ТРК Президента
✔
28K subscribers
7.16K photos
5.15K videos
984 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
🇰🇿🇴🇲Президент елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Тәуелсіздік сарайында ресми қарсы алды

Салтанатты рәсім барысында Мемлекеттер басшылары ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін Қазақстан мен Оманның мемлекеттік әнұрандары орындалды.

🤝 Ресми қарсы алу рәсімінен соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың келіссөздері басталды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Президентіміз Оман Сұлтанымен шағын құрамда келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Оман Сұлтанының Қазақстанға жасаған бірінші сапарының маңызды оқиға екенін атап өтті.

– Аса мәртебелі Сұлтан, елімізге алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Сізді қарсы алу – мен үшін үлкен мәртебе. Мұның тарихи мәні ерекше екеніне сенімдімін. Өйткені бұл елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жандандырып, жаңа деңгейге көтеруге жол ашады. Бұған дейін атап өткендей, өзара ықпалдастықтың әлеуеті мол. Мұны толығымен іске асыру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🇰🇿🇴🇲Президент елдеріміз сенімді серіктеске айналуы үшін барынша күш салатынын айтты.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇴🇲 Екі ел басшыларының келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты

Мемлекет басшысы қол жеткізген уағдаластықтар бауырлас халықтарға айтарлықтай пайда әкеліп, стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететініне сенім білдірді.
 
– Келіссөздер қорытындысы бойынша экономикалық ынтымақтастықтың түрлі бағыттарын, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, цифрландыру, денсаулық сақтау және басқа да салаларды қамтитын екіжақты келісімдерге қол қоямыз. Бұдан бөлек, серіктестігіміздің басым бағыттарын белгілейтін Бірлескен мәлімдеме қабылдаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
✈️ Хайсам бен Тариқ Әл Саид Президентімізді өзіне қолайлы кез келген уақытта Оманға сапармен келуге шақырды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖️Біздің Президент Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты «Алтын қыран» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің әрдайым ықыласты екенін атап өтті.

– Аса Мәртебелі Сұлтан, Сіз айтулы мемлекет қайраткерісіз. Ел басқару ісіндегі көреген ұстанымыңыз бен ұзақ жылдардан бері халқыңызға жасап келе жатқан қалтқысыз қызметіңіз зор құрметке лайық. Қазақстан халқы Сізді ерекше қадірлейді, сонымен қатар Оманды серіктес қана емес, достас әрі бауырлас ел деп атай алатынын мақтан тұтады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


@ptrkkz
ТРК Президента
🎖️Біздің Президент Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты «Алтын қыран» орденімен марапаттады Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің әрдайым ықыласты екенін атап өтті. – Аса Мәртебелі Сұлтан, Сіз айтулы мемлекет…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Оманның ең жоғары мемлекеттік наградасымен марапатталды

Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид Президентімізге Оман Сұлтандығының ең жоғары мемлекеттік наградасы – Әл Саид орденін табыстады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🈂️ «100 SARBAZ»: Әскери-патриоттық реалити-жоба

Қатысушылар түрлі сынақтардан өтіп, күш пен төзімділікпен қатар, шапшаң шешім қабылдау, тәртіп сақтау және командамен бірлесе әрекет ету қабілетін көрсетеді.

Қазақстан сарбаздарының кәсібилігі мен жауынгерлік рухын көрсететін жобаны өткізіп алмаңыз!

📺 11 қазаннан бастап Jibek Joly телеарнасында.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💰 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саид «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді

Екі ел басшыларына ағылшын құқығына негізделген қаржы орталығы юрисдикциясындағы ерекшеліктер, АХҚО-ның қаржы қызметін реттеу комитеттерінің, АХҚО Соты және Халықаралық төрелік орталығының қызметі туралы мәлімет берілді.

📊 АХҚО ашылғаннан бері Қазақстанға 28 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Орталықта 90 елден 6600-ден астам компания тіркелген.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Біздің Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

▫️Қазақстан-Оман іскерлік кеңесі бизнес өкілдері бір-бірімен белсенді араласатын алаң болатынына сенімдімін

▫️Біз «Самұрық-Қазына» АҚ мен Оман инвестициялық басқармасы арасындағы бірлескен инвестициялық құрылымды іске қосу туралы келісімге қол қойылуын құптаймыз. Бұл маңызды бастама қаржылық мүмкіндіктерді біріктіріп, қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді

▫️Сондай-ақ біз Оманның жақында құрылған Халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықты жолға қоюға болады деп санаймыз. Екі ел қаржы институттарының бір-бірімен тікелей байланыс орнатуы инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашады

▫️Біз Оманды көлік-логистика саласындағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз. Өйткені, бұл – стратегиялық тұрғыдан ұтымды орналасқан, порт инфрақұрылымы ілгері, Таяу Шығыс пен Африка нарықтарына шығатын жолы бар ел

▫️Қазақстан мен Оман кәсіпкерлерін серіктестік байланыс орнату, келешегі зор жобаларды пысықтау және инвестиция ауқымын кеңейту мақсатында Іскерлік кеңес мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға шақырамын

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✈️ Президент Оман Сұлтанын елорда әуежайынан шығарып салды

Мемлекеттік сапарын аяқтаған Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық әуежайынан шығарып салды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың Қазақстанға мемлекеттік сапары

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🧷Қасым-Жомарт Тоқаев:

Келесі жылы айтулы дата – Қазақстан мен Оман арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 35 жыл толуын зор мақтанышпен атап өтеміз

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM