ТРК Президента
✔
27.6K subscribers
7.17K photos
5.16K videos
985 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
🇰🇿 Біздің Президент «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар алдында сөз сөйлеп, маңызды ойларын бөлісті

🌲Мен осындай игі іске өз үлесін қосып жүрген жастарды нағыз отаншыл азамат деп санаймын. Себебі Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңнен, өз ауылың мен қалаңнан бастау алады

🌲Біз экологиялық мәдениеті жоғары ел болуымыз керек. Тағы да атап өтейін: бұл – мемлекетіміздің Конституциясында айқындалған аса маңызды міндет

🌲Өркениеттілік, жасампаздық пен ілгерілеу ұғымдарының ластыққа, селқостыққа ешқандай қатысы жоқ. Бұл – өмірдің ақиқаты

🌲Еліміздің әрбір азаматы бүгін де, ертең де «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек. Алайда осындай керемет өмір өзінен өзі аспаннан түспейді, бұл да – ең алдымен, әрбір азаматтың саналы көзқарасы, болмысы

🌲Бүгінде Қазақстанның әр аймағында ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Жыл басынан бері еліміз бойынша 600-ден астам түрлі экологиялық іс-шара өтті
 
🌲Осы маңызды жұмысқа 7 миллион адам қатысты, 130 мыңнан астам гектар жер тазартылды. Елімізде 1,3 миллион тал егілді. Мұның бәрі аз шаруа емес, шын мәнінде көп жұмыс істеліп жатыр. Бұл – азаматтарымыздың Отанымызға деген таза ниеті, шынайы қамқорлығы және ең бастысы, еңбекқорлығы

🌲Жалпы, ел азаматтары да, елімізге келген шетел азаматтары да қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтап, заң талаптарына құрметпен қарауға тиіс

Еліміздің болашағы – сіздер сияқты білімді, белсенді, көзі ашық, көкірегі ояу, талапты жастардың қолында!
Жолдарыңыз әрдайым ашық болсын!
Баршаңызға амандық және сәттілік тілеймін!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌳 Президентіміз саябақты аралап, акцияға қатысқан жастармен әңгімелесті

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌳 Мемлекет басшысы «Мыңжылдық» аллеясы мен Greenline паркінің екінші кезеңін аралап, абаттандыру жұмыстарымен танысты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Наш Президент:

Никогда не забывайте об интересах нашей страны, заботьтесь о благополучии Казахстана. У нас нет другой Родины
 
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Қазір елордамызды жаңашыл, жасампаз азаматтардың құтты мекені деп айтсақ, қате болмайды – Мемлекет басшысы

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❕ Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимараттарға рұқсатсыз граффити салуға жол бермеу үшін қатаң шаралар қабылдауды тапсырды

⚖ Мемлекет басшысы қалалардың келбетіне кері әсер ететін мұндай әрекеттерге тосқауыл қойып, қоғамдық орындарды бүлдіруге жол бермейтін тиісті заңнамалық шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM