ТРК Президента
✔
28.1K subscribers
7.15K photos
5.15K videos
984 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✔️Мемлекет басшысы: «Парламенттік реформаны жүзеге асыру үшін Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹Қызылордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹🔷🔷🔷🔷🔷🔷🔷🔷

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөз сөйледі

✔️Қызылорда өңірінің тарихы мен басқосудың маңызына тоқталды:

🔸Бүгін Ұлттық құрылтай жиыны осымен бесінші рет шақырылып отыр. Енді міне, қастерлі Қызылорда жерінде бас қосып отырмыз. Бұл – халқымыз үшін орны ерекше аймақ

🔸«Сыр – Алаштың анасы» деген аталы сөз бар. Осы атыраптағы Шірік-Рабат, Жанкент, Сығанақ, Алтынасар, Баршын-кент қалаларының орны көне заманның өзінде қазақ жерінде дамыған қала өркениеті болғанын аңғартады. Қызылорданы сол әйгілі қалалардың заңды жалғасы дей аламыз

🔸Бұл жерде еліміздің болашағына қатысты аса маңызды шешімдер қабылданды

🔸Қорқыт ата заманынан жалғасып келе жатқан жыраулық-жыршылық және күйшілік өнер бұл аймақта кең қанат жайған.

🔸Сыр бойы – нағыз еңбек адамдарының мекені. Кеңес заманында осы аймақтан 100-ге жуық Еңбек Ері шыққан

🔸Әйгілі күрішші – Ыбырай Жақаевты халқымыз ерен еңбектің символына балайды

🔸Аға буынның абыройлы жолын бүгінгі ұрпақ лайықты жалғастырып келеді.

🔸Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр. Былтыр аймақтың ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өсті. Үш жылда облысқа 2 триллион теңгеге жуық инвестиция тартылды. Былтыр 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊 Президент аймақтың жетістіктері мен көрсеткіштеріне назар салды

🔹Тұрғын үй-коммуналдық

✔️ Жаңа жылу электр орталығы іске қосылғанын ерекше атап өткен жөн. Стратегиялық маңызы бар бұл нысан толығымен инвестордың қаржысына салынды

✔️Облыс тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді

✔️Халықтың 80 пайызы көгілдір отынды пайдаланады. Елді-мекендерге газ құбырын тарту жұмысы алдағы уақытта жалғаса береді

🔹Көлік-логистика

✔️Аймақтағы автокөлік жолының сапасы жалпы жақсы жағдайда деуге болады

✔️Облыстың әуе және темір жол жүйесі де жаңғыртылып жатыр. Қорқыт Ата
әуежайының жаңа терминалы
ашылды

✔️Қызылорда қаласындағы тарихи ғимараттың бірі – темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Бұған қоса, аймақтағы 10 темір жол бекетін жаңғырту жұмысы басталды

🔹Әлеуметтік сала

✔️Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды. Бұған қоса, 40 медицина нысаны ашылды

✔️Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көп бейінді аурухананың құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі өткір мәселелерге бей-жай қарамайтындығын айтты

🔸 Қызылордаға келіп тұрып, Арал мәселесіне тоқталмай кету мүмкін емес. Аралды құтқару – барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет

🔸 Қазір Көкарал бөгетін биіктету шаралары қолға алынып жатыр. Жоба осы жылдың соңында басталады. Кіші Аралдың суының көлемін айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік болады

🔸 Қазақстандағы ірі өзендердің көбі бастауын көрші мемлекеттерден алады. Демек көп түйткілдің шешімі су саласындағы шебер дипломатияға байланысты. Қазір Орталық Азия елдерінің бәрімен су ресурстарын бірлесе пайдалану туралы келісімдер жасалды

🔸 Түптеп келгенде, Арал ғана емес, Каспийдің, Балқаштың, Ертістің тағдырын шешу үшін көршілермен мәмілеге келіп, келісімдерге қол қоюымыз қажет

🔸Қазір қоғамда «Қазақстанның мемлекеттік Туын қайда және қашан қолданған жөн?» деген маңызды мәселе талқыланып жатыр. Бұл мәселе арнайы нормалармен және ережелермен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді пайдалануға жеңіл-желпі, салғырт қарауға болмайды. Заң талабы әрдайым орындалуға тиіс

🔸Шымкентте Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қаза болуы бүкіл елді дүрліктірді.
Ұлттық құрылтайға осы оқиға бойынша 130-дан астам өтініш келіп түсті

🔸Осыған байланысты Ішкі істер министріне Шымкент қалалық департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді

🔸 Қыз алып қашу – адам ұрлау деген сөз, бұл – ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел, жабайы қылмыс. Ондай қатігездікке ешқашан жол беруге болмайды

🔸 Цифрландыру және жасанды интеллект жылын сән қуып, ұрандату үшін жариялаған жоқпыз. Бұл шешім бүкіл мемлекеттік аппаратқа нақты міндет жүктеп отыр. Бұл – стратегиялық міндет

🔸 Бір палаталы Парламентке көшу туралы бастаманы халық қолдап отыр десек, ешқандай қате болмас

🔸Талқылау кезінде маған Парламенттегі Президент квотасын қалдыру керек деген ұсыныс айтылды. Бірақ мен жаңа Парламент ешкімнің қамқорлығына, қадағалауына мұқтаж емес екеніне сенімдімін

🔸 Депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған «таңдаулы тұлғалар» болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануға тиіс. Соған сәйкес Қазақстан халқы ассамблеясының арнайы квотасы да алынып тасталады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹🔶🔶🔶🔶🔶🔶🔶🔶

Ұлттық Құрылтайдан кейін Қазақстанда не өзгереді? Өткен жылдың қорытындылары және Президент атап өткен маңызды жаңалықтар мен тапсырмалары:


✔️Ұлттық құрылтайда айтылған ұсыныстардың негізінде 26 заң қабылданды

✔️Алматы облысында қазақ драма театры, Абай, Ақтөбе облыстарында театрлар бой көтереді. Шымкентте де опера және балет театрының құрылысы басталмақ

✔️Екі жылдың ішінде елімізде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді

✔️Биыл жазда Корея Республикасының Пусан қаласында Бүкіләлемдік мұралар комитетінің кезекті отырысы өтеді. Сол кезде «Маңғыстаудың жерасты мешіттерін» ұйым тізіміне қосу мәселесі қаралады

✔️Ғалымдарымыз Қызылорда жеріндегі Сауысқандық пен Түркістан облысындағы Арпа өзеннен жалпы саны 17 мың петроглиф тапқан. Осындай құнды жәдігерлеріміз бен ұлттық дәстүрлеріміз ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде болуға әбден лайық деп санаймын. Құзырлы министрлікке осы мәселелерге қатысты жұмысты қолға алуды тапсырамын

✔️Біз Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізуіміз керек

✔️Әл-Фараби, Ясауи ілімдері де ұлт руханиятының ұстыны саналады. Ашығын айтсақ, ұлы бабаларымыздың өсиеттерін олардың мерейтойы кезінде ғана еске аламыз. Бұл – дұрыс емес

✔️Мен халықтың жады мен ғылым-білімін жинақтайтын «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру идеясын қолдаймын

✔️Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Көп сериялы фильмнің тұсаукесері беделді халықаралық платформаларда өтеді. Бұл туынды Алтын Орда брендін жер жүзіне дәріптеуге ықпал етеді

✔️Менің тапсырмаммен мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум ұйымдастырылады. Іс-шараға әлемнің беделді ғалымдары шақырылады

✔️Жыл соңына дейін Ұлытау облысындағы бөлігінде көлік қозғалысы толық ашылады. Жолдың жалпы ұзындығы – шамамен 400 шақырым

✔️Қарағанды – Жезқазған бағытындағы жол талай жылдан бері тозып тұр. Биыл ескі жолдың қапталына екі жолақты жаңа жол салуға кірісеміз

✔️Бұдан бөлек, Сарыағаш маңындағы көлік қозғалысы да өте тығыз. Сондықтан, осы жылы «Сарыағаш айналма жолының» құрылысы қолға алынады

✔️Бұрын да айтқам, қазір де атап өткім келеді: біз «тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек

✔️Ең алдымен, болашақ Парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Қысқаша айтқанда, Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін

✔️Жаңа Парламентте Төрағаның үш орынбасары болуы мүмкін. Ал, комитет саны 8-ден аспауы керек

✔️Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады. Мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейтеді. Бірақ аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керек деп ойлаймын. Еліміздің өңірлерінде жергілікті азаматтардың дауыстары, пікірлері жақсы естілуі қажет. Бұл – мен үшін айқын ұстаным

✔️Ел тарихында алғаш рет Мәжіліске алты партияның өтуі – соның айқын дәлелі. Сондықтан мен бес пайыздық межені қалдырған жөн деп санаймын

✔️Жаңа Парламентте депутаттарды бес жылға сайлау көзделіп отыр

✔️Заң қабылдаудың үш кезеңнен тұратын процедурасы ұсынылады

✔️Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген норма негізгі заңда нақты белгіленуі қажет. Осы норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де еш өзгермейтін қағида болуға тиіс!

✔️Конституцияда азаматтардың дербес цифрлық деректері заңмен қорғалатыны нақты айтылуы керек деп санаймын. Мен әзірге келіп түскен ұсыныстардың негізгі тұстарына тоқталып өттім. Осылайша, конституциялық реформаның жалпы сұлбасы шығып келеді

✔️Ұлттық құрылтай ел тарихында қалады

✔️Бізді әлі де көп жұмыс күтіп тұр. Ұлт болашағын айқындайтын ең маңызды шаруалар енді басталды. Сондықтан қиындықтан жалтарып немесе табысқа тоқмейілсіп отыруға қақымыз жоқ, уақытымыз да жоқ

✔️Келесі Парламентіміз халқымыздың ұлттық санасында өзіндік орны бар ұғым, атына заты сай Құрылтай сөзімен аталса, мұны жақсы ырымға балауға болады деп сенемін.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹Президент жаңа Парламентке «Құрылтай» деген атау беруді ұсынды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹Новый состав Парламента будет избираться сроком на пять лет

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹В новом однопалатном Парламенте может быть 8 комитетов и 145 депутатов

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹Президент в качестве нового института предложил создать Қазақстанның Халық Кеңесі – Народный Совет Казахстана

«Считаю исключительно важным сохранить в деятельности нового органа стратегическую преемственность функций Ассамблеи народа и Национального Курултая – последовательное укрепление казахской государственности и Независимости Республики Казахстан», – заявил Глава государства.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹🔷🔷🔷🔷🔷🔷🔷🔷

Президент жаңа Парламентке «Құрылтай» деген атау беруді ұсынды


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹Президент Жошы хан туралы деректі фильмнің Алтын Орда брендін жер жүзіне дәріптеуге ықпал ететіндігін айтты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹Глава государства высказался о сути настоящего патриотизма

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Президент вице-президент лауазымы пайда болуы мүмкін екенін айтты

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️Президент халық саны 20,5 миллионға жуықтағанын мәлімдеді

«Сондай-ақ ұлт саулығын жақсарту үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Мұны рекордтық көрсеткіш деуге болады», - деп атап өтті.

@ptkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жалпы, «Сыр елі – жыр елі» деп бекер айтылмайды»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹Мемлекет басшысы: «Парламентте нағыз отаншыл азаматтар – білікті мамандар отыруға тиіс!»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың әл-ауқатын жақсарту бәрінен маңызды деген ұстанымын жеткізді

@ptrkkz
🔹 Президент қыз алып қашуды ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін жабайы қылмыс екенін қатаң ескертті

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️ Мемлекет басшысы отаншылдық тек сөзбен емес, әрекетпен бағаланатынын жеткізді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM