ТРК Президента
✔
27.8K subscribers
7.17K photos
5.16K videos
985 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
🤝🏻 Қасым-Жомарт Тоқаев Rakuten Group компаниясының басшысы Хироши Микитаниді қабылдады

▫️Мемлекет басшысы Rakuten компаниясының Қазақстандағы қызмет аясын кеңейту, сондай-ақ Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен тығыз қарым-қатынас орнату ниетін құптады.

▫️Атап айтқанда, еліміз компанияның қатерлі ісік ауруларын емдеуге арналған биотехнология саласындағы әзірлемелеріне қызығушылық танытады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🤝🏻🇯🇵Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз барысында бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа кезеңі болатынын жеткізді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Токиода Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті

▫️Мемлекет басшысы Жапонияда білім алып, он жылдан бері ірі халықаралық жарыстарда көш басынан көрініп жүрген Ерсін Балтағұлды қазақстандықтар мақтан тұтатынын атап өтті.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇯🇵Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапарының алғашқы күні

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇯🇵Мемлекет басшысы Токио губернаторы Юрико Коикэмен кездесу өткізді

▫️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юрико Коикэ цифрландыру, Smart city технологияларын және қаланы орнықты дамыту, жасанды интеллект, шаһарды басқару ісіне инновациялық шешімдерді енгізу салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

▫️Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Токио қаласының Smart city тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба халықтың тұрмыс сапасын жақсартуды, шаһарды басқару тиімділігін арттыруды және орнықты даму үшін озық технологияларды пайдалануды көздейді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📝 Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Токио губернаторы Юрико Коикэ Қазақстан және Жапония астаналары арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Президент Токионың Төтенше жағдайлар жөніндегі ахуалдық орталығын аралап көрді

🔷Бұл азаматтық қорғаныс пен қаладағы қауіп-қатерлердің алдын алудың негізгі жүйесі саналады.

🔷Орталықтың басты міндеті – қаладағы ахуалға ұдайы мониторинг жүргізу, төтенше жағдай кезінде билік органдарының іс-әрекетін үйлестіру, ықтимал қатер мен орын алған апаттар (жер сілкінісі, тайфун, су тасқыны, ірі техногендік апаттар, лаңкестік актілер) туралы ақпараттарды талдау.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады

▫️ Кездесуде көлік-логистика, энергетика, атом өнеркәсібі, металлургия және геологиялық барлау салаларында бірлескен инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▫️Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония металл және энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі ұйымының (JOGMEC) төрағасы Ичиро Такахаруды қабылдады

▫️Кездесуде геологиялық барлау, аса маңызды минералдарды өндіру және өңдеу, сондай-ақ табиғи ресурстарды орнықты басқару бағыттарындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝🏻 Мемлекет басшысы Mitsui компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Тацуо Ясунагамен кездесті

▫️Президент Қазақстан экономиканың негізгі секторларында Mitsui компаниясының қызмет аясын кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Атап айтқанда, компанияның Астанада күрделі жөндеу және құрал-жабдықтарды қайта қалпына келтіру бойынша өндірістік кешен құрылысына қатысу жоспарын мақұлдады.

▫️Қазақстан Президентінің Токиоға сапары аясында Mitsui компаниясымен бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қою жоспарланған.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Қасым-Жомарт Тоқаев Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хироюки Огаваны қабылдады

▫️Мемлекет басшысы компанияның Астана қаласында техникаларды күрделі жөндеуге және қайта қалпына келтіруге арналған өндірістік кешен салу туралы шешімін құптады.

▫️Кездесу барысында маман даярлау мәселесіне баса мән берілді. Президент Komatsu компаниясының елімізде операторларға, механиктер мен инженерлерге арналған аймақтық оқыту орталығын ашу туралы бастамасына қолдау білдірді. Бұл жобаның адами капиталды дамытуға, өнеркәсіптік серіктестікті тереңдетуге зор үлес қосатынын айтты.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝🏻 Қасым-Жомарт Тоқаев Hitachi Construction Machinery компаниясының президенті Масафуми Сэнзакиді қабылдады

▫️Мемлекет басшысы Hitachi Construction Machinery компаниясының өңірдегі басты серіктесі саналатын Қазақстан өзара тиімді байланыстарды тереңдетуге дайын екенін атап өтті.

▫️Президенттің пікірінше, алдағы уақытта кен орындарының қажеттілігі үшін өндіріс локализациясы мен құрал-жабдықтарды жөндеу ісіне басымдық беру маңызды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚛ Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар компания басшыларымен келіссөз жүргізді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM