ТРК Президента
✔
29.1K subscribers
7.31K photos
5.22K videos
992 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🗣️ Президент жасанды интеллектіні дамытпай, жаһандық бәсекеге төтеп беру мүмкін еместігін еске салды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬💬 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтің 92 пайыздан астамы онлайн форматта ұсынылады»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎓 Мемлекет басшысы биыл мұғалімдер даярлау үшін 13 мыңнан астам грант бөлінгенін мәлімдеді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌐 AI-Sana бағдарламасы аясында 440 мыңнан астам студент жасанды интеллект саласы бойынша арнайы сертификатқа ие болды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏛 Президент елімізде жасанды интеллект саласына маманданған зерттеу университетін ашу қажет деп санайды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚠ Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мемлекеттік стандартқа сәйкес сапалы контент жасауға мүмкіндік беретін ұлттық білім беру платформасын әзірлеуді тапсырды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📊 Мемлекет басшысы: «Білім саласына бөлінетін қаржы үш есе артты. 1200 жаңа мектеп ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Президент: «Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды

☑ Қасым-Жомарт Тоқаев форумның пленарлық отырысында cөз сөйлейді.

⚠ Жиынға Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок қатысып отыр.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысында cөз сөйледі

🦾Қазақстан Еуразиядағы негізгі цифрлық хаб ретінде алдағы уақытта да осы маңызды жұмысты жалғастыратынын жеткізді

🦾Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің бірінші отырысында салада тұңғыш зерттеу университетін құру туралы өте маңызды шешім қабылданды

🦾Сондай-ақ бүгін «Alem.ai» халықаралық жасанды интеллект орталығы өз жұмысын бастайды

🦾Үш жылдың ішінде цифрлық басқару форматына толық өту міндеті қойылғанына тоқталды

🦾Президенттің тапсырмасымен Цифрлық кодексті жедел қабылдау үшін нақты шаралар жасалуда

🦾Жасанды интеллектінің орасан зор әлеуетін Әділетті, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанды құру үшін қолдануға болады деген пікірде

🦾Цифрландыру және нейрожеліні кеңінен қолдану Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа философиясына айналуға тиіс екенін айтты

🦾Технология әлеуметтік теңсіздікті ушықтырмауы, азаматтардың мінез-құлқы мен таңдауына манипуляция жасамауы үшін тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Президент AI SANA Generative Nation байқауының жеңімпаздарын марапаттады

⚡️ Digital Bridge 2025 халықаралық форумы аясында AI SANA Generative Nation байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

⚠ Лауреаттар мектеп жобалары, студент бастамалары, стартаптар және ғылыми әзірлемелер деген төрт аталым бойынша жеңімпаз атанды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 🇦🇪 Мемлекет басшысы БАӘ Жасанды интеллект мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрімен және Абу Даби Денсаулық сақтау департаментінің төрағасымен кездесу өткізді

🔷Digital Bridge 2025 халықаралық форумы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Жасанды интеллект, цифрлық экономика және қашықтан жұмыс істеу мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі Омар Әл-Оламамен және Абу Даби Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим әл-Мансуримен кездесті.

🔷Президент БАӘ жасанды интеллект технологияларын қолдану және дамыту ісінде әлемдік көшбасшы саналатынын айтты. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында ІТ секторында бірқатар маңызды жобалар іске асырылғанына тоқталып, әріптестікті одан әрі нығайтуға ниет танытты.

🔷Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жасанды интеллектіге маманданған әрі ғылыми зерттеу мен әзірлемелерге басымдық беретін университет ашу жоспарымен бөлісті. Осы орайда әлемдегі алғашқы ІТ университетті құрған БАӘ тәжірибесін зерделеудің өзекті екенін жеткізді.

🔷Кездесуде Smart City бірлескен жобасына ерекше мән берілді. Бүгінде бұл жұмыс бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

🔷Президенттің айтуынша, аталған жоба екіжақты серіктестікті дамытудың маңызды кезеңіне жол ашады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚛ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Адамның шексіз әлеуеті және озық технологиялардың бірегей мүмкіндігі ұштасқанда ғана жарқын болашаққа даңғыл жол ашылады»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 «Начать сначала» - фильм о человеке, который оставил городскую жизнь ради степи.

🔷 Жанибек Кенжибаев — юрист и бизнесмен, решился построить ферму в самом сердце Казахстана. Вместо ожидаемого уюта аулов его встретили холод, одиночество и испытания, к которым он не был готов. Но именно в этой суровой среде он нашел себя и новый смысл.

🈂️ Смотрите документальный короткометражный фильм сегодня в 14:45 на телеканале Jibek Joly!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Мемлекет басшысы Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаевты қабылдады

▫️ Кездесуде қос тарап венчурлық инвестиция тарту, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы Қазақстанның стартаптарын дамыту әлеуетін талқылады.

▫️Президент еліміз венчурлық инвестиция тарту көлемі бойынша аймақта көшбасшы екенін атап өтіп, профессордың сарапшылық пікірін және Қазақстанға венчурлық инвестиция тартуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

▫️ Илья Стребулаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің қазақ тілінде жарық көрген кітабын сыйға тартты.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Мемлекет басшысы Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады

☑ Digital Bridge 2025 халықаралық форумының алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен кездесті.

⚠ Әңгімелесу барысында білім беру, жасанды инттелект және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

⚛ Президент еліміздің цифрлық дамуына үлес қосқан Telegram мессенджерінің қызметіне жоғары баға берді. Компания ресми түрде Astana Hub кластерінің қатысушысы атанды. Қазақстанда кеңсесін ашып, AIem.АІ орталығында ЖИ-зертханасын іске қосты.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Мемлекет басшысы Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаоны қабылдады

☑ Digital Bridge 2025 халықаралық форумы алаңында өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік криптовалюта индустриясы мен қаржы технологиясының экожүйесін қалыптастыруға Чанпэн Чжаоның қосқан үлесін жоғары бағалады.

⚛ Оның 2022 жылы Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша Binance Lab базасында криптоиндустрияның өңірлік хабын ашу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

⚠ Сол сәттен бері елімізде блокчейн және криптотехнология салаларында көптеген перспективті жобалар мен бастамалар іске асырылып келеді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM