ТРК Президента
✔
27.9K subscribers
7.16K photos
5.15K videos
984 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
💬 Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым және мәдениет саласына қатысты барлық міндеттеме толық орындалады. «Сырт көз – сыншы» деген сөз бар»

@ptrkkz
💬 Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Отаншыл болу – туған еліңнің, отбасыңның игілігі үшін аянбай еңбек ету деген сөз»

📰 Мемлекет басшысының «Turkistan» газетіне берген сұхбатынан

@ptrkkz
🖊️ Қасым-Жомарт Тоқаев:

«
Мен әрдайым қоғамның көңіл-күйі мен азаматтардың мұң-мұқтажын біліп отыруға тырысамын»

🗞️ Президенттің «Turkistan» газетіне берген сұхбатынан

@ptrkkz
💬 Мемлекет басшысы өзінің денсаулығы туралы пікір білдірді

@ptrkkz
📜 Мемлекет басшысының пікірінше, біртұтас ұлт ретінде төл тарихымызды танып, қаз-қалпында қабылдауымыз қажет

@ptrkkz
⛺️ Президент туризм саласында өзінің танымалдығын арттыру үшін «хайп» жасайтындарды сынады

@ptrkkz
🖋️ Глава государства отметил, что реформы почти всегда вызывают сопротивление и непонимание, поэтому лидер обязан брать ответственность на себя. Он подчеркнул, что как Президент готов делать это и в будущем

@ptrkkz
🇰🇿Президент отаншылдыққа қатысты көзқарасын білдірді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді

☑ Мемлекет басшысына Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қызметінің аралық нәтижелері туралы мәлімет берілді.

🔷Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бұған дейінгі отырыстарында бір палаталы Парламентті қалыптастыру және оның заңнамалық функцияларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Ұлттық Құрылтайдың алдағы бесінші басқосуына дайындық барысы туралы баяндады.

⚠ Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентті реформалау саяси жүйені трансформациялау үдерісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, алда ауқымды өзгерістер күтіп тұрғанына назар аударды. Сондай-ақ барлық бастаманы жан-жақты саралап, оның негізінде конституциялық реформаның базалық тәсілдерін әзірлеуді тапсырды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⌨️ 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды

📝 Бүгін Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Мемлекет басшысының Рождество мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, барша адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауға үндейді. Әділдік, ізгілік, шынайылық, жауапкершілік, мейірімділік, үйлесімділік сияқты мәңгілік рухани құндылықтар христиан діні мен басқа да әлемдік дәстүрлі діндердің арқауы саналады.

Православ христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпақты отаншылдық пен еңбекқорлыққа баулуға және олардың бойына отбасы құндылықтарын сіңіруге елеулі үлес қосып келеді.

Бірлік, тілектестік, өзара қолдау қағидаттары – мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі, барлық жетістіктеріміздің мызғымас негізі. Жұртымыз бір-біріне құрмет көрсетіп, сенім мен жанашырлық таныта отырып, әділдік және өсіп-өркендеу жолында алға қарай нық қадам жасай береді.

Православ азаматтарға және барша халқымызға шын жүректен зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!

Әр үй құт-берекеге толсын!

@ptrkkz
🇰🇿🇺🇸🇧🇬

🤝🏻 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

– Сіздің еліңізбен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Саяси, сондай-ақ экономикалық бағыттағы ықпалдастық аясын кеңейту үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасаймыз, – деді Қазақстан Президенті.


▫️Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегін жолдады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☑ Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

▫️Президентке ведомствоның 2025 жылы атқарған қызметінің басты нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді.

▫️1135 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірленушілерге 141,5 миллиард теңге өтелген. 128 миллиард теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айырбастаумен шұғылданған 15 қылмыстық топ пен 29 алаңның көзі жойылды.

⚠ Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝🏻Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады

🎿Президент елімізде 85 мыңнан аса адам шаңғы спортымен тұрақты түрде шұғылданатынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанда тау шаңғысы мен шаңғы жарысы кешендері, халықаралық деңгейдегі мұз ареналары секілді заманауи инфрақұрылымдар бар.

🏅Мемлекет басшысы еліміз жақында Италияда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалып жатқанын жеткізді.

💬💬Қасым-Жомарт Тоқаев пен Йохан Элиаш еліміздің Халықаралық шаңғы спорты федерациясымен тәжірибе алмасу, спортшыларды даярлау, бапкерлерді оқыту және төрелік ету бағыттарындағы ықпалдастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖️Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шаңғы және сноуборд спортының дамуына қосқан үлесі үшін Йохан Элиашты II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

@ptrkkz
🏆 «Жошы хан. Ұлы Ұлыстың билеушісі» деректі-көркем тарихи фильмі жылдың мәдени жобасы атанды

⚜️Астанада Ұлттық «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. «Жылдың мәдени жобасы» аталымында «Жошы хан. Ұлы Ұлыстың билеушісі» деректі-көркем тарихи фильмі жеңімпаз атанды.

🐆 Жоба ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Jibek Joly телеарнасының қолдауымен түсірілді. Авторы – продюсер Майя Бекбаева.

👏🏻Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Ертең Қызылорда қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық Құрылтайдың V отырысы өтеді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷ҚР Президентінің Телерадиокешені Деректі кино орталығының командасы 5-10 қаңтар аралығында Анкарада іссапарда болып, түркиялық әріптестермен мазмұнды әрі нәтижелі кездесулер өткізді.

🎥Қазақстандық деректі кино мамандары мен TRT корпорациясының қызметкерлері кәсіби саланы ұйымдастыру мәселелерін талқылап, контент өндіруде заманауи тәсілдерді қолдану бойынша тәжірибе алмасты.

🔷Сапар барысында Деректі кино орталығының командасы TRT-ның негізгі құрылымдық бөлімшелерінің жұмысымен танысып, дәрістер мен шеберлік сабақтарына қатысты. Сондай-ақ Анкарада деректі жоба түсірілімдерін жүргізді.

Бұл сапар қазақстандық және түркиялық деректі кино мамандары үшін бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашты.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Мемлекет басшысы Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

📎Жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президентке Жұмыс тобының атқарған қызметі туралы баяндап, Парламентті трансформациялауға қатысты ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің көлемі ауқымды екеніне назар аударды.

✔️Былтырғы қазан айынан бері өтіп келе жатқан отырыстарда жаңа Парламентке қатысты мәселелердің бәрі қаралды. Оның ішінде депутаттар саны, өкілеттік мерзімдері, сайлау тәртібі, бір палаталы Парламенттің заң шығару тетіктері, сондай-ақ оның биліктің өзге институттарымен өзара іс-қимыл мәселелері қамтылды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📸 Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшелерімен суретке түсті

@ptrkkz