ТРК Президента
✔
27.6K subscribers
7.17K photos
5.16K videos
985 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤼 Президент Іс басқармасы қызметкерлері арасында қазақ күресінен турнир өтті

⚠ Жарысқа Президент Іс басқармасына қарасты түрлі мекемелер мен ұйымдардан келген 50 спортшы қатысты.

🏆 ҚР Президенті Телерадиокешенінің қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетіп, 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Нұрболат Құлманов 1-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар Қайырбек Омар «Ең үздік әдіс» номинациясын иеленді.

🐆 Турнирді ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Материалдық-техникалық қамту басқармасы ұйымдастырып, Қазақ күресі федерациясы қолдау көрсетті.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸 Орталық Азия — АҚШ саммиті Еуразияның жаңа геосаясатын қалай айқындайды?

⚠ 6 қарашада Вашингтон қаласында Орталық Азия — АҚШ (C5+1) форматындағы екінші саммит өтеді. Бұл кездесудің маңызы аймақтық диалог шеңберінен әлдеқайда кең Еуразиядағы жаңа геосаяси шындықты және ірі державалардың өңірге деген өсіп келе жатқан қызығушылығын көрсетеді.

ℹ️ Алдағы саммиттің Орталық Азия елдері үшін маңызы неде екенін Kazinform агенттігі әзірлеген талдаудан оқи аласыздар.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға сапармен барды. Ертең Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды

☑ Президент отандастарымызбен аз-кем әңгімелесті

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп Әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті

▫️Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтонға сапары Мемлекеттік хатшы Марк Рубиомен, Сауда министрі Говард Латникпен, сондай-ақ АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серджио Гормен кездесуден басталды.

▫️Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, өнеркәсіп пен бизнесті қолдауға септігін тигізетін экономикалық ықпалдастық арқылы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға орайлы мүмкіндік туғанын атап өтті.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан және АҚШ арасында аса маңызды минералдар саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық конгрессмендерді қабылдады

☑ Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшелері Джимми Панеттамен, Кэрол Миллермен, Билл Хайзенгамен және Сидни Камлагер-Давпен кездесті.

☑ Президент Конгрестегі Джимми Панетта басқаратын «АҚШ – Қазақстан» достық тобы (кокус) қос халық арасындағы саяси диалогты тереңдетуге, экономикалық кооперация мен байланыстар аясын кеңейтуге ықпал етіп отырғанына назар аударды.

☑ Мемлекет басшысы орайлы сәтті пайдаланып, Америка парламентінің өкілдерін екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығын кеңейту мақсатында Қазақстанға сапарлап келуге шақырды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎞️ Отандық деректі кино бағытында шеберлік сабағы өтті

☑ Astana Media Week’25 іс-шарасы аясында ҚР Президенті телерадиокешенінің ұйымдастыруымен «Деректі кино: жаңа талғам, жаңа формат» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.

▫️Оған отандық телевизиядағы продюсер, режиссер, сценарист және оператор мамандары қатысты. Шеберлік сабағында спикерлер өз тәжірибелерін бөлісті.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Qazaqparat
🇰🇿🇺🇸 Қасым-Жомарт Тоқаев санаулы сағаттардан кейін Дональд Трамппен кездеседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі Астана уақыты бойынша сағат 04.00-де өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Қазақстан Президенті Вашингтонға сапары барысында ірі компаниялардың басшыларын қабылдады

▫️Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртпен кездесуде Теңіз және Қарашығанақ кен орындарындағы мұнай мен газды игеру бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады

▫️Америкалық сенатор Стив Дэйнспен қазақ-америка қатынастарын нығайтуға парламенттік дипломатияның қосқан үлесі туралы сөз қозғап, екіжақты күн тәртібінің басым бағыттары жөнінде пікір алмасты

▫️John Deere компаниясының ТМД және Орталық Азия елдері бойынша президенті Чабо Лейконың Қазақстанның «Агромаш» зауытымен серіктестік орната отырып, агроөнеркәсіп кешеніне арналған техника өндірісінің локализациясы туралы қабылдаған шешімін қолдайтынын жеткізді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸 Президент АҚШ Конгресі Қазақстанмен достық байланыстарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынын айтты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйге келді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп келіссөз жүргізді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸 АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлескенін хабарлады

💬💬 Дональд Трамптың айтуынша, Қазақстан – оның екінші президенттік мерзімінде Авраам келісімдеріне қосылған алғашқы мемлекет. Бұл бастама елдер арасындағы дипломатиялық және экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған.

— Бұл – әлем бойынша өзара түсіністік көпірлерін орнатудағы үлкен қадам, — делінген Трамптың мәлімдемесінде.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Құны 17 миллиард доллардан асатын келісімдер және көпжоспарлы кеңейтілген стратегиялық серіктестік:

☑ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың Ақ үйдегі кездесуінің нәтижелері

▫️Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың президенттік лауазымының тарихи сипатына тоқталып, оның басшылығымен АҚШ әлемнің жетекші экономикалық, саяси және технологиялық державасы ретіндегі позициясын күшейтіп келе жатқанын атап өтті.

▫️Мемлекет басшысы Қазақстан АҚШ Президентінің бітімгерлік бастамаларын толық қолдайтынын жеткізді. Соның ішінде келешекте Орта дәлізді одан әрі дамытуға ықпал ететін «Трамптың халықаралық бейбітшілік және өркендеу жолына» (TRIPP) ерекше назар аударды.

▫️Сапар аясында Қазақстан мен Құрама Штаттары арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Қазақстан мен АҚШ арасында жалпы сомасы 17 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM