар мен өзекті ақпаратты бірінші болып оқыңыз.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇲🇳Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүхтың Қазақстанға мемлекеттік сапары

✔️ Ақордадағы кездесу рәсімін Silk Way телеарнасының тікелей эфирінде сағат 11:00-де көріңіз!

🔴🟥📹 Сондай-ақ онлайн трансляция Silk Way Qazaqstan YouTube арнасында жүргізіледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇲🇳Ақордада Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️ Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Біз – тарихы ортақ, тамыры бір бауырлас елдерміз, көшпенді халықтардың ұрпағымыз. Қазақ пен моңғол – ғасырлар бойы іргесі бөлінбеген көршілер. Халықтарымыздың өмір салты, әдет-ғұрпы өте ұқсас. Қазір де осы мәңгі құндылықтарды арқау етіп келеміз. Бүгінде ықпалдастығымыз стратегиялық серіктестік рухында дамуда. Мемлекетаралық, парламентаралық және үкіметаралық байланыстарымыз нығаюда. Біз бауырлас елдің барлық жетістігіне қуанамыз, – деді Мемлекет басшысы.


🇲🇳Ухнаагийн Хурэлсух:

– Араға жиырма жыл салып Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніме қуаныштымын. Сіздің осыдан екі жыл бұрын біздің елімізге жасаған мемлекеттік сапарыңыз моңғол-қазақ қарым-қатынастарын стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейіне көтерді. Бұл уақиға екіжақты байланыстар тарихына алтын әріппен жазылатыны сөзсіз. Бүгін де бірқатар маңызды құжаттар қабылданады, – деді Моңғолия Президенті.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇲🇳Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсухтың келіссөзі ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғасты

🔹 Бүгін Қазақ-моңғол бизнес-форумы өтеді

🔹 Былтыр Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 7,7 пайызға өсіп, 130 миллион доллардан асқан

🔹 Ендігі міндет – өзара тауар айналымын 500 миллион долларға дейін жеткізу

🔹 Астана – Ұлан-Батыр, Өскемен – Өлгей бағыттарындағы әуе рейстерін қайта ашу, екі ел арасында төте автокөлік жолын салу мәселесін пысықтау мақсатында Үкіметаралық жұмыс тобын құрудың маңызына мән берілді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🧷 Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазақ пен моңғол – ғасырлар бойы іргесі бөлінбеген көршілер. Халықтарымыздың өмір салты, әдет-ғұрпы өте ұқсас. Қазір де осы мәңгі құндылықтарды арқау етіп келеміз»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️ Қазақстан мен Моңғолия Президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

🧷 Мемлекет басшысы:

▫️Біз Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесін ашу туралы өзара келісімге келдік

▫️Қазақстан мен Моңғолия арасындағы сауда-саттық көлемі былтыр 130 миллион доллар болып, 7,7 пайызға өсті. Алдағы бірнеше жылда тауар айналымын 500 миллион долларға жеткізу жөнінде меже қойып отырмыз

▫️Кездесу барысында елдерімізді жалғайтын автокөлік жолын салу жөнінде ортақ келісімге қол жеткіздік

▫️Біз құрметті Президент мырзамен жасалған уағдаластыққа сәйкес алдымен бірлескен Үкіметаралық жұмыс тобын құру туралы шешімге келдік

▫️Көп ұзамай «Астана – Ұлан-Батыр» әуе қатынасы қайта ашылады

▫️Біз осы сапар аясындағы келіссөздер нәтижесінде «Өскемен – Өлгей» бағыты бойынша әуе қатынасын орнату жөнінде нақты келісімге келдік

▫️Біз еліміздің вакциналарын Моңғолияға жеткізу, болашақта бірлескен өндіріс орындарын ашу мүмкіндігін қарастыруға мүдделіміз

▫️Моңғолияның жерді ғарыштан бақылайтын жүйе құру бастамасына қолғабыс етуге дайынбыз

▫️Былтыр Астанада өткен «Silk Way Star» халықаралық вокалдық конкурсында Моңғолияның Мишель атты әншісі бірінші орын алып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді

▫️Биыл Моңғолияда «Study in Kazakhstan» білім жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда

▫️Біз Ұлан-Батыр қаласында Қазақстанның іргелі университетінің филиалын ашуды ұсындық

▫️Халықаралық ұйымдар аясында біз бір-бірімізге үнемі қолдау көрсетіп келеміз. Бұл елдеріміздің стратегиялық серіктестігі және өзара сенімінің нақты көрінісі екені анық.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖️ Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

– Мен Өзіңізді Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл награда – барша қазақ халқының Сізге және бауырлас моңғол жұртына деген ерекше құрметінің белгісі. Қазақстан мен Моңғолияның достығы мәңгі болсын, – деді Мемлекет басшысы.


@ptrkkz
🎓 Біз грант санын көбейтіп, Моңғолияға қажетті мамандар дайындау ісіне атсалысуға әзірміз – Қасым-Жомарт Тоқаев

@ptrkkz
📌 Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазақстан цифрлық даму мәселесіне айрықша назар аударады. Бұл – еліміздің болашағын, жаһандық бәсекедегі орнын айқындайтын стратегиялық сала»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🧷Мемлекет басшысы:

«Қазіргі заманда мал өнімдерінің халықаралық стандарттарға сай әрі қауіпсіз болуы аса маңызды. Қазақстанда мал ауруына қарсы тиімді вакцина өндірісі жолға қойылған»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✈️ Біз Астана мен Ұлан-Батыр арасындағы тікелей әуе қатынасын қайта жандандыруға келістік – Мемлекет басшысы

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎬 «Нағыз дипломатия» деректі фильмінің тұсаукесері

✔️ 2026 жылдың 17 сәуірінде Мемлекет басшысы қатысқан Анталия дипломатиялық форумы жаһан болашағының бағдарын айқындаған маңызды белес болды.

🎥 ҚР Президенті Телерадиокешені әзірлеген жаңа туындыда Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси ұстанымы мен Қазақстанның халықаралық алаңдағы рөлі баяндалады.

🈂️ Деректі фильм 22 сәуір күні, сағат 18:30-да Jibek Joly телеарнасында көрсетіледі. Өткізіп алмаңыз!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік-логистика саласында қандай жаңа бастамалар қолға алынады?

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM