ТРК Президента
✔
27.6K subscribers
7.17K photos
5.16K videos
985 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
ТРК Президента
Photo
☑ Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжан президенттерімен бірге «Келешек мұрасы» халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуіне қатысу үшін Ташкенттегі Конгресс орталыққа келді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📸 Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысушылар

🇦🇿🇰🇬🇰🇿🇹🇯🇹🇲🇺🇿

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬💬 Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуінде сөз сөйледі

▫️Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр. Жабық шекаралар мен оқшауланудың уақыты өтті. Мұны сеніммен айтуға болады. Ортақ күш-жігердің арқасында өңірдің ішкі бірлігі артты. Бұл елдеріміздің дамуына және халықаралық ынтымақтастыққа кеңінен жол ашты. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері өңірдің жаһандық үдерістерде маңызды рөл атқаратынын мойындайды

▫️Сауда кедергілері біртіндеп жойылып, жаңа өткізу бекеттері ашылып, авто, теміржол арқылы байланыс жанданып келеді. Нәтижесінде былтыр өңір ішіндегі сауда-саттық көлемі 11,5 миллиард долларға жетті. Көрсеткішті 20 миллиард долларға дейін жеткізу үшін осы қарқынды сақтау қажет деп ойлаймын

▫️Бір-бірін қайталайтын тексерістерден, шекарадан өту кезіндегі шектен тыс бюрократиялық рәсімдерден арылу үшін Жүкті тасымалдаудың бірыңғай электрондық жүйесін енгізу мәселесін қарастырған жөн

▫️Аймақтың әлеуетін одан әрі нығайту үшін Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың кешенді стратегиясын бірлесіп әзірлеуді ұсынамыз

▫️Қазақстан Астанада Сирек металдарды зерттеу жөніндегі өңірлік орталығын құру бастамасын көтерген болатын. Бұл мекемеде кеніштер мен оны игеру технологиялары туралы өзекті ақпараттарды жинақтап, инвесторларға ұсына аламыз

▫️Жасанды интеллект саласындағы серіктестікті одан әрі дамыту үшін аталған технологияны қолданудың бірыңғай стандарттарын әзірлеу керек. Орталық Азия мемлекеттерінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдалану туралы декларацияның жобасын дайындауды ұсынамын

▫️Су проблематикасының трансшекаралық сипатын ескере отырып, салалық стратегиямызды үйлестіру маңызды деп санаймын

▫️Келесі жылы сәуір айында Астанада Өңірлік экологиялық саммитімен қатар өтетін Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшыларының жиынында осы тақырыпқа оралып, ұсыныстарды талқылай аламыз. Сіздер аталған іс-шараларға белсенді қатысады деп сенемін

▫️Бұдан бөлек, Орталық Азияның біртұтас туристік брендін ілгерілетуде пәрменді шаралар қабылдауды ұсынамыз

▫️Орталық Азия сараптамалық форумын өңірлік ықпалдастық жүйесіне қосуды ұсынамын.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесулері өз тиімділігін дәлелдегенін айтып, ортақ күш-жігердің арқасында өңірдің ішкі бірлігі артқанын атап өтті

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛣️Мемлекет басшысы: «Аймақтың әлеуетін одан әрі нығайту үшін Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың кешенді стратегиясын бірлесіп әзірлеуді ұсынамыз»

@ptrkkz
🇰🇿🇺🇿Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев шығарып салды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚠ Касым-Жомарт Токаев: «Объем внутрирегиональной торговли в прошлом году достиг 11,5 млрд долларов»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇿Президенттің Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬💬Президент призвал активизировать координацию туристической политики и поддержал идею единого бренда Центральной Азии

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬💬Президент: «Вопрос водной безопасности становится все более актуальным для региона»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇿🇰🇬🇹🇯🇹🇲🇺🇿Орталық Азия мемлекеттері басшылары қандай құжаттарға қол қойды?

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇪🇪Эстония Президенті Алар Каристің Қазақстанға мемлекеттік сапары

📰Ақордадағы кездесу рәсімін Silk Way телеарнасының тікелей эфирінде сағат 16:00-де көріңіз!

🔴🟥📹Сондай-ақ онлайн трансляция Silk Way Qazaqstan YouTube арнасында жүргізіледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇪🇪Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Эстония Президенті Алар Каристі ресми қарсы алу рәсімі өтті

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇪🇪Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді

– Президент мырза, Сізді елімізде мемлекеттік сапармен қарсы алғаныма қуаныштымын. Эстония – Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі. Біз эстон халқының тарихына, дәстүріне және мәдениетіне құрметпен қараймыз. Екі елдің қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді. Мемлекеттеріміз арасында түйткілді мәселе жоқ. Дегенмен өзара ынтымақтастығымыздың әлеуеті зор. Оны ілгерілете беруіміз керек. Сіздің бұл сапарыңыз екіжақты ықпалдастығымыз бен достық байланыстарымызға тың серпін береді деп сенемін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇪🇪 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Эстонияның 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына құйған тікелей инвестициясы 128 миллион доллардан асты»

– Бұл сапар екі мемлекет арасындағы өзара тиімді әріптестіктің жаңа кезеңіне жол ашады. Еліңізді Балтық өңіріндегі, сондай-ақ Еуропа Одағындағы өте маңызды серіктес ретінде қарастырамыз. Эстония инновациялық және өркендеген мемлекет құру жолында таңғаларлық табысқа жетті. Сіздің еліңіз цифрлық жүйеге негізделген мемлекет, үкімет және қоғам құру ісінде көш бастап тұр. Сондай-ақ ашықтықты қамтамасыз ету, азаматтарды ел басқару ісіне тарту бойынша көпке үлгі. Біз Эстонияның заң мен тәртіп қағидатын ұстануға, білім беру деңгейін арттыруға және орнықты дамуға бейілділігін жоғары бағалаймыз, – деді Қазақстан Президенті.


▫️Мемлекет басшысы екіжақты ықпалдастықтың оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталып, Қазақстан мен Эстония барлық бағыт бойынша жан-жақты байланыс орнатқанын жеткізді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ТРК Президента
🇰🇿🇪🇪Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді – Президент мырза, Сізді елімізде мемлекеттік сапармен қарсы алғаныма қуаныштымын. Эстония – Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі. Біз эстон халқының тарихына, дәстүріне және мәдениетіне…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇪🇪Қазақстан мен Эстония президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

Кездесу барысында тараптар сауда-инвестиция, цифрландыру, жасанды интеллект, көлік-логистика, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы, аса маңызды минералдар және білім-ғылым салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM