ТРК Президента
✔
27.8K subscribers
7.17K photos
5.16K videos
985 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
🤝🏻 Мемлекет басшысы Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы сан қырлы ынтымақтастық жалғасатынын жеткізді

@ptrkkz
🇰🇿🇪🇺Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еуропалық бизнеске тұрақты әрі ашық инвестициялық климатты қамтамасыз етуге бейіл екенін растады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇪🇺Қазақстан және Еуропалық Одақ бірлесіп, визалық режимді жеңілдету және реадмиссиялар туралы келісім жасауға дайындық жұмыстарын бастады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬💬 Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

▫️Әр кәсіпкердің жетістігі – ел мерейінің айқын көрінісі. Сіздер сапалы өнім өндіріп, экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер

▫️Биылдан бастап 29 қазан «Қазақстан кәсіпкерлері күні» болып ресми түрде бекітілді. Мен жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып, қайырымдылық істерге мол үлес қосқаны үшін еліміздің үздік кәсіпкерлеріне берілетін арнайы марапат – «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым

▫️Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ. Шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайды. Елімізде жұмыс істейтін азаматтардың жартысына жуығы, яғни 4,5 миллион адам бизнес саласында еңбек етеді

▫️Жаңа Салық кодексі мемлекет пен бизнес арасындағы ынтымақтастық моделін жаңғыртады. Келесі жылы Қазақстандық тауар өндірушілер реестрі мен Тауарлардың ұлттық каталогы енгізілетінін де ескеруге тиіспіз

▫️Үкімет «Атамекен» палатасымен бірге осы жылдың соңына дейін бизнес-қоғамдастыққа зияны тимейтін жаңа нормалар енгізуді қамтамасыз еткені жөн

▫️Кәсіпкерлерді қолдау үшін ыңғайлы цифрлық экожүйе қалыптастыру қажет

▫️Алдымызда бизнес бетпе-бет келетін әкімшілік кедергілерді азайту міндеті тұр. Сотта қаралған істердің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің пайдасына шешілуде

▫️Бас Прокуратураның Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитеті жыл соңына дейін Инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі комитет болып өзгереді. Ірі инвесторларға арналған «Жасыл дәліз» жүйесі іске қосылды

▫️Биыл «Бәйтерек» холдингі арқылы шағын және орта бизнесті қолдау көлемі шамамен екі триллион теңгеге жетті. Тікелей субсидиялаудан гөрі кепілдік беру құралдарына көштік

▫️Менің тапсырмаммен «Даму» қоры жанынан шағын және орта бизнеске, сондай-ақ ірі инвестициялық жобаларға арналған екі кепілдік қоры құрылды. Аталған бағыт аясында 2229 жобаға жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден астам кредит берілді. Оның ішінде 220 миллиард теңгеден астамы мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілді

▫️Ел Президенті ретінде кәсіпкерлерге шынайы құрметпен қараймын

▫️Қазақстанда креативті индустрияны өркендетуге айтарлықтай әлеует бар. Біздің жастарымыз өте шығармашыл, олардың мінезі де, менталитеті де соған сай келеді

▫️Биылғы «Парыз» байқауына қатысушылар түрлі қайырымдылық шараларға 37 миллиард теңгеден астам қаржы салған. Осында отырған әр азаматтың туған елге деген ықылас-пейілі жас кәсіпкерлерге үлгі-өнеге болары сөзсіз.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖️ Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» байқауларына қатысқан кәсіпкерлердің барлығына алғыс айтып, лауреаттарды марапаттады

@ptrkkz
📸 Мемлекет басшысы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарымен, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарымен естелікке суретке түсті

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
☑ Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬💬Мемлекет басшысы: «Бәсекеге қабілетті бизнес – кез келген мемлекеттің тірегі. Биыл Қазақстан экономикасының өсімі 6 пайыздан асады деп болжануда»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Қазақстанда 4,5 миллион адам бизнес саласында еңбек етеді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚠ Глава государства: «В следующем году будут внедрены Реестр казахстанских товаропроизводителей и Национальный каталог товаров»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
©©Президент: «Бизнестің мүддесі мен құқығын қорғау мәселесі – біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндет»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬💬Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша мән беріп, мәселелер жеке бақылауында екенін айтты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💰Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде экономиканың негізгі көрсеткіштеріне тоқталды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚛ Президент: «Нельзя падать духом, впадать в депрессию, а надо искать новые возможности, чтобы добиваться новых успехов»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Президенттің пікірінше, креативті индустрия секілді жаңа секторларды дамыту арқылы экономиканың көкжиегі кеңейеді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Президент БҰҰ-ның сессиясына үндеу жолдады

Жоғары мәртебелі!
Құрметті делегаттар!


Қазақстан халықаралық серіктестермен тығыз ынтымақтастық жасай отырып, осы бастаманы көтерді.

Еріктілер қозғалысы Орнықты даму мақсаттарына жету жолындағы азаматтық белсенділік пен прогреске ықпал ететін ізгі амалдың жасампаздық қуатына айналарына кәміл сенеміз.

Қазіргідей алмағайып заманда еріктілер адам өмірін сақтау, қиындыққа душар болған жандарға жәрдемдесу, қоғамдағы сенім мен ынтымақты нығайту арқылы аса маңызды миссия атқарып келеді.

Қазақстанда еріктілер қозғалысы қоғамдық өмірдің ажырамас бөлшегіне айналды.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы қоршаған ортаны қалпына келтіруге, экологиялық жауапкершілік мәдениетін дәріптеуге үлес қосқысы келетін мыңдаған азаматты біріктірді. Бұл жоба БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы жаһандық бастамаларымен үндеседі.

Осы орайда Алматы қаласын Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық ынтымақтастық хабына айналдыру ниетін құптаймыз.

Барша елдің еріктілерін БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік интеграция және жастарды қолдау бағытындағы бастамаларына қосылып, өзара тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз.

Қазақстан айтулы жыл аясында және одан кейінгі кезеңдерде де әлеуметтік маңызы бар еріктілер қызметін қолдау үшін БҰҰ-ға мүше барлық мемлекетпен және азаматтық қоғаммен ынтымақтаса жұмыс істеуге әрдайым дайын.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ 10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді

🇰🇿🇮🇷Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM