ТРК Президента
✔
27.8K subscribers
7.17K photos
5.16K videos
985 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📎 Димаш Құдайберген Silk Way Star финалының кадірлі қонағы

📰Тікелей эфирді Jibek Joly телеарнасынан тамашалай аласыздар!

⚠ Үздік қатысушыға дауыс беру үшін silkwaystar.org сайтына кіріңіз!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📎 Біздің Президент Silk Way Star халықаралық жобасының қатысушыларын құттықтады

Құрметті Silk Way Star қатысушылары!

Бүгін беделді халықаралық өнер додасы өз мәресіне жетеді. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – Азия елдерінің рухани ықпалдастығын нығайтып, халықтарымыздың достығын бекемдей түсетін бірегей бастама.

Silk Way Star – мәдени дипломатияның айқын көрінісі, ұлттарымыздың салт-дәстүрі мен шығармашылығын паш ететін тамаша жоба. Осындай ауқымды іс-шаралар ынтымағымызды күшейтеді, ортақ құндылықтарымызды жан-жақты дәріптейді.

Теңдессіз жобаны табысты жүзеге асыруға мол үлес қосқан China Media Group медиакорпорациясына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Оңтүстік Корея елдерінен келген дарын иелері өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп, миллиондаған көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде. Баршаңызға алғыс айтамын.

Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіздер деп сенемін!

Сіздерге амандық және сәттілік тілеймін!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📎 Silk Way Star халықаралық жобасының жұлдыздары мен мәртебелі қонақтары қызыл кілеммен жүріп өтті

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇦🇿 🇦🇲«Бүкіл әлемде достық болсын, мен саған 12 ұпай беремін», — деді әзербайжандық төреші.

Silk Way Star гранд финалында Самира Эфенди армениялық Саро Геворгянға ең жоғары баға 12 ұпайды қойды.

Мұны көріп Саро қатты таңданып, қуанды. Екеуі сахнада құшақтасып, зал ерекше эмоцияға бөленді.

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📎SILK WAY STAR ГРАНД-ФИНАЛЫ

🎥Мегажобаның қорытынды шоуының ең жарқын сәттері біз ұсынған бейнежазбада.

🎞️22.11.2025

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Президент Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады

– Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, – делінген құттықтауда.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Сенім грамоталарын

🇮🇱Израиль мемлекетінің елшісі Йоав Быстрицки;

🇰🇬Қырғыз Республикасының елшісі Құдайберген Базарбаев;

🇨🇺Куба Республикасының елшісі Альфредо Федел Ниевес Портуондо;

🇱🇧Ливан Республикасының елшісі Джордж Абу Зейд;

🇿🇼Зимбабве Республикасының елшісі Марк Грей Маронгве;

🇸🇴Сомали Федеративтік Республикасының елшісі Фатхудин Али Мохамед тапсырды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қазақстан Президентіне алты елдің төтенше және өкілетті елшілері сенім грамоталарын тапсырды

🇮🇱🇰🇬🇨🇺🇱🇧🇿🇼🇸🇴

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇪🇺Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады

☑ Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан 10 жыл бұрын қабылданған кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім екіжақты қарым-қатынастың айтулы кезеңі деп санайды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇲Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇲Түрікменстан Президенті
Сердар Бердімұхамедовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары

☑ Ақордадағы кездесу рәсімін Silk Way телеарнасының тікелей эфирінде сағат 11:00-де көріңіз!

🔴🟥📹 Сондай-ақ онлайн трансляция Silk Way Qazaqstan YouTube арнасында жүргізіледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇬26-27 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇲Мемлекет басшысы Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇲Түрікменстан Президенті Ақордаға келді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇲Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді

– Құрметті Президент Сердар Гурбангулыевич, Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен қош келдіңіз! Еліміз Түрікменстанды стратегиялық серіктес, бауырлас мемлекет, ең жақын шекаралас көрші санайды. Бізді ғасырлардан жалғасып келе жатқан достық, ортақ тарих, тіл мен мәдениет біріктіреді. Мемлекеттеріміз арасындағы сауда-саттық, экономикалық ықпалдастықтың басқа да түрлері және мәдени-гуманитарлық байланыстар қарқынды дамып келеді. Екі ел серіктестігінің ауқымы мен сапасына көңіліміз толады деп айтуға негіз бар. Бұл ынтымақтастық стратегиялық сипатқа ие. Дегенмен алға қадам басу қажет. Күн тәртібінде өте маңызды мәселелер тұр. Бүгін олардың шешімін бірлесіп табамыз деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇲Қазақстан мен Түрікменстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

– Қазақ пен түрікмен – ежелден достығы жарасқан туыс халықтар. Біздің тарихымыз және мақсат-мұратымыз – ортақ, мәдени-рухани құндылықтарымыз – бір. Біз Түрікменстанмен ынтымақтастықты тату көршілік және өзара қолдау рухында барынша нығайтуға айрықша мән береміз. Жарқын болашаққа бірге қадам басу үшін күш жұмылдырамыз. Бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін стратегиялық серіктестікті нығайта түсеміз. Мен бұған кәміл сенемін, – деді Мемлекет басшысы.


🟦Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер барысында сауда-экономикалық ықпалдастыққа айрықша назар аударды. Соңғы 5 жылда өзара сауда көлемі 4 еседен асып, жарты миллиард долларға дейін ұлғайды.

🟦Қазақстанда түрікмен капиталы бар 140-қа жуық компания табысты жұмыс істейді. Осы арқылы аталған кәсіпорындар экономикалық байланысты нығайтуға зор үлес қосып келеді. Қазақстанның Түрікменстанға құйған инвестициясы 120 миллион доллардан асты.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇲Мемлекет басшысы Сердар Бердімұхамедовті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

– Сіз түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы, аса құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич Бердімұхамедовтің келешекке арналған стратегиялық бағдарын сенімді түрде жалғастырып келесіз. Сіздің салиқалы басшылығыңызбен Түрікменстан экономикасы керемет қарқынмен дамуда. Еліңізде өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы белсенді түрде жаңғырып жатыр. Энергетикалық әлеуетті нығайту және технологиялық трансформация бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Баянды бастамаларыңыздың арқасында бауырлас Түрікменстанда ірі әлеуметтік жобалар жоспарлы түрде жүзеге асырылып, ғылым-білім саласы соны серпін алып, халықтың әл-ауқаты жақсара түсті. Бұл жетістіктің бәрі шынайы құрметке және жоғары бағаға лайық, – деді Президент.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM