ТРК Президента
✔
23.6K subscribers
7.28K photos
5.21K videos
991 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Президент Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі

📝📝📝📝📝

🔷 Парламенттік реформа – еліміздің, халқымыздың тағдырына тікелей қатысы бар мәселе. Жұмыс тобының әр мүшесі осы тарихи міндетті дұрыс түсініп, белсенді жұмыс істейді деп сенемін

🔷 Бір палаталы Парламентке көшу халықаралық үрдіске толық сай келеді

🔷 Дәл қазір бізге керегі – ортақ ұстаным және парасатты, салмақты ұсыныс. Сондықтан барлық ой-пікірді, ұсынысты мұқият зерттейміз, егжей-тегжейлі қараймыз

🔷 Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс

🔷 Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді. Содан соң кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады

🔷 Парламенттік реформа кезең-кезеңімен іске асырылып келе жатқан ауқымды саяси жаңғырудың қисынына сай келеді

🔷 Парламентті реформалау бұл – Сенатты тарату деген сөз емес. Мұндай қате пікірге жол беруге болмайды. Біз өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғыртуымыз керек

🔷Алдағы уақытта e-Parlament сұранысқа ие құралға айналуы мүмкін

🔷 Бір палаталы Парламентте партиялардың көп болуы саяси диалогты кәсіби негізде өрбітуге ынталандырады

🔷Жаңа жағдай партия жұмысына тың талаптар қояды. Демек популизм цифрландыру кезеңінде маңызды рөл ойнамайды, керісінше, кәсібиліктің бәсі жоғарылай түседі

🔷 Қысқасы, алдымызда тұрған шаруа өте ауқымды. Жұмыс тобына үлкен сенім артылып отыр.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады

▫️ Кездесуде Президентке «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.

▫️ Мемлекет басшысына «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» бірлескен ірі жобаларын іске асыру барысы баяндалды.

▫️Қасым-Жомарт Тоқаев Вагит Алекперовті компанияның Қазақстандағы табысты қызметінің 30 жылдығымен құттықтады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬💬 Президент бір палаталы Парламент құру бастамасы кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс екенін айтты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣️ Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, парламенттік реформа — мемлекеттің болашағына тікелей ықпал ететін қадам

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚠ Мемлекет басшысы өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғырту жолында қате пікірлерге жол бермеу керектігін алға тартты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының мерейтойлық іс-шарасына қатысты

▫️Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметіне 30 жыл толуымен құттықтады.

– «Лукойл» – елімізде табысты жұмыс істеп жатқан беделді компанияның бірі. 1995 жылы Қазақстанға алғаш қадам басқан компанияның еліміздегі абырой-беделі зор деп айтуға толық негіз бар. Бұл – табанды еңбек пен терең жауапкершіліктің арқасы екені сөзсіз. Бұдан бөлек, «Лукойл» компаниясы Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестікті нығайта түсуге мол үлес қосып жатыр. Кәсіпорын елдеріміздің экономикалық әлеуетін нығайтып, ырысты ынтымағымызды арттыруда. Тарихқа үңілсек, «Лукойл» компаниясының қазақ жеріндегі қызметі «Құмкөл» жобасынан бастау алды. Кәсіпорын жемісті жұмыс істеп, ширек ғасырдан астам уақыт ішінде орасан зор табысқа қол жеткізді. Атап айтқанда, «Лукойл» Қазақстанның мұнай-газ саласына 12 миллиард доллардан астам қаржы салды, 94 миллион тонна мұнай және 60 миллиард текше метр газ өндірді. Компания 300 миллион долларға жуық қаржыны әлеуметтік жобалар мен қайырымдылыққа жұмсаған, – деді Мемлекет басшысы.


▫️ Президент бұл көрсеткіштердің аясында мыңдаған жұмыс орны құрылып, озық технологиялар келгенін, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосылғанын атап өтті. Компанияның қатысуымен Теңіз кен орнындағы Кеңейтудің болашағы жобасы табысты аяқталды. Бұл әлемдік мұнай-газ саласындағы ірі бастамалардың бірі саналады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖️ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның энергетикалық әлеуетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін белгілі кәсіпкер және қоғам қайраткері Вагит Алекперовті І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

✔️ Сондай-ақ «Лукойл» компаниясының Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар қызметкері мемлекеттік наградаға ие болды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝🏻Президент «Лукойл» компаниясымен серіктестікті нығайта отыра, жаңа табыстарға қол жеткізуге сенім білдірді

@ptrkkz
⚛Президент бұл көрсеткіштердің аясында мыңдаған жұмыс орны құрылып, озық технологиялар келгенін, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосылғанын атап өтті

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🈂️«Jibek Joly» арнасында тұңғыш рет — «Кеш емес» жобасы!

🎤 Әйелдерге арналған әлеуметтік шоуда 12 түрлі тағдыр мен 12 ерекше талант бір сахнада тоғысады.

⚡️Қиындықты еңсерген қайсар ханымдар өзара бақ сынап, шоудың басты жұлдыздарына айналады.

📺 Армандар орындалатын жобаны «Jibek Joly» арнасынан жіберіп алмаңыз!

📰19 қазан сағат 18:30-да

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметіне 30 жыл толуымен құттықтады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Мемлекет басшысы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Баньканы қабылдады

▫️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік спорттағы допинг проблемасымен күресетін жаһандық институт ретінде негізгі рөл атқаратынына назар аударды. Сондай-ақ Витольд Баньканың Астанаға сапары Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды қадам саналатынын жеткізді.

▫️Мемлекет басшысы жүйелі түрде тәртіп бұзушылармен күресу және таза спорттың бірыңғай стандарттарын қолдау мәселесіндегі агенттіктің берік ұстанымына жоғары баға берді. Бұл спортшыларға ғана емес, әлемдегі миллиондаған жанкүйер үшін де өте өзекті.

▫️Бүгінде Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі жанынан допингке қарсы сынамалар зертханасы жұмыс істейді. Бұл – Орталық Азиядағы осы тектес жалғыз мекеме. Зертхана базасында Өңірлік допингке қарсы ұйым қызмет етеді. Оның құрамына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Моңғолия және Ауғанстан секілді елдер кіреді.

▫️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Витольд Банька ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыру, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің жауапты әрі сенімді серіктесі ретіндегі Қазақстанның мәртебесін одан әрі нығайту ниетін растады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖️ Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Баньканы Қазақстан спортын дамытуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

@ptrkkz
🇰🇿🇦🇿 Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-21 қазан күндері Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

🤝🏻 Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Сонымен қатар президенттер Жоғары мемлекетаралық кеңеске және Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумына қатысады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына жүз жыл толды

▫️Қызылорданы неге қазақтың өзі салған алғашқы астана дейміз? Сол жылдары ел астанасы қаншалықты өзгерді?

▫️Қызылордада өткен айтулы үш тарихи оқиға туралы не білеміз? Жалпы неліктен Сыр өңірін мемлекеттіліктің мың жылдық дәстүрі қалыптасқан аймақ деп атайды?

🎬 «Сыр – алаштың анасы» деректі фильмінде осы секілді көптеген сұраққа жауап аласыз.

📰Бүгін, 17 қазан сағат 17:25-те «Jibek Joly» арнасында көріңіз!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

▫️Шын мәнінде, құтқарушы болу – кез келген төтенше жағдайға дайын тұру, ешқандай қауіп-қатерге қарамастан адам өміріне араша түсу деген сөз. Бұл – әрине, өте абыройлы іс, жауапты қызмет

▫️Қостанайда, Семейде және басқа да аймақтарда болған орман өртіне қарсы тұрып, тілсіз жаумен күрестіңіздер. Төтенше жағдай болған аймақтарға өзім де арнайы бардым. Ерлікке бергісіз нағыз еңбекті өз көзіммен көрдім

▫️Жалпы, құтқарушыларымыз соңғы 5 жылда 225 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалды

▫️Осы орайда бүгін мен еліміздегі барлық құтқарушыларға тағы да зор алғысымды айтамын

▫️Осыдан бес жыл бұрын Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды, ал осы салаға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы екі жарым есе көбейді

▫️Соңғы екі жыл ішінде сала мамандарының еңбекақысы 77 пайызға өсті, енді оларға арнайы үстемеақы төленетін болды. Сондай-ақ тұрғын үй төлемдері мен әлеуметтік жеңілдіктер беріле бастады

▫️Құтқарушы еліміздегі ең беделді мамандықтың біріне айналуға тиіс

▫️Үкімет пен салалық министрлік төтенше жағдайларды уақтылы ескертудің және салдарын жоюдың тиімді жолдарын қарастыруға баса мән бергені жөн

▫️Мемлекеттік қызметшілер де осы жоғары қоғамдық лауазымдарды өзін «жарнамалау» құралы ретінде көреді, яғни спорттың мәнісіне терең бойламайды. Тіпті, спортшылардың жетістігін өздерінің жеке жеңісі деп санайтындар бар. Мұндай теріс, жағымсыз үдеріске тосқауыл қою керек. Осы мәселе бойынша жан-жақты талдау жүргізу қажет. Бұл жұмысты Президент Әкімшілігіне тапсырамын

▫️Өзгенің өмірін сақтау үшін өз басын қатерге тігу – нағыз ерлік

▫️Өткен отыз жылда 72 құтқарушы ерлікпен қаза тапты. Біз батырларымыздың есімін ешқашан ұмытпаймыз

▫️Түптеп келгенде, қайсар рухты құтқарушыларымыз Әділетті және Қауіпсіз Қазақстанды құруға мол үлес қосып жатыр.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM