ТРК Президента
✔
27.9K subscribers
7.16K photos
5.15K videos
984 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
🏭 Мемлекет басшысы Tausogar зауытында болды

▫️№1 Индустриалдық паркте орналасқан кәсіпорын құрылыс саласын заманауи жүк көтергіш машиналармен және механизмдермен қамтамасыз етеді.

▫️Президент елдегі ірі құрылыс компанияларына қажетті мұнара крандары мен эскалаторлар өндірісімен танысты.

▫️Қазір Tausogar зауытында жоғары білікті 44 маман еңбек етеді. Өндіріс орны жылына 200 лифт, 70 эскалатор және 70 мұнара кранын шығара алады.

▫️Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында кәсіпорынның ел инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оның алдағы уақытта бәсекеге қабілеттілігі арта түсетініне сенім білдірді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Президент өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді

▫️Қасым-Жомарт Тоқаевқа №1 Индустриалдық паркінде винилді гипсокартон панелін шығаратын «Гипсовинил», өрт дабылдары, бейнекамералар мен домофондар өндіретін QR Systems зауыттарының өнімдері көрсетілді.

▫️Сондай-ақ көрмеде «Астана электротехника зауытының», «Арыстан» Астана құбыр зауытының», құрылыс және жол химиясына маманданған ARGP кәсіпорнының қызметі жөнінде мағлұматтар ұсынылған.

▫️Бұдан бөлек, Президентке мемлекет-жеке меншік серіктестік қағидаты бойынша пайдалануға берілетін №2 Индустриалдық паркінің даму перспективасы жайында баяндалды.

▫️Астананың жалпыұлттық пулы аясында 1,9 триллион теңгеге 120 жоба жүзеге асырылады. Осы арқылы 22 мыңға тарта жұмыс орнын ашу көзделген.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Президент Besqaru зауытымен танысты

▫️Мемлекет басшысы шынжыр табанды және дөңгелекті бронды машиналар шығаратын, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсететін Besqaru зауытына барды.

▫️Компания жылына 200 бронды техника құрастырады. Олардың қатарында суды кешіп өте алатын, дөңгелекті Taimas8x8, Aibar 4x4 бронды машиналары, сондай-ақ Tulpar шынжыр табанды техникасы бар.

▫️Өндіріс алаңы биыл ақпан айында іске қосылды. Жалпы құны 13,5 миллиард теңге болатын жоба аясында 134 жұмыс орны ашылды.

▫️Мемлекет басшысы зауыт қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегі өнімді болуына тілектестік білдірді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
☑ Жапония – Қазақстанның 10 ірі инвесторларының бірі

🎥 «Қуатты серіктес» – ҚР Президентінің Телерадиокешені түсірген жаңа деректі фильм.

⚠ Екі ел арасындағы жылы қарым-қатынасты көрсететін деректі фильм жақын арада көрерменге жол тартады.

▫️Жуырда YouTube арнамыздан тамашалаңыз.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬💬Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйледі

☑ Негізгі көрсеткіштер:

▫️Соңғы 11 айда қысқа мерзімге арналған экономикалық индикатор 118,6 пайызға жетті. Инвестиция, құрылыс, шағын және орта бизнес саласындағы көрсеткіштер бойынша Астана алдыңғы орында тұр

▫️Биыл елордадағы тұрғын үй құрылысы 5 миллионға жуық шаршы метрді құрайды

▫️Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 2025 жылдың 11 айында 2,8 триллион теңгеге жетіп, 7,2 пайыз өсті. Яғни 6 миллиард доллар шамасында

▫️Биылғы 11 айда сауда көлемі 10,8 триллион теңгеден асып, 8,4 пайыз өсім көрсеткен. Бұл – шамамен 22,5 миллиард доллар. Маған берілген мәлімет бойынша, қала бюджетіне 4,3 триллион теңге салық түскен. Мұны қомақты қаржы деуге болады

▫️Қаладағы халықтың ресми саны 1,6 миллион адамға жеткен

▫️Астанада 75 мектеп салынды. Қазір қалада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ

▫️Биылғы он бір айда Астанада жол-көлік оқиғасынан 675 бала зардап шеккен, бес бала қаза болған

▫️«Жаңа келбет» бағдарламасы аясында бес жыл ішінде шаһардың тарихи бөлігіндегі 150 ғимараттың қасбетін жаңарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар көшелер абаттандырылады

▫️Ел бойынша қалдықтарды жоюды көздейтін 40-тан астам жоба жоспарланған. Олардың бәрі белгіленген мерзімде әрі сапалы жүзеге асырылуға тиіс.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Президенттің тапсырмалары мен алдағы жоспарлар

▫️Жақын арада Жедел басқару орталығы іске қосылады. Қазір платформаны іске қосу үшін Деректерді талдау орталығы салынып жатыр

▫️Токиодағы Smart City жобасымен таныстық. Жапония озық шешімдерді мемлекеттік басқару саласына енгізу тұрғысынан зор табысқа жетіп отыр. Біз осы бағытта тәжірибе алмасатын болдық

▫️Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек. Өйткені оның мәртебесі бөлек

▫️Астана тек орталық көшелері айнадай жарқырап тұратын қала болмауға тиіс. Шеткері аудандарға да көңіл бөлу керек

▫️Астана маңайында экосаябақтар ашатын уақыт жетті. Үкіметке аймақ әкімдерімен бірге ірі қалалар мен облыс орталықтарына жақын жерлерде экосаябақтар құруды тапсырамын

▫️Биыл Астананың көлік жүйесін дамытудың 2035 жылға дейінгі кешенді бағдарламасы қабылданды

▫️Ауланы жарықтандыру мәселесі де өзекті. Мен өзім бұл мәселеге баса назар аударып отырмын. Әсіресе, тұрғын-үйлер және білім беру мекемелерінің маңындағы жүк көліктерінің қозғалысын реттеу қажет

▫️Қаланың көлік-транзит әлеуетін арттыру үшін жаңа әуежай салу мүмкіндігін қарастыру қажет

▫️Төртінші ауыз су станциясын межелі мерзімде салған жөн. Биыл Астана су қоймасын ауқымды тазартудың бірінші кезеңі аяқталды. Жұмыстың осы қарқынын жоғалтпау маңызды. Екінші кәріз-тазарту құрылысы мен қалаішілік тазарту жүйесін іске қосу керек

▫️Құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту қажет

▫️Тағы бір мәселе: елордада жұмыста жүріп жарақат алу деректері көбейіп барады. Жыл басынан бері қаладағы өндіріс орындарында 32 адам зардап шегіп, 12 адам қаза тапқан. Жұмыс орнында болуы мүмкін қауіп-қатерлерді саралап, оқыс оқиғалардың алдын алу қажет. Әр қайғылы оқиғаның себеп-салдарын мұқият зерделеп, тиісті қорытынды жасаған жөн

▫️Мемлекеттік қызметте той тойлап жүруге, жалқаулыққа, жұмысқа жауапсыз қарауға орын жоқ. Халыққа әдемі есеп емес, нақты іс керек. Сондықтан барлық басшы мен лауазымды тұлғадан елге пайдасы бар жұмыс талап етемін. Алдымызда атқаратын міндет көп

▫️Астана әрдайым ауқымды жұмыстардың бастауында тұруға тиіс. Елордамыз басқа аймақтарға барлық жағынан үлгі болуы керек.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Президент Tanym көпфункционалды кешенін аралап көрді

▫️Мемлекет басшысы оқу сыныптарын, хореографиялық залды, коворкинг-орталықты, жасанды интеллектінің инновациялық жүйесі енгізілген жүзу бассейнін, кеме модельдеу шеберханасын, театр өнері студиясы мен спорт залды аралады.

▫️Бұл орталық балалар мен жастардың талантын шыңдауға, көшбасшылық қабілетін, ғылыми ойлау жүйесі мен шығармашылық әлеуетін жетілдіруге мүмкіндік береді. Қазір кешенде 100-ден астам жоғары білікті педагог жұмыс істейді.

▫️Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтың ұстаздарымен және оқушыларымен әңгімелесіп, балалар мен жастар шығармашылығын дамытудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар ұжым жұмысына табыс тіледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏨 Мемлекет басшысы New Generation School Astana ғимаратына барды

▫️1320 оқушыға есептелген мектеп жаратылыстану-математика және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарында білім береді. Әсіресе, математика мен ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.

▫️Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп құрылысының бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары аясында бой көтергені жөнінде баяндалды. Қаржының 40 пайызын «Даму» қоры кредит ретінде бөлген. Президент оқу кабинеттерін, кітапхананы, спорт залын аралап көрді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚛ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Елордамыз басқа аймақтарға барлық жағынан үлгі болуы керек»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Қасым-Жомарт Тоқаев Инклюзивті спорт орталығын аралап көрді

▫️Бұл еліміздегі мүгедектігі бар адамдарға арналған спорттық, медициналық, оңалту және білім беру инфрақұрылымын біріктірген алғашқы кешен.

▫️Астанада мүмкіндігі шектеулі 42 мыңға жуық азамат тұрады. Олардың басым көпшілігі – балалар, жастар мен еңбекке қабілетті жастағы адамдар.

▫️Мекемеде көп функционалды спорт залы, реабилитация блогы, 15 медициналық кабинет, конференц-зал, сондай-ақ алты бөлмелі қонақ үй секторы қарастырылған. Мұнда оқу-жаттығу жиыны, жарыстар мен білім беру бағдарламалары кезінде параспортшылар жайғасады. Орталықта спорттың 12 бейімделген түрінен жаттығу жүргізіледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬💬 Мемлекет басшысы инвестиция, құрылыс, шағын және орта бизнес саласындағы көрсеткіштер бойынша Астана алдыңғы орында тұрғанын айтты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚠ Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге жауапкершілікпен жұмыс істеу керектігін қатаң ескертті

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏗️ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Астанада 75 мектеп салынды. Қазір қалада үш ауысыммен оқытатын мектеп қалған жоқ»

@ptrkkz
☑ Президент Астананы абаттандыру ісіндегі оң өзгерістерге тоқталды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💰Президент биылғы қорытынды бойынша елорданың өңірлік жалпы өнім көлемі 34 миллиард доллар болатынын мәлімдеді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚠ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейту қажет»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM